Материалдар / Адамның сыртқы келбеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамның сыртқы келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
3546
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

0Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән:

Қазақ тілі

Мұғалімі:

Рахимбаева Айнур Кендибаевна

Жұмыс орны:

Екібастұз қаласы, № 25 қазақ қыздар гимназиясы

Күні:

___.04.2017

Сынып:

5

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8-бөлім: «Адамның сырт келбеті мен мінезі»

Сабақтың тақырыбы:

3- сабақ «Сыртқы келбет және тазалық»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:

О6.Оқылым стратегияларын қолдану

5.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу

5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну. Қолдану.

Жоғары деңгей дағдылары.

Бағалау критерийі:

  • Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды.

  • Оқылым стратегияларын қолданады.

  • Негізгі ақпараттарды сақтайды.

  • Жинақы мәтін жазады.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді оқиды, түсінеді және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінді нақты ақпаратты табу үшін оқиды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады, қорытынды жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: мәтінді аналитикалық тұрғыдан оқиды, жинақы мәтін құрастырады, пайымдайды.

Құндылықтарға баулу:

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Қарым-қатынас жасау;

  • Жауапкершілік;

  • Денсаулық, тазалық, әдеп нормалары көрсету құндылықтары.

Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Сыртқы келбет және мінез.

Тілдік мақсаттары:

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сыртқы келбет, киім, бет әлпеті, шаш үлгісі, жеке гигиена, тазалық, сусабын, тері гигиенасы, химия тауарлары.





Жоспар

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

7 мин.






1.Оқушылармен амандасамын.

Тіл тақырыбында өлең шумағын оқып, оқушыларды сабаққа дайындаймын.

Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем!

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

(М.Қанафияұлының “Жасай бер, ана тілім!” өлеңі)

2.Топқа бөлу «Мозайка» әдісі арқылы жүзеге асады (4 түрлі суретті 5-ке бөлемін, сурет бөліктерін білім алушылар алады, сәйкес келген сурет бөліктері бойынша топқа бөлінеді).

Топ мүшелерінің міндеттері белгіленеді:

1. Тайм киппер (уақыт белгілеуші)

2. Спикер (топ басшысы)

3. Бақылаушы (топ жұмысын бақылайды)

4. Хатшы (сызады, сурет салады)

5. Тыңдаушы (топ мүшелерін тыңдап, ой қосады)

3.Топқа бөлінген соң, сарапшылар тобын анықтаймын. (Білім алушылардың отырған орындықтарынды стикер жабыстырулы, сол орындыққа отырған оқушы сарапшы болады).

Дәйектеме:

Сарапшылар тобын құрған себебім:

  1. Оқушылар өздігінен ой қорытып, әрекеттеріне сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады.

  2. Қалыптастырушы бағалау түрлері арқылы қолпаштап, қателерінің себебін түсіну қалыптасады.



Ғаламтордан алынды



5-ке бөлінген

4 түрлі сурет,

стикер


МАН (деңгейлік оқыту)

Стратегиялар:

«Белсенді оқу әдістері» Астана, 2013 ж, ПШО


А.Қ.Әлімов

«Оқытудағы интербелсенді

әдіс-тәсілдер»

Астана, 2014 ж.


«Оқу сауаттылығы»

2013ж.



Сабақтың ортасы

/ 24 мин/



4 мин.





















1 мин.












6 мин.










































1 мин.













7 мин.



















1 мин.













7 мин.
























































1 мин.















Сабақтың

соңы:

10 мин.


Үй тапсырма-

сын беру: «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында эссе жазу.


Білу

1-тапсырма (оқылым алдындағы):

«Болжау» стратегиясы арқылы мәтін тақырыбын ашу (топтық жұмыс).

  1. Білім алушылар топқа бөлінгенде қолданған суреттерін зерделейді.

  2. Оқылымға арналған мәтіннің тақырыбын болжап ашады.


Дәйектеме:

Оқылым алдындағы тапсырмаға «Болжау» стратегиясын алдым, себебі бұл оқушылардың болжау, ой қорыту дағдыларын жетілдіреді.


Рисунок 1 Рисунок 5 Рисунок 7 Рисунок 8


ҚБ:

Сарапшылар әр топтың жауабын тыңдап, «Таза, кір парақ» арқылы бағалайды. Егер топ дұрыс болжаса, соған таза парақты, егер топ қате болжаса, кір парақты көрсетіп бағалайды


Дәйектеме: тақырыпқа сай бағалау түрін бейімдеп, тазалыққа байланысты алдым.


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Оқылымға арналған мәтіннің тақырыбын болжап ашады.

Оқылымға арналған мәтіннің тақырыбын болжап ашады.

Тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі.


Түсіну

2-тапсырма (оқылым кезінде):

«Араласып кеткен оқиға» стратегиясы. Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қиылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырылып, араластырып, жайылып қойылады (топтық жұмыс).

  1. Берілген мәтіннің қима бөліктерін оқиды.

  2. Мәтінді мазмұнына қарай құрастырады.

  3. Құрылған мәтінді оқиды.


Дәйектеме:

Осы стратегияны алу себептерім:

  1. Оқу мақсатына сай жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды.

  2. Оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, мәтінді жүйелеу дағдыларын қалыптастырады.



Сыртқы келбет және тазалық негіздері

Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.

Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?

Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім,фигура, келбет,бет әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні.    

Жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі болып саналады. Әр адам жеке бас гигиенасын сақтамай, өзінің денсаулығына немқұрайлы қараса, оның денсаулығының оңалуына көмектесе алмайды. Жеке бас гигиенасы түсінігіне мыналар кіреді: күн тәртібі, тамақтану, терінің күтімі, ауыз қуысының күтімі, дұрыс киіну, дене тәрбиесі, үйдің санитарлық жағдайы, тұрмыстық аспаптарды қолдану (теледидар, шаңсорғыш, газ плитасы) және тұрмыстық химия тауарларын қолдану, тұрмыста, еңбек кезіндегі, дем алу және ұйқы кезіндегі жеке бас гигиенасы мәселелері. Адамның терісі ағзада газ және жылу алмасу қызметін атқарады. Адамның терісі ластанған жағдайда, оның тыныс алуы 10-15% нашарлайды. Терінің тазалығы сақталмаған жағдайда адамдардың киімдері қатты ластанады да ауа өткізгіштігі нашарлайды. Терінің тазалығын сақтау үшін үнемі жуынып-шайынып жүру керек. Жуыну үшін сабын және жөке қолданса, адамның терісі жақсы тазаланады. Теріні, шашты таза ұстау үшін адам сабын және сусабынмен үнемі жуынып, іш киімдерін ауыстырып тұруы керек. Дененің ашық жерлері тез ластанады, сондықтан бетті, мойынды күніне екі рет жуып тұрған жөн. Адамның қолы микроорганизмдер, кір көп жиналатын жер болып саналады. Қол арқылы олар адамның басқа жерлеріне тасымалданады. Сондықтан жұмыс соңында, қолды үнемі жуып отыру керек.  (271 сөз)


ҚБ:

Сарапшылар білім алушылардың құрастырған мәтіндерін тыңдап, «Бас бармақпен» бағалайды


Дәйектеме: осы бағалау оқушылар үшін түсінікті, орындаған тапсырмаларына бірден айқын баға алады.


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Мазмұнына қарай мәтін құрастырады, мәтінді оқиды.

Мәтінді мазмұнына сәйкес жинақтай алады.

Өз білімін дәлелдей алады.




Қолдану және талдау

3-тапсырма (оқылымнан кейінгі):

«Ақылды үкілер» стратегиясы.

Әрбір топқа мәтіндегі ақпаратты өңдеу мақсатындағы нақты тапсырмалары бар жұмыс парағын ұсынамын (топтық жұмыс).

Дәйектеме: «Ақылды үкілер» стратегиясын алған себебім:

  1. Әр топ мүшесі оқу мақсатына сай нақты ақпаратты табу үшін оқып, әрекеттенеді.

  2. Оқушылардың оқу әрекеті өзіндік ойлау, іздену арқылы жаңа білім жинақтауға бағытталады, яғни оқушының құзыреттілігі қалыптасады.


І топ тапсырмасы «Күтілмеген ақпарат».

Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің алғашқы пікірлеріңізге қарама-қайшы келетін ақпаратты табыңыз.

ІІ топ тапсырмасы «Соңғы жаңалық».

Сіз үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазыңыз.

ІІІ топ тапсырмасы «Ең негізгі өмірлік даналық».

Бір сөйлеммен мәтіннің негізгі ойын келтіріңіз. Екінші нұсқасы: әрбір тараудың қай сөйлемі негізгі болып табылады, қай сөйлемдер түйінді болып табылады?

ІҮ топ тапсырмасы «Иллюстративті бейнелеу».

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура және т.б. арқылы бейнелеңіз.

ҚБ:

Топтар осы тапсырма арқылы әр топтың нақты ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы білдіреді.

Дәйектеме: осы бағалау арқылы оқушылар біріне-бірі ұсыныстар мен тілектерін білдіріп, қолдау көрсетеді.

Бағалау критерийлері

Дескриптор


Мәтін мазмұнын түсініп, түсінігі негізінде маңызды ақпаратты анықтайды.


Таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады.

Оқылым стратегияларын қолданады.

Нақты ақпаратты табу үшін оқиды.

Қорытынды жасайды.


Жинақтау

«Қысқа сөйлемдер» стратегиясы.(топтық жұмыс)

4-тапсырма (жазылым):

  1. Берілген мәтіндегі негізгі ақпараттарды саралайды.

  2. Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

  3. Құрылған жинақы мәтінді оқиды.

  4. Оқылған мәтінге пайымдау айтады.


Дәйектеме: «Қысқа сөйлемдер» стратегиясын алған себебім:

  1. Оқу мақсатына сай бұл стратегия арқылы тапсырма орындау өте тиімді және талаптарға негіз бола алады.

  2. Бұл оқушылардың іздену, түйсіну, зерттеу, пайымдау қабілеттерін жетілдіруге әсер етеді, осыдан мәтін құрастыру, шағын жобалар дайындауға жаттығады.


І, ІІ топқа «Сыртқы келбет» тақырыбындағы мәтінді ұсынамын.

Мәтін

Жинақы мәтін

Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.

Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не? Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: «сыртқы түр» деген мағынаны білдіреді), келбет, бет әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні.


ІІІ, IV топқа «Тазалық» тақырыбындағы мәтін ұсынамын.

Мәтін

Жинақы мәтін

Жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі болып саналады. Гигиенаның, медицинаның қол жеткен жетістігі әр адам жеке бас гигиенасын сақтамай, өзінің денсаулығына немқұрайлы қараса, оның денсаулығының оңалуына көмектесе алмайды. Жеке бас гигиенасы түсінігіне мыналар кіреді: күн тәртібі, тамақтану, терінің күтімі, ауыз қуысының күтімі, дұрыс киіну, дене тәрбиесі, үйдің санитарлық жағдайы, тұрмыстық аспаптарды қолдану (теледидар, шаңсорғыш, газ плитасы) және тұрмыстық химия тауарларын қолдану, тұрмыста, еңбек кезіндегі, дем алу және ұйқы кезіндегі жеке бас гигиенасы мәселелері. Адамның терісі ағзада газ және жылу алмасу қызметін атқарады. Адамның терісі ластанған жағдайда, оның тыныс алуы 10-15% нашарлайды. Терінің тазалығы сақталмаған жағдайда адамдардың киімдері қатты ластанады да ауа өткізгіштігі нашарлайды. Терінің тазалығын сақтау үшін үнемі жуынып-шайынып жүру керек. Жуыну үшін сабын және жөке қолданса, адамның терісі жақсы тазаланады. Теріні, шашты таза ұстау үшін адам сабын және сусабынмен үнемі жуынып, іш киімдерін ауыстырып тұруы керек. Дененің ашық жерлері тез ластанады, сондықтан бетті, мойынды күніне екі рет жуып тұрған жөн. Адамның қолы микроорганизмдер, кір көп жиналатын жер болып саналады. Қол арқылы олар адамның басқа жерлеріне тасымалданады. Сондықтан жұмыс соңында, қолды үнемі жуып отыру керек. 



ҚБ:

Сарапшылар «Күншуақ» арқылы бірін-бірін бағалайды. Қай топтың мәтіні талапқа сай болса, сарапшылар суретті топтарға сыйлайды.

Дәйектеме: осы бағалау арқылы сарапшылар топтарға қолдау көрсетіп, жылулық сыйлайды.


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды.

Негізгі ақпараттарды сақтайды.

Ақпараттарды қолданып, мәтінді жинақы мәтінге айналдырады, оқиды, пайымдайды.

Мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп алады.

Іріктелген ақпараттар негізінде мәтінді өз сөзімен жазады.

Жинақы мәтін құрастыруда негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей алады.

Мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйеніп, жинақы мәтін жаза алады.

Жазған мәтіндерін пайымдайды.


Сабақты қорытындылауға «Миыңның суретін сал» стратегиясын ұсынамын.

Оқушылар мидың суретін дәптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.

Дәйектеме:

Осы стратегияны алған себебім: оқушылар білімді миына сақтау керек, сондықтан ол қандай білім алғанын саралап, алған білімін жүйелі түрде қорытындылайды.

«Өзін-өзі бағалау баспалдағы» арқылы өзіне баға беріп, оқу мақсатында жеткен жетістігін анықтайды.

Дәйектеме:

Осы стратегия оқушылардың өзіне сыни көзқараспен қарап, сабақ мақсатына жетуге ықпалын тигізеді, алдағы сабақтарға мақсат қоюына себептігін тигізеді деп ойлаймын.





Үлестірме материалдары

Блум таксономиясы

«Оқу сауаттылығы»

2013ж. .








Ғаламтордан алынған суреттер.

Интербелсенді тақта, суреттер









Таза, кір парақтар

Кір







таза











Бағалау критерийлері мен дескрипторлар:

Тапсырмалар жинағы ҚБ



















Мәтін бөліктері жазылған қима қағаздар







Ғаламтордан алынды










Барлығы дұрыс

Рисунок 9

Жартылай дұрыс

Рисунок 10

Қате

Рисунок 11





Нақты тапсырмасы бар жұмыс парағы,

маркер






Стикер, маркер











Рисунок 12




Момынова Б.Қ.

«Қазіргі қазақ тілінің функционалды стильдік құрамының эволюциясы» Алматы, 2010










Мәтін жазылған парақ, маркер






































«Күншуақ» суреті


Рисунок 15





Рисунок 16

«Өзін-өзі бағалау баспалдағы» суреті

Рисунок 18



Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс –



Ұсынылған тапсырмалар арқылы оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып саралап құрастыруды жоспарлаймын:

  1. Ұйымдастыру формасы (жеке, жұптық, топтық).

  2. Коммуникативтік әрекеттерді дамыту тапсырмалары (оқылым алдындағы тапсырма, оқылым тапсырмасы, оқылымнан кейінгі тапсырма).

  3. Уақыт өлшемдерін ескеру.

  4. Блум таксономиясы.

  5. Оқушылардың ерекшелігін ескеру (барлық оқушылар, көпшілігі, кейбір оқушылар).

Саралау тапсырмалары Блум таксономиясының құрылымы негізінде ескеріліп беріледі:

Білу: барлық оқушыларға сабақ тақырыбын ашу үшін қолдау ретінде «Болжау» стратегиясын ұсынамын. Суреттер арқылы барлық оқушы тақырыпты болжап ашуға мүмкіндік алады.

Түсіну: «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясын ұсыну арқылы оқушыларды мәтінмен тікелей нұсқаулықтарға сай жүйелі жұмыс істеуге бағыттаймын.

Қолдану және талдау: Оқушылардың көпшілігіне екі деңгейдің талаптарына сай құрастырылған тапсырманы «Ақылды үкілер» стратегиясы арқылы ұсынамын. Бұл тапсырмада әр топқа өзіндік ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік беремін.

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіреді?

Жинақтау: Оқыған мәтіндеріндегі ақпаратты жинақтау мақсатында оқушылардың кейбірі орындайтын «Қысқа сөйлемдер» стратегиясы арқылы оқу мақсатына сәйкес жинақы мәтін құрауға ұсынамын.


Әр тапсырмадан соң бағалау критерийлері және дескрипторлар арқылы ҚБ формасын ұсынамын.

Сарапшылар тобы арқылы оқушылардың өздігінен ой қорытып, біріне-бірі сыни тұрғыдан баға беру дағдыларын жетілдіруге тырысамын.

Қалыптастырушы бағалау түрлері арқылы қолпаштап, қателерінің себебін түсіну әрекеттерін дамытуға тырысамын.

Келесі ҚБ формаларын ұсынамын:

1.«Таза, кір парақ» (бағалау тақырыпқа сай бейімделген).

2. «Бас бармақ» (түсінікті, нақты).

3.«Екі жұлдыз, бір тілек» (ұсыныстар мен тілек арқылы бірін-бірі қолдайды).

4. «Күншуақ» арқылы сарапшылар топтарға мадақтама ретінде жылулық сыйлайды.

Сарапшылардың бағалауы негізінде қолдау мен оқу сапасын жақсартуды қажет ететін оқушыларды анықтап, келесі сабақта соларға назар аударуды жоспарлаймын.


Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану.

Сыртқы келбет пен тазалық адамның өзінің денсаулығы мен әдебіне байланысты тақырыптарды ашады. Әдеп нормалары мен денсаулық, жеке гигиена туралы мәлімет өзін-өзі тану пәнінен бастау алады.

Денсаулық пен қауіпсіздік: Интербелсенді тақта мен ноутбуктармен жұмыс барысында қауіпсіздік шараларын сақтау керектігі ескеріледі.(интербелсенді тақта сабақта 20 мин.пайдаланылады).

АКТ-мен байланыс:

Интербелсенді тақта мен ноутбук мүмкіндігін пайдалану.

Құндылықтармен байланыс:

1. Сабақ барысында шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау оқушы әрекеттері арқылы жүзеге асады.

2. Топта жұмыс істеу арқылы қарым-қатынас орнайды, топ ішінде жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарау әрекеті жетілдіріледі.

3. Денсаулық, тазалық, әдеп нормаларын көрсету құндылықтары сабақ тақырыбы арқылы жүзеге асады.

4. Өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау, достық, айналасындағыларға қолдау, қамқорлық жасау, өмір бойы оқуға баулу. Құндылықтары қалыптасады.




Рефлексия

Ықшамсабақтың қысқа мерзімді сабақты жоспарлауға ықпалы туралы қорытындылар:


  1. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?


  1. Оқушылар бүгін не үйренді?


  1. Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?


  1. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)


  1. Уақытты қалай пайдаландым?


  1. Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Ықшамсабақтарды дайындап, көрсету барысында мен өз бойымда бірқатар құндылықтарды дарытып, дағдыларды жетілдірдім.

Оқу мақсаттарын өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде сауатты қолдану дағдыларын дамыттым (мысалы: оқылым, тыңдалым т.б.). Тапсырмаларды жоспарлағанда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетімді шыңдап, жетілдіріп отырдым. Өзгелердің, әсіресе, топ мүшелерінің көзқарастары мен пікірлерін тыңдап, өзіме құнды ойларды саралай отырып, сабақ жоспарын құруда негізге алдым. Іске асқан әрекеттерім арқылы өмір бойы оқуға дайын болу керектігін түсіндім.

Ықшамсабақты құра отырып ғылыми-зерттеушілік әрекеттерімді дамытуға мүмкіндік алдым. Себебі дәйектеме келтіру арқылы өзім құрған немесе берген тапсырмама сыни көзқараспен дәлел жазып отырдым. Бұл кішкене болса да ғылыми-зерттеушілік жұмыс бастамасы болары айқын. Сонымен қатар ықшамсабақты құруда әдістемелік материалдарды зерделеп, сабағымды жоспарлауда негізге алдым. Өз білімімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілетімді дамытып, жетілдіре түстім. Проблемаларды шешу қабілетімді іске асырдым деп ойлаймын, себебі кез келген мәселені функционалдық сауатты құрып, әрекетімді дәлелдеп отырдым. Жеке, жұппен, топпен жұмыс істей отырып, пікірімді ортаға салып, біліміме деген сенімділік орнатып, өзіме дәлелдеуге, тәжірибеммен бөлісуге тырыстым. АКТ-ны қолдану саласында да біршама дағдыларымды жетілдірдім (мысалы: ғаламтормен жұмыс, нақты ақпаратты саралай алу дағдылары).

Топпен, жұппен жұмыс істеу барысында кері байланыс жүргізіп отырдым. Айман Темиргалиевна, Айгүл Машраповна, Аманжол Қымбат, Гульмира Амангажиевна, Жұлдыз Кабылбековна, Салтанат Толеутаевна әріптестерімен ой бөлісе отырып, құнды әрі тиімді ақпараттарды ҚМЖ-ны жоспарлауда қолдандым. Мысалы, саралау тапсырмаларын беруде, бағалау түрлерін анықтауда т.б.. Өзім де бірқатар әріптестеріме көмектесіп, ой бөлістім. Әдістемелік тұрғыдан бағыт бере алдым деп ойлаймын.

Ықшамсабақты құру және дайындау ҚМЖ-ны жоспарлауда елеулі көмек болды. Себебі тренер және әріптестеріммен кері байланыс жасай отырып, жоспарлаудағы өз қателіктерім мен жетілмей қалған дағды-әрекеттерімді түзетуге немесе дамытуға мүмкіндік алдым.

Айтылғандарды ескере отырып, алдағы уақытта жоспарымда бағалау тәсілдерін түрлендіріп, ұлттық құндылықтарға негіздеп құраймын. Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды оқу үйлесімділігіне сәйкес жоспарлап, оқушылардың жеке-дара қабілеттерін дамытуға бағыттаймын.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Оқыту мен оқу барысында қай әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз?

Сабақ барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!