Материалдар / Әдебиет пәнінде оқушылардың оқудағы визуалдандыру дағдыларын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдебиет пәнінде оқушылардың оқудағы визуалдандыру дағдыларын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
ӘДЕБИЕТ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУДАҒЫ ВИЗУАЛДАНДЫРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2023
360
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘДЕБИЕТ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУДАҒЫ

ВИЗУАЛДАНДЫРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ


Ебелекова Э.Е.

Қызылорда облысы Қазалы ауданы

225 орта мектеп


Соңғы кездері жүргізілген нейроғылыми зертеулер адам баласының қысқа мерзімді жұмыс жадысымен қатар ұзақ мерзімді жұмыс жадысының иесі екендігін анықтаған. Олардың зерттеулерінде түрлі стратегиялық амалдарға сүйеніп, ақпаратты белсенді ұйымдастыру, өзара байланысты орнату ұзақ мерзімді жады мүмкіндіктерін өрістетуге жағдай тудыратындығы және ұзақ мерзімді жадының анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы мүмкін екендігі , соның ішінде «таңбалық» естеліктер шектеулі болуына қарамастан, ол адамның ұзақ мерзімді жадысының маңызды аспектісі болып табылатындығы көрсетіледі. Сондықтан «Әдебиет» пәнінен оқытылатын әрбір көркем шығарманың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігін оқушыларға жеткізуде суреттер, артефактілерді пайдалану тиімді болып табылады.

6-сыныптағы Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан «Тұтқын бала» деген атпен берілген үзіндіні оқыту барысында «Өнер тілінде сөйлесу» деген жұмыс жүргіздім. Бұл шығарманың оқушының тарихи санасын , тарихи тұлғалар туралы түсінігін қалыптастырудағы идеялық- тақырыптық құндылығы–өз алдына баға жетпес мұра.Сонымен бірге жазушының стильдік ерекшелігі де – оқушыға бөліп алып, көрсететін дүние. Үзіндіде 19 ұлғайған теңеу бар, оның ішінде оннан астамы жан-жануарлар мен құстар бейнесі арқылы жасалған. Мен жазушының осындай стильдік шеберлігін оқушыларға меңгертуде «тор темірдегі жаралы жолбарыстай», «қырғи тиген торғайдай», «ит көрген ешкідей», «абжыланның алдында жалғыз қалған көжектей», «жазира кеңістікке ұшып шығар қапастағы пейіш құсындай», «құзғын құстай», «арық түйенің өркешіндей» деген ұлғайған теңеулер бойынша суреттерді пайдалана отырып, әңгіменің мазмұнын сұрадым.

Бұл жұмысты орындатуда оқушылардың пәндік құзыреттілік бойынша жазушының стилі, шығарманың көркемдік ерекшелігі және теңеулер мен ұлғайған теңеулер туралы білімдері нақтыланады және тұлғалық даму жағынан ұзақ мерзімді жадыларын дамытуға да тиімді болады. Ұзақ мерзімді жадыны дамытуда 1985 ж. Тулвинг ұсынған 3 компонент бойынша талдау жасайтын болсақ:

1. Рәсімдік жады - әрекетерді қалай орындау керек екендігі туралы түсінік: бұл теория бойынша оқушылардың теңеулер және ұлғайған теңеулердің жасалуы туралы түсінігі қалыптасады.

2. Эпизодтық жады – адамның көзбен көру және басқа сезім мүшелері арқылы ақпарат алу арқылы қалыптасатын жадысы, бұл жерде оқушылардың суреттерді көзбен көру арқылы жадылары қалыптасады, яғни әңгімедегі ұлғайған теңеулерді естерінде сақтауға көмегі тиеді.

3. Семантикалық жады – ойларды, идеяларды, қағидаларды есте сақтау арқылы қалыптасатын, символдар жасау қабілетіне әкелетін жады деп түсіндіріледі, бұл бойынша оқушылардың әңгімедегі теңеулердің мәнін ашу арқылы бейнелі ойлауы қалыптасып, семантикалық жадысы дамиды. Өмірдегі адамдар арасындағы қарым-қатынас пен табиғаттағы құбылыстарды бір- бірімен салыстыра отырып, семантикалық бейнелі ойлау үдерісі қалыптасады.

8-сыныпта Махамбет Өтемісұлының «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдерін талдауда өлеңдегі батырдың өр бейнесі мен элегиялық күйін зерттеуге бағытталған топтық зерттеушілік әңгіме жүргізілгеннен кейін «Суретті әңгімеле» деген жұптық жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс көзбен көретін айғақтар негізінде сын түрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға және екінші жағынан сыныптағы барлық оқушы орындай алатын бастапқы тапсырмадан басталып, содан кейін ашық тапсырмаға ұласатын талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруға бағытталған кеңейтілген тапсырмалар ретінде де тиімді болды. Қазіргі қолданыста жоқ немесе сирек кездесетін тебінгі, терлік, малта, ереулі ат, найза, қамшы сынды заттардың суреттеріне өлеңді пайдалана отырып, сипаттама жасау және бүгінгі уақыт тұрғысынан ой қозғау міндеті қойылған тапсырма мазмұны бойынша сыныптағы 6 жұптың үшеуі бастапқы тапсырманы ғана орындаса, ал қалған 3 жұп тапсырманы орындауды әрі қарай жалғастырып, ХІХ ғасыр мен ХХІ ғасыр аралығындағы уақыт кеңістігі түрғысындағы өзгерістер бойынша сыни ойлауды білдіретін өз пікірлерімен қорытындылады. Оқушылар жауаптарында суретте берілген заттардың не екенін, не үшін пайдаланылатынын толық білмейтіндеріне тоқталса, кейбіреулері жылқы малын көлік ретінде пайдалану арқылы қоршаған ортаны, ел экономикасын, құрт, малта сынды ұлттық тағамдарды пайдалану арқылы адам денсаулығын нығайтуға қол жеткізуге болатындығына тоқталды.

Суреттер мен артефактілерді пайдалануға бағытталған осы екі жұмыс та оқушылардың қызығушылықтарын тудырды, олар сабақ соңындағы рефлексияларында өздерінің оң пікірлерін білдірді.Өзім де пән мұғалімі ретінде сабағыма логикалық қорытынды жасау барысында оқушыларға уақыт кеңістігі тұрғысындағы өзгерістерді ұғындыруда тиімді болғандығын байқадым. Бірінщі жұмыста өткен ғасырлардағы адамдар арасындағы тартысты сипаттайтын абстрактілі ұғымды түсінулеріне, ал екінші жұмыста техниканың дамуымен , бүгінгі бейбіт заманның әсерімен, екінші жағынан жаһандану үдерісінің әсерімен тұрмысқа енген өзгерістерді түйсініп, қабылдауына , осы тәжірибеден шығатын өз ойларын, идеяларын қорытуына жағдай тудырылды деп қорытындыладым.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!