Әдептілік – имандылық негізі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдептілік – имандылық негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: а) оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту; ә) адам ойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру; б) оқушыларды әдептілікке, имандылыққа, сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдептілік - имандылық негізі

  • 5Тақырыбы: «Әдептілік – имандылық негізі» 
    Мақсаты: 

    а) оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту;
    ә) адам ойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру;
    б) оқушыларды әдептілікке, имандылыққа, сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 
    Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, плакат, маркерлер... т.б.
    тренинг барысы: 
    І. Ұйымдастыру кезеңі: 
    (Оқушылармен амандасып, тыныштық сәтін өткізу)
    Сыныпты түстер арқылы 3 топқа бөлу.
    «Әдептілік», «Адамгершілік», «Имандылық». 
    Бүгінгі заманда адам сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. 
    «Әсемпаз болма әрнеге, 
    Өнерпаз болсаң әрқалан.
    Сен де бір кірпіш дүниеге 
    Кетігін тап та бар қалаң», -
    деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата – анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың. Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Міне осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, имандылықты, шыншылдықты ата – аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді. 
    Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын әдептілік ережесін қабылдап алайық. 
    5
    «Т» ережесі. 
    1. Тәртіп
    2. Талап 
    3. Тыныштық
    4. Тазалық 
    5. Татулық
     
    Ата – анаңның тілегі – адам болып өскенің, 
    Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің, 
    Әдептілік дегенің – әрқашанда керегің. 
    Әсемпаздық дегенің – әуре салған әлегің. 
    ІІ. Топтық жұмыстар: 
    1. «Әепті бала – арлы бала, 
    Әдепсіз бала – сорлы бала», - деген нақыл сөздің мәнін ашу. (5 минут) 
    І топ: Газет қорғау
    ІІ топ: Сурет салу 
    ІІІ топ: Эссе жазу.
    Әдеп әлеміне барар жол.
    Уайдин 
    әдемі сөз намыс 
    мінез сана
    инабат ізет 
    өмір сынағы парасат 
    асыл ой 
    иман 
    отаншылдық 
    сезім тәрбие 
    2. Жоба қорғау 
    І топ: Әдепті оқушы моделі
    ІІ топ: Адамгершілік 
    ІІІ топ: Имандылық 
    «Әдептілік әліппесі» 
    Н.Шакузадаұлы.
    ... Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолыннан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол – әдептілік жолы. Ал, әдептілік адамның ішкі жан дүниесі, оның интеллектіс, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет – әлпетінен, сондай – ақ, тұлға – мүсіні мен мінез – құлқынан көрініс табады. 
    Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір – қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне баса назар аударады. 
    Адам – өз өміріне өзі қожа. Өйткені, ол өз тұрмыс тіршілігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті. Ол өзінің осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне жете алады. Бұл да әдептілікке байланысты. Себебі адамды әдептілік басқармаған жағдайжа әдептілікке жат нәрселер оны жаулап алады. Олай болса, адам әдеп нормаларын аттап кетпей, өзінің барлық іс – әрекеттерін осы қағидалармен бағамдай алғанда, мінез – құлқын әдеп ережелеріне сай ұстай алғанда, өзін – өзі әдептілік тұрғысынан қадағалай алғанда ғана бұл өмірдегі, тіршіліктегі діттеген арманына жете алады. 
    3.
    Жағдаяттарды шешу
    1. Сен өте асығыссың. Себебі, сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әрекетін. 
    2. Қонақтар шақырылған уақытта бәрі жиналды. Қонақтардың бәрі де бірін – бірі жатырқамай, тез әңгімелесіп кетті. 
    Әңгіме күнделікті қажетті заттардың қымбаттауы туралы айтылған кезде, осы үйдің ұлы самат та үлкендердің сөзіне араласып, өз ойын білдірді: - Иә, тіпті базардағы тамақ та қымбаттап кетіпті. Оны анам екеуміз базарға барғанда бірақ білдік. Тіпті, өрік – мейізді алмай – ақ қойса болмай ма? - десем, «Қонақтардан ұят болады, олар бізді жағдайы жоқ екен деп ойлап кетпей ме» - деді... Қонақтар бір – біріне қарады. 
    3. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, қаладан келген туысқаның. Сенің анаң кетерінде саған ешкімге есік ашпа деп кетті. Сенің әрекетін. 
    Иә, балалар әдептілік дегеніміз имандылық, ал имандалық дегеніміз адамгершілік.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
950
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі