Күні: 13.04.2018
ж.
Сыныбы: 10 «а»
сынып
Пәні:
Биология.
Тақырыбы: Адамның шығу тегі және адам
нәсілдері туралы генетикалық
мәліметтер.
Мақсаты:
Білімділік: Адам нәсілдері туралы
генетикалық мәліметтер беру.
Дамытушылық: Оқушыларды қосымша
материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен білім
алып, тақырып мағынасын ашуға, ой түйіндеуге, адамды ғылыми
тұрғыдан ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Жаңа
сабақ.
Сабақтың
әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,
баяндау, іздену, сыни тұрғысынан ойлау, генетикалық есептер
шығару.
Сабақтың
көрнекілігі: Электронды
көрсетілімдер, сызба нұсқалар, биологиялық
суреттер.
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау.
ІІІ. Жаңа
сабақ.
IV. Жаңа сабақты
бекіту.
V. Үйге
тапсырма.
VІ. Оқушыларды
бағалау.
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Амандасу, түгендеу, журнал
толтыру. Білім алушылардың көңіл-күйін сұрау. Сабақ жоспарымен
таныстыру.
Сергіту
сәті: Сыныпта ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру «Жылы жүрек – сәттілік, ізгілік тілегі».
Оқушылар шеңбер жасап бір – біріне ізгі сөздер арқылы жылы
лебіздерін білдіреді.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау.
1. Адам генетикасының қандай
ерекшеліктері бар?
2. Адамның тұқым қуалайтын
ауруларын зерттеу әдістері?
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Адамның шығу тегі,
тарихы. Антропология
– адамның шығу тегі мен тарихи
даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін
ғылым.
Адамның жануарлардан
шыққандығын дәлеледеу әдістері:
Анатомиялық
– құлақ қалқанының, сүт
бездерінің, тістерінің жіктелуі, рудименттердің, атавизмдердің,
т.б. болуы.
Эмбриологиялық
– ұрықтанған жұмыртқадан дамуы,
алғашқы кезеңінде желбезек саңылауының болуы, миының балыққа
ұқсауы, клоакасының болуы.
Палеонтологиялық – қазбадан
табылған адамның арғы ата тектері: австролопитектер,
питекантроптар, синантроптар, неандертальдықтар,
кроманьондықтар.
Физиологиялық
– адам тәрізді маймылдар
қуанады, ызаланады, ұрпағына қамқорлық жасайды, сезім мүшелері, қан
құрамы, ауру түрлері ұқсас.
Рудименттік деп ататегінен қалған,
бірақ қызмет атқармайтын қалдық белгілерді айтады. Оған соқырішек,
құлақ айналасындағы бұлшық еттер, терідегі түктер, құйымшақ, т.б.
мысал бола алады. (ағзаның соқырішек, құйыршық сүйек сияқты дамып
жетіле алмай, өзінің маңызын жойған
мүшелері)
Атавизм деп арғы ататектің белгілерінің
қайталануын айтады. Ондай белгілерге сирек жағдайда байқалатын
денесін қалың түк басқан баланың дүниеге келуі немесе көп
емшекті, Мыс., ірі қара малдың және қойдың таза
тұқымды мүйізсіз түрінен кейде мүйізі бар төл туады, сол сияқты
қазіргі жылқылардың ішінде үш ашатұяқты жылқы да
болады, құйрықты нәрестелердің
туылуы мысал болады.
Адам эволюциясының даму
кезеңі:
1.
Австролипетектер;
2.
Питекантроптар (homo habilis –
епті адам);
3.
Неандерталдықтар
(homo neanderthalensis – тік
жүретін адам);
4.
Кроманьондар (Home sapiens –
саналы адам);
Жер бетінде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан
адамдардың бәрі де бір ғана түрге жатады. Оны биологиялық
жүйелеуде саналы
адам деп аталады. Бұл атаудан адамның басқа
организмдерден ақыл – ой, сана арқылы ажыратылатыны айқын
байқалады.
Француз ғалымы Ф. Бернье 1684 жылы «нәсілдер»
терминін енгізді. Бүкіл жер шарын мекендейтін,
екі жарым мыңнан артық тілде сөйлейтін , саны 6,2
млрд. болатын тірі организмдер тобы.
Адамның барлығы да саналы адам (Homo sapiens)
түріне жатады. Барлық адамдардың анатомиялық және
физиологиялық құрылысы жағынан бірдей, тек
морфологиялық айырмашылықтары мен ғана
ерекшеленетін бірқатар белгілері
бар.
Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы
берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің
түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене
пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи
қалыптасқан тобы.Атап айтқанда,
дене бітімі, бет пішіні, терісінің түсі, шаш,
ерін. Осы ерекшеліктеріне байланысты адамдар 3
нәсілге бөлінеді.: негройдтық (қара), еуропойдтық (ақ),
монголойдтық (қоңыр).
1.
Сызба:
№
|
Адам
нәсілдері
|
Нәсілдерге тән
ерекшеліктері
|
1
|
Еуропеоидтік
|
Терісі: Ақшыл
Шашы: аздап толқынды немесе
тік.
Мұрыны:Ұзынша келген
шығыңқы.
Еріндері:
Жұқа.
Бет пішіні: Сақал-мұрты
қалың
Таралған аймағы: Еуропа мен
Азияның кейбір аймағы.
|
2
|
Монғолоидтік
|
Терісі: Қоңырқай немесе
ақшыл.
Шаштары: Қайратты немесе
тік.
Мұрындары мен еріндері:
Орташа.
Бет пішіні: Жалпақ, біртегіс,
бет сүйегі шығыңқы.
Көздері:
Қысыңқы.
Таралған аймағы: Орталық Азия,
Индонезия, Сібір.
|
3
|
Негроидтік
|
Терісі: Қара қошқыл
түсті.
Шашы: Толқынды немесе бұйра
қара түсті.
Мұрыны:
Жалпақ.
Еріндері:
Қалың.
Бет пішіні: Сақал-мұрты өте
сирек.
Таралған аймағы: Африка.
|
IV. Жаңа сабақты
бекіту.
1 – кестені
толтыру:
Адам эволюциясының
кезеңдері
|
Өзгеріске
көбірек ұшыраған
мүшелер
|
Өзгеру сипаты
|
Өзгерудін
себептері
|
Австралопитектер
|
|
|
|
Питекантроптар
|
|
|
|
Неандерталдықтар
|
|
|
|
Кроманьондықтар
|
|
|
|
2 – кестені
толтыру:
Нәсілдер
|
Ерекше
белгілері
|
Таралған
жерлері
|
|
|
|
V. Жаңа сабақты
қорытындылау.
Адам эволюциясының
кезеңдері:
1.
Австролипетектер;
2.
Питекантроптар
(Епті
адам);
2.
Неандерталдықтар
(Тік жүретін
адам);
4.
Кроманьондықтар
(Саналы
адам).
- 3.7 – 2.9 миллиондаған жыл
бұрын – Австралопитек (Australopithecus)
- 2.3 – 1.7 миллиондаған жыл
бұрын – Епті
адам (Homo
habilis)
- 1.9 миллион – жиырма жеті
мың жыл бұрын – Тік жүретін
адам (Homo
erectus)
- Екі жүз елу мың – жиырма
төрт мың жыл бұрын – Неандерталь
адам (Homo neanderthalensis).
Соңғы уақытта ғалымадар Homo neanderthalensis және Homo sapiens бір
биологиялық түрге жатқызбайды.
- Екі жүз мың жылдан бүгінгі
күнге дейін – Саналы
адам (Homo
sapiens).
Адам нәсілдері 3 – ке
бөлінеді: 1.
Еуропеоидтік 2. Монғолоидтік 3.
Негроидтік
VІ. Үйге
тапсырма.
Адамның шығу тегі және адам нәсілдері туралы
генетикалық мәліметтер.
VІІ. Оқушыларды
бағалау.
Рефлексиялық
кезең.
Формативтік және суммативті
бағалау.
«Бағдаршам».