400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

әдістемелік нұсқаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
қоздырғыштарды анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдістемелік нұсқаулық

Сабақтың тақырыбы: Пастереллез және туляремия қоздырғыштары

Сабақтың мақсаты:

  1. Пастереллезге бактериологиялық зерттеу үшін патологиялық материал алу, жіберу ережесін меңгеру

  2. Пастереллез қоздырғышының морфологиялық, культуралдық, биохимиялық қасиеттерімен танысу

  3. Пастереллез ауруынан сақтандыру және емдеуде қолданылатын биопрепараттармен танысу

  4. Туляремияны баламалаудағы микробилогиялық әдістерімен танысу

Керекті құралдар мен жабдықтар:

ЕПА, ақы тышқан культура жұқтырған, глюкоза, лактоза, сахароза, сорбит қосылған Гисса орталары, стерильді қоректік орталар, биопрепарарттар пастереллезге қарсы вакциналар және позитивті сарысу, дайын бекітілген жұғындылар.

1.Патологиялық материал. Бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін зертханаға бауыр, талақ, бүйрек, сөлтүйіндері, жүрек қанын, түтік сүйектер жібереді. Жазда қашық жерге жібергенде органдар бөлшегін 30 пайыз глицерин су ерітіндісіне салады, түтік сүйектерді 5-10 пайыз формалин ерітіндісінде малынған дәкеге орайды.

2. Бактериологиялық зерттеу әдістері.

1. Микроскопия. Пастерелланың морфологиялық және тинкториялдық қасиеттері. Органдар және қан жұғынды- препаратты грам бойынша бояп, микроскоппен қарағанда шеттері домалақтанған ұсақ қысқа таяқша тәріздес бактериялар (0,3х1,5 мкм) көрінеді. Леффлер көгімен немесе Романовский – Гимза бойынша бояғанда пастереллер биполярлы (клетканың екі ұштары күшті боялған), ал арнайы әдіспен боялғанда капсуласы көрінеді. Пастереллада қозғалыс болмайды.

2. культуралдық қасиеттері. P.Multocida – факультативті анаэроб, оптимальды температура 37-38С, рН – 7,4. Зерттеу материалдан ЕПА, ЕПС,қанды ЕПА, сарысу қосылған ЕПА өсуіне жақсылау болады.

Термостатта 24-48 сағатта өседі. Қоздырғыш қатты қоректік ортада өспегенде 4-5 тәуілік сақтайды. ЕПА ортасында пастереллер ұсақ, дөңес, мөлдір, домалақ формалы болады. Коллониялары (S - форма).кейде қоздырғыштар ірі шырышты (M – форма немесе буылтықты коллониялар R – форма).

Гемолитикалық қасиеті жоқ. ЕПС ортасында пастереллер тегіс лайланады, түбінде шырышты шөгінді пайда болады, қозғалғанда бұрым тәріздес көтеріледі (S - форма).

3. Ферменактивтік қасиеттері. Углеводтар қосылған Гисса ортасынакультураны себеді. Пастереллалар – лактоза, дульцит, глицерин, салицин, инулин, рамнозаны, раффинозаны ыдыратады, уреазаны шығармайды, гемолитикалық активтігі жоқ, индол шығарады, желатинаны сұйылтпайды, сүтті ұйытпайды.

4. Биосынама. Зертханалық жануарларға таза культура қоздырғышын алу және оның веруленттігін анықтау үшін жұқтырады. Ірі қара, шошқа, қойдан алынған қоздырғыштар ақ тышқан, үй қояндарына, көгершін, тауық, үйректерге жұқтырылады. Көгершінде бұлшық етіне 0,3 мл мөлшерде, ақ тышқан, үй қоянға тері астына 0,2 мл мөлшерде, 0,5 мл енгізеді. Үй қояндарға жұқтырар алдында пастерелла тасушылығын анықтайды. Ол үшін 0,5 пайыз бриллиант жасылының су ерітіндісінің 2 тамшысын мұрынға тамызады, жұқтыруға 3 күн қалғанда мұрыннан іріңнің сорғалапағуы пастереллатасушы көрсетеді. Тасушылар тәжірибе алынбайды. Патологиялық материалда пастерелла болғанда тәжірибедегі жануарлар18-36 сағатта өледі.

Зерттеу материалдан Грам теріс, капсула түзейтін, қозғалмайтын таяқша шығарды, глюкозаны, сахарозаны, сорбитті, маннитті ыдыратады, гемолитикалық активтілігі жоқ, зертханалық жануарларға верулентті пастереллезге оң бактериологиялық диагноз болып есептелінеді.

Тексеру сұрақтары:

  1. Пастерелланың морфологиялық және боялу ерекшеліктері.

  2. Пастерелланың ферментактік қасиеттері

  3. Пастереллез анықтаудағы биосынама маңызы

  4. Пастереллездің бактериологиялық зерттеу схемасы

  5. Биопрепараттар: вакциналар, сарысулар

  6. Туляремия қоздырғышы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі