Материалдар / "Адамшылыққа үндеуші - Шәкәрім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Адамшылыққа үндеуші - Шәкәрім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкәрімнің өлеңдерін өзін-өзі тану пәні арқылы талдау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2018
713
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты










Адамшылыққа үндеуші - Шәкәрім

Ізгілік педагогикасы классиктерінің бірі -

Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы эссе





























Орындаған: №34 көп салалы мектеп-гимназиясының

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жаңбырбайқызы Айгерім

Тексерген курс тренері: Кульниязова Айжан Сисеновна




2018жыл

Ақыл, білім осындай ар жақтарлық,

Айласыз, өтіріксіз жан сақтарлық!

Үзіп-жұлып ұятсыз атанбай-ақ,

Ақылмен жол табалық, ел бастарлық!

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға»

Шәкәрім Құдайбердіұлы лирик ақын ретінде адамгершілік, өнер-білім, болашақ қамы, жастық пен махаббат туралы жазған өлеңдерімен әдебиет әлемінде өшпестей із қалдырды. Ақын жазған асыл қазынаның тақырыптық ауқымын, жанрлық кеңдігін, көркемдік ерекшеліктері мен өзіндік тілідік шеберлігін ғалымдарымыз жан-жақты зерттеп, дәйекті тұжырымдап, бүгінгі рухани азығына айналдырып отыр. Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеуде бұрынғы ата-бабаларымыздың асыл мұраларын, өсиетті сөдерін, ғибраттарын алдымызға жайып саламыз. Өйткені, адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған бабаларымыздың тәлім-тәжірибесін, ұстаған қағидаларының жас ұрпаққа берері мол. Рухани адамгершілік – ол біздің байлығымыз. Абай, Шәкәрім аталарымыздың шығармаларының тұнығы осы рухани тәрбие.

Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең. Соның ішінде ойып орын алар тақырып – рухани адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары. Ол адамгершілік ар-ұятты жоғары қояды. Оның өлең жолдарынан кісіліктің келбетін танытар асыл қасиеттерімен сусындауға, бауырыңа тарту да адамгершіліктің жоғары түрі екенін көрсетеді.

Ақынның «Жастарға» деген өлеңінде адамгершілікке бастау болар ақыл, білім, рахым туралы сөздерді көп кездестіруге болады. Себебі, бұлар ел бастарлық жол екенін көрсетеді.

Кел, жастар, біз біртүрлі жол табалық,

Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық, -

деп, өлең сөзін Шәкәрім жастарды адами ізгі жолға шақыру арқылы бастайды.

Ал, енді, олай болса, кімді алалық?

Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?

Шын іздесек, табармыз шыны ғалым,

Күнде күйлей бермелік бозбалалық, -

дей, жастардың алғы ағаға көз салуын айтады. Тек жасы үлкен деп емес, оның өзгеге ақыл-парасатымен сыйлы екеніне көз жүгіртуін келтіреді. «Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?» деп сұрақ қою арқылы жас ұрпақтың кімді үлгі тұтатынын, кімнен өнеге ала аламыз деп сұрайды. Және «Күнде күйлей бермелік бозбалалық» сөзінен жаспын деп өткінші уақыттың зымырандай зымырап өтетінін ескеруді ұғынуға болады.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық! –

деп, келешек аға буын болар жастарға ұқыпты болып, саналы іс жасауға шақырады.

Шәкәрім Құдайбердіұлының Абайдың туысы әрі пір тұтар ұстазы болғаны бәріне аян. Аса құрмет тұтар Абай атамыз оның әр өлеңінде үлгі тұтар адам ретінде бейнеленгенін көруге болады. «Жастарға» өлеңінде де ұлы Абайдың адамшылық пен білімге шақырушы екенін көрсетеді.

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

Білімді сол кісіден ізденелік!

«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге» делік, -

дей келе, ұлы Абай наданшылыққа қарсы күрескер екенін, және оның асыл сөдері бойға нәр беретінін, адамшылық қасиетке келгенде Абайдай жан болмастығын, сол кісіге бет бұрарлыққа шақырады.

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,

Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.

Тегін білсең – аласың, бос береді,

Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан.

Құрбыласы қулық пен айла баққан,

Олардан алдамшы деп көңілі қайтқан.

Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,

Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан, -

деп Абай туралы ойын әрі қарай жалғастырады. Және де оның асыл да маржан сөздері теңіз түбінен шыға алмай жатқанын айтып, қынжылғандай. Оның замандастары айлалы да алдамшы болғанын, сол себепті кей жастар шын жолды ұғына алмай кеткенін, енді кейінгі жас ұрпақ жөн дегенін ала ала ма деп ой тастайды. Тура жолды мал-байлыққа құныққан жол емес, бір-бірін сыйлар адамгершілік жолға үгіттейді.

Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,

Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.

Надандықтан еліріп босқа жүрсек,

Мына заман көрсетер бізге тарлық!

Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық,

Асылы сол – ақыл, білім бойда барлық.

Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,

Мен де анаудай деп таласарлық,-

деген жолдарда бос жүрістен бастартып, арам, надандықтан, арсыздықтан қашып, білім мен ақыл, саналы өмірге сілтегендерге асығарлық дейді.

Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл өлеңі тұнып тұрған ізгі ниетті жолдарға сілтеуші сөздерге бай. Адами қасиетке жатпайтын арсыз істерді тізіп, олардан жастар аулақ болу үшін білім мен ақылға жүгінуді жиі көрсетеді. Бұған мына жолдар тағы да дәлел:

Жаман әдет тастауға ұнасалық!

Мына мінез қалай деп сынасалық!

Тұп тура бетімізге айтысалық,

Ашуланбай, ақылмен шыдасалық!

Арсыз, арам айланы тастасалық!

Неден болса блімді ізденелік!

Надандықпен бір жола қастасалық.

Ақын, философ Шәкәрім өлеңдері, еңбектері кірсіз, құны кетпес қазына десем артық айтпас едім. Оның еңбектерін оқи отырып бойыңа қаншама адами құндылықтарды сіңіресің. Жас ұрпақты тәрбиелеуші мұғалім ретінде ақынның өлеңдерін әрдайым үлгі ретінде қолдану балалардың бойына адами қасиеттер мен құндылықтарды сіңіруші құрал болар еді деп санаймын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!