Материалдар / Адамның кейбір кездері. 5 сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамның кейбір кездері. 5 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге, студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2021
1118
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7-8 сабақ: Адамның кейбір кездері.


Мақсаты:

5.Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.

5.Ж3.Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

5.ӘТН4.3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.


Сабақ алдындағы ой түрткі.

  1. Мінез сипаттамаларының қайсысын айналаңдағы адамдардың бойынан байқайсың?

  2. Адамның «жағымды» және «жағымсыз» мінездерін ата.



Тыңдалым

1-тапсрыма. Мәтінді мұқият тыңда.

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетті. «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан «А-а-а-а!» деген дауыс естілді. Ғани өзінің дауысының қайталанғанына таңырқап : «Сен кімсің?» деп дауыстағанда Ғаниға: «Сен кімсің?» деген жауап келді? Ғани түкке түсінбей жынданып: «Сен қорқақсың?» -деп айқайлады. Таудан шыққан дауыс та: «Сен қорқақсың?» деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап: «Әке, бұл кім өзі?» деп сұарады. Әкесі «Ұлым, менің сөзіме құлақ сал»,-деді де тауға қарап тұрып: «Мен сені жақсы көремін!» айқайлады. Таудан: «Мен сені жақсы көремін!» деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: «Сен әдемісің!» деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай түсіндіріп берді. «Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, қайырымды бол!» -деді.


Тапсырма.

Мәтін мазмұнына сүйеніп, парталас көршіңмен «Адамның кейбір мінез-құлқы» тақырыбына диалог құрыңдар.


Дескриптор

  1. Мәтін мазмұнын түсінеді.

  2. Даярлықсыз диалогке түседі.

  3. Диалогта қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолданады.


2-тапсырма. Суреттегі балаларға қарап, олардың қандай адам екенін ажыратуға бола ма? Әр кейіпкерге ат қойып, қысқаша әңгіме жаз. Сын есім сөздерді қолдан.


Оқылым

3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін не туралы екенін айт.


Жақсығы не жаманға


Мектепте оқып жүрген кезім еді. Сыныптас болған баланы сабақтан шығып үйге кетіп бара жатқанымда көрдім. Есімі Роберт еді. Барлық кітаптарын және рюкзагын арқалап үй жаққа кетіп бара жатты. Сол кезде кітаптарын сыныпта тастамай, үйге арқалағанына қарағанда басты көтермей сабақты оқитындардан болар деп ойлағаным есімде. Өзімді көрші аула балаларымен ертең ойнатылатын футбол матчынан басқа ешнәрсе қызықтырмайтын. Бір кезде бір топ майда балалар жүгіріп өтіп, Робертті қағып жібереді де, Роберт бір жаққа құлап, кітаптары басқа жаққа шашылып қалады. Көзіндегі көзілдірік те түсіп кетті. Роберт басын көтергенде көздерінен үлкен бір мұң көрдім. Қасына жүгіріп барып, кітаптарын жинастыруға көмектестім. Роберттің көздерінде көз жасын көргенде, қолдау ретінде «Сол жүгірмектерді қойшы. Оған бола ренжігенің не!», – дедім. Осы кезде Роберт «Рақмет» деді де, маған қарап күлімдеді. Кітаптарды жинап болып, қайда тұратынын сұрадым. Көрші болып шықтық. Ертеңгі футбол ойынына келе аласың ба деп сұрадым, келісті. Ертеңіне футболға келді. Жалғыз мен емес, балалардың бәрі оны ұнатып, бауыр басып қалды. Енді жиналған сайын оны да іздеп шақыратын болдық.

Мектеп бітіргенге дейін екеуіміз бір-біріміздің ең жақын досы болдық. Кейін ол Нью-Йорктағы университетке, мен Техастағы университетке түсіп кеттік. Мыңдаған километр қашықтықта болсақ та, достығымыз университет жылдары да жалғасын тапты.  Роберт университеттің ең үздік студенті болғаны үшін, университет әкімшілігі оған университетті бітіру салтанатында сөз сөйлеуді ұсынды. Сол күні Роберт студенттер мен ата-аналар жиналған салтанатты кеште былай деді: «Университетті бітіру күні – осы күнге дейін алдымыздан шыққан мың түрлі қиыншылықтарды жеңуімізге қолғабыс көрсеткен жақындарымызға алғысымызды білдіру күні десем болады. Ата-аналарымызға, ұстаздарымызға және ең бастысы достарымызға! Достықтың маңыздылығын түсіндіретін бір әңгіме айтып берейін…» Досым танысқан күнімізді баяндай бастаған кезде, қасымдағылардың жүздеріне таңдана қарадым. Роберттің сөзінен кездескен күннің ертеңіне ол өзөзіне қол жұмсауды жоспарлағанын білдім. Кейін анасы мектептен заттарын алуға барған кезде, ауыр кітаптарды көтермесін деп, сол күні барлық кітаптарын жинастырып, үйге апарғанын айтты. Сөзін бітіріп Роберт маған қарады да «Рақмет саған, досым! Досым, екеуіміз кездескен күні мені, қазір айтуға да батылым бармайтын, іс жасаудан құтқардың!» – деді. Университеттің ең үздік студенті, барша жағынан ұнатылатын жас жігіт өмірінің ең қиын кезеңін түсіндіріп тұрған кезде, бәрі үндемей тыңдады.  Ата-анасы маған үлкен алғыспен қарап, күлімсіреді. Мен болсам ол күннің Роберт үшін қаншалықты маңызды болғанын еш білмеп едім


4-тапсырма. Мәтін мазмұнына назар аудара отырып, өзіңнің басыңнан өткен оқиғаны әңгіме құрап жаз.


Дескриптор

  1. Мәтінді оқиды.

  2. Мазмұнын айтады.

  3. Әңгіме құрастырады.



Жазылым

5-тапсырма. Грамматикалық тақырып: Сын есімдердің, шырай түрлері

Төмендегі сын есімдерден салыстырмалы шырай жасап жасап, сөйлем құрап жаз.


Төмен, жуас, әділ, сүйкімді, қошқыл, сылбыр, тентек, тар, боз, сұйық, ыстық, келте, ашық, түзу, қисық, салтақ, саяз, бұжыр, қоңыр.


Қалыптастырушы бағалау кестесі

Тапсырма

балл

1

Мәтінді мұқият тыңдайды.

1

2

Диалог құрастырады.

1

3

Диалогта қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолданады.

1

4

Сурет бойынша қысқаша әңгіме жазады.

2

5

Мәтінді оқиды.

1

6

Басынан өткен бір оқиғаны жазады.

2

7

Салыстырмалы шырайға айналдырады.

1

8

Сөйлем құрап жазады.

1


Барлығы

10




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!