Материалдар / Әдебиеттік оқу Қорытынды сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әдебиеттік оқу Қорытынды сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне сабақ жоспарын жасауға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2018
649
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:_____________

Пән: әдебиеттік оқу

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып : Күні:
Сабақтың тақырыбыҚорытынды сабақ
Оқу мақсаты 2.1.4.1 - сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау 2.3.3.1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну
Сабақтың мақсатыОқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийлеріЖеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі қолдану,талдау,бағалау
Тілдік мақсат тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану
Құндылықтарды дарыту Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық
Пәнаралық байланысҚазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары бейнежазба
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Алдыңғы білім Туған өлке
Сабақ барысы
Сабақтың басы

2 минут
Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Сабақтың ортасы

20 минут





















































































8 минут













Топтық тапсырма1 топ Мәтінді оқы,өз ойыңды айтСабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Мектепке қарай жайбарақат келе жаттым. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде жылаған баланың дауысын естідім. Дауыс шыққан жаққа бардым. Қарасам, құлағы салпиған кішкентай күшік төрт жасар шамасындағы қыздың жолын бөгеп, жүргізбей тұр екен.... Оқиға қалай аяқталуы мүмкін? Оқиғамен байланыстыра отырып, «Ризалық» тақырыбына мәтін құрастыр.

2 топМәтінді мұқият оқы. Отан деген ... Бірде мектептің алдында сыныптастарыммен әңгімелесіп отырып, сөз таластырып қалдық. - Біздің көше ауылдағы ең әдемі көше, жып-жылтыр асфальт төселген,- деді Мәдина. - Ешбір көше біздің көшеге жетпейді. Көшеміз кең, жарық - деді Әсел. - Біздің көшенің жиегінде жап-жасыл ағаштар тізіліп тұр. Тіпті өзіңді саябақта жүргендей сезінесің,- деп мақтанышпен сөйледі Меруерт. - Қойыңдаршы, қыздар, бірде-бір көшенің ерекшелігі жоқ. Бұл бір кішкентай ауыл ғой - деп қабақ шытты Салтанат. Кенет өткір мінезді Самалдың қатқыл үні бәрімізді елең еткізді. - Неге, неге олай дейсің, Салтанат?! «Отан» деген құдіретті ұғымның өзі осы ауылыңнан, өз көшеңнен басталмай ма? Өз көшеңді сүймесең, оны мақтан тұтпасаң, Отаныңды қалай сүйесің?- деді ол.

Сұрақтарға жауап бер.
  • Самалдың сөзінен кейін Салтанат қандай күйде болды деп ойлайсың? Неліктен? 2) Мәтіннен қандай ой түйдің? 3) Сенің ойыңша, «Отан» деген не?
  • 3 топМәтінді мұқият оқы. Еңбек сабағынан мұғалім үйшік жасап әкелуді тапсырған еді. Ақтай мазасыздана бастады. Кеше әкесінің көмегімен жасаған үйшігін мектепке әкелген сияқты еді. Бірақ таба алмай отыр. Дариғамен ренжісіп қалғаны есіне түсті. Үйшіктің жоғалғанын Дариғадан көрді. Ақтай күдігін мұғалімге де айтты. Дариға үйшікті алмағандығын айтса да, Ақтай оған сенбеді. Сабақтан соң Ақтай үйіне келді. Терезе алдында тұрған үйшігін көрді. Дариғаны жөнсіз ренжіткеніне өкінді. Ақтай үйден шыға жөнелді. Ол Дариғадан кешірім сұрау керектігін ойлады.

    Жоспардың бір бөлігі бойынша мәтіннің мазмұнын айт. Жоспар: 1) Ақтайдың мазасыздануы 2) Күдік 3) Өкініш• Жұптық жұмыс Ақтай мен Дариғаның арасындағы диалогті сахналап көрсет. Дескриптор . Білім алушы − мәтінді жоспардың бөлігіне сәйкес мазмұндайды; − сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды; − кейіпкерлердің атынан диалог құрастырады; − сахналау кезінде өз рөлін дұрыс сомдайды.

    ЭССЕ жазу МЕНІҢ ЕЛІМ

    Сабақтың соңы5 минут

    Кері байланысЖелкенді қайық
    Рефлексия

















    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!