Материалдар / Әдістемелік кеңес хаттамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдістемелік кеңес хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Директордың оқу әдістемелік орынбасарларына тәжірибе алмасу үшін керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2020
11053
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балқаш аудандық білім бөлімінің «Ж. Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі әдістемелік кеңестің


2 хаттамасы

17.11.2020 жыл

Қатысқаны- 23

Қатыспағаны - 0


Күн тәртібінде:


  1. Мектепті басқару және оқытуды жүзеге асыруда «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін, әдіс-тәсілдерін кеңінен енгізу мақсатындағы мектеп тренерлерінің атқарған жұмыстары жайлы

Хабарламашы Г. Жұрқабаева

2. Мектептің даму жоспары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы


Хабарламашы Н. Деңгелбаева


Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп тренері биология пәнінің мұғалімі Г.Жұрқабаева хабарлама жасады. «Мектепті басқару және оқытуды жүзеге асыруда «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесінде оқушыларды күрделі сұрақтарға қоя білуге, сыни тұрғыдан ойлауға, зерттеушілік дағдыларын дамытуға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға үйретеді. Осы тәжірибені біздің мектепке енгізу мақсатында мектеп мұғалімдері сабақты зерттеу, тізбектелген сабақтар іс-әрекетті зерттеу, тәлімгерлік жұмыстары жүргізу жоспарланды.. Мектептің даму жоспары бойынша өткізілген коучинг , семинар, тренингтерде мұғалімдерге оқушылармен жүргізетін жұмыстарына бағыт-бағдар, кеңес, бірлесіп шешу жолдары көрсетілді, бірақ былтырғы оқу жылында сабақты зерттеуге алынған 1, 3 сыныптарда жүргізілген жұмыстың нақты талдауы, кері байланыс беруі, қайта бірлесіп сабақты жоспарлау толық мәнінде өткізілген жоқ. Нақты дәлелдемелермен қамтылмаған. Алынған сыныптардың білім сапасына нақты саралау жұмыстары жүргізілмеген. Осы аталған кемшіліктерді орындау мақсатында жаңа оқу жылына алдыға қойған мақсат міндеттер белгіленді. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін мектеп тренерлеріне мектеп директорының 3 қазан 2020 жылғы №115 бұйрығы шығарылып, 2019-2020 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептері Д.Б.Б.Ұ. педагогикалық шеберлік орталығы әзірленген Тәжірбиедегі рефлексия жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлемінде мектепішілік курс ұйымдастыру төмендегі мұғалімдерге жүктелді:

  1. Мектеп тренері Нұрымбетова Г- Сейсенбаева Н., Сармантаев А.

  2. Мектеп тренері Жұрқабаева Г- Қазангапова Г., Тұрысбекұлы Н

  3. Мектеп тренері Тойбаева Ғ- Құланбаева Т., Нұрбосынов Е

  4. Мектеп тренері Проценко А-Уркинбаева А., Алдыбаев О

  5. Мектеп тренері Алтынбекова А- Халыкова К., Алдыбаева Ж

  6. Мектеп тренері Худайназарова М-Кареенев Е.

Мeктептегі жaғдайды анықтау үшін талис сауалнамасының 11,18 және 24 сұрақтары сауалнама алған. Нәтижесінде мектептің қандай деңгейде тұрғандығы, алдағы уақытта мектептің даму жоспарына не өзгерістер енгізу керектігін анықталды. Ең алдымен мектеп көшбасшылары мұғалімдерді «Даму», «Алғыр», «Алға оқушы» тақырыптағы оқушылардың іс-әрекеттерін зерттеу топтарына бөліп, олар тізбектелген сабақтар топтамасын құрып, бірлесіп сабақ жоспарын құрып, оқушы үні арқылы сабақтың құрлымдарын өзгертіп және үнемі жақсарту жұмыстарын жүргізіп отыру жоспарланды.

Мектепішілік коучниг-сессия, семинар, дөңгелек үстел қыркүйек, қазан айларында өткізілген. Оқу жылының басында «Сабаққа мақсатты қатыса және талдай білеміз бе?» тақырыбында өткен мектепішілік семинарда жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі, І (ілгері) деңгейлі Г.Жұрқабаева «Топтық жұмыс барысында дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері» тақырыбында мектепішілік коучинг-сессия жүргізді. Оқу жылының басында «Тәжірибедегі рефлексия» бойынша 3 мұғалім көучингтер өткізді. Ғ.Қ.Тойбаева бастауыш сынып мұғалімдерімен өткізді, Г.С.Нұрымбетова, Н.Денгелбаева жоғары сынып мұғалімдерімен коучингтер өткізді. Мұғалімдер коучингтен алған іс- тәжірибелерін сабақтарында өткізіп, кәсіби біліктіліктерін арттырды» Хабарламашы одан ары қарай алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп мұғалімдері өз пікірлерін ортаға салды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Деңгелбаева хабарлама жасады. « 2019-2020 оқу жылынына мектептің даму жоспарына мектеп әкімшілігі, мектептегі шығармашылық топ мүшелері, тренерлер, деңгейлік курстан өткен мұғалімдерінің ұсыныстары бойынша жаңа оқу жылының даму жоспарына өзгерістер енгізілді. Алдыға қойылған мектептің басымдығы: «Интербелсенді әдістерді бірлескен жұмыстарда қолдану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың белсенділігін арттыру және кәсіби біліктілігін үздіксіз дамытуды жолға қою» тақырыбында бекітілді. Мектептің даму жоспарына алдыға қойған мақсаттар:

  1. Ата-аналарды мектепті басқару ісіне қатыстыру

  2. Мектепте ата-аналар жиналыстарының жаңа түрлерін қолдану,

  3. Оқушы үнін мектеп өмірінде ұдайы қолдану,

  4. Сабақтарда топтық жұмысты қолдану арқылы оқушыларды көшбасшылыққа дағдыландыру

  5. Мұғалімдер бірлестіктері арасында желілік қоғамдастық құру

  6. Мектеп пен ата-аналардың арасында желілік қоғамдастық құру





Мектептің даму жоспары бойынша тәлімгерліктің жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, ІІ деңгейлік бастауыш сынып мұғалімі Г.Тойбаева тәлім алушы бастауыш сынып мұғалімі, жас маман Уркинбаева Айсаулемен тәлімгерлік жұмысын кәсіби сұхбат алып, сауалнама жүргізуден бастаған. Тәлім алушы Уркинбава Айсауле сабақ барысында дерекөздерді, көрнекілікті тиімді қолдана біледі. Мұғалім сабақ барысының көпшілігінде өзі түсіндіреді, оқушылардың топ ішінде сұрақ қою, берілген тапсырманы бірлесіп шешу қалыптаспаған. Орта мерзімді жоспарлауда бірлестік мұғалімдері тобы жүзеге асырып, қолдау көрсетіп, олар оқу бағдарламасын сабақтар топтамасы түрде құрылымдаған. Қысқа мерзімді жоспарды орта мерзімді жоспарының соныңда ұсынылған үлгі бойынша мұғалім өзі әзірлеген. Мұғалім сабақтан кейін оқушылардың меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау жасап отыру керек.

Тәлімгер бірінші деңгейден өткен география пәнінің мұғалімі Төлжарасова Жауқазын тәлім алушы физика пәнінің мұғалімі Қазанғапова Ғазизамен тәлімгерлік жұмыс жүргізген. Физика пәніне сабаққа қатысу кезінде оқушылармен бірлесіп жұмыс атқару, уақытты тиімді пайдалану, сабақтан кейін кері байланыс жүргізу, оқушы үні арқылы сабақты қайта жоспарлауға ұсыныстар айтып, түзету жұмыстарын жүргізген» Хабарламашы одан ары қарай мектептің даму жоспары бойынша коучингтер, тренингтердің өткізілуі бойынша айтып өтті.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Г. Жұрқабаева, Ж. Төлжарасова , Е.Каренеев сабақты зерттеуді 8,5 сыныптарды алуды ұсынып, өз пікірлерін ортаға салды.

Ұсыныс қабылданды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылай келе әдістемелік кеңес шешім қабылдады.

  1. «Тәжірибедегі рефлексия» бойынша мектеп тренерлерінің жұмысы, курс өткізуі «қанағаттарнарлық» деп танылып, алдағы мерзімде атқарылантын жұмыстар жүйелі ұйымдастырылсын.

  2. 8,5 сыныптарға мұғалімдердің ұсынысы бойынша сабақты зерттеу жүргізілсін.

  3. Мектептің даму жоспары бойынша атқарылған жұмыстардың жүргізілуін қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Деңгелбаеваға жүктелсін.


Әдістемелік кеңес төрайымы Деңгелбаева Н

Хатшы Уркинбаева А




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!