Материалдар / "Әдебиет көшбасшысы" зияткерлік сайысы 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әдебиет көшбасшысы" зияткерлік сайысы 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар қазақ әдебиеті пәні бойынша білімдерін тексеру барысында өз бойындағы көшбасшылық қасиетін ояту, сайыс барысында білімін шыңдау. Оқушылардың ізденімпаздыққа дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін жетілдіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2021
664
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әдебиет көшбасшысы» зияткерлік сайысы

Уақыты: 19.10.2021ж

Мақсаты: Оқушылар қазақ әдебиеті пәні бойынша білімдерін тексеру барысында өз бойындағы көшбасшылық қасиетін ояту, сайыс барысында білімін шыңдау.
Міндеттері: Оқушылардың ізденімпаздыққа дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін жетілдіру.

Ұйымдастыру  формасы: зияткерлік сайыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, презентация, видеоролик, суреттер.

Сайыстың барысы:

Мұғалімнің сөзі:

-Қымбатты  ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 4-сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған «Әдебиет  көшбасшысы» сайысына  қош келдіңіздер!

   Әдебиет - сөз өнері. Сөз өнері - халық даналығының  жемісі. Әдебиет халқымыздың

рухани  өмірінің  айнасы, ана  тіліміздің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың  белгісі.

  Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың

ой өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

                 Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

                 Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

                 Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,

                 Озат болу шарты сол, еңбектену жалықпау.

      Ендеше, ортамызға әдебиет пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде

жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық. (3 топ қатысады)

І топ: 4 «А» сыныбы: Утепберген Ақгүл

Қайратұлы Саят

Мұрат Аяулым

ІІ топ: 4 «Б» сыныбы: Ануарбков Бекнұр

Нұрхан Амина

Берік Динара

ІІІ топ: 4 «В» сыныбы: Мұхтарқызы Ақниет

Нұран Нұрасыл

Мақсотұлы Мейірбек

                  Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

                  Әділдікке бас иеді күллі әлем.

                  Жүйрік озар , сайыстарда неше бір,

                 Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,  дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылармен таныс болыңыздар. (әділқазылармен таныстыру)

  1. Тотенова Ақбөбек

  2. Сагингалиева Светлана

  3. Жазмаганбетова Айгерім

  Сайысымызды бастамас бұрын алдарымыздағы қағазды таңдау арқылы топқа бөлініп алайық.

І топ: «Тұлпар»
ІІ топ: «Сұңқар»

ІІІ топ: «Алаш»

Сайыс үш бөлімнен тұрады:

  1. Бәйге

  2. Дода

  3. Жорға

Білім деген биік шың,

                Бақытқа сені жеткізер.

                Білім деген ақылшың,

                Қиындықтан жеткізер,- дей келе сайысымыздың алғы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз.


І кезең. «Бәйге»

  «Бәйге» кезеңіне  20 сұрақ берілген. Дұрыс жауапты бірінші болып айтқан оқушыға 10 ұпайдан беріледі.

  1. Жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы. (тақырып)

  2. Автордың айтқысы келген идеясы. (негізгі ой)

  3. Әдебиетті көркемдегіш құрал, заттар мен құбылыстарды сипаттайтын бейнелі сөз (эпитет)

  4. Оқиғаға қатысушы адам (кейіпкер)

  5. Тарихта болған белгілі адамның ерлігі, халық үшін жасаған еңбектері, нақыл сөздері жайында ел аузында сақталып қалған әңгімелер (аңыз)

  6. Өлең жолдары бірыңғай дауыссыз дыбыстардың ерекше мәнермен үйлесімді қайталануы (аллитерация)

  7. Өз пікірің, айың жазылған шағын әдеби шығарма (эссе)

  8. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан сөз өнері (шешендік сөз)

  9. Ата – ана мен ақсақалдардың, ел ағаларының кейінгілерге білдіретін тілегі (бата)

  10. Шешуін табуға құрылған қысқа шығарма (жұмбақ)

  11. Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адам (жырау)

  12. Табиғат құбылыстарын адам кейпіне келтіріп суреттеу (кейіптеу)

  13. Үлгі – өнеге ретінде айтылатын қысқа да нұсқа нақыл сөз (мақал –мәтел)

  14. Ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақышты сөздер тізбегі (өлең)

  15. Кейіпкердің сырт бейнесі (портрет)

  16. Шығармадағы оқиғалар тізбегі (сюжет)

  17. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинау (сауалнама)

  18. Ертегі түрлері (жануарлар туралы, қиял-ғажайып ертегілер, хикаялық ертегілер, тұрмыс – салт ертегілері)

  19. Қазақтың үш биі (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

  20. Поэзиялық туындыларды (өлеңжыр-дастанпоэмаауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. (ақын)


ІІ кезең «Дода»

«Білекті - бірді жығар,  білімді - мыңды жығар» деп дана халқымыз айтқандай, қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз. Сайысымыздың  келесі «Дода» кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Әр сұраққа 10 ұпай беріледі.

І топ:

  1. Абай өлеңі:
    А) «Өгіз бен бақа» Ә) «Ғылыми таппай мақтанба» Б) «Қысқа жолда» В) «Ақсақ киік»

  2. Ахмет Байтұрсынұлының туған жылы:
    А) 1893 жылы Ә) 1873 жылы Б) 1846 жылы В) 1889 жылы

  3. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасіретті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем Кімнің өлеңі?

А) Бауыржан Момышұлы Ә) Абай Құнанбаев Б) Мұқағали Мақатаев В) Ыбырай Алтынсарин

  1. Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Бойы өскен. Қол – аяғы ұзарған. Ол атқа мінуге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы – әжесі. Одан қала берсе, шешесі. Қай мәтіннің үзіндісі?

А) Мұхтар Әуезов «Бала Абай»

Ә) Ілияс Жансүгіров «Абайдың сөз өрнегі»
Б) Бауыржан Момышұлы «Абай ағасындай»

В) Мұқағали Мақатаев «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»

  1. «Маса», «Қырық мысал», «Тіл – құрал» еңбектерін жазған кім?

А) Шәкәрім Құдайбердіұлы Ә) Мағжан Жұмабаев Б) Міржақып Дулатов В) Ахмет Байтұрсынұлы

  1. «Қартқожаның туған жері» әңгімесінің авторы

А) Сәкен Сейфуллин Ә) Фариза Оңғарсынова Б) Жүсіпбек Аймауытов В) Сағи Жиенбаев

  1. Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім! Кімнің өлеңі?

А) Дихан Әбілев «Туған тілім» Ә) Оразақын Асқар «Үйрен ана тіліңді»

Б) Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі» В) Ілияс Жансүгіров «Анам тілі»

  1. Қазақтың ұлы ақыны, аудармашы. Жалпы саны 45 қара сөзі бар» деген жолдар кімге қатысты?

А) Ыбырай Алтынсарин Ә) Абай Құнанбайұлы

Б) Сұлтанмахмұт Торайғыров В) Жүсіпбек Аймауытов

  1. Адамдық – борышың:

Халқыңа еңбек қыл.

Ақжолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл. Кімнің өлеңі?

А) Ғафу Қайырбеков. Ә) Абай Құнанбайұлы Б) Оразақын Асқар В) Шәкәрім Құдайбердіұлы

  1. «Үш бақытым» өлеңінің авторы

А) Мұқағали Мақатаев Ә) Жамбыл Жабаев Б) Сәкен Сейфуллин В) Мұхтар Әуезов


ІІ топ:

  1. Мұқағали өлеңі:

А) «Фантазия» Ә) «Отырар» Б) «Сен ақылды болсаң екен» В) «Толағай»

  1. Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген?

А) 1938 жылы Ә) 1865 жылы Б) 1841 жылы В) 1893 жылы

  1. Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ - шөл, ойлы – қырлы панасы бар.

Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп – өнген

Жәндіктің киік деген баласы бар. Кімнің өлеңі?

А) Ахмет Жұбанов Ә) Сәкен Сейфуллин Б) Міржақып Дулатов В) Абай Құнанбаев

  1. Міржақып өзі қатарлас балалардан бойы аласалау болып өсті, бірақ денесі тығыршықтай жұмыр, шапшаң қимылды болды. Үстін таза ұстап, жинақы жүретін. Қандай мәтіннің үзіндісі?

А) Ыбырай Алтынсарин «Бала Міржақып» Ә) Абай Құнанбаев «»

Б) Асқар Дулатов «Аяулы Жақаң» В) Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш»

  1. «Ұшқан ұя» әңгімесінің авторы

А) Бейімбет Майлин Ә) Шәкәрім Құдайбердіұлы

Б) Ғабиден Мұстафин В) Бауыржан Момышұлы

  1. Төле бидің нақыл сөзін аяқта: «Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол,...»

А) Досыңа адал бол! Ә) Ұзатылған қыз Б) Еритін мұз В) Артта қалған біз

  1. Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем –

Осы менің туған өлкем! Кімнің өлеңі?

А) Досыңа адал бол! Ә) Ұзатылған қыз Б) Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем» В) Артта қалған біз

  1. Ақын, аудармашы, драматург. «Құлагер» шығармасын жазған» деген жолдар кімге қатысты?

А) Б.Майлинге Ә) І. Жансүгіровке Б) М. Дулатқа В) А. Байтұрсынұлына

  1. Әсемпаз болма әрнеге,
    Өнерпаз болсаң, арқалан.
    Сен де бір кірпіш дүниеге
    Кетігін тап та, бар қалан! Кімнің өлеңі?

А) Ғафу Қайырбеков. Ә) Абай Құнанбайұлы Б) Оразақын Асқар В) Дихан Әбілев

  1. Жазушы. Ақтөбе облысында дүниеге келген. «Көл жағасында», «Атақоныс», «Бақыт Бәйшешегі», «Маздақ», «Дәмелі» атты кітаптарыжарық көрген ақын?

А) Әдібай Табылдин Ә) Тұманбай Молдағалиев Б) Хиаз Доспанова В) Өтебай Қанахин


ІІІ топ:

  1. Бауыржан Момышұлының әңгімесі:

А) Бір уыс мақта Ә) Әзім әңгімесі Б) Ұяда не көрсең В) Айгүлдің әңгімесі

  1. Мұқағали Мақатаев қай жылы дүниеге келген?

А) 1931 жылы Ә) 1945 жылы Б) 1845 жылы В) 1889 жылы

  1. Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,

Жуынып, кіиініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана, әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап. Кімнің өлеңі?

А) Ыбырай Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық» Ә) Жүсіпбек Аймауытов «Оқу, білім»

Б) Ахмет Байтұрсынов «Оқуға шақыру» В) Сұлтанмахмұт Торайғыров «Оқу»

  1. Бір бұлақтың басында үш жолаушы бір –біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шығып жатыр екен. Айнала қалың ағаш, жапырақтары бұлақтың үстіне төгілген, суы мұздай салқын, шыныдай мөлдір өте таза бұлақ екен. Қай мәтіннің үзіндісі?

А) Сәкен Иманасов «Бұлақ басында» Ә) Ыбырай Алтынсарин «Таза бұлақ»
Б) Ілияс Жансүгіров «Мөлдір бұлақ» В) Сәкен Сейфллин «Бұлақ көрсең көзін аш»

  1. Сыбырлақ өлеңінің авторы

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!