Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
университеті
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Әдебиет пәнінің
психология, тарих, лингвистика, геграфия, педагогика, физиология
ғылымдарымен байланысы.
Орындаған: Құмарова
М.Н.
Тобы:
ҚТОМҚТӘ-35
«Әдебиет теориясы» пәні
бірқатар ғылымдармен байланысты болады. Өйткені әдебиет сұлулықты,
талғампаздықты суреттейді. Сондықтан осы орайда эстетика, өнермен
байланысты болады. Сондай-ақ көптеген көркем шығармаларда оқиға,
авторлық дүние таным, көз-қарас, кейіпкерлердің сөздері, сөз,
сөздік қоры оқырмандарды ойға қалдырып, ойландырады. Осындай
жағдайда әдебиет теориясы философия, тіл ғылымымен етене байланыста
болады. Қандай пән болмасын оның өзіне тән табиғаты болады. Ал
әдебиет анық ішінде көркем әдебиеттің табиғаты қандай деген
сауалға? Көпшілік ғалымдар әдебиетші зерттеулер жауап іздеген, бас
қатырған. Талдаулар жасап, сараптамалар түзген. Әдебиет сөзінің өзі
әдеп деген қазақи ма,ғынадағы сөзге ұқсас десек те, дегенмен араб
тілілнде сөз деген мағынаны аңғартады. Орысша литература сөз. Литер
әріп (латынша) әріп деген мағынаны белгілейді. Өнердің түрі көп.
Мысалы: сәулет, өнер мүсін өнері, (әдебиет кескін өнері). Жалпы бұл
күнде әрбір кәсіпті мамандықты көтеру деңгейіне қажеттігі үнемі сөз
болып жүр. Әдебиет қандай өнер? Әдебиет ең алдымен сөзге, оның
құдіретіне, қасиетін сүйеніп сөз үні, көш, әр ұлттың өз сөзі
болады. Сөз тілге сүйенеді. Осы жерде тілдің пайда болғаны жөнінде
аңызды айта кеткен жөн. Адамда жиналып өзіне жаратушы иесін көрмек
болады. Биік ғимарат салады. Алла тағала олар бәрібір шағым шекпей
қоймайды деп әрбіріне бір-бір тілден
берген.
Әр тілде сөйлеген көптеген
адамдар бір-бірінің сөзін түсінбей құрылысты тастап кеткен дейді.
Ал дүнеиеде үш мыңдай тілдің түрі бар. Көркем әдебиеттің табиғатына
нақтылық, заттылық тән. Өйткені көркем әдебиетті қолмен ұстайсын,
көзбен көресің оқисың. Бүгінгі техниканың да өзінің әсері алайда
қандай десекте, көркем әдебиет киелі өнер. Әдебиет күрделілігі сала
оның табысын түсіну оңайға соқпайды.
Әдебиет теориясы және әлемдік
әдебиеттану ғылымы, озық әдеби теориялық ой- пікірлер, жаңаша
көзқарастар бұл пәнде басты назарда болады.Әлемдік әдебиеттану
ғылымы бүгінде әдебиетте тек тәрбие құралы ретінде ғана емес, адам
баласының санасына әсер етуді мақсат тұтады. Көркем әдебиеттің
түрі, пішіні оқиғаның өрбуі кейіпкері дүниесінің бір-бірімен
қарым-қатынасы үйлесімділігі, қақтығысуы бәрі-бәріде өмірдіің нақ
өзіндегі ерекшелігі көтеруде айрықша ролге ие. Әдебиет елінің,
халқының мұрасы. Жалпы алғанда халықтық әдебиеттің деген сөз кейін
пайда болды. Алайда әдебиеттің түрлері көп екені рас. Қазірде
әдебиет теориясы ғылымы ұлттық мүддемен тікелей байланысты. Әрбір
ұлт өз әдебиетін дамытуға елеулі мән береді. Атап айтқанда Батыс
және Шығыс әдебиеті арасында елеулі айырмашылық бар екені рас.
Батыс әдебиеті көбінесе кейіпкерлердің сыртқы бейнесіне көңіл
аударса, шығыс әдебиеті кейіпкерлердің ішкі дүниесіне назар
салады.
Қазақ әдебиетінде қазірде әдебиет теориясы ғылымы
негізінен алғанда ұлттық мүддемен байланыстырыла зерттелуде. Ұлттық
қадір-қасиет, психология, ойлау жүйесі төл әдебиетіміздің негізгі
өзегін құрап отыр. Алдағы кезде де осы бағдар әдебиет теориясы
ғылымында басымдыққа ие болады. Әдебиет пәні жеке тұлғаның,
адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй
сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда
ерекше орын алады.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде
әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары
мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру
сияқты мәселелер әдебиет пәні құрылымын құрайды.
Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық
талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар
қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс
бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол
көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып,
оқырман мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануда
қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем
бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен
түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада
кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын
шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында
дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана
қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып,
қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.
Осы
негізде мектептегі қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді
дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға
келеміз. Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиет
пәнінің бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі
де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі әлемдік
тәжірибеге негізделеді. Әдістеме ең алдымен мұғалімнің шығармашылық
әрекетінің жүйелі болуына қызмет ететіндіктен, ол әдебиетші
мұғалімге жоғары талаптар да қояды. «Әдебиетші мұғалім ең алдымен
көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды білуі керек. Сондай-ақ
көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі
қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында
бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға
тиіс»,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.
Сонымен оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі
бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын
қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және
оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды.
Ол
бағыттар:
-
әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап,
тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі
базалық біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын,
оқушының жеке сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен
бейімділігіне қарай екі жылдық бағдарламада сараланған толық орта
білім деңгейлерін қамтамасыз ететін жарыспалы бағадарламалар
жасау;
-
әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын
күшейту, сабақ үрдісінде жазушы көтерген ізгілікті тағылымды,
өнегені ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол
арқылы оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана
тұту;
-
оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті
өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық
мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер
тағдырына ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа сай білім,
біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін
көтеру;
-
оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі
ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету,
сабақ тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол
жеткізу;
-
оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында
бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі
еркін диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби білім
нәтижелігін қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін
қолдау;
-
әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім
салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл
мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке
ортақ бағдарлама жасау;
-
әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны,
ғылыми-дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім
берудің жаңа технологиясын ендіру.
Бұл
бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім
тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары
әлемдік тәжірибеге де сай келеді деуге болады.
«Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу
болашақтағы дамуы оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау,
пәндердің сондай-ақ жеке әдістемелердің интеграциялануы, оқыту
деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің даму деңгейіне жақын келуі,
вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын
жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру болып
табылады». Отандық әдістемеліктің даму
бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму бағыттарымен үндес келуі
егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім кеңістігімен
үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа
алады.