Материалдар / Әдістемелік бюллетень. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құзіреттілігін дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әдістемелік бюллетень. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құзіреттілігін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, əлемдік стандарт деңгейінде нəтижелі жұмысқа, кəсіби өсуге, əлеуметтік-саяси оңтайлы тез əрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, шығармашыл, кəсіби маман дайындау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2021
368
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

ШҚО әкімдігінің Білім басқармасы

«Көлік колледжі» ҚМҚК


Қоғамдық пәндер бірлестігі

Әдістемелік бюллетень

Тақырыбы: «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құзіреттілігін дамыту»



Орындаған: Қоғамдық

пәндер оқытушысы: Ораз А.Ә

Қоғамдық пәндер бірлестігінің

отырысында қарастырылып бекітілді.

_хаттама

«____» «______» 2021 ж.

____________ Иманғалиева Г.С




Семей.қ – 2021 ж.


Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құзіреттілігін дамыту

Мақсаты: Еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, əлемдік стандарт деңгейінде нəтижелі жұмысқа, кəсіби өсуге, əлеуметтік-саяси оңтайлы тез əрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, шығармашыл, кəсіби маман дайындау.

Міндеттері:

-      Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту

-      педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

-      педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен колледж, жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;

-    білім саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу;

-    оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;

 Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.

Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс –

тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін –өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы.

Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

 Әртүрлі құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді.

Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз. Қай қоғамда болсын істің тетігін мамандар шешеді. Ендеше, білім сапасын көтеру ісі, жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру тетігі ұстаздар қауымына байланысты. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше шешім қабылдай алатын және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейді. Осыған орай, әр тұлғаның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі. Жоғары дәрежелі кәсіби құзыреттілік маманның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие – білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің жеке технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру – өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзыретті мұғалім мектептің тәрбие, білім беру процесінде оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктерінің іске асуына ықпал жасайды.

        Педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың 8 деңгейiн қарастыруға болады:

1. Пәндiк қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.

2. Аналитикалық бақылау – пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.

3.Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.

4. Коммуникативтiк – «мұғалiм-оқушы», «оқушы-оқушы», «мұғалiм – ата-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi. 

5. Бейiмделген – қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес

проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.

6. Ынталылық/психологиялық-педагогикалық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты проблемаларыншешуқабiлеттiлiгi.

7. Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi. 

8. Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.

Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды инновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол.

Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарылатады, психологиялық-педогогикалық, сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы, бұл білім-білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесінің, шығармашылығының, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады.Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.

Кәсіби құзіретті маңыздайтын тағы бір мәселе - мүғалімнің өз қызметін ұтымды ұйымдастыра білуі.

Өз сабағын жаңаша ұйымдастыру арқылы, оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса,  сабақтың мазмұны ашылады.  «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс  нәрсе есебінде қолдануы керек»,- деп заманымыздың ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, заман талабына сай білім беру мәселесі де оңтайлану қажет. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Оқу үдерісінде құзыретті деп функционалдық сауаттылыққа негізделген ұлттық жоспарға сәйкес оқушының меңгерген білімдерін, оқу біліктіліктері мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін өмірдегі практикалық және теориялық мәселелерді шешуде қолдана білуге дайындығын (қабілеттілігін) айтады. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік  стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын. «Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр.  Сапалы білім жолында жаңашыл технологияларды қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Осы мәселелерді шешу мақсатында оқытудың әр түрлі әдістерін қарастыруға болады. Соның ішінде Кембридж университетінің ұстаздары ұсынған оқытудың жеті модулінің артықшылықтары.
1) Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері арқылы дәстүрлі сабақ беруден алшақтаудамыз. 
2) Шығармашылық қабілеті жоғары оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіруде 
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалаудың жаңа тәсілдеріне бой ұсынудамыз, критерийалды бағалау жүйесінің тиімділігін насихаттаудамыз; 
4) АКТ-ны қолданудың бар мүмкіндіктерін әр мұғалім шығармашылықпен жетілдіруде; 
5) Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп, оң нәтиже беруде. Мысалы, халықаралық олимпиадада -1 оқушы, Республикадан -2, облыстан – 5 оқушы жеңімпаздарымыз бар; 
6) Оқушылардың жас ерекшеліетеріне байланысты білім беру және оқытуда интеллектуалды топтар мен үйірмелер жұмыс жасауда; 
7) Білім берудегі басқару мен көшбасшылық бағыттары бойынша мектептің барлық жұмыстары жүйеге қойылған. 

       Кез келген білім ордасының білім сапасын арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.

         Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде қарау, зерттеу – бүгінгі күн талабы.

• Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.

• Мектептің тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату. 

• Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді. 

• Мектептің материалдық базасын нығайту.

• Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару. 

Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ.

      Сонымен, қорыта айтқанда, бүгінгі білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагог маман – бұл, ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол смарт техниканы белсенді қолдана отырып ақпарат көздерін өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына кешенді тұрғыда қарайтын зерттеушілік ыңғайға бейім, теориямен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары-адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез-құлық қасиеттерді бойына сіңірген маман. Бүгінгі педагог Тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесін әлемдік деңгейге бағыттау мақсаты туындап жатқан қазіргі таңда педагогтік мамандыққа қойылатын талаптарға жауап бере алатын, білім мен іс-әрекетін ұйымдастыру іскерлігінің жоғары деңгейіне ие маман болуы тиіс. Сонда ғана сындарлы ойлайтын, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игерген оқушы тәрбиелеп шыға алады.







Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б

2. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының «Қазақстан жолы» – 2050 Астана 2014 ж

3. Қ.Р « Білім туралы» Заңы. Астана 2707 2007 № 319 –III.

4. Қ.Ж. Бұзаубақова. « Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру». Алматы. Жазушы 2006,258 – б

5. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!