Материалдар / ӘДЕПТІЛІК – АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӘДЕПТІЛІК – АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ӘДЕПТІЛІК – АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ атты 9 сынып оқушыларына ашық сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Сіздерге пайдасы тиеді деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Тамыз 2021
662
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Асусай мектеп-балабақша кешені» КММ












«Өзін-өзі тану» пәнінің

онкүндігінде өткізілген ашық сабақ

Shape1

Тақырыбы: Әдептілік – адамгершілік бастауы




9 сынып











Пән мұғалімі: Қызырбекова А.Б.









Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «Асусай мектеп-балабақша кешені» КММ


Тақырып: ӘДЕПТІЛІК – АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілдік; жомарттық; аянбай қызмет ету; ізгілік т.б.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар ізетті, сыйлы, инабатты болуға дағдыланады.

Мұғалiм: Қызырбекова Айтолқын Болатбекқызы

Сынып: 9 Оқушылар саны: Мерзiмі:

Сабақтың мақсаты: - оқушылардың әдептілік, инабаттылық, сыйластық туралы түсінік беру;

Сабақтың міндеттері: : - әдептілік, инабаттылық, сыйластықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;

- ізетті, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- әдептілікке, мәдениеттілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

- Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Сендердің көңіл-күйілеріңнің жақсы екенін байқап тұрмын.


1. Сынып оқушыларын түгендеу.

2. Балаларды «Мейірімділік, Сүйіспеншілік, Қасиет» байланысты 3 топқа бөлу.


«5Т» Ережесін білеміз.

1. Тәртіп

2. Тазалық

3. Талап

4. Тыныштық

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат». Баяу әуен ойналады.

Сабағымызды ең алдымен тынығудан бастайық. Ол үшін жайғасып отырайық. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл – күй орнату. Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады. «Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл – күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Енді сабағымызға оралайық!


2. Үй тапсырмасын тексеру: «Әдептілік әліппесін» сұрау. Үй тапсырмасын пысықтау.

АНЕЛЬ. 1 топ. Сүйіспеншілік тобына: мысал келтіру

ШҰҒЫЛА. 2 топ. Қасиет тобына: Шакузадаұлының негізгі идеясы (әр адамның ішкі жан дүниесі парасаттылығы мен сезімі сыртқы бейнесінен көрінеді).

ЕРКЕ. 3 топ. Мейірімділік тобына: ереже түрінде жаттап айту Жарайсыңдар!

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.

(Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөзді хормен жарты дауыспен оқиық. Балалар көзбен іштей бір оқып шығайық. Бұл жүректе қалу керек.

«Инабат – ердің азығы,

Бақыт пенен дәулеттің

Ұстайтұғын қазығы» - деген өсиет сөзіне оқушылардың назарын аударту. Жеке оқыту және жаттатып айтқызу.

-дәйексөздің астында қандай мағына жатыр?

-пенденің дәулеті деген не?

- дәйексөзіміз қандай тақырыпқа сәйкес келеді?

-Үй тапсырмасынан оқыған «Әдептілік әліппесі» мәтінінен Бүгінгі тақырыбымыз: Әдептілік – адамгершілік бастауы.(слайд)

К. Әбубәкіров

4. Мұғалімнің сыйы: Балалар мен сіздерге сый дайындап келдім. Ы. Алтынсариннің Әдептілік әнгімесі.
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:

Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.

Біздің қазақ халқы ерте кезден-ақ адамгершілікті жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.

-Міне, осы әңгімеден-ақ біз адам баласының әдептілігі жоғары болса, ол адам бойында адамгершілік, сыпайылық, мейірімділік,т.б. жақсы қасиеттер болатынын ұқтық.

«Әр жастың әдепті, инабатты, сыпайы болуы әр адамның өзіне байланысты екен» деген ой осыдан шықса керек.

-Міне балалар мен осындай әнгімені естідім, сіздер де біле жүрсеніздер артық болмас.

-Өмірде хан болса да, жарлы болса да әдептіліктін белгісі амандасу керек.

-Осыны естерінізге сақтап жүрініздер. Бұл менің сіздерге деген сыйым.


5. Бүгінгі тақырбымызға қатысты бейнежазбаны тамашалап жіберейік.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (Бейнежазба) Сұрақ қою

«Әдеп әлеміне барар жол» атты тақырыпта

1 топ. Әдепті балабейнесі, әдепсіз бала қасиеттерін ашып көрсетіңіздер. («Т» ЕРЕЖЕСІ)

2 топ. Әдептілік ережесін құрастырыңыз.

3 топ. Синквейн әдісі (бес жолды өлең) құрау.

Қорытынды сөз

Баяу әуен қойылады.


Постер, маркер, стикер.

6. Сергіту сәті. «Қыз сыны»

Сөзі: Қ. Қазыбеков әні: М. Омаров

Үкілі камшат, бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашы төгіліп жерге,

Күмісті шашбау жарасып белге.

Қайырмасы:

Қиылған қасы,

Қарақат көзі,

Жүректі баурап,

Оятар сезім.

Тал бойың нәзік,

Қызғалдақ гүлдей,

Дидарың нұрлы,

Шуақта күндей.

Оқушылар орнынан тұрып әнді орындайды (эмоциямен)

7. Үй тапсырма беру. Оқушылар қане барлығымыз күнделігімізді ашып үй тапсырмасын жазып алайық. «Әдепке барар жол» атты өлеңді жаттау.

Күнделіктеріне жазады.


8. Кері байланыс.

- Әдептілік – адамгершілік бастауы тақырыбы қай құндылықты көрсетіп тұр. Құндылықтар: (Сүйіспеншілік, Ақиқат, Дұрыс әрекет, Қиянат жасамау, Аманат)

-Сабақ барысында есінде қалғаны?

-Бүгінгі сабақта не ұнады?

Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.

Балалар бүгінгі сабақ бойы өткен тақырбымызды. тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып, бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге мәңгілік сақтайық.

Сабаққа қатысқандарыныз үшін рахмет!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!