Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әдебиеттік оқу 4 сынып ҚМЖ 16-18 сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерілді:
Білім беру ұйымының атауы |
№24 лицей |
||||
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
||||
Бөлім: |
Атақты тұлғалар |
||||
Педагогтің аты-жөні: |
Иманбекова Ж |
||||
Күні: |
09.10.2024 ж |
||||
Сынып: 4 « Д » |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
№16 Ана тілім-дана тілім |
||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.1.1.1 шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу 4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну |
||||
Сабақтың мақсаты: |
- шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қояды және жауап бере алады; - шығарманы дауыстап түсініп оқи алады; - шығармашылық жұмысын сызба түрінде ұсына алады. |
||||
Құндылықты дарыту |
Құрмет, жауапкершілік |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың кезеңдері: |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Басы 10 мин |
І.Психологиялық дайындық Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ана тілім – бала шағым, өркенім, Ана тілім – болашағым, ертеңім, Ана тілім – сайын далам, жер, көгім, Ана тілім – арман, ойым, өрнегім. ІІ.Өткен сабақты бекіту. «Серпілген сауал» әдісі ІІІ.Ширату тапсырмасы Парақшалардағы мақал - мәтелдердің ұйқасын тап. 1. Ана тілін білмейтін адам............... (Надан) 2. Бал тамған тілден...... ..... ( у да тамады) 3. Тіл тас жарады........... (тас жармаса бас жарады) 4. Ана тілім -........... (дана тілім) ІV.«Ойлан» айдары (Ө) Оқып, сөйлемдердегі ойды аяқта. Менің ана тілім – ... . (қазақ тілі) Біздің мемлекеттік тіліміз – ... (қазақ тілі) Әркім өз ана тілінде ... . (сөйлеуі керек) Мен ойымды, қуанышымды, ренішімді ана ... ... ... (ана тілінде жеткіземін) Мен ана тілімде ән ... .(шырқаймын) Әр ұлттың өз ана тілі ( болады)... . Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. |
Мақал – мәтелдердің ұйқасын табады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
«Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! |
Кітап |
|
Ортасы 25 мин |
Жаңа сабақ «Автормен танысу» айдары Мұзафар Әлімбаев (1923-2017) - ақын, аудармашы, балалар жазушысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. «Балдырған» журналының бас редакторы болып, қызмет атқарған. Ғафу Қайырбеков (1928-1994)- ақын. Қостанай облысы Торғай қаласында дүниеге келген. «Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) жинақтары, «Беласар» ,«Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы бар. 1-тапсырма. «Түсініп оқы» айдары Мұзафар Әлімбайдың «Ана тіліне тағзым» өлеңі мен Ғафу Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңін түсініп оқу. Екі өлеңнің мазмұнын салыстыра отырып, негізгі идеясын тауып, қажетті ақпаратты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. - Ақын ана тілін немен теңестіреді? (Ақын ана тілін туған анаға теңестіреді) - Өлеңдегі «ана тілін бағалау, аялау» деген сөзді қалай түсінесің?(Ана тілін бағалау, аялау деген-тілге құрмет көрсету) -Ана тілін аялай білмеген адамға қандай теңеу айтады? (Ақын ана тілін аялай білмеген адамды «анасынан безген ұлға» теңейді.) ЕБҚ тапсырмасы Мәтінді түсініп оқиды. Сөздік жұмысы. Өлеңдегі мағынасы түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. Тағзым – ізет, құрмет, қошамет Сөз кені – бұл жерде байлық, қазына мағынасында Тізелесу – барлығы бірігу 2-тапсыма .«Төрт сөйлем» әдісі. ("Аудиодискімен жұмыс") Үнтаспадан Несіпбек Айтұлының «Ана тілі» өлеңін тыңдату. 1. Пікір. Тыңдаған материал бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады. 2. Дәлел. Өлеңдегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды. 3. Сұрақ. Өлеңге сүйеніп, ана тілі туралы сұрақ ойластырады. 4. Қорытынды. Өлеңге тақырып қояды. 3-тапсырма. «5 жолды өлең құрастыру» әдісі сүйеніп «Ана тілім» деген тақырыпта өлең құрастырады. Бес жолды өлең 1. Зат есім: Ана тілім 2. Сын есім: құрметті, бағалы 3. Етістік: аялайды, сүйеді, үйренеді. 4. Сөз тіркесі: Ана тілін сүйеді. 5. Синоним: Анам тілі Саралау: Орындау барысында қарқын арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі. ЕБҚ тапсырмасы Мұғалімнің көмегімен өлең құрастырады. 4-тапсырма. «Мен ұсыныс жазамын» айдары Тіл жанашары ретінде ана тіліңді дамыту үшін қандай ұсыныс айтар едің? Әр адам тіл жанашары бола білсе, ана тілімізді жоғалтпаймыз.Сол үшін: -ана тіліңде кітаптарды көп оқы; -мақал-мәтелдерді жатта; -туған тіліңде сөйлесіп, пікір алмас; -Ойыңды емін-еркін жеткізу үшін көп ізден. |
Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы айтады. Өлеңді түсініп оқиды. Екі өлеңнің мазмұнын салыстыра отырып, негізгі идеясын тауып, қажетті ақпаратты белгілейді. Өлеңдегі мағынасы түсініксіз сөздердің мағынасын ашады. Үнтаспадан Несіпбек Айтұлының «Ана тілі» өлеңін тыңдайды. «Ана тілім» деген тақырыпта өлең құрастырады. Тіл жанашары ретінде ана тіліңді дамыту үшін қандай ұсыныс айтар едің?деген сұраққа өз ұсыныстарын жазады. |
Дескриптор: -Өлеңдерді түсініп оқиды;(1б) - Екі ақын өлеңіндегі негізгі ойды табады;(1б) -қажетті ақпаратты белгілейді.(1б) -Сұрақтарға жауап береді.(1б) Дескриптор: - Тыңдаған материал бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады;(1б) - Өлеңдегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;(1б) - Өлеңге сүйеніп, ана тілі туралы сұрақ ойластырады;(1б) - Өлеңге сүйеніп, ана тілі туралы сұрақ ойластырады. (1б) Дескриптор: -«Ана тілім» деген тақырыпта өлең құрастырады.(1б) Дескриптор: - Тіл жанашары ретінде ана тілін дамыту үшін қандай ұсыныс айтатынын жазады.(1б) |
|
|
Соңы 10 мин |
Сабақты бекіту. сабақты бекіту. Үйге тапсырма. Оқу, жаттау. Отбасы мүшелерінің ана тілінде таза сөйлеу деңгейін диаграмма үлгісімен сызып дайында. Рефлексия Бағалау |
Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды. |
Оқушылар 1-10 балдық жүйеен бағаланады. |
|
Тексерілді:
Білім беру ұйымының атауы |
№24 лицей |
|||||||||||||||||||
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
|||||||||||||||||||
Бөлім: |
Құндылықтар |
|||||||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: |
Иманбекова Ж |
|||||||||||||||||||
Күні: |
10.10.2024 ж |
|||||||||||||||||||
Сынып: 4 « Д » |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
№17 Қазына иесі кім? |
|||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру 4.2.8.2 көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру 4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру |
|||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
-шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды, оның себебін түсіндіріп айтады; -көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыра алады; - оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құрып жазады. |
|||||||||||||||||||
Құндылықты дарыту |
Ынтымақтастық, өмір бойы білім алу |
|||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері: |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Басы 10 мин |
І.Психологиялық дайындық Қол алысып, кәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! ІІ.Өткенді бекіту -М.Әлімбаев кім? -Қай жылдар аралығында өмір сүрген? -«Ана тіліне тағзым» өлеңінде не жайлы айтылған? -Тағзым сөзін қалай түсінесің? -Ғ.Қайырбеков кім? -«Ана тілі» өлеңін оқып бер ІІІ. Ой қозғау -Балалар, сендер қазына сөзін қалай түсінесіңдер? -Сендер үшін өмірдегі ең қымбат нәрсе не? -Неліктен олай ойлайсың? (Жауаптарын тыңдау, толықтыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. |
Өлең жолдарын айтып, сабаққа дайындық жасайды. Сұрақтарға жауап береді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
«Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. |
Кітап |
||||||||||||||||
Ортасы 25 мин |
Жаңа сабақ 1-тапсырма. «Құрастыр» айдары Топпен жұмыс «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша оқулықтағы суретті мұқият зерттей отырып, оны сипаттайды. Олардың идеяларын ынталандыру үшін сұрақтар пайдаланыңыз. – Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрастырып, оқиғаның шешімін ойлап табыңдар. – Соңғы суретті қалай бейнелеуге болар еді? – Әңгіме мазмұнына тақырып қойыңдар Мәтінді оқи отырып, болжау жасауға үйренеді. Ертегі түрін ажырата отырып, оны сахналай алады. Шығарманы басқаша құрастыруды үйренеді. Шығармаларды салыстыра отырып, талдау жасай алады. 2-тапсырма. «Түсініп оқы» айдары (Т) «Ғажайып бақ» ертегісін түсініп оқу. «Болжа» айдары Алтынға байланысты дау қалай шешеілетінін болжа.Әр топтан өздері таңдаған болжамдарын ұжымға ұсынады. Содан оқушылар ертегінің соңын оқиды. Қай топтың болжамы мазмұн жағынан жақын келгенін анықтайды. ЕБҚ тапсырмасы Ертегіні түсініп оқиды. Сөздік жұмысы Тентіреп кету – қаңғырып, қайыр сұрап кету «Түсіндір» айдары Мұғалімнің көмегімен «ұлтарақтай жер» сөзінің мағынасын түсіндіреді. Жауабын сурет арқылы немесе саусақпен бейнелеп көрсет: а) көлемді жер; ә) азғана, өте кіші жер; б) ұлтараққа ұқсайтын жер. 3-тапсырма. «Есіңе түсір» айдары - «Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жатады? (Т) Оқушылар ертегі түрлерін естеріне түсіреді (тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, жануарлар туралы ертегі). Саралау тапсырмасы: – Шығармадағы қай кейіпкер саған ұнады? Неліктен? ЕБҚ тапсырмасы 4-тапсырма. «Салыстыр» айдары «Шығармалар кестесі» бойынша екі мәтінді салыстырыңдар.
|
Оқушылардан ертегіде баяндалған сәттен кейін не болатынын болжайды, топ мүшелеріне айтып береді. Сөздердің мағынасын анықтайды. Оқушылар топта талқылай отырып, тұрмыс-салт ертегісіне жататынын анықтайды, пікірлерін дәлелдейді. «Шығармалар кестесі» бойынша екі мәтінді салыстырып жазады. |
Дескрипторы : -суретті мұқият зерттей отырып, оны сипаттайды;(1б) -Сұрақтарға жауап береді.(1б)
Дескриптор: -Ертегіні түсініп оқиды;(1б) - Алтынға байланысты дау қалай шешеілетінін болжайды.(1б) -«ұлтарақтай жер» сөзінің мағынасын түсіндіреді.(1б)
Дескриптор: -«Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жататынын анықтайды;(1б) - пікірлерін дәлелдейді.(1б)
Дескриптор: - екі мәтінді салыстырып авторы мен кейіпкерлерін жазады; -Оқиғаның басталуын жазады;(1б) - Оқиғадағы мәселенің шешімін жазады.(1б) |
|
||||||||||||||||
Соңы 10 мин |
Сабақты бекіту. «Қадам жаса» әдісі арқылы сабақты бе «Қорытындыла» айдары – Асан мен Қасеннің қандай қасиеттері ұнады? Неліктен? – Қасеннің орнында болсаң, сен не істер едің?кіту Үйге тапсырма. Оқу. Мазмұндау.Ертегі мазмұны бойынша жоспар құрып, жаз. Рефлексия
|
Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды. |
Оқушылар 1-10 балдық жүйеен бағаланады. |
|
Тексерілді:
Білім беру ұйымының атауы |
№24 лицей |
|||||||||||||||||
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
|||||||||||||||||
Бөлім: |
Атақты тұлғалар |
|||||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: |
Иманбекова Ж |
|||||||||||||||||
Күні: |
11.10.2024 ж |
|||||||||||||||||
Сынып: 4 « Д » |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
№18 Ақыл-жастан. Ғажайып бақ. |
|||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру 4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау |
|||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
- өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіре алады; -кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалап оқиды. |
|||||||||||||||||
Құндылықты дарыту |
Жаупкершілік, ынтымақтастық |
|||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері: |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||
Басы 10 мин |
І.Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді. «Нейро жаттығу» ІІ. Өткенді бекіту. «Балмұздақ таяқшасы»әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Таяқшада есімі жазылған оқушыны атайды. Сол оқушы сұрақтарға жауап береді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. |
Тақтада көрсетілген суреттер бойынша арқылы «Нейро жаттығулар» жасайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
«Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. |
Кітап Суреттер |
||||||||||||||
Ортасы 25 мин |
Жаңа сабақ 1-тапсырма. «Тыңда» айдары: 1.«Ғажайып бақ» ертегісі тыңдалып, ертегіні оқыған балалардың пікірі тыңдалады. 2-тапсырма.«Оқы» айдары «Ғажайып бақ» ертегісінің жалғасын түсініп оқу. Сөздікпен жұмыс. Байлам – шешім Қабақтарыңда кірбің бар – ренішті Жұпыны – жүдеу, ескі Жүгіну - даудың немесе мәселенің шешіміне ақыл сұрау ЕБҚ тапсырмасы Сөздікті көшіріп жазады. 3-тапсырма «Бағала» айдары Топпен жұмыс 1- топ. Бірінші және екінші шәкірттің сөзін оқып, баға бер. 2- топ. Үшінші шәкірт сөзін оқып, оған қандай сұрақ қояр едің? 3-топ. Қарияға үш шәкіртінің сөзі неліктен ұнамады? 4- топ. Қарияның сөзінен мақал-мәтелге лайық сөзді тауып оқы. Ширату. 1.Оқусыз білім жоқБілімсіз күнің жоқ. 2. Әдепті бала, арлы бала Әдепсіз бала, сорлы бала. 3. Жақсыдан үйрен,Жаманнан жирен. 4. Жаздан өнім жиған-ақылды бала, Орақ кезінде ұйықтаған-арсыз бала. 5. Жаңбыр жауса жер ырысы, Батыр туса-ел ырысы. 4-тапсырма «Пікіріңді айт» айдары -Бесінші шәкірт болсаң, сен қандай шешім айтар едің? -Мәтел қай шәкірттің сипатын білдіреді: Ақыл –жастан, асыл-тастан
«Ізде» айдары Қарияның сөзінен мақал-мәтелге лайық сөзді тауып оқы. ЕБҚ тапсырмасы Тапсырма. Жұппен жұмыс А)Ертегі мазмұны бойынша 3 жеңіл, 3 күрделі сұрақ жаз. Ә) «Ғажайып бақ ертегісінің» 2-бөлімі бойынша ойыңды жаз. |
«Ғажайып бақ» ертегісін тыңдалайды, пікірін айтады.
Ертегіні түсініп оқиды. Жаңа сөздердің мағынасын айтады.
Топпен тапсырманы орындайды.
Мақал-мәтелдердің жалғасын айтады.
Кейіпкерге мізнездеме береді.
Қарияның сөзінен мақал-мәтелге лайық сөзді тауып оқиды. Жұппен тапсырманы орындайды.
|
Дескрипторы: -Мәтінді түсініп оқиды;(1б) -Пікірлерін айтады.(1б) Дескриптор: -Сұрақтарға толық жауап береді;(1б) -Мәтінмен жұмыс істейді.(1б) Дескрипторы: -Кейіпкерлерге мінездеме береді;(1б) - Мәтел қай шәкірттің сипатын білдіретінін айтады.(1б) Дескрипторы: - Қарияның сөзінен мақал-мәтелге лайық сөзді тауып оқиды;(1б) Дескрипторы: - Ертегі мазмұны бойынша 3 жеңіл сұрақ жазады;(1б) - Ертегі мазмұны бойынша 3 күрделі сұрақ жазады;(1б) -«Ғажайып бақ ертегісінің» 2-бөлімі бойынша ойыңды жазады.(1б) |
|
||||||||||||||
Соңы 10 мин |
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап арқылы бекіту. «Блум түймедағы» әдісі бойынша сабақты қорытындылау. Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі. 1. Қарапайым сұрақтар. Ертегі несімен ұнады? 2. Анықтаушы сұрақ. Ертегіде жағымсыз кейіпкер бар ма? 3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. Неліктен төртінші шәкірттің жауабы барлығына ұнады? 4. Шығармашылық сұрақтар. Мен шәкірт болсам, жауабым былай болар еді... 5. Бағалау сұрақтары. Бір жауап екінші жауаптан несімен ерекшеленеді? 6. Тәжірибелік сұрақтар. Ертегіге басқаша қандай тақырып қоюға болады? Үйге тапсырма.қайталау Рефлексия
|
Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды. |
Оқушылар 1-10 балдық жүйеен бағаланады. |
|