Материалдар / Әдістемелік нұсқаулық-Авторлық бағдарлама-Инклюзивті білім беруде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әдістемелік нұсқаулық-Авторлық бағдарлама-Инклюзивті білім беруде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал-Авторлық бағдарлама «Инклюзивті білім беруде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс» оқу-әдістемелік құралы жалпыға бірдей типтік оқу бағдарламасына негізделген. Әдістемелік ұсынымдар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар сыныбының ата-аналарымен жұмыс істей отырып, балаларды білім беру арқылы әлеуметтендіруді көздейді. Әдістемелік ұсынымдар пән мұғалімдеріне, педагог-психологтарға, әдіскерлерге, ұйымдастырушы-педагогтарға, бастауыш сынып жетекшілеріне ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2024
21
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
1500 тг 1125 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

____________________ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

___________________АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

«______________ атындағы жалпы білім беру мектебі» КММ





Автордың аты-жөні______________________________


«Инклюзивті білім беруде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс»


«Білім тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде бағыты бойынша»



Әдістемелік ұсынымдар











Астана, 2023 жыл

«____________ атындағы жалпы білім беру мектебі» КММ ғылыми-әдістемелік кеңес отырысының шешімі бойынша талқыланып, қолдануға ұсынылған (№___хаттамасы, ______2023ж.)





Пікір берушілер:

___________ педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

___________ ғылым магистрі, доцент.














........................................................(автордың аты-жөні)

«Инклюзивті білім беруде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс»: әдістемелік ұсынымдар. –Астана, 2023ж. - 25 бет.



«Инклюзивті білім беруде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс» оқу-әдістемелік құралы жалпыға бірдей типтік оқу бағдарламасына негізделген. Әдістемелік ұсынымдар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар сыныбының ата-аналарымен жұмыс істей отырып, балаларды білім беру арқылы әлеуметтендіруді көздейді. Әдістемелік ұсынымдар пән мұғалімдеріне, педагог-психологтарға, әдіскерлерге, ұйымдастырушы-педагогтарға, бастауыш сынып жетекшілеріне ұсынылады.




МАЗМҰНЫ


І. Кіріспе ......................................................................................................

3

Әдістемелік ұсынымдарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары...

6

Әдістемелік ұсынымның тақырыптық жоспары ....................................

7

ІІ. Негізгі бөлім ..........................................................................................

10

1. Арнайы мамандармен кездесу: «Мен және менің балам» тақырыбында әңгімелесу ..........................................................................


10

2. Семинар – практикум: «Балалардың салауатты өмір салтын ұйымдастыру» ...........................................................................................


11

3. Әңгімелесу алаңы «Анашым менімен ойнашы!» Ойын сабақ ..........

12

4. Әкелер конференциясы: «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» ................

13

5. «Жақсы ата-ана болу». Эмоциялық реакциялар желісі ......................

14

6. «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі». Балалардың физикалық дамуын қадағалау бойынша семинар-тренинг .......................................


15

7. Әдептілік сабағы: «Мен бейнесі: сырт келбетке қойылатын гигиеналық талаптар». Ата-аналарға арналған психологиялық ағарту жұмыстары .................................................................................................


16

8. Пікірталас сабағы «Баланың дені сау және мықты болып өсуі үшін не істеу керек...» .......................................................................................


17

9. Семинар – практикум: «Біздің балаларымыздың қауіпсіздігі» – Өмірлік қауіпсіздік негіздері бойынша жұмыс жүйесі ........................


18

10. Қорытынды сабақ. Ата-аналармен өткен тақырыптар бойынша өзіндік талдамы мен ұсыныстары .............................................................


20



ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР ......................................................


22


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................

24

ҚОСЫМШАЛАР




КІРІСПЕ


Тәжірибе көрсеткендей, педагогикалық процесті ұйымдастыруға, басты тұлға бала болып табылатын білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы өзара әрекетті орындауға білім беру ұйымдарының қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар инклюзия режимінде оқитын балалардың ата-аналары да көмекке мұқтаж. Отбасында ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қoймайды. Oтбасында бала үшін де, ата-ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психoлoгиялық атмoсфера қалыптасатыны белгілі.

Қазіргі кезде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп оқытудың мемлекеттік негізі құрылған, арнайы білім беру жүйесі бар. Бұл жүйе бастауыш білім беретін сыныптарда инклюзивті сынып құру бойынша бағыттары айқылдалған. Бастауыш сыныпта оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс аномальды даму психологиялық тұрғыда ағзаның анатомиялық-физиологиялық өзгерістеріне, баланың денсаулығына да байланысты болады. Педагогикалық әдістерде инклюзивтілікке жаңа көзқараспен қарауды және оқушылардың табысқа жетуіне мүмкіндік беруді де білдіреді. Айтылған әрекеттердің біршама тиімділігін осы бағдарламаның болу қажеттілігі айқындады.

Әдістемелік ұсыным инклюзивті білім беруде 1-4-сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған және бір оқу жылының барысында жүзеге асырылады.

Бағыты: Білім тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде бағыты бойынша инклюзивті білім беруді жүзеге асыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен психологиялық -профилактикалық жұмыс.

Өзектілігі: Сыныпта ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың бірге болуы- бұл баланың өзіне және басқа білім алушылар үшін ғана емес, сонымен қатар ыңғайсыздықты сезінетін және тиісті мамандардың көмегіне мұқтаж ата-аналар үшін де стресс және көп жұмысты қажет ететін сияқты көрінуі мүмкін. Мұндағы құндылық жұмысты орындау емес, рефлексия- ата-аналармен кері байланыс құру. Яғни, барлық оқушыларды бірдей ескере отырып табысқа жетелеуді білдіреді.

Мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілігін қалыптастыру бойынша білім алушылардың, тәрбиеленушілердің отбасыларымен мақсатты жұмыс жүйесін құру.

Осы мақсаттарды шешу үшін келесі бірқатар міндеттер қойылған.

Міндеттері:

1. Балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде отбасыларға түзету-педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету;

2. Мекеме мен отбасы арасындағы қатынастар жүйесінде өзара сенімділікті қалыптастыру;

3. Ата-аналардың құқықтық құзыреттілігін арттыру;

4. Отбасы мүшелері арасындағы тұлғааралық қатынастарды үйлестіру;

5. Балалардың денсаулығын нығайту бойынша сынып мұғалімі мен ата аналардың бірлескен қызметін ұйымдастыру;

6. Ата-аналарға өзара тәжірибе алмасу, мәселелерді талқылау, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін бірлесіп іздеу үшін жағдай жасау;

7. Ата-аналарға баламен қарым-қатынас жасаудың тиімді әдістерін қолдануға ықпал ету;

Ерекшелігі: ата-аналарды қолдауды жүзеге асыру процесі ұзақ және баланы бақылайтын барлық мамандардың міндетті түрде кешенді қатысуына ұсыныстар әзірленген.

Күтілетін нәтижелері:

  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас және өзара сенімділік нығая түседі;

  • ата-ананың инклюзивті білімі беру туралы түсініктер жүйесі қалыптасады; ата-ана мен баланың қоғамға бейімделуінің нақты мүмкіндіктері мен механизмдері туралы білім деңгейін арттыру.

  • отбасының рөлін түсіну және оның ерекше баланың жеке басының қалыптасуына әсері.

  • ерекше қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеп отырған отбасының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.

  • Ата-ананың баламен түзету-дамытушылық жұмыста өзара әрекеттесу дағдыларын меңгереді, мектеппен байланысы күшейеді.

Әдістері: қолданылатын формалар мен әдістер ретінде әңгімелер; дәрістер-семинар; топтық және жеке практикалық сабақтар, рөлдік ойындар; бейнелеу, релаксация, тыныс алу әдістері; психогимнастика; топтық тренингтік әдістері; арт-терапия элементтері кіреді.

Әдістемелік ұсынымның тәжірибелік-эксперименттік базасы: «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру мектебі» КММ.

Жүргізу формасы: топтық және (немесе) жеке сабақтар.

Әдістемелік ұсыным мазмұны 12 тақырыпты қамтиды.

Жалпы сабақтың жоспарланған сағат көлемі – 24 сағат.

Жалпы сабақтың өту ұзақтығы – 2022-2023 оқу жылы бойы.

Өткізілетін сағат саны – 1-2 сағат (жұма күндері).

Бір оқу-жаттығу сабағының ұзақтығы – 45 -60 минут.

Әзірленген бағдарлама бастауыш сыныпта оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыс бағытына сәкес келеді.

Практикалық мәні: сабақтарда психогимнастикалық жаттығулар, ойын элементтері бар жаттығулар, топтық пікірталастар, «миға шабуыл», өзін-өзі реттеу әдістері, сыни ойлауды дамыту әдісі, оның ішінде: визуализация әдісі, метафоралық астарлы әңгімелер, ассоциативті-метафоралық фотокарталар белсенді қолданылады.


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ


Әдістемелік ұсынымды жүзеге асыру барысында ұстанатын қағидалар:

Ізгілендіру қағидасы – балаға, отбасының әрбір мүшесіне жан-жақты құрмет пен сүйіспеншілік, оларға деген сенім білдіру; балаларға, ата-аналарға жеке-бағдарланған тәсіл, мұнда орталықта баланың, отбасының жеке ерекшеліктерін есепке алу; бірлескен, қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету.

Даралау қағидасы – бастауыш сыныпта оқытудың формалары мен әдістерін таңдауда оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін және отбасы жағдайын ескеру.

Әлеуметтену қағидасы – бастауыш сыныпта оқыту жағдайында оқушы мен олардың ата-аналарын әлеуметтік ортада өзін-өзі реттеуіне ықпал ету, әртүрлі эмоционалдық қобалжу кезінде жағдайды дұрыс қабылдау арқылы әлеуметтік тәжірибені меңгерту.

Денсаулық қағидасы - сабақты дұрыс ұйымдастыру, дене және физикалық белсенділікті қоса алғанда, дұрыс күн режимін сақтау ескерілді.

Бұл әдістемелік ұсыным бастауыш сынып оқушыларының арасында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың толыққанды тұлға болып әлеуметтенуіне, қалыптасуына жан-жақты жағдай жасауды ескертеді. Мұнда ата-аналардың қосатын үлесінің ерекше екені де ескеріліп бастауыш сынып жетекшілерінің педагогикалық іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

Әдістемелік ұсынымды жүзеге асыру шарттары:

-Мұғалім сынып оқушыларының барлық ата – аналарын (сенімді өкілдерін) жақсы білуі керек, отбасылардың жеке ерекшеліктерін ескеруі керек. Сонымен қатар, отбасылармен жұмыс барысында (әңгімелер, бақылаулар, сауалнамалар) ата-аналардың мәдени және білім деңгейі, қызығушылық бағдарын білу. Ата-аналардың жағымды қасиеттерін және олардың күшті жақтарын есептеу жұмыстағы сәттілікті анықтайды.

-Отбасы мүшелерін оқу-тәрбие жұмысына тарту: әкелер, бауырлар, ата-апалар және т. б.

-Ата-аналардан баланың ерекшеліктері жайында анықтап алу: баланың денсаулығының ерекшеліктері, оның хоббиі, қызығушылықтары, отбасындағы қарым-қатынастағы қалауы, мінез-құлық реакциялары, мінез-құлық ерекшеліктері, оқу мотивтері.

- Отбасылардың балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісіне қатысуы бағаланатынын және олардың тарапынан кез келген қосылатын үлес құпталатынын түсінуі маңызды.

- Ата-аналар баламен бірге коммуникативтік ойындар, пікірталастар, оқу-тренингтер және т.б. өнер көрсетсе, баланың жетістігіне сенсе, қажетті көмектен ешқашан бас тартпаса, еңбекке ынталандырса ғана балалардың жетістігіне оң әсер ете алатынын өзара талдау.

- Балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша табысты жұмыс білім беру процесінің барлық қатысушылары – педагогтар, балалар, ата – аналар- біртұтас, үлкен және біртұтас ұжымға айналған кезде ғана мүмкін болады.

- Ата-аналармен жұмыста ақпараттық технологияларды белсенді қолдану, әлеуметтік желіде медиасауаттылықты сақтау.

Материалдық -техникалық жабдықтау талаптары:

Мектепте сабақ өткізу үшін топтық жұмыс үшін қажетті кеңістігі бар оқу сыныбы пайдаланылады.

«Бағдарламаны іске асырудың материалдық-техникалық шарттарын ұсынамыз:

- жұмыс үшін кабинет (үстелдерде, шеңберде, бос кеңістікте жұмыс істеу үшін);

-арт-терапевтік қызметке арналған материал (әртүрлі мөлшердегі қағаз, картон, бояулар, қарындаштар, пластилин, жарма, түрлі-түсті құм, құммен жұмыс істеуге арналған науалар, мақта тампондары, магниттік тақталар, магниттік стикерлер, тізбектер, моншақтар, әртүрлі текстуралы жіптер, шыны шарлар және т. б.);

-әр түрлі тақырыптағы фото-карталардың авторлық жиынтығы; әр түрлі тақырыптағы ассоциативті карталардың дайын жиынтығы;

- әр түрлі ойыншықтар жиынтығы (ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлерінің желім нұсқасы; жұмсақ ойыншықтар);

- спортқа арналған кілемшелер, спорттық төсеніштер, көзге арналған таңғыштар (өз бетінше әкелуге болады), қолғаптар, кез-келген танымал суретшінің картинасының репродукциясы, таңдауға болатын музыкалық композициялар, түрлі-түсті карталар жиынтығы, сөздер мен өрнектер жиынтығы және т. б.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қажетті материалдық-техникалық базамен толығырақ танысуға болады. Ата-ана үшін тайм-менеджмент жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаны тұтастай және жеке сабақты іске асыруға жұмсалатын экономикалық шығындарды есептеуге мүмкіндік береді.

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Сабақ тақырыбы

Өту мерзімі

Сағат саны

Сабақты өткізу формасы

Қатысушылар

1

Арнайы мамандармен кездесу: «Мен және менің балам» тақырыбында әңгімелесу.

Педагог-психологтың кеңесі: « Бастауыш мектеп жасындағы баланың психофизикалық даму ерекшеліктері».

Логопедпен практикалық сабақ: «Менің сыныптағы жігіттердің аты кім”: «логопед деген кім? Логопедиялық топ дегеніміз не?»


Қыркүйек


4

Өз ойларын аргументтеу. Жауап ұсыныстарымен пікір алаңын қалыптас-тыру;

Мектеп әкімшілігінің өкілі, сынып жетекшісі,

ата-аналар, педагог-психолог, дефектолог, әлеуметтік педагог

2

Семинар – практикум: «Балалардың салауатты өмір салтын ұйымдастыру».

Педагог-психологтың кеңесі: «Ерекше балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың қиындықтары».

Әңгіме: «Күлімсіреу, спорт, денсаулық - біздің өмірімізде ерекше құнды көмек түрі».

Практикалық сабақ: «Көңілді отбасылық жұлдыздар».

Қазан

2

Семинар – практикум: Әлеуметтік тренинг; Білім алушыларға диагностика жүргізу және талдау.

Сынып жетекшісі, ата-аналар, қажет болғанда педагог-психолог, дефектолог, әлеуметтік педагог

3

Әңгімелесу алаңы: «Анашым менімен ойна!» Ойын сабақ.“Күн тәртібін” және “үйде оқу жұмысын ұйымдастыруда” ата-анаға кеңес беру. Әңгіме: “ерекше балалардың аналары”.

Педагог-психологтың кеңесі, психологиялық жаттығулар практикумы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаға қалай көмектесуге болады”.

Дефектолог-логопед кеңесі: “Жеке сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастыру”.

Қараша

2

«Мен және ата-анам» бейне жазбалар.

Психологиялық ағарту жұмыстары (тренингтер және т.б.).

Сынып жетекшісі,

ата-аналар, педагог-психолог, дефектолог, әлеуметтік педагог

4

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!