Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
әдебиет пәнінен "Ертегі –қиялымның болашақ айнасы" ғылыми жұмыс. 3 -сынып.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қ ызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын ауылы
№207 «Жаңатұрмыс» орта мектебі
Тақырыбы: Ертегі –қиялымның болашақ айнасы
Бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаушы: Әлиева Нұрдана, Нұрланова Жаннұр
3-сынып
Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі
Әбдіраманова Ләзиза Әбдіқадірқызы
Шиелі кенті Қазан 2018жыл
МАЗМҰНЫ
Аннотация----------------------------------------------------------------------2
Мақсат, міндеттері----------------------------------------------------------3
І.Кіріспе ------------------------------------------------------------------------ 4-5
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Ертегі оқудың пайдасы ------------------------------------------------- 6-7
2.2.Ертегі –қиялымның болашақ айнасы----------------------------------8-12
ІІІ.Қорытынды----------------------------------------------------------------13
Ұсыныс---------------------------------------------------------------------------14
Пікір ------------------------------------------------------------------------------15
Пайдаланған әдебиеттер-------------------------------------------------- 16
-1-
АННОТАЦИЯ
Ғылыми жұмысымыздың аты «Ертегі- қиялымның болашақ айнасы» деп аталады.
Бұл тақырыпты алудағы мақсатымыз шетелдік мән мағынасы жоқ ертегі желісіне құрылған мультсериалдар көргеннен гөрі, қазақтың ертегілерін оқу арқылы бойымызға көптеген жақсы қасиеттер сіңіретініміз туралы достарымызға насихаттау, ертегі құрастыру арқылы ой-өрісіміз,қиялымыз ұшқырлануына бірден-бір жол екенін айту.
Болашақта біз құрастырған ертегілерімізді өзіміздің достарымызға, іні-сіңлілерімізге тарту ету.
-2-
Кіріспе
Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді-
Ертегіні тәуір көрем мен тегі.
Осы күні ойлап көрсем,жасымда,
Шешем маған айтпапты еш ертегі-
деп айтыскер ақындар мүшайрасының жүргізушісі Жүрсін Ерман ағамыз айтып өткендей ертегіні сүйіп тыңдамайтын бала жоқ деп ойлаймын.
Жобамыздың басында жалпы ертегі туралы мәліметтерге тоқталып кетуді жөн көрдік.
Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі балаларға ең жақыны да - ертегі. Ертегі –қиялымызды шарықтататын, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ауыз әдебиетінің бірі деп білеміз.
Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Адамдар жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырларын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен,өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.Бұл жөнінде жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған.Кейін келе адам баласының ой-өрісі ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен.ертегі деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған.
Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял -ғаайып ертегілері,тұрмыс салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
Қиял –ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады.Өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады.Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, дәу т.б және солармен күрескен батырлар болып келеді.Соынмен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер.Қиял –ғажайып ертегілерінде адамға дос күштерден адамзаттың арманын тануға болады.Мысалы ертегідегі желаяқ, ұшатын кілем, саққұлақ адамдардың ұлы армандарын білдіреді.
Хайуанаттар туралы ертегілер барлығымызға жақсы таныс. Олардың кейіпкерлері қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр
-4-
қасқыр,т.б
Тұрмыс –салт ертегілердің оқиғасында қойшы, малшы,бақташылардың тұрмысы суреттеледі.Бұл ертегінің өзіне тән ерекшелігі өмрде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы.
Шыншыл ертегілер қазақ ертегісінің ең мол мұрасы деп
білеміз.Шыншыл ертегілердің қаһармандары қиялдан туған бейнелер емес,қарапайым еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде күнделікті тұрмыс,қоғам, бай болып келеді.Мұндай ертегілерде күнделікті тұрмыс, қоғам,қатардағы адам мәселелері сөз болады.
Бұл ертегілерді ерте заманнан , тіпті жазу- сызу болмаған кездің өзінде- ақ туғанын білеміз.Халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан –ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.Қазіргі кезде заман дамып түрлі ертегі кітаптарды оқуға мүмкіндік мол.
Жалпы айтар болсақ, ертегі оқу арқылы сөздік қорымыз молайып, тіліміз дамиды. Сонымен қатар жағымсыз кейіпкерлердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартып жақсы қасиеттерді, адамгершілік құндылықтарды бойымызға сіңіру арқылы Отанымызды,елімізді қорғайтын,сүйетін азамат болып қалыптасамыз.
-5-
Жұмыстың мақсаты:
Балаларды қазақ ертегілерін оқуға насихаттау.
Қазақ ертегілерін зерттеп,оқып,қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда насихаттау жолдары туралы өз жаңалығы мен ұсыныстарын айту;
Оқушылар құрастырған ертегілерді баспасөз, ғаламтор беттеріне жинақтау, балаларға арналған телеарналарға жолдау арқылы қызығушылықтарын ояту.
Ғылыми жұмыстың міндеті:
1.Қазақ ертегілерінің мәнін ашу;
2.Қазақ ертегілерінің бала өміріне қажетті жақсы қасиеттерін сіңіру;
3. Ертегінің пайдасын көрсету;
4.Ойдан ертегі құрастырып көрсету.
Күтілетін нәтиже:
-Қазақ ертегілернің мән мағынасы, тәрбиелілігі туралы түсінеді;
-Оқушылар қазақ ертегілеріне деген көзқарастарын,ықыластарын, назарларын аударады;
-Ертегінің бала өміріне пайдасы бар екенін түсінеді,
-Оқушылардың ертегі құрастыруға деген қызығушылықтары оянады.
-3-
Негізгі бөлім
2.1 Ертегі оқудың пайдасы
Біз үшін ертегі оқудың пайдасы ұшан теңіз екен.
Біріншіден ертегі оқу арқылы қиялымыз дамып, бойымыздағы дарынымыз ашылады екен.
Екіншіден қазақ ертегілері ұлттық тәрбиеге бейімдеп, төл мәдениетке үйретеді.Ертегі оқу арқылы өзіміздің ана тілімізді жетік білетін боламыз.
Үшіншіден қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев бала кезінен Зере әжесінің, ал зерттеуші Шоқан Уәлиханов бала кезінен айғаным әжесінің ертегілерін тыңдап өскені барлығымызға аян. Мінекей осыдан ақ ертегі тыңдап өскен баланың келешегі зор екенін көруге болады. Яғни кімде –кім балдырған баласының ертегі тыңдатып, оқытып өсірсе ол бала білімді, парасатты, халқын сүйетін азамат болып өсері хақ.
Сонымен қатар ертегі туралы зерттеу барысымызда мынадай қызықты мәліметке тап болдық.
Балалардың мінез құлқын зерттеумен айналысатын зерттеушілердің айтуы бойынша баланың ақыл ойының бірқалыпты дамуы үшін ертегіні тұрақты түрде әңгімелеп айту керек екен.батырлыққа, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелейтін, түбі жақсылықпен аяқталатын ертегілерді тыңдау баланың ой-өрісін, қиялын шыңдайды екен.Сонымен қатар мейірімділікке тәрбиелейтін ертегіні анасы айтса, батырлыққа тәрбиелейтін ертегіні әкесі айтса әсерлірек болады екен.Және де бала сондай болуға талпынады екен.
Дәрігерлердің айтуы бойынша қазір компьютер мен теледидардың алдында көп отыру мен фас-фуд тағамдарын көп жеудің кесірінен Қазақстанда семіздік дертіне ұшыраған балалар саны көбейіп келеді екен.Зерттеушілер балаларға күнделікті ертегі оқу арқылы бұл дерттен айығуға болатынын айтады.Қыз балалар ертегідегі «ай десе аузы бар,күн десе көзі бар» арулар сияқты сұлу, сымбатты болуға ұмтылса, ұл балалар «суға салса батпайтын,отқа салса жанбайтын», «күн санап өсетін» ертегілік батырларға ұқсауға тырысып спортпен шұғылдануға құлшынады.
Ғалымдардың айтуы бойынша балаға ұйықтар алдында 15 минут бойы ертегі айтып берсеңіз, бала тәрбиелі ,ашық, ақыыл тыңдайтын бала болып өседі екен.
Егер ертегі тындап болғаннан соң оны талқыласаңыз баланың өз бетімен оқуға ынтасы артады екен.
-6-
Психологтардың зерттеуі бойынша егер бала бір ертегіні қайта –қайта сұрай берсе ,демек, бала ол ертегіде өзін толғандыратын, немесе қорқытатын не болмаса қуантатын бір нәрсені естіп тұрғаны. Мәселен Толағай туралы
ертегіні қайта –қайта сұраса,демек, ертегі кейіпкері секілді мықты батыр болғысы келгені деп түсіну керек.Сондай-ақ психологтар ата-аналарға мынадай кеңес береді екен. егер балаңызда достарымен бір проблемалары болса , оның шешімі мазмұнында бар бір ертегі тауып оқып немесе айтып беріңіз дейді.
Қазіргі таңда мән мағынасы жоқ шетелдік ертегілер көптеп кездеседі. Біз яғни балалар әдемілікті ,әсемдікті жанымыз сүйеді. Көбіне мұқабасындағы суреттерге,әсемделуіне қызығып оқимыз.Дегенмен шетелдік ертегі-әңгімелердің көбісінде қазақ ертегілері секілді мейірімділік, жанашырлық байқалмайды. Ал, біз көбіне ертегі кейіпкеріне ұқсауға еліктейміз.Сондықтан үлкендер кейде балаларына ертегі кітап таңдағанда мұқият болу керек.
Үлкендер ертегі кітап сыйлыққа тарту етер кезде ертегінің соңы жақсылыққа аяқталатын, позитивті ойлауға дағдыландыратынын таңдаған жөн.
Сонымен қатар ертегі оқудың пайдасын өз практикамыздан айтар болсақ ,мен ертегіні кішкентай кезімнен қатты жақсы көретін едім.әріп танып қосып оқуды үйренген сәттен бастап ертегі оқу менің басты қызығушылығым болды.Мен ертегіні көп оқығанымның пайдасы деп ойлаймын минутына оқу жылдамдығым қазіргі таңда мен оқитын сыныптың деңгейі 60-65 сөз болса, мен минутына бұдан екі есе яғни 125 сөзден асырамын.Бұл менің ертегіні көп оқығанымның пайдасы деп ойлаймын.
-7-
2.2.Ертегі –қиялымның болашақ айнасы
Өмірде қиялсыз адам болмайды. Қазақ халқы «Қиялсыз адам-қанатсыз құспен тең» дейді.Адамның миында қиял пайда болған кезде көптеген жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады.Мәселен қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқанын байқаймыз.Неше түрлі қызықты оқиғалар мен кейіпкерлер туралы баяндалатын ертегілер қиялымызыды дамытуға таптырмайтын құрал десек болады.Ғалымдар, жазушылар, ғарышкерлер, инженерлер т.б барлығы бала күнінде ертегі оқу арқылы қиялын дамытып,қоғамдағы мәдениеттің, ғылымның, техниканың қазіргі жетістіктерін жасады. Мысалы ертегідегі ұшқыш кілем,құлағын бұраса ұшатын ағаш аттар бүгінгі заманның тікұшақ,зымырандары, таусоғары қазіргі экскаваторымыз, желаяқ қазіргі таңдағы пойыздар, түрлі жеңіл машиналарымыз, саққұлақ телефон, ұялы телефондарымыз, көлтаусар -су соратын көліктеріміз екені бәрімізге мәлім.
Қазіргі заман талабына сай көп достарымыз қазақ ертегілерін көргеннен гөрі теледидардан шетелдік мультфильмдерді көргенді ұнатады.
Біз осыған орай сыныптастарымыз арасында сауалнама жүргізген болатынбыз.
№ |
Сауалдар |
Иә |
Жоқ |
1 |
Ертегі оқығанды ұнатасың ба |
|
|
2 |
Қазақ ертегісіне деген қызығушылығын басыма ба? |
|
|
3 |
Шетелдік ертегілерге қызығушылығын басым ба? |
|
|
4 |
Қазақ ертегілеріндегі кейіпкерлерге еліктейсің бе? |
|
|
5 |
Шетелдік ертегілердегі кейіпкерлерге еліктейсің бе? |
|
|
Нәтижесі мынадай болды.
-8-
Сыныпта 18 оқушының барлығы делік ертегі оқығанды ұнатады.Дегенмен басым бөлігі халық ертегілерін оқитынын және шетелдік кейіпкерлерге еліктейтінін байқадық. Сауалнама нәтижесінен соң пікірталас жүргіздік. Бұл жерде қарапайым «Маша мен аю» ертегісі желісіне түсірілген мульсериалды талдаудан бастадық.Достарымыз осы мультсериалды сүйіп көретіндерін айтып өтті. Бұл жерде біздің көретініміз не? Тек Маша қыздың бұзықтық жасауын, үлкенді сыйламауды ғана көре аламыз.Ал, қазақ ертегісін алар болсақ,мысалы, Алдар көседен ақылды болуды, жағдайы төмендерге көмектесуді, ешкімнің ақысын жемеуді т.б және соңы
жақсылықпен аяқталып, мейірімділікке тәрбиелейтінін байқаймыз.. Пікірталас кезінде де шетелдік ертегілерді қолдағандар болды. Көпке топтырақ шашпаймыз әрине.Дегенмен, біздің қазақ ертегісі ерте заманда ата-бабаларынымыздың арман қиялынан туған және сол арман қиялы орындалған.Неге бізде болашағыымызды армандап,қиялдамасқа деген сауалымызды қолдаған сыныптастарымызда болды.Және кейбір достарымыз мынадай өз пікірлерін білдіріп өтті. Яғни қазіргі кезде қолымызда ұстап отырған күнделік, дәптерлеріміздің өзінің сыртында осы шетелдік мультсериалдардың кейіпкерлері бейнеленген.Осының орнына қазақ ертегілеріндегі батырларымызды,мейірбан кейіпкерлерімізді қойса, қызығатын ,осы кейіпкердей батыр боламын деген сияқты қиялдайтын достарымыз көбейер еді деген пікірлеріін білдірді. Қорытындысында ертегі арқылы болашағымызды қиялдайтынымызды және болашақта ол қиялымыз орындалатынына сеніміміз мол екенін айта келе сыныптастарымызға өзіміздің елімізді ,жерімізді сүйетін қазақ елінің туын көкке желбірететін патриот азамат болуымыз керектігін айта келе қазақ ертегілерін оқыңыздар, қазақ ертегісіндегі мейірбан, қаһарман, әділетті кейіпкерге еліктеңіздер деген ой тастадық.
Шынында да, Бэтмэн, Спидер мэн сияқты қазақы танымға жат кейіпкерлерден тәліб алған кейбір достарымыз қазақ батырларына емес, керісінше мағынасыз, бұзықтық жағына бейімделеді деп ойлаймыз.Сонымен қатар қазақ ертегілерін оқымаған бала өз елін,жерін шын жүрегімен сүймейді, сана-сезімі, дүниетанымы шетелге жақын болады. Қазіргі шетелге оқуға кетіп сол жақта жұмысын жалғастырып жатқан аға –тәтелеріміз бала кезінде шетелдік ертегілерді оқып қиялдап, туған елі үшін емес, өзге елге қызмет көрсетіп жатқаны белгілі.
Мұның барлығы еліміздегі базар,дүкен сөрелеріндегі шетелдік ертегі, мульфильм кейіпкерлерінің мүсіндері бейнеленген
ойыншықтар мен атаулы кейіпкерлердің желісіне түсірілген мультфильмдер, тіпті оқу құралымыздың тысындағы сол
-9-
кейіпкерлердің фотолары достарымызды қызықтырмай қоймасы анық.Ал қазақ ертегілерін де дәл осылай дәріптесе достарымыз қызығары анық еді.
Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіріп, арманымызды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады.Сонымен қатар сөзіміздің басында да айтып өткендей тілімізді дамытып, шешен сөйлеуге, өз ойымызды әдемі баяндауға үйретері хақ.Тіл құдіреті бізді небір құпия сырлар әлеміне жетелейді.
Қазіргі кезде шетелдің ертегісі желісіне құрылған мультсериалдар көп
к өрсетілуде.Біріншіден ол мультсериалдарда еш мән мағына жоқ, екіншіден тіліміз бұрмаланып бара жатыр.Оның орнына бізде ертегі әлеміне өзіміздің қиялымыздан туындаған шағын ертегілерімізді ұсынғалы отырмыз.
Әлиева Нұрдана
3-сынып
Ғажайып оқиға
(ертегі)
Ерте,ерте ертеде бір шал мен кемпір болыпты.Олардың бір боз биесі болыпты
.Күндердің күнінде әлгі боз биесі құлындайды. Жас құлын бір күні із-
түзсіз жоғалып кетеді.Іздеуге шыққан шал бір жерлерге келгенде үңгірге тап болады.Сол үңгірдің ішіне кіріп келсе,табанының асты қақ айрылып,жер астына түсіп кетеді.Ол сол жерде әсем баққа кез болады.Әлгі бақта ешкім жемеген жемістер,ешкім көрмеген ағаштар өседі екен.Шал сол ағаштардың бірінің қатты қурап тұрғанын көріп, оның топырағын қопсытып,тамырына су құяды.Ағаш су ішіп алып, тіріліп тілге келіп сөйлей бастайды.Ол шалға:Үш тілегіңді айт. Мені құтқарғаның үшін орындаймын тілегіңді» -дейді.Шал ең бірінші еліме тыныштық бер, екінші жоғалған құлынымды тауып бер,үшінші мен жер бетіне қайта шығар -дейді.Ағаш шалдың үш тілегін де орындайды.Жер бетіне қайта оралған соң шалдан қазақ деген ел тарап, кең баййтақ жерінде бейбіт өмір сүріп,құлынан ыңғырған мал өсіріп,құлашын кең жайған екен.
Бұл ертегімді балалар оқу арқылы біреуге жақсылық жасасаң, өзіңе он есе жақсылық боп қайтатынын және
-10-
қамқорлық, мейірімділік туралы жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді.Сонымен қатар армандар орындалатынына сенеді.
Әлиева Нұрдана
3-сынып
Мейірбан қасқыр
Ертеде орманда бір қасқыр өмір сүріпті. Ол өте жүйрік, өте жыртқыш болған екен.Көздеген аңын жықпай қоймайды екен.Күндердің бір күнінде әлгі қасқыр бір топ қоянның соңына түсіп,қуа жөнеледі.Қорыққан қояндар жан-жаққа қашып,құтылуға әрекет жасайды.Ішінде шамалы баяу жүгіретін көжекті көрген әккі қасқыр сол көжектің соңына түседі.Көжек байғұс бар пәрменімен қашса да,қалжырап бір бұтанынң түбіне кеп бүк түсіп жата қалады. Тақап келген қасқыр қуып жетіп,көжектің үстіне төне бергенде
тоқталып қалады. Әлгі көжек көзі бақырайып, жүрегі дүрсілдеп тұр
е кен.Оның қаша алмаған себебі бір аяғы ақсақ екен.Соны көрген қасқырдың жүрегі жібіп,көжекке тиіспейді.Қасқыр сол күннен бастап мейірбан қасқыр
атанады.
Бұл ертегім баланы мейірімді болуға, әлсіздерге қамқор бола білуге тәрбиелейді.
Нұрланова Жаннұр
3-сынып
Кітаптардың дауласуы
(Ертегі)
Ертеде жаратылыстану, қазақ тілі, математика атты оқулықтар болыпты. Бір күні олар сөзге келіп
қалыпты.Жаратылыстану оқулығы былай депті:Балаларға ең қажетті оқулық менмін-дейді.Себебі менсіз балалар өсімдіктерді,жануарларды, адамдардың дене мүшесін зерттеудің жолдарын білмес еді дейді.
Адамға ең қажетті оқулық мен -дейді қазақ тілі оқулығы. Мен болмасам адам өз тілін білмес еді.Сондықтан балаларға ең қажетті оқулық мен дейді.
-11-
Математика былай дейді: Мен болмасам балалар санауды, есептеуді, сауда жасауды білмес еді,тіпті барлық нәрсе есептеумен өлшенетін болғандықтан ең керекті оқулық мен боламын –дейді.
Барлығының сөзін үндемей тыңдап тұрған әдебиеттік оқулық сөзге араласады.
Достарым, сендер бекерге дауласпаңдар.Балақайлар үшін біздің әрқайсысымыздың орнымыз ерекше.барлығымыз да керекпіз.Біз арқылы барлық бала білім нәрімен сусындайды,өмірде білімге құштарлығы ашылады -деп өз ақылын айтады.Манадан дауласып тұрған оқулықтар өз істеріне ұялып,ендігі жерде бір бірін қолдап жүруге уәде берді.
Менің бұл ертегім арқылы біріншіден әрбір оқулықтың адам үшін пайдасы барын біледі.Екіншіден сөзге тоқтай білуді үйренеді. Үшіншіден байқап тұрсаңыздар ол оқулықтар бір –бірін қолдау керектігін түсінгені арқылы қазіргі біз білім алып жатқан жаңартылған білім беру жүйесінде барлық оқулықта бір-бірімен байланыс барын аңғартады.
Нұрланова Жаннұр
3-сынып
Қоян мен аю
(Ертегі)
Ертеде бір қоян болыпты. Бір күні қоян келе жатып, ұйықтап жатқан
аюды кезіктіреді. Қорқақ коян аю оянып кетпесін деп аяғының ұшымен жанынан өтіп бара жатқанда аюдың бал тола ыдысына сүрініп құлайды. Даңғырлаған дауыстан шошып оянған аю өзін кінәлі сезініп, үрпиіп тұрған қоянды көреді.Аю тәтті түсін бұзған қоянға қанша кіжінгенмен сондай сүйкімді, әрі қорқып тұрған қоянды көріп жүрегі елжіреп кетеді де , екінші байқап жүру керектігін айтып қоя береді.аюдың бұл ісіне дән риза болған қоян енді сақ жүремін деп уәдесін беріп қуана –қуана балаларына қарай зымырайды.Ал аю қанша ашулы болса да қоянның сондай қуанышты кейпін көріп, өз ісіне риза болып қоянның артына қарайлап қарап тұрды.
Бұл ертегім арқылы ашуды әрқашан ақылға жеңдіре білу керектігін айтқым келеді. Сондай –ақ адамдар бір-біріне мейірімді болып. әрқашан жан-жағына қуаныш нұрын шашып жүрсе қазіргі таңда елімізде жиі кездесіп жатқан әртүрлі бұзақылық істер болмас еді деп ойлаймыз.
-12-
Біз кішкентай болсақ та, осылай қазақ ертегілеріне өз үлесімізді қосу арқылы достарымыздың ертегіге қызығушылығын оятып, қиялдай білуге, армандай білуге жетелегіміз келеді.Ертегі деген жалпы бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсететін көмекші құрал десек те болады.Достарымызға қазақ ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін,мазмұнын аңғар! Жақсы қасиеттерді бойыңа сіңір! Себебі ертегі өмір бойы адал серік бола алады дегімізі келеді.
Қорытынды
Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді.- дей отырып сөзіміздің соңында қазіргі таңда ақпараттық технологияның дамыған кезеңінде өз қиялымызды ертегілер арқылы жеткізу мүмкіндігі өте көп деп айтқымыз келеді.Ертегіге баланы қызықтыру үшін қазақ ертегілері кейіпкерлерінің суреттерін дәріптеп,насихаттап шоколад қораптарына, ойынға киетін бас киімдерге,дәптер , күнделік сырттарына шығарса достарымыз шетел ертегілеріне еліктегенше, қазақ ертегілеріне еліктеп ,қиялдап бет бұрады деп ойлаймыз.
Сөз соңында Бауыржан Момышұлы атамыз «Мен үш нәрседен қорқамын.Бірінші-баласына бесік жырын айтпаған анадан, екінші немересіне ертегі айтпайтын әжеден, үшншіден бір –бірімен қазақша сөйлеспеген қазақтардан»-дегендей балаларыңызға, немерелеріңізге, ертегі айтуды ұмытпағайсыздар демекпіз.
-13
Біздің ұсынысымыз:
Қазіргі таңда ертегіге қызығушылықты ояту үшін театрларда, мәдениет үйлерінде ертегіден сахналық көріністер көптеп қойылса;
Қуыршақ театрлары көптеп қолға алынса;
Балалар тұтынатын заттардың сыртына ертегі кейіпкерлерінің суреттері болса;
Балапан арнасында біз секілді достарымыздың қиялынан туындаған ертегілер аудио,видио түрінде таратылса.
-14-
Жетекші пікірі
Халқымыздың ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан шығармаларының бірі ертегілер. Осы ертегінің пайдасы туралы және ертегі оқу арқылы болашағын қиялдауға мүмкіндік туатыны туралы зерттеу барыысында 3-сынып оқушылары Әлиева Нұрдана мен Нұрланова Жаннұр
дың жұмыстарына ризамын. Бұл оқушылар ертегілердің ішінде қазақ ертегілерін құмартып оқитынын бірінші сыныпқа келген сәттен білемін. Қазақ ертегілерін оқу арқылы адам бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге болатынын болашақ арманын түрлі кейіпкерлердің әрекеттері арқылы қиялдауға болатынын түсіне білді. Бұл екі оқушының да сөздік қоры, жүргізіп оқуының жоғары деңгейді көрсетіп тұрғаны ертегіге қызығушылықтарының арқасыы деп білеміін.сонымен қатар қазақ ертегісі мен шетел ертегісінің ара жігін ажырата білуі де ертегіні көп оқып, ізденгенінің нәтижесі шығар.Алдағы уақытта осындай жас буын оқушыларымның талпыныс еңбектері жақсы бағаланып, ұсыныстары жүзеге асады деген ойдамын.
-15-
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақ ертегілері. «Алматы» баспасы
2.Қазақ және әлем халықтарының ертегілері «Аруна » баспасы
3.100 ертегі «Білім» баспасы 2011 жыл
4.Интернет желілерінен мәліметтер
-16-