Материалдар / Әдістемелік нұсқаулық "Жасөспірімдердегі стресстің алдын алуда арт- терапияны қолдану жолдары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдістемелік нұсқаулық "Жасөспірімдердегі стресстің алдын алуда арт- терапияны қолдану жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагог мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
591
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Сырым аудандық білім беру бөлімі

Жалпы білім беретін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп балабақша кешені










Жасөспірімдердегі стресстің алдын алуда арт- терапияны қолдану жолдары


Әдістемелік жинақ












Әлеуметтік педагог және өзін- өзі тану пәні мұғалімі:

Анесова Айгерим Саиновна











Орал ,2018



МАЗМҰНЫ



Кіріспе........................................................................................................................3


1. Арт-терапия дегеніміз не? ................................................................................6

2. Жасөспірімдерде стрестің пайда болуы және оның себептері ......................9

3. Жасөспірмдердегі стресстің алдын алуда арт- терапияны қолдануарқылы өткізілген тәжірибелік жұмыстар ..........................................................................17


Қорытынды.............................................................................................................41

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................43
































Пікір жазғандар:


Ж.А.Еркегалиева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқутушысы, тренер



Құрастырушы:


А.С.Анесова, ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп балабақша кешенінің әлеуметтік педагогы, өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі, педагог- модератор.


Сараптау кеңесі отырысының 2018 ж № хаттама шешімімен баспаға ұсынылды.

Әдістем

елік жинақта психология ғылымындағы маңызды салалардың бірі арт-терапия әдісі арқылы жасөспірімдердің стресстік жағдайға түскенде стрессті реттеуде тиімді қолданылатын әдістермен тәсілдер және де бірнеше жаттығулар берілген.

Жасөспірімдердің оқу-тәрбие процесінде стресске ұшырауы оның тек оқу әрекетіне және мұғалімдермен қарым-қатынасына ғана байланысты емес,сонымен бірге әр түрлі өмір жағдайларына да байланыстылығы туралы бағыт- бағдар беру жұмыстары қарастырылған.Қазіргі таңдағы жоғарғы сынып оқушыларымыздың стресске ұшырау деңгейі өте жоғары екенін, оған ұшырауының негізгі себептері тікелей болашақ өмірімен байланысты жайттар әсер ететіні дәлелденіп , жан - жақты зерттелген тәжірибелік жұмыстар жинақталған.

Бұл әдістемелік жинақ білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, сынып кураторларына, әлеуметтік педагогтар мен мектеп психологтарына жоғары сынып жасөспірімдерімен етене жұмыс жасап, оқушылардың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыра білуге және де теорияны практикада қолдана білуі үшін ұсынылады.











Кіріспе



Жұмыстың өзектілігі.Қазіргі уақытта психология ғылымындағы маңызды салалардың бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психология мен психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса әлі де зерттелуүстінде.

Арт-терапиямен айналысу үлкен кәсіби дайындықты, психология аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар біртіндеп көбейіп келеді. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.

Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер психикалық ауру адамдарға тағы басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.

Алғашқыда арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл дегеніміз арт-терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды деген сөз. Мұнда адамның шығармашылық әрекетіндегі әсемдігі емес,сол кезеңдегі басынан өткен сезімдерді, қобалжуларды бейне арқылы жеткізу болып табылады. Психоаналитикалық бағыттың негізін салушы З.Фрейд айтқандай бұл барлық уақытта оңай емес.Яғни, бұдан шығатын қорытынды толығымен сезімдерді жеткізе білгенде ғана, сол кезде арт-терапия өз мақсатына жетіп, тиімді болары сөзсіз.

Алғашқыда арт-терапияны тек ауру немесе сырқат адамдарға жүргізген болса, казіргі кезде оның қолданыс аясы кеңеюде.Яғни, бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды.

Арт-терапия бойынша осы кезге дейін біршама зерттеушілер жұмыстанған болатын: З.Фрейд, К.Юнг, С.С.Корсаков, В.М.Бехтерев, К.Швабе, Д.Райн, М.Наумбург, Э.Крамер, А.Хилл, А.Хилл, И.Чампернон,М.Либман т.б.

Қазақстанда арт-терапияның дамуына үлес қосып жүрген ғалымдар ретінде И.С.Сарыбаева,С.М.Дүйсенова, У.И.Ауталипова, С.Т.Бапаева, М.Қасымбекова, Ә.Нұрмұхамбетұлы, Н.Мырзаханұлы т.б. атап көрсетуге болады.

Сонымен қатар қазіргі қоғамда тек ересектерде ғана емес, жасөспірім жасындағы жоғары сыныптардағы оқушылардың бойында да стресс деңгейі артып келеді. Бұл әлі де болса стресті реттеуде қолдану аясы кеңейе қоймаған арт-терапияны тиімді пайдалануды қажет етеді.

Жұмыстың мақсаты: Жоғары сыныптарда арт-терапияны қолдану мен оның стрессті реттеудегі ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік тексеру жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу нысанасы: Жоғары сыныптардағы оқушыларға арт-терапияның қолданылуы.

Зерттеу пәні: Жоғары сыныптарда жасөспірімдердің стресс деңгейін реттеуге арт-терапияның тигізетін ықпалы.

Зерттеу болжамы:Жоғары сыныптарда оқитын жасөспірім жасындағы оқушыларға арт-терапия түрлерін қолдану олардың стресс деңгейін реттеуге ықпалын тигізеді.

Зерттеу міндеттері:

1. Психологиядағы арт-терапия және оның қолданылуы туралы мәліметтерді теориялық талдау.

2. Стресске психологиялық құбылыс ретінде теориялық талдау.

3. Жоғары сыныптарда оқитын жасөспірімдердің стресс деңгейін реттеуде арт-терапияны қолдану бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу және нәтижелерге сай ұсыныстар беру.

Зерттеу әдістері: В.В.Бойканың «күйіп-пісу» деңгейін диагностикалау әдісі, «Стресс-тест», «Сіздің оқу-тәрбие процесінде стресске ұшыратуы мүмкін себептер» атты сауалнама, «САН» әдістемесі.

Зерттеудің жаңалығы: Жоғары сыныптарда оқитын жасөспірімдердің стресс деңгейін арт-терапиялық жаттығуларды қолдану арқылы төмендету тәжірибесі жүргізіледі.

























  1. Арт-терапия дегеніміз не?

Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда «өнермен емдеу» деген мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды.

Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалармен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолданыс аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психоаналитикалық негізінен алыстауда. Негізінен арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалғанелестерін суреттеу арқылы жеткізу

Жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін ләззат алу көзі болып келді, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен. Арт-терапия термині (art-terapy тікелей қазақша баламасы «өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді) қолданысқа 1938 жылы жоғарыда айтылған Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылар мен жұмысында алғаш айтқан. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулық орталықтарында жүргізілген өнерге қатысты қызметтің барлық түріне қолдана бастады. Бірақ көбнесе бұл анықтаманы өте кең мағынада әрі нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әр түрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Сиволдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерінен дейінгі және кейінгілерден байқауымызға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз сиволикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрылыспен пайда болған қоғамның көрінісі болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стилдерінің пайда болуы моральдік, мәдениеттік құндылықтардың өзгеруінің дәлелдеуіне себеп болды.

Көптеген мамандар арт-терапияда өздерінің практикаларында психодинамикалық көзқараста Фрейд пен Юнгтың символдық формасында бейсаналы түрде көрінеді дейді. Сонымен қатар, Маргарет Наубургтың ойы бойынша психокоррекциялық топта олардың мүшелеріне оңай өздерінің қиялдарын, қорқыныштарын сөз арқылы емес, сурет арқылы көрсетуге болады. Өзінің ішкі қайғыруының емделуші сурет салу үрдісі арқылы сөзбен айту қабілетін жинақтайды. Көптеген психокоррекциялық топтың жетекшілері қатысушылардың шығармашылық көркем суретінің нәтежелерін интерпретацияланбайды, тек қана жабық, тұйық қиялдарын көруге көмектеседі. Осы мақсатпен жетекшілері топта жылы шырайлы ортаны құрайды, осындай ортада қатысушылардың сынауынан сақтайды. Сонымен бірге, жетекшілер қатысушылардың еркін ассоцияциясын бағалауы керек. Ең маңыздысы-қатысушылар ассоцияцияны өз бетімен құрастыруы керек. Ол өзіндік сананың дамуына ықпал етеді. Кейбір психологтар клиенттердің жасаған ассоцияцияларын өздері интерпретациялайды, содан шыққан қорытындылармен клиентті таныстырады. Мысалы, Бернард Леви айтуы бойынша қатысушылардың шығармашылық өнімді интерпретациялайтын терапевт олардың өздерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Осыған мысал ретінде, адам өзін-өзі көру бейнесі арқылы тани алaды. 24 жастағы әйел адам дипрессиядағы, суретті қара түспен салған өзінің 4 жасында және бірнеше балетгік аяқ-киімін қолына ұстап алған. Ол әйелдің ассоцияциясында көңіл бөлген, оның есіне 2 жастағы әпкесі жоғалып кеткенде, осылай тұрғаны және ол сол күні әпкесі қаза болған. Психолог өзінің есіне түсірген құбылыстар мен оқиғаларды айта бастағанда оның дипрессиясы төменгі деңгейде болған. Басқа жағдайларда кенет сызбалық сурет немесе эскиздерді салған кезде оны қобалжытып жүрген түсі немесе қиялы болуы мүмкін. Еркін ассоцияция қобалжуды көрсетеді. Саналы деңгейде адам өзінің суреті қандай мағынада берілетініне қарамастан эмоциялық босаңсуды сезеді. Алайда, мұндай құбылыстар топтағы мүшелерге психолог көмектеседі. Символикалықтан нақтыға, бейсаналыдан саналыға өткен қобалжулардың қайталануы тұлғаның дамуына кедергі жасайды. Топтық арт-терапияда үнемі қолданатын бірігіп сурет салу болады. Әрбір қатысушы, ортақ қағазға сурет салады, әлбетте сол мезетте ойына келгенін, қатысушылар салынған суретті талқылайды. Арт-терапияда психодинамикалык бағыттардың бір түрі Дж.Вассуллусомның «топтық бейнелердің синалактикалық әдісі». Бұл әдістің бір ерекшелігі катысушылар үйлерінен әрқайсысы бір сурет салып алып келеді. Барлығы бірігіп дауыс беріп бір суретті таңдайды. Содан соң сол суреттін авторы өзінде қандай ассоцияцилар бірлескенін айтады, сол сурет жасау кезіндегі сезімдері туралы айтады, топ мүшелері сол суретке қарағанда өздерінде пайда болған сезімдері туралы пікірлерін, ойларын ортаға салады. Ницшидің жүргізген жұмысы, ауруханада жатқан аурулармен болған, олар әйел адамдар. Олар біраз уақыт өз үйлеріне баруға рұқсат алғандардың әрқайсында балалары болған. Соның ішіндегі біреуі аю мен оның қонжығын салған. Бұл суреттің мағынасы «біз терапевтерге тәуелдіміз, бізді олар тамақтандырғанды жөн көреміз, бірақ кей кезде өзіміз аналық рөлді ойнаймыз. Бұл біз үшін өте қиын. Бұл әйелдердің барлығында бала тәрбиелеуде ішкі шиеленіс бар. З.Фрейдтің айтуы бойынша, символикалық суреттер немесе адам қандай түс көріп, соны салса, онда ол бейсаналы үрдісті көрсетеді. «Синалактикалық» әдіс арқылы терапевт «ұжымдық бейнелерді» табу мақсат болады, ол тақырып та болады. Сол сеонстың топтағы қарым-қатынасты, жағымсыз эмоцияны көңіл-күйдің жинақ болу себебін анықтайды

Көру бейнелері көп бөлікте біз түс көру арқылы қобалжыймыз. Түс көруде сезіммен немесе қобалжулар қатысады, одан ойлар сонымен бірге,түс көруең басты орында көру бейнелері. Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде қиындықтармен мынадай байланыстар туындайды және олар көбнесе мынадай сөздерді қолданады. Мысалы, «түс көрген адамның сөзі: мен сурет сала аламын,бірақ мен оны қандай сөзбен жеткізе сипаттай алуды білмеймін»

Арт-терапия әдістемесін негізе ала отырып сендіру, адамның ішкі «мен»-і көру бейнелерінде, әр кезде сол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ З.Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналылық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы К.Юнг болса өзінің емдеушілеріне өзінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. К.Юнгтің идеялары персональды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңінен әсер етті.

Осы арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-шы жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас кезінде арт-терапиялық топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интереактивті арт-терапияның бастауы қалана бастады. Мұндай топтық арт-терапияның жұмысының формасы пайда болуына өмірдегі көптеген жағдайлармен шақырылған,олардың қатарында:

- әлеуметтік-саяси, институтциональды және мәдениеттік контекістердің өзгеруі;

- клиенттердің психотерапиялық тілектерінің және қажеттіліктерінің өзгеруімен, эмоциялық-құрылымдық бұзылулары;

- топтық психотерапияның практикада және теориялық тез дамуы және арттерапиялық іс-әрекетке жетудегі біртіндеп ассимиляциялау;

- арт-терапиялық топ жүргізушілерінің кәсіби өсуімен және арттерапиялық білім беру жүйесінің дамуымен;

ХХ ғасырдың екінші жартысында алдынғы кезеңдермен салыстырғанда, техникасының даралануы тым қиын. Айта кететін жайт, арт-терапия психотерапияның саласы ретінде енді ғана дамуда. Қазіргі кезде арт-терапия өнерге қатысты барлық қызмет түрлерінде психотерапиялық мақсаттарға қолданылып келеді. Барлық уақытта шығармашылық тұлға, шығармашыл мақсатқа ұмтылады, ал сыртқы жағдайлар оған кедергі жасайды. Арт-терапия кезінде шығармашылық үдеріс жағымды болса онда арт-терапияда өз мақсатына жетеді.















2. Жасөспірімдерде стрестің пайда болуы және оның себептері.


Санамыздан мықтап орын алған әлеуметтік-психологиялық және экономикалық өзгерістерде көрініс тапқан көкейкесті проблемаларымызбен бірге ХХІ ғасырға да ендік. Жұмыссыздықтың өршуі, отбасылық қатынастардың тұрақсыздануы, зорлық-зомбылықтың жүгенсіз насихатталуы, бәрі-бәрі қоғамның жүйкесін тоздырып, адамдар арасында әртүрлі аурулардың белең алуына жағдай жасап отыр. Бұл өз кезегінде стресстік жағдайды үдете түсуде.

Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы «кернеу, қысым» дегенді аңғартады. Алғаш рет стрессті ғылыми тұрғыдан сипаттаған канадалық ғалым Ганс Селье болатын (1936).

Стресс – кез келген сыртқы әсерге тәннің жауап қайтаруы болып есептеледі. Яғни стресс –тосын жағдайда қанға қажетті гармондарды жедел іске қосу, басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану Ғалымның айтуынша, стресстің негізінен алғанда, мынадай 3 белгісі бар: бүйрек үсті бездері белсенділігінің артуы және соның салдарынан қанға кортикойдтардың бөлінуі; айырша бездің (тимус) жиырылуы және соның салдарынан лимфатикалық бездердің семуі немесе кішіреюі қоздырғыш әсерден тежелуі және қанттың бөлініп шығуы; асқазан шырышты қабығының нүктелі қан кету және қанталаған кішкене жаралардың пайда болуы.

Жоғарғы сынып оқушысы – балалық шақпен ересектік арасында жатқан адамның дамуы мен жетілуінің белгілі - бір кезеңі. Ол 16 – 18 жас аралығын қамтиды, яғни сәйкесінше Х – ХІ сынып оқушылары болып табылады.

«Жасөспірім» сөзі тәуелді балалық шақпен өздік және жауапкершілікті үлкен өмірге ауысудың фазасы ретінде белгіленеді. Бұл бір жағынан денелік, соның ішінде жыныстық жетілудің аяқталғандығын білдірсе, екінші жағынан - әлеуметтік жетілуге қол жеткізуді білдіреді.

Жасөспірімдік шақта жеке тұлға дамуы ерекше мәнге ие болады. Өмірдің және қызметтік жаңа жағдайлары, ұжымдағы, мектептегі жаңа қалпы, жоғарғы сынып оқушысына жаңа және белгілі дәрежеде жоғары талаптар қояды. Оның ықпалдары мен жеке тұлғасы қалыптасады. Мектепте жоғарғы сынып оқушылары жаңа және жауапкершілік рөлде ойнай бастайды – ұжымдастырушы басшы, тіпті тәрбиеші (төменгі сынып оқушыларына қатынасы бойынша) .

Жасөспірімдердің психикалық дамуының қозғаушы күші жоғарғы сынып оқушыларына қоғам, мектеп ұжымы, оқу әрекеті қоя бастайтын деңгейіне тез жоғарлауымен бірге ол қол жеткізген психалық даму деңгейі арасындағы қарама – қайшылық болып табылады.

Бұл қарама – қайшылық жасөспірімдердің адамгершілік, ақыл – ой және шығармашылық күшінің дамуы арқылы шешіледі.

Жасөспірімдік шақтың соңына қарай денелік жетілу толық аяқталады. Олардың денелік дамуы ересек адамның дамуынан кем түспейді.

Жасөспірім жасқа тән ағзаның сапранды және бір деңгейсіз өсу мен даму кезеңі аяқталып, денелік дамудың салыстырмалы тыныш кезеңі басталады.

Жасөспірімдік шақта адамның интенсивті моралдық күші дамиды, рухани бет – бейнесі қалыптасады, мінез – құлық белгілері анықталады, дүниетаным қалыптасуы жүреді.

Жасөспірімдерде жеке тұлғалық процесінің негізгі ерекшелігі қандай? Ең алдымен бозбала мен бойжеткендерде өзіндік сана қалыптасады. Дегенмен ол тек өсіп қана қоймайды. Сонымен бірге нақты өмірлік мақсаттар мен ұмтылыстар көзқарасы бойынша өзінің тұлғасының моралдық - психологиялық қасиеттерін бағалау және сезіну қажеттілігімен байланысты. Ол сапалы – спецификалық сипатқа ие болады. Міне осынысымен жасөспірңмдердің өзіндік санасы жеткіншек санасынан ерекшеленеді. Онымен жасөспірңмдерде өзінің психикалық өміріне, тұлғалық сапаларына, қабілеттеріне терең қызығушылықтың тууына, сонымен бірге өзінің мінез – құлқына қарау қажеттілігі, өз сезімін, уайымдауларын талдауға әсер етеді.

Өзіндік сана оқушының ішкі қиналыс әлеміне кетуімен байланысты емес және керексіз, толымсыз өзіндік талдау болып табылмайды. Өзіндік сана өмір мен қызмет талабынан пайда болады. Ұжымдағы жаңа жағдай, қоршаған ортамен жаңа қатынас оқушыға өзінің мүмкіндіктерін, тұлғалық ерекшеліктерін бағалауға әкеледі.

Өзіндік сана негізінде жасөспірімдерде өзін - өзі тәрбиелеу қажеттілігі дамиды. Ол негізінен мінездің кейбір кемшіліктерін тек жоюға немесе бөлек жағымды сапаларды дамытуға бағытталмай, сонымен бірге бозбала мен бойжеткендерде жасалатын жалпыланған идеяларға сәйкес тұлғаны тұтас қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі кезеңдік жасөспірімдердің мектептегі статусы бір жақты емес. Бір жағынан жасының үлкендігіне байланысты бозбалаға қосымша жауапкершіліктер артылады, алдына күрделі міндеттер қойылады, көп сұралады. Екінші жағынан өз ережелері бойынша ол толығымен мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне тәуелді. Ол оларды сынауға құқығы жоқ, оған басшылық жасайды .

Жасөспірімдердің мектепке деген қатынасы бойынша ішкі позициясы мектепті мекеме, оқыту және білім беру процесі, мұғалімдер мен сыныптастары ретінде қарауы қалыптасады. Кіші мектеп жасындағылар жеке, тіпті жеткіншектер бұл моменттерді әлі айыра алмайды, олар тек мектепті «ұнатады» немесе «ұна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!