Материалдар / Әдістелік кеңес: Баяндама тақырыбы: Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы жаңашыл тәсілдердің тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдістелік кеңес: Баяндама тақырыбы: Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы жаңашыл тәсілдердің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
өзара тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2018
563
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әдістемелік кеңес: Баяндама







Тақырыбы: Сыныпта тәрбие жұмысын

ұйымдастырудағы жаңашыл

тәсілдердің тиімділігі





сынып жетекші: Тенизбаева Маржангуль Жакияновна

Алматы қаласы №167 жалпы білім беретін мектеп

















Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы жаңашыл

тәсілдердің тиімділігі

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу " деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

 Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.

Жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақ үрдісінде өзімнің іс-әрекетім.
1.Топқа бөліп, жұпқа бөліп ой қозғау.
2. Тақырыпты қызықтырып бағыттау.
3.Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсыну.
4.Тақырыпты талдауға пікірталас ұйымдастыру.
5.Болып жатқан өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтау.
6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге,яғни кері байланыс жасауға бағыттау.

Оқушы белсенділігі:
1.Топтарда,жұптарда жұмыс жасайды.
2. Тақырып мәтінімен өздері танысады.
3. Әр түрлі әдістер арқылы тапсырманы саралайды.
4. Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Уақыт шеңбері

Балалар философиясы

Кемпірқосақ топтары

Қар кесегі

Жұптық әңгіме

Тыңдап отырған үштік

Өкілдер

Джигсо

Құндылықтар спектрі

Ыстық орындық

Ара қашықтық

Алтын балықтың аквариумы

Стоп-кадр

Ақылдың алты қалпағы

Еркін талқылау

Радиоға қоңырау шалу

ТВ Шоу

Сұрақтар шеңбері

Стикердегі диалог

Айналмалы бекет

Ойлан –Жұптас - Бөліс

3-қадамдық сұхбат



Кемпірқосақ тобы





Мақсаты:

Әр оқушы (бастапқы топта) тыңдайды және (Түрлі-түсті топта) сөйлейді.

Ұйымдастыру:

Топты қимылдауға және талқылауға орын қалдыра отырып, стандартты орналастыру.

Жаттығудың сипаттамасы:

Оқушыларды талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызыңыз. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар жаңа топта не талқылағандарын айту үшін «бастапқы топқа» қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады.















.

Қар кесегі

Мақсаты:

Келіссөздерді, бірге алаң болу және негіздеуді қолдануға көмектеседі.

Ұйымдастыру:

Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе, оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

Мысалы. Бірінші оқушы мінсіз өмір үшін үш зат таңдайды.

Кейін жұптар талқылап, 6 жауаптан тек үшеуін таңдайды.

Сосын 4 оқушы дәл солай алтыдан 3 затты таңдайды.





Жұптық әңгіме

Мақсаты:

Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптарды қолдану оқушыларға сөйлеуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру:

Талқылау кезінде басқа жұптармен қосылып талқылаудан сақтап қалу үшін жұптар арасында аз да болса ара-қашықтық сақтаған дұрыс әрі тиімді болмақ.

Жаттығудың сипаттамасы:

Оқушылармен талқылау үшін ынталандыратын немесе арнайы сұрақтар мен тақырыптарды қолданыңыз. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеңіз. Тақырыпты белгілеу үшін А мен Б атаңыз ( мысалы, А тыңдайды, ал Б сөйлейді, кейін керісінше). Оқушылардан олар жеке жауап алғысы келетін сұрақ қоюды сұраңыз, кейін бұл сұрақ жұпта талқыланады. Әр жұпқа мақсат қойыңыз – мысалы, мынаған жауап беріңдер.











Тыңдап отырған үштік

Мақсаты:

Бұл әңгіме тақырыбының тұжырымдамасын және үдерісті түсінуді дамытатын ақпарат алуға арналған құрылымдалған жаттығу. Сондай-ақ бақылаушы рөлі арқылы өзін өзі сараптауды дамытуға ықпал етеді.

Ұйымдастыру:

Оқушылар үшеуден отырады, екеуі бірге, ал біреуі оларға қарсы сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.

Жаттығудың сипаттамасы:

Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы шешен, тілші және хатшы рөлін атқарады. Шешен бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Келесі жолы рөлдер ауысады.















Ыстық орындық

Мақсаты:

Біреуге алаңдаушылық танытуды ынталандыруға, мазмұнды «түсінетіндігін» түсінуге арналған драмалық тапсырма. Сұрақтар ды зерделеп, ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру:

Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар доға болып қойылған .

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады

















Сұрақтар шеңбері

Мақсаты:

Бұл әдіс оқушылар бойында идея білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді.

Ұйымдастыру:

Жылжымалы орындықтар болғаны абзал.

Жұмыс алгоритмі :

Бұл әдіс бойынша оқушылар кезектесіп сөз сөйлейді. Оқушылар төрт немес бес адамнан тұратын топ құрайды. Оқушыларға тақырып және ол бойынша ой жинақтау үшін бірнеше минут беріңіз. Содан кейін талқылау басталады, әр оқушыға үздіксіз сөз сөйлеу үшін үш минутке дейін (немесе өзге уақытты таңдаңыз) уақыт беріледі. Бұл уақытта ешкім еш нәрсе айта алмайды.

Әрқайсысы бір рет сөз сөйлегеннен кейін жалпы әңгіме жүргізу мақсатында шағын топтар шеңберінде сөз беріңіз. Бұл кезеңде оқушылардың өзінің жеке идеяларын емес, біреудің айтқандарын негізге ала отырып сөйлеуге тиіс екенін алдын ала ескертуді ұмытпаңыз, сонымен қатар әңгімені қорытындылау кезеңінде олар жаңа идеяларды енгізе алмайтындығын еске салу қажет (Брукфильд және Прескиль, 1999)

















Осы әдістерді сабақта қолдана отырып оқушының ойлау тәсілдерін бақылауға болады. Берілген материалдан оқушы ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданғанын оқушының сөзінен, тұжырымынан байқауға болады. 
Өз тәжірибемдегі оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдістерім: ойын, жарыс, сайыс, оқушының қиялын, бақылауын қолдану, танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырма. Мәселен сұрақтар қоя отырып сабақ өткізу. Сабақтарды дәстүрлі емес формада жүргізу. Бірақ, әрбір сабақ баланы тәрбиелей отырып оқытуға міндетті. Мұғалім оқыту әдістерін таңдағанда осы қағидаларды естен шығармағаны абзал. 

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!