Материалдар / Әдептілік әдемілік белсісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдептілік әдемілік белсісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бәріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2020
347
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өтетін орны: Абылайхан атындағы №4 орта мектебі

Күні: 04. 02. 2020

Сыныбы:4 «ә» Оқушы саны: 26

Тақырыбы: «Әдептілік – әдемілік белгісі»

Мақсаты: Оқушыларға әдептілік, әдемілік туралы түсінік беру. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.

Міндеттері:

а) Әдептілікке, сыпайылыққа, ізгілік пен мәдениеттілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

ә) Әдептілік – адамдықтың белгісі екенін түсіндіру.

б) Жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, инабаттылық жайында оқушылардың ойын, әдеп әліппесін дамыту.

Формасы: сөздік

Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, ойын, түсіндіру.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, мақалдар, бейнеролик, қиындылар.

Барысы:

  1. Кіріспе бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!

  • Көңіл күйлерің қалай?

  • Ал, енді осындай жақсы көңіл күйлеріңмен тәрбие сағатымызды бастайық.

  • Қанекей балалар, тәрбие сағатымызды әдептілік ережесімен бастайық.



  1. Әрқашан сәлемдесу;

  2. Жасаған жақсылығына алғыс айту;

  3. Әрқашанда сыпайы болу;

  4. Айналасына өзін жақсы жағыннан көрсету;

  5. Кешірімді болу және кешірім сұрау;

  6. Үлкенді құрметтеу.

  • Балалар осы ережені есімізде сақтап, бүгінгі сабағымызды бастайық.

  • Оқушылар тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әдептілік – әдемілік белгісі».

  • Балалар, әдептілік – әдемілік белгісі дегенді қалай түсінесіңдер?

(Балалардың ойын тыңдып болған соң мұғалім қорытындылайды).

Балалар біз әдепті, өзін және өзгені сыйлай білетін тұлға болып өсуіміз керек.

II. Негізгі бөлім.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңб ексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе

ата – анаңның, Отанының мақтанышы боласың.

Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет. «Әдептілік – әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы».

Жақсы әдет, жақсылық жасау бұл қай жерде болмасын – өнеге, өсиет. Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата – ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдіреді. Сонда ғана үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым – қатынас орнайды. Ол әдепке айналып әдептілік ережелерін тудырған.

Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол – біршама уақыттан, қоршаған ортаның, жақсы тәрбенің жемісі. Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Одай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс – қимылы, жүріс – тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін – өзі ұстай білуі оның әдептілігі.

  • Балалар қазір әдептілік жайлы видеоға назар аударсақ.

Оқушылар видеоны көріп болғаннан кейін, мұғалім оқушылардан тақырып жайлы не білетінін сұрау үшін сұрақ қояды.

  • Әдептілік туралы қандай нәрсе білесіңдер?

  • Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

  • Мектепке келгенде ең бірінші не істеу керек?

  • Әдепті болу үшін не істеу керек?

  • Әдепсіз адам бола ма?

Мұғалім оқушылардың ойын тыңдап болған соң, өзі қорытындылай кетеді.

  1. Оқушы: Ата-анаңның тілегі-адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі – адал болып өскені.

Әдептілік дегенің – әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің.

  1. Оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ балаң жаныңда,

Ұрыс – керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

  1. Оқушы: Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзіде.

  1. Оқушы: Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді

  1. Оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ - табақты.

Мұғалім балаларға мәлімет беріп, ойын ойнатқызады.

Не істеуге болмайды?

- Үлкендердің алдынан ....... (кесіп өтуге болмайды.)

- Кішкене баланы....... (жылатуға болмайды.)

- Қыз баланы.......(ренжітуге болмайды.)

- Сабақтан.........(кешігуге болмайды.)

Не істеу керек? (бұл да сол сияқты жүргізіледі)

  • Үлкен кісіні ................... (сыйлау керек.)

  • Үлкеннің тілін ............. (алу керек.)

  • Үлкендерге ................(сәлем беру керек.)

  • Кішілерге ................... (қамқор болу керек.)

Ендегі кезекте оқушыларды 2 топшаға бөлеміз.

1 – топ. «Қыздар тобы». Сәнді шаш үлгісін көрсетеді.

2 – топ. «Ұлдар тобы». Талапқа сай киім үлгісін көрсетеді.

Сұрақтар:

Ендігі кезекте тақтаға адамның макеті ілінеді. Оқушыларға ақ парақ таратылады, ақ параққа адамның жақсы және жаман қасиеттерін жазады. Жаман қасиеттерін қоқысқа тастап, жақсы қасиеттерін макетке іледі.

Балалар, осы ілінген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, әдепті бала болып өсейік.

III. Қорытынды.

  • Ал, енді балалар орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық. ( Интерактивті тақтада «Ата – ананы тыңдаймыз» әні көрсетіледі.)



  • Мұғалім: Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік. Әр адам өзін кез – келген жағдайда, кез – келген жерде тәртіпті сақтап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.



  • Балалар,сонымен әдептілік деген ар – ұяттың, әдеміліктің белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, инабатты, жүрегі

мейірімге толы болмақ. Егер сендер бала күніңнен әдепті тәртіпті болып өссең, есейе келе, ата – анаңның, өз Отаннының мақтанышы боласыңдар. «Әдептілік – әдемілік белгісі» атты сабағымызды аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!