Шымкент қаласы
№137 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мукашева Кундыз Ертаевна
Сабақтың тақырыбы: «Қанағат қарын тойғызар» ертегі
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға шығармадағы негізгі оқиғаны,
идеяны ұғындыру. Мәтіннің мазмұнын өз
сөзімен жеткізе білуге және өз беттерінше
ой түйіндей білуге төселдіру.
Дамытушылығы: балалардың шығармашылық қиялын дамыту,таным
белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелігі: еңбексүйгіштікке, қолда барға қанағаттануға тәрбиелеу
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, миға шабуыл, дөңгелек үстел, топтастыру,
топтық жұмыс, ой толғаныс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, плакат.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңберіне шығып оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
Сандар арқылы топқа бөлу. (1,2,3)
1-топ: «Білім» орталығы
2-топ: «Ғылым» орталығы
3-топ: «Өнер» орталығы
Топ ережесімен таныстыру
Үй тапсырмасын пысықтау: М.Мақатаев «О, туған ел!» мәнерлеп оқу
Туған жер, туған ел туралы өлеңдер шығарып келу.
Поэзия минуты
-Ал балалар, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың тағы қандай өлеңдерін білесіңдер? (2 оқушыдан сұрау)
Қызығушылығын ояту
-Балалар, Мұқағали Мақатаев ұлы ақын Абай Құнанбаевты өзіне үлгі еткен екен. Абайдың «Адам болам десеңіз» атты өлеңінде бес асыл істі атайды. Қане, еске түсіріп жіберейік!
-Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой.
-Міне, осы өлеңде айтылған қанағат сөзін қалай түсінесіңдер?
«Дөңгелек үстел» әдісі арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашу. (әр топқа қағаз беріледі, сол қағазға өз ойларын, 1 сөйлем не сөз тіркесін жазады. Осылайша дөңгелек жасап, келесі оқушыға береді. Топ арасынан 1 оқушы шығып оқиды.) Ойларын жинақтап, талқылайды.
Миға шабуыл
«Топтастыру» әдісі

-Адам қанағатшыл болу керек екен. Қанағат ету-жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп өзін-өзі тежеп, құнығудан, тойымсыздықтан бас тарту. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда С.Ақаевтың «Қанағат қарын тойғызар» атты шығармасымен танысамыз.
-Балалар, шығарманың қандай түрлерін білеміз?
-Әңгіме, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, өлең.
-Ендеше бүгін ертегімен танысамыз.
Жаңа сабақ: Автортану

Мағынаны тану
-Балалар, ертегіне үш топқа бөліп оқимыз. (әр топ іштей оқиды)
«Түртіп алу» әдісін пайдалана отырып, ертегідегі бізге таныс емес сөздерді белгілейміз.
Түсіндірме сөздік жүргізу.

«Ойлан, жұптас, талқыла»
Мәтін бойынша сұрақ-жауап жүргізу.
1-топ:
1.Жазушы қорқынышты жұтты қалай суреттеген?
2.Қария кімдерді шақырып алды?
3.Батырлармен не жөнінде ақылдасты?
2-топ:
1.Қиыншылық кездегі ел бірлігі неден байқалады?
2.Қарияның ақылы.
3.Жігіттердің іс-әрекеті.
3-топ:
1.Жігіттердің келіспеуі.
2.Бірінші жігіттің әрекеті қандай?
3.Екінші жігіттің әрекеті қандай?
(жауаптары тыңдалады)
-Ал балалар, осы оқиғадан қандай ой түйдіңдер? (Қанағат- барға риза болу, үнемдей білу, барыңды қадірлей білу екен.)
Дәптермен жұмыс
-Мәтіннен негізгі ойды ашып тұрған ұлағатты сөздерді теріп жазу.
«Қанағат - қарын тойғызады, қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызады»
Сергіту сәті (АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Көңілді күн» әуеніне билеу)
Ой толғаныс
Топтық жұмыс
«Білім» орталығы: «Қанағат туралы мақал-мәтелдер айту»
«Ғылым» орталығы: «Ертегідегі жануар – киікті зерттеу»
«Өнер» орталығы: «Ертегіні сахналау»
Бекіту кезеңі:
«Қолда барға қанағат етейік!» бейнебаян тамашалау. (өз ойларын ортаға салу)
Кері байланыс
«Бағдаршам» әдісі арқылы сабақты қалай түсінгендерін жеткізеді.
Қызыл түс – түсінбедім.
Сары түс – көңіл-күйім жақсы, маған достарым көмектесті.
Жасыл түс – түсіндім.
Үйге тапсырма: Ертегіні мазмұндау. «Қанағатшыл бол» тақырыбына эссе жазып келу.
Бағалау
Әр топ бағалау парағын толтырады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдебиеттік оқу . «Қанағат қарын тойғызар» ертегі

шағым қалдыра аласыз