Материалдар / Адамның табиғи кешендерге әсер етуі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамның табиғи кешендерге әсер етуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәні мұғалімдеріне керек материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2019
3418
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары



Күні: 11.02.19 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Зәкір Н.К.

Сынып: 7а сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

§38. Адамның табиғи кешендерге әсер етуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.5.3 – Оқушыларға табиғатты ластанудан сақтау үшін экологиялық мәдениет қалыптастыру.

7.3.5.4- Табиғатқа жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына мысалдар келтіру.

7.3.5.5 Оқушыларда экологиялық білім, тәрбие қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Адам мен табиғат туралы мәліметті сипаттау.

Көпшілігі: Адам мен табиғаттың өзара әсері, жасанды экожүйе жасаудағы адамзаттың рөлін анықтай алу.

Кейбіреуі: Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларға мысал келтіру.

Бағалау критерийі

  • Табиғатқа адамның тигізетін әсері туралы сипаттайды.

  • Адамның әсерінен болған экологиялық апаттарды анықтай алады.

  • Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларға мысал келтіреді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

Техносфера, антропогенді айналым, бенз(а)пирен, мониторинг

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері.......деп аталады.

Құндылықтарға баулу


Қошаған ортаны қорғауды өзімізден бастайық. Табиғатты қоғауға, оны аялауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика, биология

Алдыңғы білім

36. Табиғи-аумақтық кешендердің түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Сәлемдесу


Ұйымдастыру кезеңі:


Топқа бөлу

«Тарсия» әдісі арқылы топқа бөлінеді


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Жағымды психологиялық ахуал туғызуда оқушылар өз есімдерінің бірінші әрпіне сәйкес жағымды сөз тіркестері арқылы тілек білдіріеді.

Үй тапсырмасын сұрау


«Досымнан хат» әдісі арқылы сұрақтар беріледі.

  1. Табиғат компоненттерін атаңыз (күн радиациясы, жердің географиялық ендігі, жер бедері, климаты, топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі).

  2. Табиғи кешендердің 3 иерархиялық деңгейлерін атаңыз (жергілікті, аймақтық, ғаламдық).

  3. Табиғат зоналары туралы ілімнің негізін салушы (В.В. Докучаев).

  4. Тау етегіндегі биіктік белдеу қалай анықталады (тау етегінің қай табиғат зонасында орналасқанына байланысты)

  5. Табиғи аумақтық кешен ТАК дегеніміз не? (белгілі бір аумақта өзара байланысқан табиғи компоненттердің заңды үйлесімі)

  6. Биіктік белдеудің қандай түрлерін бар? (теңіз жағалаулық, континетальды)

Қима қағаздарын жазылған сөздерді біріктіру арқылы бөлінеді.


Досжан-дарынды, Албина-ақылды, Жарас-жүйрік, Алижан-алғыр, Нұрбек-намысшыл, Елдар-ержүрек, Аслан-абыройлы, Дастан-досқа адал, Нұрбек-нән, нұр шашатын, Біржан-білімді, Аршат-алғыр

Сабақтың ортасы

25 минут




Жаңа сабақты меңгеру.

1. Бейнематериал қарау: «Экология және Қазақстан»

Сұрақ қою.

1. Адам табиғатқа қалай әсер етеді?

2. Адам іс-әрекеті қоршаған ортаға зиян болуы мүмкін бе? Мысал келтіріп көрейікші


2. Терминмен жұмыс

Техносфера – адамның техникалық және техногенді нысандар арқылы (ғимараттар, жолдар салу, т.б.) түпкілікті өзгерткен биосфераның бір бөлігі.

Антропогенді фактор – адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, қоршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер етеін факторлар

Мониторинг - қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалау жүйесі


«Географиялық диктант» - қалып қойған сөздерді толықтырыңыз.

Жер бетінде адам тіршілік ете бастағанан табиғи 1аумақтық кешен өзгеру үстінде. Қазіргі уақытта географиялық қабыққа адам әсер етпеген бірде-бір аумақ жоқ. Табиғатқа жасанды әсер етудің зардаптары қоршаған ортаны ластаумен қатар, 2экологиялық проблемалардың пайда болуына әсер етті. Экологиялық проблемалардың бірі – 3антропогендік ықпалдар.

Табиғи ортаны ластаушылардың бірі – 4автокөлік. Себебі көліктен шығатын 5200 компоненттен тұратын газдар адам организміне жағымсыз әсер етуде.

БҰҰ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 6халықаралық ұйым (ЮНЕП) құрды. Оның басты мақсаты – табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми негізін жасау.

Қоршаған ортаның бастапқы жағдайы, оның қазіргі уақыттағы ластану қаупі, орта сапасының өзгеру болжамдары туралы ақпарат алу мақсатымен ғаламдық 7мониторинг желісі жасалады.


Сабақты бекіту

Тапсырма. Мына суретті мұқият қарап экожүйеге сипаттама бер.

Адам әсерінен табиғат қалай өзгереді?

ауылшаруашылығының табиғатқа әсері

өндірістердің қоршаған ортаға әсері

қоршаған ортаны жақсарту шаралары




















Дискриптор:

-Ауылшаруашылығының табиғатқа әсерін анықтайды:

- өндірістердің қоршаған ортағаәсерін анықтайды.

-қоршаған ортаны жақсарту шараларын жасай алады

Бейне материал: youtube.com







Дәптерге жазып алу














Берілген мәтін ішіндегі қалып қойған сөздерді толықтырады.

1-қосымша

Сабақтың соңы

5мин





Дискриптор:

Тиісті сөздерді орнына қойып дұрыс жаза алады.

Диктантты сауатты орындайды.


Тақырыптың тобықтай түйіні: БББ әдісі

Рефлексия

«Бас бармақ» әдісі арқылы сабақ қалай өткенін көрсетеді. Бармағын жоғары/төмен көрсетеді.

Таратпа материал




Қосымша 1


«Географиялық диктант» - қалып қойған сөздерді толықтырыңыз.


Жер бетінде адам тіршілік ете бастағанан табиғи 1......... өзгеру үстінде. Қазіргі уақытта географиялық қабыққа адам әсер етпеген бірде-бір аумақ жоқ. Табиғатқа жасанды әсер етудің зардаптары қоршаған ортаны ластаумен қатар, 2.......... пайда болуына әсер етті. Экологиялық проблемалардың бірі – 3.............. .

Табиғи ортаны ластаушылардың бірі –4 ............... . Себебі көліктен шығатын 5........................................... адам организміне жағымсыз әсер етуде.

БҰҰ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 6..................... (ЮНЕП) құрды. Оның басты мақсаты – табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми негізін жасау.

Қоршаған ортаның бастапқы жағдайы, оның қазіргі уақыттағы ластану қаупі, орта сапасының өзгеру болжамдары туралы ақпарат алу мақсатымен ғаламдық 7................ желісі жасалады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!