400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып білім алушыларына арналған вариативтік курс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 28 мектеп-

гимназиясы» ММ







Shape1


(2-сынып оқушыларына арналған вариативтік курс)






Авторы: Орынбаева Гаухар Тортаевна

Койшыбаева Элия Жакуповна







Мазмұны




Түсінік хат


Оқу – тақырыптық жоспар


Бағдарлама мазмұны


Сабақ жоспарларының жинағы


2-сыныптар арналған жұмыс дәптері


Қолданылған әдебиеттер тізімі

































Түсінік хат

«Қызықты грамматика» - таңдау курсы. Бұл курс арқылы білім алушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.

Бастауыш мектепте балаға сурет салдырудан,есеп үйретуден,табиғатты танытудан гөрі күнделікті өмірде өзі сөйлеп жүрген ана тілін оқыту әлдеқайда қиын. Себебі тілден алатын білім көбінесе абстракциялы ережелер мен тілдік заңдарға негізделген материалдарға сүйенеді.Олардың көлемі,балаға берілетін білім мөлшері оқушының жас ерекшелігіне,материалды қабылдай алу мүмкіндігіне байланысты. Осы тұрғыдан келгенде, жаңа бағдарламаға лайықтап жазылған оқулық бойынша оқушыларға тиянақты білім беруді іске асыру үшін, орфографиялық және тіл дамыту материалдарын меңгертудің дұрыс әдіс – тәсілдерін табу қажет.

Бастауыш сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттағаннан бастап,сөйлеу мәдениетін игере бастайды.Сөздерді дұрыс айтып,дұрыс жаза білу- тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі болғандықтан бұл пәнге арналып жасалған жұмыс аптасына 1сағаттан жылына 34 сағатты құрайды. Бағдарлама мазмұнында әрбір тақырыпқа қысқаша түсінік беріліп, сабақтар жинағында түрлендірілген, қызықты, дәстүрлі, шығармашылық сабақ түрлері берілсе, жұмыс дәптерінде оқушының өздігінен жұмыс жасап, суреттер топтамасы арқылы оқушының ой-өрісін, сөйлеу жүйесін дамытуға арналған жаттығулар арқылы одан әрі алған білімдерін бекіте, молайта түседі.


Өзектілігі:

  • Баламен жеке дара жұмыстар жүргізілу барысында оның жан-жақты дамуына, қоғамға бейімделуіне жағдай туғызу;

  • Сынып ұжымында оқушылардың өздерін емін еркін ұстауға бейімдеу;

  • Балада болашаққа деген басқаша көзқарас қалыптастыру.



Курстың мақсат-міндеттері:

  • Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіру;

  • тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту;

  • Олардың білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру;

  • Оқушылардың алдағы уақытта орта буында оқуына, жүйелі білім алуына дайындық жасау;

  • Оқушыны жүйелі, көркем сөйлеу білуіне дағдыландыру;

  • Қазақ тілі грамматикасы мен емлесі туралы оқушыларға түсінік беру;

  • Оқушылардың жазба сауаттылығын арттыру жолдарын қарастыру.





Күтілетін нәтиже:

-  Еркін ойлауға мүмкіндік алады;

-  Ақыл-ойын дамытады;

-  Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;

-  Тіл байлығы жетіледі;

-  Жан-жақты ізденушілігі артады;

-Шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы өз бетінше ізденеді,талаптанады,ынталанады,көп оқиды.Нәтижесінде ол өз ана тілінде еркін,дұрыс сөйлей білуге дағдыланады.

Пәнаралық байланыс:

Қызықты грамматика сабағын ана тілі, қазақ тілі,дүниетану пәндерімен және халық ауыз әдебиет үлгілерін байланыстыра отырып, өткізуге болады. Бұл пәндер арқылы оқушылар өз елінің тарихымен, әдет – ғұрыпымен, салт-дәстүрімен,халық әндерімен, ұлттық ойындарымен танысады.Бұл жеке тұлғаның танымдық қабілетін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар оның өз елінің нағыз ұлтжанды азаматы болуына өз септігін тигізеді. Әр сабақты түрлендіре отырып өткізсе, бұл нұр үстіне нұр болар еді.


Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау «Қызықты грамматика» оқулығына енген материалдарды оқыту жөнінде мұғалімдерге бағыт беру ғана деп түсіну қажет.Себебі әрбір материалды оқытуда, тіпті сабақты жоспарлаудың өзі әр мұғалімнің білімі мен тәжірибесіне,дағдысы мен шеберлігіне,ой елегінен өткізіп,творчестволықпен әрекет етуіне байланысты.









Оқу тақырыптық жоспар

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

1

Дыбыс

1


2

Дыбыс түрлері

1


3

Дыбыс үндестігі

1


4

Практикалық жұмыс /б.б.д тексеру/

1


5

Жасырылған мақалды табыңыз

1


6

Сөзжұмбақ шешу

1


7

Жеті киелі сан

1


8

Екпін

1


9

Нақыл сөзді табыңыз

1


10

Буын түрлері

1


11

Практикалық сабақ /б.б.д тексеру/

1


12

Асыл сөздерді жаттайық

1


13

Көркем жазу жарысы

1


14

Комплексті талдау

1


15

Практикалық жұмыс /б.б.д тексеру/

1


16

Метаграмманы шеш

1


17

Жазу жазамыз жарысып

1


18

Шарадалар

1


19

Буын үндестігі

1


20

Практикалық жұмыс /б.б.д тексеру/

1


21

Өз орныңды тап

1


22

Ойлаңыздар

1


23

Модуль сөздер

1


24

Білгенге маржан

1


25

Ойлан, тап

1


26

Жаңылмай жазу жарысы

1


27

Мақал-мәтелдердің сыңарын тап

1


28

Абайдың қара сөздері

1


29

Екі жақтылы мағыналы сөз

1


30

Сөз баспалдағы

1


31

Адасқан сөздер әлемі

1


32

Тұрақты сөз тіркестері

1


33

Практикалық жұмыс /б.б.д тексеру/

1


34

Қорытынды, қайталау

1



Барлығы

34 сағат





Бағдарлама мазмұны

1. Дыбыс- дыбыс түрлерін ажырату, қазақ әліпбиіндегі әрбір әріпке сөздер айтқызып, сөз тіркестерін құрату.

2.Дыбыстүрлері-дауысты,дауыссыздыбыстарды

ажырату,дауыссыз үнді,қатаң,ұяң дыбыстар жайлы мағлұмат беру


3.Дыбыс үндестігі –дыбыс үндестігі жайлы ойларын кеңейту

4.Практикалық жұмыс-жоғарыда өткен тақырыптар бойынша білім,білік,дағдыларын тексеру


5.Жасырылған мақалды табыңыз - халқымыздың рухани қазынасы болып табылатын мақал-мәтелдермен оқушыларды таныстыра отырып, олардың бөліктерін тапқызу

6.Сөзжұмбақ шешу - суреттер топтамасымен жұмыс жасай отырып, оқушыларға олардың атына құрылған сөзжұмбақты шешкізу.


7.Жеті киелі сан - қасиетті жеті санының ұлттық құндылықтарын түсіндіру. Жеті қазына, жеті ата, жеті күн, жеті ғалам, жеті жоқ, жеті жетекші т.б. ұғымдарме таныстыру.

8.Екпін– бұл тақырыпта екпін туралы білім қалыптастыру


9.Нақыл сөзді табыңыз – берілген сөздердің ішінен нақыл сөздерді

тауып, олардың мағынасын ашу

10.Буын түрлері- буын түрлері туралы ұғым қалыптастыру, олардың

шартты белгілерімен таныстыру


11.Практикалық жұмыс-жоғарыда өткен тақырыптар бойынша білім,білік,дағдыларын тексеру

12.Асыл сөздерді жаттайық - қазақ ұлыларының, би-шешендерінің сөздерінен үзінділермен таныстырып, жаттатқызу.


13.Көркем жазу жарысы – алдын-ала дайындалған 4-5 сөйлемнен тұратын мәтіндерді жұппен жұмыс арқылы жазғызып, тексерту

14.Комплексті талдау- оқушыларға комплексті талдау түрін үйрету


15.Практикалық жұмыс-жоғарыда өткен тақырыптар бойынша

білім,білік,дағдыларын тексеру

16.Метаграмманы шеш- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту


17.Жазу жазамыз жарысып – оқушыларды хат жазу үлгілерімен

таныстырып алыстагы туыстарына хат жазу жолдарын үйрету.

18.Шарадалар- қызықты шар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2023
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі