Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша 2 - сыныптың күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша 2 - сыныптың күнтізбелік – тақырыптық жоспарға арналған түсінік хат
2023-2024 оқу жылы
«Күнтізбелік-тақырыптық жоспар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы; Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №614 бұйрығымен енгізілген); ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген); ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндірінің үлгілік оқу бағдарламалары (10.05.2018 ж. № 199) бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары;
Қосымша: «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектің №399 бұйрығына; 2023-2024 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сәйкес әзірленген.
«Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
«Әдебиеттік оқу» оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту;
2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларды қалыптастыру;
3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы білім алушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің ісәрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;
4) оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру;
5) білім алушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;
6) сыни ойлауын жетілдіру;
7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;
8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;
9) оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу дағдысының қалыптасуының шамалық нормасы:
Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны осы пәнге арналған критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік құралда көрсетілген
«Әдебиеттік оқу» пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) ауыз әдебиеті үлгілерінен: балаларға арналған тақпақ, санамақ, мадақтау, өтірік өлеңдер, төрт-түлік жырлары, Наурыз жыры, ертегілер, мақал-мәтелдер, әртүрлі тақырыптағы жұмбақ, жаңылтпаштар, жазба әдебиеті үлгілерінен: Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Бегалин, Б. Соқпақбаев, Ш. Смаханұлы, Қ. Мырза Әли, М. Әлімбай, Ө. Тұрманжанов, Ж. Смақов, Қ. Баянбай, Ә. Дүйсенбиев, Ф. Оңғарсынова, Ә. Табылдиев, А. Асылбеков, Ө. Қанахин, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, Б. Кірісбаев, Е. Елубай, С. Қалиев, С. Сейітов, Б. Ысқақов, Д. Жұмагелдинова, М. Айымбетов, М. Абылқасымованың өлең-жырлары, ертегі-мысалдары, әңгімелері;
2) ғылыми-танымдық шығармалар: мақала, естелік, өмірбаян (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы);
3) әлем халықтары балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің үлгілі шығармалары: әңгіме, мысал, ертегілер;
4) әдеби-теориялық білім: халық ауыз әдебиеті жөнінде (ертегі, өтірік өлең, жыр, жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар) өлеңнің ұйқасқа құрылатыны, ақынның көңіл-күйі туралы түсінік (өлең түрлері: табиғат лирикасы, арнау өлеңдер, мысал өлеңдер, сықақ өлеңдер), мәтіндегі көркем сөз жөнінде практикалық түрде түсінік, мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі ой туралы қарапайым мағлұмат, диалог туралы;
5) мәтінмен жұмыс: шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру, шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау, шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау, , қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын шығармадан табу, шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, мәтіндегі негізгі ойды, оның басталуын, жалғасуын, шарықтау шегін, аяқталуын анықтау, мәтінді әңгімелеу, мәтін кейіпкерлерін атау, кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау, сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі, кестеге салу, көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру, мәтінге берілген суреттермен жұмыс, мәтін мазмұны бойынша сурет салу, сөздік жұмысын жүргізуге қатысу, түсіндірілетін сөздермен жұмыс, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізу: шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар, санамақтар құрастыру, сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу;
6) оқу дағдысы: шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.
Жиынтық бағалаудыңрәсімдер саны
Пән/Сынып |
Бөлім/ортақтақырып тарбойынша жиынтық бағалау саны |
|||
І тоқсандағы ЖБ саны |
ІІ тоқсандағы ЖБ саны |
ІІІ тоқсандағы ЖБ саны |
ІV тоқсандағы ЖБ саны |
|
Әдебиеттікоқу, 2-сынып |
2* |
2* |
2* |
2* |
2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» аптасына 3 сағаттан оқытылып, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
І жарты жылдық |
ІІ жартыжылдық |
40-50 сөз |
50-60 сөз |
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Әдебиеттік оқу пәні, 2 сыныбы
Аптасына: 3 сағат, барлығы: 102 сағат
|
№ р/с |
Ауыспалы тақырыптар |
Сабақтардың тақырыбы |
Оқудың мақсаттары |
Сағат саны |
Мерзімі |
Ескерту |
|
1 тоқсан |
||||||
1 |
1 |
Өзім туралы |
Оқудың пайдасын білемін Ыбырай Алтынсарин. Кел,балалар,оқылық! |
2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру |
1 |
06.09 |
|
2 |
2 |
Оқуға алғаш барған күнім. Ө.Тұрманжанов. Мектеп-біздің анамыз |
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу |
1 |
07.09 |
|
|
3 |
3 |
Кітап оқи аламын. Жүсіпбек Аймауытов. Кітап оқу. |
2.1.1.1 тыңдаған материал бойыншатүсінбегенсөздерінбелгілеу, мәтінмазмұныбойыншақойылғансұрақтарғажауап беру |
1 |
08.09 |
|
|
4 |
4 |
Мен сүйкімді баламын. Бүркіт Ысқақов. Кішілерге қамқор бол |
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу |
1 |
13.09 |
|
|
5 |
5 |
Үйдегі бір күнім. Жақан Смақов Апаның тілін алса егер… |
2.2.1.2 - шығарманыіштейоқып, ондағықажеттіақпараттардыбелгілепоқу |
1 |
14.09 |
|
|
6 |
6 |
Өзім туралы айтайын. Қадыр Мырза Әли. Не үшін? |
2.2.2.1 мұғалімкөмегіменқарапайымжәненақтылаусұрақтарынқоюжәнеоныңжауабыншығармадантабабілу |
1 |
15.09 |
|
|
7 |
7 |
Мен ойнайтын ойындар. Әдібай Табылды. Оспантайдың ойыны |
2.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру |
1 |
20.09 |
|
|
8 |
8 |
Қызықты оқиға.Бауыржан Момышұлы. Ұяда не көрсең… |
2.2.1.2 - шығарманыіштейоқып, ондағықажеттіақпараттардыбелгілепоқу |
1 |
21.09 |
|
|
9 |
9 |
Ақ лағым. Бердібек Соқпақбаев. Ақ лақ. |
2.2.6.1 - кейіпкердіңсыртқыкелбетінсипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетінбағалау |
1 |
22.09 |
|
|
10 |
10 |
Менің сүйікті тағамым. Қастек Баянбай. Қор |
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу |
1 |
27.09 |
|
|
11 |
11 |
Менің киімдерім. Абдрахман Асылбек. Көйлек хикаясы. Ермек Өтетілеуұлы. Пай! Пай! |
2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу |
1 |
28.09 |
|
|
250 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |