400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Әдебиет əлемінде" зияткерлік ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал тіл апталықтарында өткізуге болатын зияткерлік ойын болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Әдебиет әлемінде» зияткерлік ойыны

Сабақтың мақсаты: оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысы:

  • Құрметті ұстаздар, оқ ушылар! Тіл апталығы аясында өткелі тұрған «Әдебиет әлемінде» атты зияткерлік ойын сайысына қош келдіңіздер. Сайысымызға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз. 10а, 10ә, 11а, 11ә, 11б сынып оқушылары.

Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Тіркешов Ерболат

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Алешова Салтанат

Сайыс ҮІ кезеңнен тұрады.

І кезең: Таныстыру. ІІ кезең: «Ойлан, тап». ІІІ кезең: «Сен білесің бе?». ІҮ кезең: «Белгілі тұлғалар». Ү кезең: «Білімді мыңды жағады». ҮІ кезең «Өнерпаз болсаң...».

І кезең: Таныстыру. Әр сайыскер өзін таныстырады.

ІІ кезең: «Ойлан, тап». Әр сайыскерге әдеби шығармадан үзінді беріледі. Үзінді қай шығармадан, авторын табу.

1. Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып калғандай болады да тұрады. Адамнық атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. («Менің атым Қожа». Бердібек Соқпақбаев) 2. – Қайран Тектім-ай!.. Алпамсадай арысым едің... Қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау! Қолыма салмағың білінсеші, - деп ауру жігітті көтерген ағасы енді төсекті жайғап салған әйелі Қатшаның қасына алып келді. («Қараш-қараш оқиғасы». Мұхтар Әуезов)

3. – Оян, Тұрар!

Рысқұл баланы иығынан тартқылады. Бала ояна қоймады. («Қызыл жебе романынан «Тұтқын бала». Шерхан Мұртаза)

4. Еңсеп ол күні бұл зымыранға енді қайтып түспейтінін білген жоқ. Шай ішіп шықты да, қайта құдықтың басына келді. («Шыңырау». Әбіш Кекілбаев)

5. Асқа келген жұрттың аузына Ақан мен оның Құлагері қатар ілікті.Түні бойы әр киіз үйдің астында, болашақ ұлы бәйгені шуылдасып сөз қылғандар... («Ақан сері» романынан «Ақырғы бәйге» Сәкен Жүнісов)

ІІІ кезең: «Сен білесің бе?». Оқылған өлеңнің тақырыбын, авторын табу.

1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды ,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы – ақ қырау түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай Құнанбаев «Қыс»)

2. Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем.

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. (Төлеген Айбергенов «Ана»)

3. Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін.

Шекпен жауып өзіңе қайтарамын. (Мұқағали Мақатаев «Қара өлең»)

4. Білем сені, сүйем сені

Сыр сұлуы қарт анам.

Сенсің мені әлдилеген.

Туған сеннен мен балаң. (Әбділдә Тәжібаев «Сырдария»)

5. Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған,

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған. (Ыбырай Алтынсарин «Өзен»)

ІҮ кезең: «Белгілі тұлғалар». Белгілі ақын жазушылардың портреті көрсетіліп, солардың өмірбаянына шығармашылығына тоқталу.

Ү кезең: «Білімді мыңды жағады». Бұл кезеңде сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпаймен бағаланады.

1.«Егер тілім ертең болса құрымақ Мен дайынмын өлуге де бүгін – ақ » деген қай ақын екенін атаңыз. ( Расул Ғамзатов)

2. «-Ей! –Кімсің? Тірісің бе? Аққуды неге атасың, арың барма? Бұл қай шығармадан алынған және бұл сөзді кім айтты? ( «Аққулар ұйықтағанда», Жылқышы )

3. Шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр – тұлғасын суреттеу не деп аталады? ( Портрет )

4. Қазақ хрестоматиясын кім жазды? ( Ыбырай Алтынсарин )

5. Табиғат көркін суреттеу не деп аталады? (Пейзаж)

6. Махамбеттің айнымас серігі, «Қабағын шытпас ер еді» дегені кім? (Исатай)

7. Әнет баба кай поэма кейіпкері? (Қалқаман – Мамыр)

8. Жайлы қоныс, Жерұйық іздеуші жан кім? ( Асан қайғы )

9. Отан-туған жер тақырыбында мақал – мәтел айт.

10. «Әдебиет» сөзі қай тілден енген? ( Араб )

11.Шалқұйрық ат қай кейіпкердің аты еді? ( Ер Төстіктің )

12. Абайдың қайсы қара сөзінде қайрат, ақыл, жүрек өз өнерлерін айтып таласады? (он жетінші)

13. Аналық пен Тоқтарбай – қай батырдың ата-анасы? (Алпамыс)

14. Қазақтың төл лиро – эпостық жырын атаңыз. ( Қозы Көрпеш – Баян сұлу)

15.Абайдың табиғатты адам бейнесінде суреттеген өлеңі. ( Қыс )

16. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы қандай өлеңмен ашылған? (Кел,балалар, оқылық)

17. Сахна үшін арналған шығарманы не деп атайды? ( Пьеса)

18. Абайдың аяқталмаған поэмасын табыңыз. ( Әзім әңгімесі )

19. Үш арыс ( Сәкен, Бейімбет, Ілияс)

20. Екі немесе бірнеше адамның сөйлескен сөзі. ( Диалог)

21. «Қара қазан, сары бала, қамы үшін қылыш сермедік» деген кімнің өлеңі? (Махамбет )

22. «Қараш – қараш» оқиғасындағы Бақтығұлдың інісінің аты кім? (Тектіғұл)

23. Мына өлең жолдары қай шығармадан алынған және авторы кім?: «Сауып ішер сүті жоқ , Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты.»

( Шортанбай Қанайұлы. «Зар заман»)

24. «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» дастандарын жазған ақынды ата.

( Жамбыл Жабаев)

ҮІ кезең «Өнерпаз болсаң...». Әр сайыскер өз өнерін көрсетеді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.01.2019
1282
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі