Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әдістемелік құрал
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
А. Райымбергенов
С. Райымбергенова
Ұ. Байбосынова
«Мұрагер»
Бағдарламасы бойынша
Мұғалімдерге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК
ҚҰРАЛ
4 сынып
БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
Бағдарламаның 4-ші сатысында «Музыка» пәнін оқытудың негізгі мақсаты, оқушылардың музыка мәдениетіне көзқарасын тәрбиелеу, балалардың көркемдік талғамын дамыту, адамгершілік позициясын қалыптастыру. Оқушылар оқу жылында Қазақстанның қазіргі замандық музыка өнерімен танысады. Дәстүрлі музыка өнеріміздің қазіргі уақытта қалайша жалғасын тауып, дамып келе жатқандығын көрсету – 4 сыныптың басты тақырыбы болмақ. Қазақ музыка мәдениетінде бүгінгі заманда қалыптасқан өнер түрлерімен әрбір тоқсанда жеке-жеке тоқталып өтеміз.
1 тоқсанның тақырыбы: «Ұлы ұстаздар көші». Оқушылар 1-3 сыныптарда өткен қазақтың ұлы әнші, сал‑сері және күйшілері жайлы алған білімін жинақтай түседі. ХХ ғасырда дәстүрлі мәдениетті сақтап оны жеткізушілер болып саналатын– Қали Жантілуов, Манарбек Ержанов, Жусіпбек Елебеков, Әбікен Хасенов, Ғарифолла Құрманғалиев сынды танымал орындаушылар. Аталған орындаушылардың ел ішінде қалыптасқан «ұстаз‑шәкірт» дәстүрлі мектебінің сақталғандығы жайлы біліп, музыкалық дәстүрдің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуының тарихи әңгімесінен маңызды мағлұматтар алады. Яғни қазақтың көне ән‑күйлерін жеткізген ұлы ұстаздар болса, сол ұлы ұстаздардың дәстүрінің бүгінгі заман шәкірттерімен жалғасын тауып жатқандығы жайлы сөз болады.
ІІ тоқсанның тақырыбы: «Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі». Советтік Қазақстанның музыка мәдениетінің дамуындағы маңызды жаңалығы болған Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі жайлы әңгіме болмақ. Халық аспаптар оркестрінің құрылуына байланысты жаңадан пайда болған, яғни қазақ мәдениетінде бұрын‑соңды болмаған орындаушылықтың жаңа түрімен танысады. Оқушы ‑ не себепті музыкалық үлкен ұжым қажет болды, не себепті халық аспаптары жаңаша жасалды, қайта жасалған музыкалық аспаптар қандай өзгеріске ұшырады деген сауалдарды мұғаліммен бірге талқылайтын болады.
Халық аспаптар оркестрі – қазақ музыка тарихының жаңа беті іспеттес. Оркестрдің репертуары жаңа Қазақстанның индустриалды зор дамуы мен күшін көрсете алатын яғни жаңа заманның қарқынды ырғағын бейнелейтін шығармалардан тұрады.
ІІІ тоқсанның тақырыбы: «Европа аспаптары» ‑ екінші тоқсанның жалғасы болып табылады. Симфониялық оркестрмен танысу арқылы оқушы оркестрдің даму барысындағы ұзақ уақыттардағы тарихынан нақты мағлұматтар алатын болады. Оқулықта тек оркестрдің құрамын ғана біліп қоймай, көптеген аспаптардың даму тарихы, олардың оркестр құрамына ену үшін әрдайым жетілдіріп, мұқият таңдаудан өтіп отырғандығы жайлы әңгіме болады. Симфониялық және халық аспаптар оркестіріндегі аспаптар тобын салыстыра отыра, ең басты аспаптардың тембрлік бояуларының ерекшелігіне, олардың орындаушылық мүмкіндіктеріне оқушының назарын аударған жөн. Солардың ішінде, ішекті аспаптарды қобыз аспабының тобымен салыстыра отыра қарастыруға болады. 4 сынып оқушысының өз бетінше музыкалық аспаптарды салыстырмалы түрде сараптама жасауға яғни қобыз тобының жасақталуы симфониялық оркестрдің негізінде жасалуы жайлы емін‑еркін ойын айта алуға бағыт берген жөн.
IV тоқсанның тақырыбы: «Опералық театр» ‑ оқушыны жаңа сахналық жанрлармен таныстырады. Театр әлем халықтарының мәдениетінде музыкалық өнердің ең биік жетістігі болып саналады. Опера жанры музыка мәдениетінің көптеген түрлері тоғысқан синкретті өнер түрі. Опера жанрын танып білу арқылы оқушылар өзінің музыкалық білімін қорытындылай түседі. Ежелден сақталып жеткен әлем халықтарындағы театр өнері бүгінгі таңда қазақтың классикалық опера және балет өнерінің дамуына әсері мол болған. Қазақ опера жанры мен балеті дәстүрлі мәдениеттің негізінде жасалған. Ең танымал халық әндері мен күйлері театр сахнасына қадам басып, халық музыкасының тыныс‑тіршілігіне тағы бір жаңалық енеді.
Сөйтіп, бастауыш сынып бағдарламасы 4 сыныптың оқулығымен өзінің қорытынды нәтижесіне жетеді. Халық музыкасы – өткен ғасырдың мұрасы ғана емес, ол әр дайым дамып, жаңа келбетін қабылдап, қазіргі заманғы Қазақ музыкасының ұлттық реңін айқындайтын, опера, балет және симфониялық шығармалардың сюжетіне негіз болатын жанды да жарқын мәдениет.
Сабақтың әрбір тақырыбы суреттермен бейнеленген. Сол себепті суреттермен жұмыс жасаған жөн. Көптеген облыс, аудан және ауыл орталықтарында концерт залдары мен филармониялар, опералық театрлар шектеулі болғандықтан, мұғалім музыка сабағында мерекелік көңіл‑күйді немесе оқушының концерт залдарын сезіну жағдайын жасай білгені дұрыс. Оқушымен бірге музыкалық аспаптардың қалай жасалғандығын, әртістердің киім үлгісін, сахнаның құрылымын, опералық спектакльдердегі декорацияларға мән беріп қарастыру қажет. Егер әрбір сабақ қызықты өтетін болса ғана, оқушының классикалық музыканы сезіммен қабылдап, оған деген өзіндік талғамының қалыптасуына ықпал ететінін ескерген жөн. Яғни симфониялық музыка концерттерін тыңдау, балет және операға бару ықыласын тудыру.
Пәннің ерекшелігі: Алғашқы үш сыныпқа қарағанда бұл оқулықтың айырмашылығы ақпараттылығының басым болуында. Көптеген жаңа музыкалық атаулармен танысады. Оқушы көптеген жаңа атауларды игеру үшін, музыкалық сөздік арнап онымен жыл бойы жұмыс жасайды. Бұл жұмыс оқушының алған білімін тиянақтап отыруына ықпал етеді. Мұғалім сөздікпен сабақ барысында жұмыс жасап үйретіп, сонан соң үй тапсырмасы ретінде бергені дұрыс.
Әрбір сабақ тақырыбы негізгі және қосымша материалдан тұрады. Сабақтардың тақырыбын толықтыра түсетін қосымша оқу материалдары енгізілген. «Біліп ал» және «Білесің бе?» рубрикасы оқушының өз бетінше білімі мен біліктілігін ұштай түсетін жұмыс түріне бағытталған. «Ойлан да айт!» рубрикасында оқушы өз ой-өрісін дамыта отыра яғни бүгінгі таңда музыка өнерінде болып жатқан жаңалықтарға жеке көзқарасын қалыптастыруға арналған жұмыс. Бұл рубрикалар арқылы жасалған жұмыс оқушының білімін ұштап қана қоймай, оның танымдық көзқарасын, жан-жақты ой-өрісін, дүниеге, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын қалыптастыруға арналған. Оқушы музыка арқылы өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға талпынады. Оқушы алған білімін оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмалар арқылы бекітіп отырады.
Сонымен оқулықты әрбір сабақтың негізгі материалы және өзіндік жұмысқа арналған қосымша деректерді қамтиды. Әрбір сабаққа берілген материал артық болуы әбден мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақ жоспарын өздігінше құрып, оқушылардың мүмкіндігін ескере отыра музыкаға деген қызығушылығы мен талғамын арттыруға тырысып бағуы абзал.
I тоқсан
Ұлы ұстаздар көші
1.1. Күй дәстүрінің шежіресі – Қали Жантілеуов
1. Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрі және орындаушылары жайлы
әңгіме.
2. Күй тыңдау: Қали Жантілуов, халық аспаптар оркестірі және
«Ұлытау» тобының орындауында Құрманғазының күйі «Адай».
3. Домбыра үйрену: Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйімен жұмыс
жасау.
Сабақ барысы
1. Тоқсанның басты тақырыбы – ән-күйлеріміздің сақталуы мен дамып жетілуі, орындаушылық мектептер мен күйшілер жайлы әңгімелеп беру. Біздің оқушылар әншілік және күйшілік дәстүрдің батыс және шығыс Қазақстанда сақталған орындаушылық мектептер жайлы хабары бар. Әрбір өңірде өзіндік орындаушылық мектептер қалыптасқан. Әнші, күйші, сал-серілердің ізіне ерген шәкірттері арқылы халық музыкасы жалғасын тапты. Әсіресе, 19 – 20 ғасырдың басында Батыс Қазақстанның күйшілік дәстүрі үш бағытта дамыды. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей сынды күйшілер шыққан Бөкей ордасындағы орындаушылық мектеп, Боғда, Қазанғап жалғастырған Ақтөбе өңірінде және Құлшар, Есір сынды күйшілер Маңғыстау өңірінде орындаушылық мектептерді қалыптастырды. Бөкей ордасының күйшілік дәстүрін бүгінгі күнге жеткізуші Қали Жантілуов болды. Ұлы Мәмен күйшінің шәкірті болған Қали, XX ғасырдағы дәстүрлі орындаушылық мектепті жалғастырушы. Қали Жантілеуовтың орындауындағы көптеген күйлер бүгінгі орындалып келе жатқан күйлердің классикалық түрінің қалыптасуына негіз болды.
Құрманғазы күйшінің дәстүрлі мектебінің жалғасуы жайлы шежіре-дерек:
Қ ұрманғазы
Мамен – Дина
Қали Охап
Қаршыға Шаміл Тұяқ Абдулхамит Айтжан
Ахмедияров Әбілтаев Шамелов Райымбергенов Тоқтағанов
Осындай күйші – орындаушылардың арқасында ұстаздан шәкіртке ұластырған төрт ұрпағы Батыс Қазақстан күйшілік мектебінің сақталуына негіз болды.
2. Күй тыңдау:
«Адай» күйінің шығу тарихы жайлы Қали Жантілуов әңгімелеп берген болатын. «Адай» тартыс күй, күйдің қағыс иірімдері қиын
құрылысы жағынан күрделі, өте жүрдек екпінмен орындалады. Осы тартыста Құрманғазы осындай қиын күй орындап жеңіп шыққан екен.
Жаңа замандағы яғни XX ғасырдағы күйшілік дәстүрдің сақталып, дамуы жайлы оқушы «күй тыңдайық» бөлімі арқылы тақырыптың мазмұнын аша түседі. Құрманғазының «Адай» күйі халық аспаптар оркестрінің репертуарына еніп, ел арасына бірден танымал болды. Оркестрдің орындалуында күй жігерленіп, жауынгерлік рухы ашыла түсті. Оркестр күйдің екпінін жылдамдатып, яғни бүгінгі заманның толассыз тоқтамы жоқ тыныс-тіршілігін бейнелегендей әсер береді.
Көптеген музыканттар түрлі музыкалық сайыстарда «Адай» күйін таңдап алып орындайды. Бұл күй өзінің екпінді шабытымен жеңіске де жеткізіп жатады. Анатолий Гайсин «Адай» күйін баян аспабында орындап, халықаралық сайыста жұлдызы жанды. Қазіргі таңда Құрманғазының «Адай» күйіне эстрадалық өңдеу жасалып, көптеген орындаушылар халықтың ықыласына бөленіп жүр. Бүгінгі таңда ел арасына кеңінен танымал болған «Ұлытау» тобы алғаш құрылғанында гитара, скрипка және қазақтың домбырасы әлемдік деңгейде жоғары баға алады деп ешкім сене қоймады. Дегенмен, асқақтаған қазақтың домбырасының жігерлі де рухты үні Голливудта дүгие жүзінен жиналған халықтың көңілінен шығып ең жоғары баға алып, жетістікке жеткені мәлім. Әрине бұл халықаралық сайыста бас жүлдені иеленуге барынша күш пен жігер берген Құрманғазының «Адай» күйі болатын.
3. Домбыра үйрену: Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйі. Күйді үйрету барысында әсіресе екінші такттағы фаршлагтарға мән беру керек. Оны 1-2-3-4 деп санап екпінінен ауытқымау керек. Күйді асықпай орташа екпінде үйреткен жөн.
4. Үй тапсырмасы:
1.Құрманғазының «Адай» күйінің шығу тарихын өз бетінше оқып келу.
2.Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйінің бастапқы буынын қайталау.
1.2. Ән өнерінің кереметін паш еткен – Манарбек Ержанов.
-
Арқа өңірінің дәстүрлі мектебенің әншісі – Манарбек Ержанов жайлы әңгіме.
-
Ән тыңдау: Жаяу Мұса шығармашылығымен танысу. «Ақсиса» әні.
-
Біліп ал: Жаяу Мұсаның өмірбаяндық деректері.
-
Домбыра үйрену: Қазанғап «Шынаяқ тастар».
Сабақ барысы
1. Манарбек Ержанов арқа өңірінің әншілік дәстүрін жалғастырып, жеткізуші. Манарбектің дауысы өте әдемі жоғарғы тенорда, қазақтар мұндай дауысқа «қаз дауысты» деп теңеу айтқан. Әншінің репертуары өте мол болған. Манарбек білмейтін ән кемде-кем. Манарбек – Ақан сері, Біржан сал, Мәди, Әсет, Жаяу Мұса сынды көптеген әнші-композиторлардың әндерін орындап жеткізді.
Манарбек тек ән айтып қана қойған жоқ, ол театр актері ретінде де халыққа танымал бола білді. Манарбек ескіден жеткен әндерді үлкен сахнаға алып шығып оларды кәсіби деңгейге көтерді. Қазақ операларының барлық ариялары қазақ әндерінің негізінде жазылып, оркестр сүйемелдеуімен жаңа заманға лайық жаңғыра түсті.
Манарбектің өнері арқылы оқушылар қазақтың ұлы әнші-композиторы Жаяу Мұсаның шығармашылығымен танысады.
2. Ән тыңдау:
«Ақсиса» әні Жаяу Мұсаның шығармашылығында маңызды орынға ие болды. Ел арасына Мұсаның атын шығарған осы «Ақсиса» әні болатын. Әннің шығу тарихы композитордың өмірімен тығыз байланысты. Ән - әншінің ыза-кегі, теңсіздікке қарсы күресі сынды көңіл – күйін аңғартқандай. Ән өте жоғары регистрда және шабытты екпінде орындалады. Бірақ әннің әуеніне мән беріңіз! Әннің әуені өте тартымды және тез есте сақталады. Әннің жоғары регистрде басталуы әуеннің қазақ даласының көк аспанында қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Сондықтан бұл ән халық арасында кеңінен танымал болады.
«Ақсиса» әні бүгінгі таңда да халықтың сұранысына ие болған. Қазіргі заманда ел-халыққа танымал әншілердің репертуарынан кеңінен орын алды. Әннің мазмұны бүгінгі заманмен де үндесіп жатады. Бұл әнді қазақстанның халық әртісі Ғафиз Есимовтың орындауында тыңдап көрелік. Бүгінгі заманда «Ақсиса» әні көбіне-көп оркестрдің сүйемелдеуімен орындалып жүр.
3. Біліп ал!
Бұл тапсырма үй тапсырма ретінде де қолдануға болады. Яғни оқушы осы тапсырма арқылы өз бетінше жұмыс жасай алады. Жаяу Мұса (1835-1929) ұзақ ғұмыр кешкен. Оның шығармашылығы бүгінгі заманмен де үндесіп жатыр. Жаяу Мұса Қазақстанның солтүстік өңірінде Павлодар облысында өмір сүрген. Ресейге жақын орналасқан өңір болғандықтан, Жаяу Мұса орыс халқымен етене араласып, орыстың балайка және скрипка аспабын да меңгере білген.
4. Домбыра үйрену: Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйін әрі қарай үйрену. Мұғалім күйдің бірінші тактісіндегі секунданы орындауға аса назар аударуы керек. Және екінші тактісіндегі фаршлагтарды санап ойнаған жөн.
5. Үй тапсырмасы:
-
Манарбек Ержановтың баяндауындағы Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әнінің тарихын оқып келу.
-
«Біліп ал» тапсырмасы бойынша өз бетінше жұмыс жасау.
-
Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйінің үйренген буындарын пысықтау.
1.3. Әншілік өнердің хас шебері – Жүсіпбек Елебеков.
1. Арқа өңірінің әншілік дәстүрі жайлы әңгіме. Жүсіпбек Елебековтың Арқа әншілік мектебінің дамуына қосқан үлесі. Мади шығармашылығымен танысу.
2.Ән тыңдау: Кұрманғазы «Сарыарқа»
3.Біліп ал: Мәдидің өмірі жайлы қысқаша дерек.
4.Домбыра үйрену: Қазанғап «Шынаяқ тастар».
Сабақ барысы
1. Қазақстандағы дәстүрлі ән өнерінде Жүсіпбек Елебеков орны ерекше.Ол XX ғасырдағы Арқа әншілік дәстүрін сақтап бүгінгі заманға жеткізуші асқақ әнші болатын. Жүсіпбек шебер әнші ғана емес, сал-серіге тән бойында қасиеттер бар болатын . Сондықтан да болар Жүсіпбек көп әншілердің ішінен дараланып тұрады. Жүсіпбек әнді салмақты, бірқалыпты, баппен нақышына келтіріп орындайтын. Ол өзінің әнді орындау шеберлігімен яғни кең диапазонды әндерді қиналмай еркін айтатын. Ол үлкен сахнада ән орындауда көрерменнің ығына жығылмай, әннің әуені мен мазмұнына терең бойлайтын. Ол Ақан, Біржан, Мәдидің әндерін асқан шеберлікпен орындап жеткізген.
Арқа өңірінің әншілік дәстүрі ұстаздан шәкіртке жалғасып,
төмендегідей әншілердің орындауында бүгінгі заманға жеткен:
А қан сері, Біржан сал, Мәди
Әміре
Жүсіпбек
Мәдениет Ешекеев Жәнібек Кәрменов Қайрат Байбосынов
Бекболат Тілеуханов
2.Ән тыңдау:
Мәдидің барлық әндері оның өмірімен тығыз байланысып жатыр. «Қарқаралы» әнін тыңдамас бұрын оның тарихымен таныстырып өткен жөн. Оқушы әннің мазмұнымен танысып, Мадидің басына түскен ауыр қайғыны сезінуге тырысады. Орындаушымен бірге әнді барлық сезіммен тыңдап түсінуге мүмкіндік алады. «Қарқаралы» әнінің диапазоны өте кең, әнді орындау әншіден үлкен шеберлікті талап етеді. Жүсіпбек бұл әнді асқан шеберлікпен, Мәдидің басына түскен бүкіл ауыртпалықты тереңінен сезіне отырып, тебірене орындайды. Бүгінгі күнде Мәдидің әндерін көптеген әншілер репертуарына қоса бермейді. Өйткені Мәди әндерін орындау нағыз кәсіби шеберлікті талап етеді. Мәди әндерінің мазмұндық тереңдігі мен психологиялық толғанысы тұрғысынан опера арияларынан кем түспейді. Сондықтан болар Мәдидің «Қаракесек» әні опера театрының бас және баритон дауысты әншілерінің репертуарынан нық орын алған.
3.
Біліп ал!
Мәдидің өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша мәлімет. Бұл тапсырма оқушылардың өз бетінше жасалатын үй жұмысы ретінде қолдануға болады.
4. Домбыра үйрену: «Шынаяқ тастар» күйінің келесі буынын үйрену:
5. Үй тапсырмасы:
1.Жүсіпбек Елебековтың шығармашылығы мен Мәдидің «Қарқаралы» әні жайлы оқып келу.
2.«Шынаяқ тастар» күйінің үйренген буындарын қайталау.
3.«Біліп ал» бөлімін өз бетінше оқып, талдап келу.
4.Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйінің үйренген буындарын пысықтау.
1.4. Қара қобызды сарнаткан — Жаппас Қаламбаев.
-
ХХ ғасырдағы қобыз дәстүрінің дамуы жайлы әңгіме. Жаппас Қаламбаевтың қобыз дәстүрінің сақталуындағы алатын орны.
-
Күй тыңдау: Ықылас. Жез киік.
3. Ойлан да айт: Не себептi «Жез киiк» аңызын көне аңыз деп
есептеймiз?
4. Бiлiп ал: Дәстүрлі қыл қобыз бен
қазіргі сым-қобыз.
5. Домбыра үйрену: Қазанғап «Шынаяқ тастар».
Сабақ барысы
1. Қобыз дәстүрінің сақталып, жалғасуына зор ықпалын тигізген күйші Жаппас Қаламбаев болатын. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі қобыз дәстүрінің сақталуының өзіндік тарихи ерекшелігі бар. Кеңес дәуірінде қобыз тартқан бақсылар қудаланып, ХХ ғасырдың 30 жылдарына таман қобызшылық дәстүр мүлде жойылуға айналады. Көптеген бақсы мен қобызшыларды жақсы білген Сүгір күйші ғана қобыз дәстүрінің жалғасуынан өз үлесін қосқан болатын. Бірақ Сүгір ол күйлерді қобыз аспабында емес домбырада орындап қобыз күйлерін сақтап қалды. Себебі қобыз аспабын ойнауға тиым салынған болатын. Сондықтан Сүгір қалайда да бұл күйлерді сақтап қалу мақсатында домбыраға салып ел арасына таратып жүрді. Ал Жаппас Қаламбаев болса, бұл күйлерді қобызға салып қайта жаңғыртты. Сөйтіп Сүгір мен Жаппастың арқасында қобыз дәстүрі өз жалғасын тапты.
2. Күй
тыңдау:
«Жез киік» күйінің тарихы. Бұл күй өте ерте замандардағы аңшылықпен байланысқан аңызға арналған. Көне заманда ата-бабаларымыздың түсінігі бойынша өзіне қажетті ғана аңын атып алуға рұқсат еткен. Егер аңның бір түрінің 999 атып өлтіріп, астамшылық жасап аңға қиянат етсе аң иесі яғни Жез киіктің өзі аңшының алдынан шығатын болған. Жез киіктің кеудесі күнге шағылысып оқ дарымайды екен. Ал аңшының атқан оғы қайрылып өзіне соғатын болған. Бұл күй осындай қазақтың өте көне аңызының желісіне құрылған екен.
Қыл қобыз аспабы бүгінгі заманда қайта жаңғырды. Ескі қобыз екі ішекті қылдан жасалған болса, кейін келе сымнан төрт ішек тағылып қайта жасалды. Қазіргі кезде бұл күй көбіне төрт ішекті сым қобыз аспабында орындалып келеді. Төрт ішекті сым қобызды алғаш меңгерген Жапппас Қаламбаевтың шәкірттері Гүлнәфис Баязитова, Фатима Балғаева болатын. «Жез киік» ең алғаш рет сым қобызда күй сандықтың сүйемелдеуімен орындалған болатын. Бүгінгі таңда бұл күй халық арасында кеңінен танымал. Көптеген қобызшылар бұл күйді эстрадалық өңдеумен де орындап жүр.
3. Ойлан да
айт.
Не себептi «Жез киiк»
аңызын көне аңыз деп есептеймiз?
Бұл сұрақ бойынша жауапты
оқушылармен бірге сабақ барысында кеңінен талдауға болады. Көптеген
аңыздар мен ертегілердегі көне ғұрыптық салт-жораларды аңғаруға
болады. Сондықтан оқушының назарын осы бір ерекшелікке аударған
жөн. Бір қарағанда аңыз-ертегі сияқты болғанымен, оның астарында
аңдарды ермек үшін жазықсыз өлтіруге болмайды деген халықтың наным
– сенімі сақталған. Бүгінгі күнге дейін аңшылар осындай көне заңды
бұзбай келеді. Ал бұл заңды бұзған аңшы жамандыққа ұрынып, өз
несібесінен айрылады деп есептейді. Бұл аңыз өте көне, себебі Жез
киік қазақтың ұғымында қай заманнан бері аң иесі болып
саналады.
4.Біліп ал!
Оқушылар бастауыш сыныпта қобыз аспабымен танысқан болатын. Сондықтан бұл жұмысты үй тапсырмасы ретінде өз бетінше орындауға болады. Ең бастысы оқушылар екі аспаптың арасындағы айырмашылыққа назар аударуы керек.
5. Домбыра
үйрену: «Шынаяқ тастар» күйiнiң келесі
буынын үйрену:
6. Үй тапсырмасы:
1. Жаппас Қаламбаев пен қобыз дәстүрі жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімін оқып, талдау.
3. Домбырада үйренген «Шынаяқ тастар» күйінің буындарын қайталау.
1.5. Әнiн көкке қалықтатқан - Ғарифолла Құрманғалиев.
1.Батыс Қазақстан
әншілік дәстүрі жайлы әңгіме.
Ғарифолла
Құрманғалиев шығармашылығы.
2. Ән тыңдау: Мұхиттың «Үлкен айдай» әні,
және Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан Шегенің
ариясы.
З.
Бiлiп
ал: Мұхиттың өмірі жайлы қықаша
мәлімет.
4. Домбыра
үйрену: Қазанғап «Шынаяқ
тастар».
Сабақ барысы
1. Бірінші рет Батыс Қазақстан өңірінің әншілік дәстүрі жайлы әңгіме болмақ.. Бұл әншілік дәстүр ұлы Мұхит сал шығармашылығымен тығыз байланысты. Мұхит әндері Арқа өңірінің әндерінен айырмашылығы оның өсиеттік, тағылымдық мазмұнымен, өте екпінді де жігерлі көңіл-күйімен ерекшеленеді. Мұхит әндерінде Батыс Қазақстанның күйшілік дәстүріне тән домбыраны төкпелетіп орындау басым. Дегенмен, әннің мазмұнынан ішкі мұң мен шер, жанның күйзелісі мен зарын аңғаруға болады. Мазмұны терең, сол заманның тарихи белесін көз алдыңнан өткізгендей әсер береді. Мұхиттiң әндерiнің диапазоны өте кең, сондықтан әншiден үлкен орындаушылық шеберлікті талап етеді. Ғарифолла Құрманғалиев Мұхит дәстүрінің сақталып оның кеңінен таралуына зор үлесін қосқан шебер орындаушы.
Батыс өңіріндегi әншiлiк дәстүр өкілдері:
Мұхит
Ш ыңтас пен Шайхы
Ғарифолла
Әскербек Еңкебаев,
Кажыбек Бекбосынов, Қапаш Құлышева,
Сауле Жанпейiсова
Ғарифолла қазақ театр өнерінің қалыптасып, дамуына өзінің зор үлесін қосты. Ол театр сахнасында 20 астам рольдерді сомдаған. Өзінің көптеген әндерін өзі ойнаған рольдерде өте тұшымды пайдалана білді
2. Ән
тыңдау:
Ғарифолланың
орындауында Мұхиттың «Үлкен айдай» және Е.Брусиловскийдің «Қыз
Жібек» операсынан Шегенің ариясы берілген. Мұхиттың «Үлкен айдай»
әні ел арасында ең танымал әндердің бірі. Ең әуелі оқушының назарын
әннің көңіл күйіне аударған жөн. Бұл ән өте жүрдек екпінде, ең
жоғарғы дыбыста шарықтатып орындалады. Сондықтан бұл әнді
кез-келген әнші орындай бермейді. Бұл әнді орындау үшін кең
диапазонды, өз дауысының мүмкіндігін игере білетін кең тынысты
шебер әнші болу қажет. Әнді орындауда әсіресе домбыра аспабын да
өте жақсы меңгеру де керек. Төкпе күйге тән екпінді қағыстар бұл
әннің мазмұнын аша түседі.
Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Шегенің ариясын Ғарифолла Батыс Қазақстан өңірінетән «желдірме» жанрында орындап Шегенің рөлін шеберлікпен сомдаған. Ол өте жүрдек екпінде, тақпақтатып немесе жаңылтпаш айтқандай орындап ерекше ел аузында сақталып қалды. Оқушылармен бірге осы екі әнге ортақ жігерлі де шабытты мінезі мен көңіл-күйін талдауға болады
3. Біліп ал!
«Біліп ал» бөлімінде Мұхиттың қысқаша өмыры мен шығармашылығы жайлы мәлімет берілген. Бұл бөлімді оқушы өз бетінше үй жұмысы ретінде қарауына болады.
4. Домбыра
үйрену: Домбырадан «Шынаяқ тастар»
күйiнiң келесі буынын үйрену. Мұғалім үшінші тактідегі лигаға аса
назар аудару керек. Бұл лигаға жеке тоқталып, көбірек қайталап
орындаған дұрыс.
5.Үй тапсырмасы:
-
Әнші Ғарифолла Құрманғалиев пен Мұхит шығармашылығын оқып келу.
-
«Біліп ал» бөлімі бойынша оқып, талдау.
-
Домбырада «Шынаяқ тастар» күйінің үйренген буындарын қайталау.
1.6. Күй аңызын ардақтай жеткiзген - күйшi Дәулет Мықтыбаев.
1. Ықылас дәстүрін
жалғастырушы Дәулет Мықтыбаев жайлы әңгіме.
2. Күй
тыңдау: Ықыластың
«Шыңырау»
күйі.
3.
Ойлан
да айт: Калай ойлайсың Дәулет
Мықтыбаевтың қобыз күйлерiн орындаудағы ерекшелігі
неде?
4. Домбыра
үйрену: Казанғап «Шынаяқ тастар».
Сабақ
барысы
1. ХХ ғасырдағы қобыз дәстүрінің дамуы мен жалғасуы жайлы әңгіме еткенде Дәулет Мықтыбаевты айтпай кету мүмкін емес. Оның өмірі осы қасиетті аспаппен астасып жатқандай. Жасынан ол ұлы күйші-қобызшы Ықыластың баласы Түсіпбек ақсақалдан тәлім алады. Кейін келе Ықыластың шәкірті атақты Әбікей қобызшыдан шеберлігін шыңдайды. Сөйтіп Дәулет Ықыластың күйшілік дәстүрін жалғастырады:
Ықылас
Түсіпбек Әбікей
Дәулет
Қуаныш
Әжімұратов Базархан Қосбасаров Әбдіманап
Жұмабеков
Дәулет 1934 жылы Алматыда өткен I-ші бүкіл Қазақстандық халық орындаушылар слетіне қатысып, өз өнерін көпшілікке паш етеді. Осыдан кейін Дәулет қобызшы ретінде филармонияға жұмысқа қабылданады. Егер бұған дейін қобыз күйлері бақсы-балгерлердің аспабы ретінде ауылда орындалса, енді Дәулет қобыз күйлерін үлкен сахнаға алып шығады. Көптеген жылдар бойы Дәулет Мықтыбаев Қорқыт пен Ықылас күйлерін орындап, Қазақстанның түкпір-түкпірін аралады. Сөйтіп, Қорқыт пен Ықылас күйлері ел арасына кеңінен таралды. Өмірінің соңғы кезеңінде Дәулет Мықтыбаев Алматы консерваториясында қобыз класын ашып, көптеген шәкірттер тәрбиелейді. Дәулет Мықтыбаевтың шәкірттері Қуаныш Әжмұратов, Базархан Қосбасаров және Әбдіманап Жұмабеков бүгінгі күнде Республикамызға танымал күйшілер.
2. Күй тыңдау:
Көптеген көне аңыздың сюжеті
қобыз күйлерінде молынан кездеседі. Ал, Даулет Мықтыбаевтың
баяндауындағы «Шыңырау» күйінде Ықылас жыланнан өз балапандарын
қорғаған құстың жанталасын күй арқылы бейнелеген екен. Күй өмір мен
өлімді, ержүректілік пен батылдықты бейнелейді. Ықылас
құс та болса өз балапандарын коргап жыланның аузына түсуге
даяр болған аналык сезiмді күй арқылы көрсете білген.
Бұл күйден ысылдаған жыланның үнімен қоса, күйшінің өмір мен өлім
жайлы ой-толғанысын естуге болады.
3. Ойлан да айт!
Калай ойлайсың Дәулет Мықтыбаевтың қобыз күйлерiн орындаудағы ерекшелiгi неде? Дәулет Мықтыбаев барлық күйлерді концерттік формаға дейін жеткізген. Бұған дейінгі сөзге, қимыл мен әрекетке құрылған бейнелі түрдегі қысқа күйлерді Дәулет толық қанды аяқталған шығармаға айналдырды. Дәулет Мықтыбаев қобыз күйлеріне жаңаша рең берді.
4. Біліп
ал!
«Біліп ал» бөлімінде берілген Ықыластың шығармашылығы жайлы қысқаша мәліметті үй жұмысы ретінде тапсыруға болады.
5.Домбыра үйрену: Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйiнiң келесі буынын үйрену:
6.Үй тапсырмасы:
1. Дәулет Мықтыбаев шығармашылығы мен Ықыластың «Шыңырау» күйі жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімін оқып, талдау.
3. Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйінің үйренген буындарын қайталау.
1.7. Ұстазды ұлы тұтқан — күйшi Төлеген Момбеков.
-
Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау домбырашылық дәстүрі жайлы әңгіме.
-
Күй тыңдау: Сүгірдің күйі «Бес жорға».
-
Біліп ал: Сүгірдің өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша мәлімет.
-
Домбыра үйрену: Қазанғаптың күйі «Шынаяк тастар».
Сабак барысы
1. Күйші Төлеген Момбековтың шығармашылығы арқылы бірінші рет Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау домбырашылық мектебін ұсынғалы отырмыз. Қаратау өңірінің домбырашылық дәстүрін қалыптастырушы ұлы күйші Сүгір Әлиұлы болды. Қаратау орындаушылық мектебінің басты ерекшелігі шертпе және төкпе күй мектептерінің тоғысып жатуында. Күйлерге шертіп ойнау тән болғанымен, кей күйлерден төкпе күйлердің қағыс иірімдері мен құрылысын байқауға болады. Мысалы, Сүгірдің «Ыңғай төк» күйінде бас буын, орта және саға сияқты төкпе күйдің құрылысын анық көруге болады. Дегенмен бұл орындаушылық мектеп Қаратау өңірінде қалыптасқан шертпе күй дәстүрі болып саналады. Төлеген Момбеков шертпе күйдің шебері атанған ұлы күйші. Төлеген - Сүгір, Бапыш, Әлшекей күйлерін сақтап бүгінгі күнге жеткізді. Төлеген Момбеков тек орындаушы ғана емес, ол күйші – композитор болды. Төлеген Момбеков – «Қосбасар», «Салтанат», «Мың жылқы», «Анама», «Толқын», «Қат‑қабат», «Қоштасу», сынды көптеген күйлер шығарып, Қаратау өңірінің күйшілік мектебіне өзінің зор үлесін қосты.
Қаратау өңіріндегі шертпе күй дәстүрі:
Сүгiр
Бапыш
Төлеген
Бiләл Ысқақов Рүстем Күлшебаев Жанғали
Жүзбаев
2. Күй
тыңдау:
Оқушылармен бірге Төлеген Момбековтың орындауында Сүгірдің «Бес жорға» күйін тыңдап көрелік! Бұл күй оқушының қабылдау мүмкіндігіне сай деп айтуға болады. Сүгір күйлерінің аңыз‑әңгімесі жоққа тән, бұл күйлер ой‑толғау немесе көңіл‑күйге байланысты туындаған. «Бес жорға» күйін мән беріп тыңдау қажет. Күй бірнеше буындық бөлімнен тұрады. Күйді тыңдай отырып, әрбір буынындағы кездесетін орындаушылық түрлі әдістер мен қағыс ерекшелігін айқын аңғарамыз. Күй тартысқа арнайы келе жатқан бес жігіттің астына мінген жорғаларының жүрісі, көңіл‑күйінің толқынысы, жүрек толғанысын да сезгендей әсер қалдырады.
3. Біліп ал!
Сүгірдің өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша деректі үй тапсырмасы яғни өзіндік жұмыс ретінде беруге болады. Оқушының назарын Сүгірдің өмір сүрген кезеңіне аударған жөн. Себебі Сүгір шығармашылығы XX ғасырдың бірінші жартысына тән. Бұл арқылы Қаратау шертпе дәстүрінің басқа орындаушылық мектептерден әлде қайда кеш дамығанын байқауға болады. Сондықтан да әр түрлі орындаушылық дәстүрдің яғни Сүгір шығармашылығындағы төкпе және шертпе күйдің тоғысып жатуы осының айғағы деп айта аламыз. Сүгір екі дәстүрді де өте жақсы білген және екі дәстүрлі орындаушылық мектепті тоғыстыра алған ұлы күйші‑композитор.
4. Домбыра үйрену: Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйiн әрі қарай үйрену. Күйдің екінші тактісіндегі лигамен фаршлагқа мән беру керек. Ырғақтан шығып кетпесі үшін санап ойнау қажет.
5.Үй тапсырмасы:
1. Төлеген Момбеков шығармашылығы мен Сүгірдің «Бес жорға» күйі жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімін оқып, талдау.
3. Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйінің үйренген буындарын қайталау.
1.8.
Казакты Гәкку
әнiмен
тамсандырған —
Кайрат
Байбосынов
1. Қайрат Байбосыновтың
шығармашылық келбеті. Үкілі Ыбырайдың әндерімен
танысу.
2. Ән
тыңдау: Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін
Қайрат Байбосыновтың орындауында тыңдау. Е.Брусиловскийдің «Қыз
Жібек» операсынан Жибектің ариясы.
З. Бiлесiң бе: Қазіргі замандағы дәстүрлі әндердің даму барысы жайлы әңгімелеу.
4. Ойлан да
айт: Қалай ойлайсың, не
себептi кей әндер танымал болып есте сақталып қалады, ал кей әндер
бiрден-ақ ұмытылып кетедi? Қазiргi заманға танымал болган әндi атап
бере аласың ба?
5.Домбыра
үйрену: Қазангап «Шынаяк
тастар».
Сабақ барысы
1. Бүгінгі таңда Қайрат Байбосынов қазақ мәдениетінде маңызды орынға ие болған. Қайрат Байбосынов ұстаздан тәлім алған дәстүрлі орындаушы. Ол Жүсіпбек Елебековтың шәкірті болып Арқа әншілік дәстүрін жете меңгерді. Қайрат Байбосынов өте ізденімпаз орындаушы. Ол көптеген айтылмай кеткен әндерді ел арасынанан жинап, халық орындаушыларына арнайы барып жазып алып, өз репертуарына қосты. Қайрат Байбосыновтың репертуарының негізін құрайтын әсіресе Біржан сал мен Үкілі Ыбырайдың әндері. Үкілі Ыбырайдың бүгінгі күнде танымал болған көптеген әндері Қайрат Байбосыновтың орындауында жеткен. Сондай әндердің бірі Үкілі Ыбырайдың әні «Гәкку».
2.Ән тыңдау:
Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін әр түрлі орындауда ұсынып отырмыз. Бұл әнді Қайрат Байбосыновтың домбырамен орындауында және Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан Жібектің ариясы ретінде Күләш Байсейітованың орындауында тыңдай аламыз. Бұл екі орындаудағы әннің әуені бір болғанымен жанрлық тұрғыда екі басқа шығарма болып саналады. Яғни бірі ән болса, бірі ария. Бұл әнді тыңдай отыра әншілердің дауыс ерекшелігіне мән беріңіз. Қайрат Байбосыновтың дауысы музыкалық тілмен айтқанда – баритон дауысты болса, Күләш пен Бибігүлдің дауысы сопрана дауыста орындайды. Ыбырайдың бұл әні Какима қыздың сұлулығына оған деген махаббат сезіміне арналған. Сондықтан болар Жібектің нәзіктігін көрсету үшін операның басты ариясы ретінде Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін пайдаланған. Екі әндегі домбыраның сүйемеліне де назар аударған жөн. Домбыра аспабы жігерлі әрі ішкі толқуды аңғартқандай әншінің көңіл-күйін көрсете алады. Ал операда композитор Жібектің сезімін көрсету үшін нәзік үнді скрипка аспабының сүйемелін шебер қолданады. Сонымен қатар композитор әннің екпінін баяулатып оған сырлы да сазды көңіл-күй береді. Сөйтіп Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні опералық сахнада өзінің жаңа келбетін ашып, жаңаша жаңғырып халықтың жүрегінен орын алады.
3. Білесің бе?
Бұл бөлімнен қазіргі заман мен дәстүр сабақтастығын көруге болады. Бүгінгі заманымызға танымал болған эстрада әншісі Медеу Арынбаев Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әніне эстрадалық өңдеу жасап орындады. Медеу Арынбаев Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнінің әуенін еш өзгертпей, қазіргі заман аспаптарын шебер пайдалана білді. Әнге жүрдек екпін қосып, ұрмалы аспаптар арқылы жүректің толқынысын сездіріп яғни бұл әнді жаңа заманға лайық етіп жаңаша құбылтып орындады. Уақыт өзгергенімен, жақсы ән ескірмейді. Заман өткен сайын өзінің жаңа келбетін аша түсіп, ғасырдан ғасырға жалғаса бермек.
4. Ойлан да айт!
Қалай ойлайсың, не себепті кей әндер танымал болып, есте сақталыпқалады, ал кей әндер бірден ақ ұмытылып кетеді?
Қазіргі заманға танымал болған әнді атап бере аласың ба?
Бұл сұрақ арқылы осы тоқсанда өткен тақырыптарды қорытындылай түсеміз. Оқушы үшін бұл сұраққа жауап беру оңайға түспейді. Себебі, бүгінгі заманның даму қарқыны мен дәстүрлі өнердің сақталып қалуы жайлы ой толғау қажет болады. Қай заманда болмасын тыңдаушы яки көрермен өзі тыңдаған шығарма мен әнші арқылы өзінің ішкі қуанышы мен қайғысын бөлісіп сырласқандай сезім арқылы есте сақтайтын болған. Сондықтан болар, Ақан серінің «Маңмаңгер», Естайдың «Қорланы» сияқты әндер ел арасында кеңінен танымал болды. Себебі, бұл кез-келген адамның басындағы қайғы мен мұңды шерткендей, ал «Гәкку» әні болса ғасырлар бойы адам баласының бір-біріне деген ыстық ықыласын сездіре алатын махаббаттың ән ұраны іспетті құдіретті әнге айналғаны сол себептен болар.
Ал екінші сұрақ бойынша жауап беру қиынға соқпас деп ойлаймыз. Өз өңірлеріңізде танымал болған әндер мен әнші, күйші мен жыршыларды айтып, олардың өнері жайлы әңгімелеуге болады. Бұл шығармаларды бүгінгі заманмен салыстыра отыра түрлі ой сайысын да өткізуге болады.
5. Домбыра үйрену: Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйін әрі қарай үйрену.
6. Үй тапсырмасы:
1. Қайрат Байбосыновтың шығармашылығы мен Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні жайлы оқып келу. 2. «Ойлан да айт» бөлімі бойынша өз бетінше жұмыс жасау. 3. Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйнінің үйренген буындарын жаттап келу.
1.9. Қазатың жезтаңдай әншiсi Жәнiбек Кәрменов
1
.Жәнібек
Кәрменовтың шығармашылық келбеті.
2.
Ән тыңдау: Балуан Шолақтың әні
«Ғалия».
3.
Бiлiп
ал: Балуан Шолақтың өмірі жайлы қысқаша мәлімет.
4. Домбыра
үйрену:
Қазанғап «Шынаяқ
тастар».
Сабақ
барысы
1. ХХ ғасырдың екінші жартысында ән өнерінің дамуына зор үлесін қосқан әнші – Жәнібек Кәрменов. Ол тек қана асқан әнші емес, қазақ әндерінің шығу тарихын зерттеп, оны жинақтай да білген. Ол көптеген әндер мен әнші-композиторлар жайлы мәліметтерді ел арасынан жиып, оларды жазып алып, жинақ етіп шығара да білді. Ал ең басты Жәнібек барлық дәстүрлі ән мектептерінің әндерін шебер орындай алатын да еді. Әсіресе, Жәнібек ән айту мәдениетіне, халық композиторларының стильдік ерекшелігі, домбыра сүйемелі мен әннің мазмұнын түсініп айтуға көп көңіл бөлетін еді.
Өзінің жинақтаған еңбектерін баспа бетінен жарыққа шығарып, Ақселеу Седімбековпен бірге теледидар арқылы музыкалық хабарлар жасап, қазақтың ән өнерін кеңінен насихаттауға өз үлесін тигізді. Жәнібек Кәрменов алғаш рет Алматы консерваториясынан «Халық әндері» кафедрасының ашылуына да өз үлесін қосқан болатын. Сол кафедраны басқарып, көптеген шәкірттер тәрбиелейді. Бүгiнгi күнде Жәнібек Кәрменовтың елге танымал Бекболат Тілеухан, Әділет Мұса, Ербол Сарин сынды шәкірттерін мақтанышпен атай аламыз.
Жәнібектің орындауында Балуан Шолақтың «Ғалия» әнін ұсынып отырмыз. Оқушы бүгінгі күнде кәсіби классикалық әндерге айналған әр өңірдің ән дәстүрінің ерекшелігімен танысып білгені жөн. «Ғалия» әнінің тарихы мен оның мазмұны өте қайғылы. Бір-біріне қосыла алмаған Ғалия мен Балуан Шолақтың басына түскен дерт. Ғалия атастырып қойған адамына сатылып кетуі. Әнді тыңдап отырсаңыз ішкі жанның күйзелісі мен күйінішін сезгендей әсер етеді. Әнде махаббат сезімін сездіре алатын нәзік те сырлы үнді де естуге болады. Бұл ән Балуан Шолақтың ең шоқтығы биік әндерінің бірі.
2. Ән
тыңдау:
Балуан Шолақтың «Ғалия» атты әні терең сезiмді бейнелеген сыршыл ән. «Айым да сен Ғалия, Күнiм де сен» деген сөздері әрдайым қайталанып, Балуан Шолақтың Ғалиляға деген махаббатын әсерлей туседі. Ал, қайырмасында бір үміт, жiгер бергендей әсерге қалдырады. Бұл әнді айту үлкен шеберлiктi қажет ететiн күрделі әндердің бірі. Олай болса, Жәнібек Кәрменовтың орындауында Балуан Шолақтың «Ғалиясына» құ лақ түрелiк!
3. Біліп ал!
Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша мәліметті өз бетінше жұмыс жасау үшін үй тапсырмасы ретінде беруге болады.
4. Домбыра уйрену: Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйiнің келесі буынын үйрену. Әсіресе, үшінші такттағы лигаларға аса мән беріп орындау керек.
5. Үй тапсырмасы: 1. Жәнібек Кәрменовтың шығармалығы мен Балуан Шолақтың «Ғалия» әні жайлы оқып келу. 2. «Біліп ал» бөлімі бойынша өз бетінше жұмыс жасау. 3. Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйнінің үйренген буындарын жаттап келу.
1.10. Бақылауға арналған тапсырмалар.
1- тоқсанда оқушы қазақтың дәстүрлі өнерімен танысып, білімін қорытындылай түседі. Бақылау сабағын өте қызықты етіп өткізуге болады. Ол үшін «Біздің табыс» деп аталатын ойын технологиясын қолдануға ұсынамыз. Сыныпты 3-4 топқа бөліп алыңыз. Әр топқа бөлгенде оқушылардың мүмкіндігі мен бір – біріне деген қарым қатынасын және араларындағы көш басшылары мен оның достарын ескеріп отырған жөн. 1 тоқсанда сабаққа белгілі себептермен қатыса алмаған, берілген оқу материалын меңгере алмаған оқушыларды жақсы білетін оқушылармен араластырып отырғызған абзал. Әрбір топ әр түрлі дәстүрлі мектептердің атынан шығатын болады. Өзіңіз дайындаған карточкаларыңызды таратып бересіз. Әрбір карточкада кемі үш сұрақтан болады. Бұл сұрақтар арқылы оқушы алған білімін қорытындылап, ойын жинақтап жауап беруге талпынады. Әрбір топ оқушылары қаншалықты дұрыс жауап бергені арқылы сарапталады. Әрбір оқушының жауап беруінде табысқа жеткізетін жағдай тудыруға талпынған жөн.
1. Қазақтың күйшiлiк және
әншiлiк дәстүрi кiмдер арқылы сақталып жеттi?
2. Арқа өңiрiнiң әншiлiк дәстүрiн жалғастырушыларды ата?
3. Кобыз күйлерiн орындап жеткiзушiлер кiмдер?
4. Қаратау өңiрiнiң дәстүрлi ерекшелiгi неде?
5. Батыс өңiрiндегi әншiлiк және күйшiлiк дәстүрiн жалғастырушыларды айтып бер?
б. Ұстаз бен шәкiрт дегендi қалай түсiнесiң?
7. Жүсiпбектiң қандай
шәкiрттерiн бiлесiң?
8. Казiргi дәстүрлi орындаушылардан кiмдердi
бiлесiң?
9. Құрманғазы «Адай» күйiн кiмге арнады?
10. Не себептi Мұса жаяу атанды?
11. «Қарқаралы» әнiн кiм шығарды?
12. Жез киiкке неге оң дарымайды?
13. Мұхит
кiмнен бата алады?
14. Дәстурлi әндер мен күйлер қазiргi уакыта калай жалгасуда?
15. Өзіңе ұнаған қандай әндер мен күйлердi ерекше атай аласың?
16. Саған әндер мен күйлер қандай орындауда көбiрек ұнайды? Дәстүрлi орындауда ма әлде
эстрадалық аранжировкада ма?
ІІ тоқсан
Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі.
-
Халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?
-
Қазақтың халық аспаптары жайлы әңгіме.
-
Күй тыңдау: Құрманғазы «Сарыарқа»
-
Ойлан да айт: Не себепті Қазақстанда халық аспаптар оркестрі құрылды?
-
Домбыра үйрену: Қазанғап «Шынаяқ тастар».
Сабақ барысы
1. ХХ ғасырда Қазақстанның музыка мәдениетін қалыптастырудың жаңа кезеңі басталады. Республикамызда мәдени ошақтардың ашылуына байланысты түрлі музыкалық ұжымдардың қажеттілігі туындайды. Ұжымдық өнердің ең биік жетістігі оркестр болып есептеледі. Сондықтан оркестр құру басты мақсат болады. Оркестр құру үшін бірден бірнеше талаптарды орындау шарт болатын: 1) оркестрге кім жетекшілік етеді; 2) оркестр құрамы; 3) оркестрдегі аспаптар тобы; 4) репертуары.
Оркестр құру үшін сол кездегі Ленинград консерваториясында оқып жүрген А.Жұбанов шақырылады. А.Жұбанов Қазақстанның түпір-түкпіріндегі ең жақсы деген күйшілерді жинап, домбырашылар ансамблін жасайды. Оркестр репертуарын барлығы бірге ақылдаса отырып жасайды. Оркестрдегі аспаптардың үнін жақсартуы мақсатында арнайы музыкалық аспап жасайтын шеберхана ашады.
2. Күй тыңдау: Құрманғазы «Сарыарқа».
Оркестрге түскен Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ғаламат күш пен жігерге толы. Оқушының назарын оркестрдегі аспаптардың үнін аударту керек. Оркестрдегі барлық аспаптар бір арнамен бір адамның деміндей дауылдата орындалады. Сарыарқа күйін оркестр орындағанда қазіргі заманның дауылдай соққан ағымына ұласып жатқандай әсер береді.
3. Ойлан да айт: Не себепті Қазақстанда халық аспаптар оркестрі
құрылады?
Бұл сұрақ оқушының ойланып келуіне арналған үй тапсырмасы. Бұл сұраққа екі түрлі жауап беруге болады. Бір жағынан оркестрді музыка мәдениетінің ең жоғарғы жетістігі деп түсінген. Екінші жағынан бүгінгі заманда қазақтың халық аспаптарының жоғалмай дамуы мен күйлердің сақталуына бірден бір жолы болды.
4. Домбыра үйрену: Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйінің саға буынын үйрену.
5. Үй тапсырмасы:
1. Халық аспаптар оркестірі жайлы оқып келу.
2. «Ойлан да айт» бөлімі бойынша жұмыс жасау.
3. Домбырада «Шынаяқ тастар» күйінің саға буынын пысықтау.
2.2. Домбыра мен қобыздың түрленуі
1. Қазақтың халық аспаптарының жетілдіруі жайлы әңгіме.
2. Музыка тыңдау: Белорус халық биі «Полька-Янка».
3. Біліп ал: А. Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы жайында
қысқаша мәлімет.
4. Ойлан да айт: Не себепті бүгінгі күнде музыкалық аспапта
ойнауды нота арқылы үйренеді?
5. Домбыра үйрену: Қазанғап «Шынаяқ тастар».
Сабақ барысы
1. Қазақ халық аспаптарының жетілдіруі жайлы әңгіме.
Оқушылармен бірге әрбір оркестрдегі аспаптар тобының қандай заңдылыққа сай топтастырылғаны жайлы еске түсіріңдер. Әрбір топтағы аспаптар көлемі және дыбыс бояуына байланысты топтастырылған болатын. Бірақ олар сыртқы пішіні және диапазонына байланысты ерекшеленетін. Сонымен қатар әрбір топтағы аспаптар төменгі, ортаңғы және жоғарғы регистрлерді қамтиды.
Халық аспаптар оркестрін қалыптастыру барысында осы заңдылықтар сақталды. Аспаптар дыбыс көлеміне байланысты: домбыра-прима, қобыз-прима, домбыра-альт, қобыз-альт, домбыра-бас, қобыз-бас, домбыра-контрабас, қобыз-контрабас – деп аталды. Сонымен оркестрдегі әрбір аспаптар тобы барлық регистрді қамти алатын болды.
Оркестрдегі аспаптарды жетілдіру барысында қой шегі – нейлонға, қыл шек – сым шекке ауыстырылды. Өйткені олардың құлақ күйінің ауытқымауы шарт еді.
2. Музыка тыңдау: Белорус халық би «Полька-Янка».
Халық аспаптар оркестрінің репертуарында тек қана күйлер емес, сонымен қатар классикалық шығармалар мен әлем халықтарының ән-билері бар. Сондай шығармалардың бірі белорус халық биі «Полька-Янка». Бұл халық аспаптар оркестріне өңдеп түсірілген шоқтығы биік шығармалардың бірі.
3. Біліп ал: А. Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы жайында қысқаша дерек. Бұл тапсырма оқушының өз бетінше жұмыс жасауына арналған.
4. Ойлан да айт: Не себепті домбыра мен қобыз аспабының көптеген түрлерін жасап шығарады?
Бұл сұрақ жаңа тақырыпты қамтитын болғандықтан, бұл тапсырманы үйі жұмысы ретінде берген дұрыс.
5. Домбыра үйрену: Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйінің келесі буынын үйрену. Күйдің бас буынындағы тақырып енді саға буынында сол күйінде қайталанатынын айтып түсіндірген дұрыс.
6. Үй тапсырмасы:
1. Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» және «Ойлан да айт» бөлімдері бойынша өз бетінше жұмыс жасау.
3. Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйін қайталау.
2.3. Оркестр құрамындағы аспаптар
1. Халық аспаптар оркестрі құрамындағы аспаптар жайлы әңгіме.
2. Ойлан да айт:Не себепті бүгінгі күнде музыкалық аспапта
ойнауды нота арқылы үйренеді?
3.Музыка тыңдау: Халық аспаптар оркестірінің орындауында Түркештің күйі «Көңіл ашар».
4. Домбыра үйрену: Қазанғап «Шынаяқ тастар»
Сабақ барысы
-
Халық аспаптар оркестрі құрамындағы аспаптар жайлы әңгіме.
Бұл сабақты өткізу үшін интерактивті тәсілді пайдалануға болады. Сынып оқушыларын бірнеше топқа бөліп, әр топқа өз тапсырмалары мен сұрақтарын үлестіріп беру керек. Сұрақтарды құру барысында оқушылардың бұғанға дейін өткен орыс, европа аспаптары мен симфониялық оркестр тарихына байланысты материалдарды салыстырма ретінде пайдалануға болады. Сонымен бірге үрмелі және ұрмалы аспаптар жайлы жеке тоқталып айту шарт. XIX ғасырда қазақ даласына татарлар арқылы енген сырнай аспабының оркестрге енуі де үлкен жаңалық болды. Сол сияқты ұрмалы аспаптардың қатарына қазақтың дауылпаз аспабы да еніп, кейін келе ол аспаптың орнын европаның литавра аспабымен орын ауыстырады. Литавра аспабымен қоса европаның барабан және триугольник сынды аспаптарын енгізді. Сөйтіп оркестр құрамында жаңа ұрмалы аспаптар тобы пайда болды.
1. Домбыра тобы: домбыра-прима, домбыра-альт, домбыра- бас, домбыра-контрабас
2. Қобыз тобы: қобыз-прима, кобыз-альт, қобыз-бас, кобыз-контрабас.
3. Үрмелі аспаптар тобы: флейта, гобой.
4. Ұрмалы аспаптар тобы: литавра, барабан, треугольник.
5. Сырнай тобы: баян.
2.Ойлан да айт: Не себепті халық оркестріне жезді үрмелі аспаптар енгізілмейді?
Бұл сұрақ оқушылардың тапқырлығына берілген.
Халық аспаптар оркестрі құрамына кіретін аспаптардың көпшілігі тембірі жағынан қоңыр, нәзік үнді болып келеді. Бұл қазақ ән-күйлерінің ұлттық ерекшеліктеріне байланысты. Қазақ халқында жезді үрмелі аспаптар болмаған. Сол себепті ол аспаптардың қатқыл да ащы үні қазақ халқының санасына сіңген «қоңыр үнді» дейтін түсінігіне қайшы келеді.
3.Музыка тыңдау:
Түркештің «Көңілашар» күйін Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестірінің орындауында тыңдап көрелік! Күй ұрмалы аспаптардың үнімен басталады. Ұрмалы аспап аттың шабысын елестеткендей әсер қалдырады. Бұл күйді көбіне үлкен салтанатты кештерде орындайды.
4. Домбыра үйрену: Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйінің келесі буынын үйрену:
5. Үй тапсырмасы:
1. Оркестр құрамындағы аспаптар жайлы оқып келу.
2. «Ойлан да айт» бөлімі бойынша өз бетінше жұмыс жасау.
3. Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйінің үйренген буындарын жатқа ойнау.
2.4.Оркестрдегі дирижердің міндеті.
1. Оркестрдегі дирижердің міндеті жайлы әңгіме.
2. Музыка тыңдау:
а) Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің орындауында
Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі.
ә) Андреев атындағы орыс халық аспаптар оркестрінің
орындауында орыстың халық әні «Светит месяц».
3. Біліп ал: Орыстың халық аспаптары оркестрі жөнінде қысқаша мәлімет.
4. Домбыра үйрену: Қазанғап «Шынаяқ тастар»
Сабақ барысы
-
Оркестрдегі дирижердің міндеті жайлы әңгіме.
Бұл сабақта оқушылар халық аспаптар оркестрі мен симфониялық оркестрі жайлы алған білімдерін қортындылай түседі. Әңгімені «Оркестрге дирижер не үшін қажет? Дирижердің жұмысы ауыр ма?» - деген сұрақтардан бастауға болады.
Дирижердің жұмысын музыкалық шығармаларды тыңдау арқылы жасаған методикалық тұрғыдан тиімді болады. Орындаған шығарманың дыбыс үндестігіне, нюанстеріне, әрбір аспаптар тобының қай жерден бастап қосылатындығына назар аударған жөн. Ол үшін халық аспаптар оркестрінің орындауындағы Тәттімбеттің «Саржайлау» күйін тыңдап көріңіздер. Бұл шығарма оркестрдегі аспаптар тобынан дыбыс үндестігін ести аласыздар.
2. Музыка тыңдау:
Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестірінің орындауында Тәттімбеттің «Саржайлау» күйін тыңдап көрелік!
3. Біліп ал: Орыстың халық аспаптар оркестрі жөнінде қысқаша мәлімет.
Оқушылардың өз бетінше жұмысына арналғанымен бұл тапсырманы балалармен бірге талдаған дұрыс. Оқушылардың назарын орыс оркестріндегі аспаптар тобына аударған жөн. Ең алғаш орыстың халық аспаптар оркестрі ХІХ ғасырдың аяғында құрылған. Оркестрдің орындалуында орыстың «Светит месяц» әнін тыңдап көріңіздер. Қазақ оркестрі мен орыс оркестрінің арасындағы дыбыстық ерекшеліктерін табыңыздар.
4. Домбыра үйрену: Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйінің келесі буынын үйрену. Күйдің үшінші тактісінде ми бемоль дыбысы кездеседі. Оқушының осы дыбысты анық басып ойнауына назар аудару керек.
5. Үй тапсырмасы:
1. Оркестрдегі дирижердің міндеті жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімі бойынша өз бетінше жұмыс жасау.
3. Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйінің үйренген буындарын қайталау.
2.5. Қазақтың көне саз апаптарын жинаушы – Болат Сарыбаев.
1. Қазақтың көне саз аспаптары жайлы әңгіме.
2. Күй тыңдау: Фольклор ансамбілінің орындауында халық күйі
«Шалқыма».
3. Домбыра үйрену: Қазанғап «Шынаяқ тастар».
Сабақ барысы
1. Этнограф-ғалымдардың ішінде Болат Сарыбаевтың орны ерекше. Болат Сарыбаевтың талмай ізденісінің арқасында қазақтың оннан астам көне саз аспаптары қайта жаңғырып, дүниеге келді. Қазірде біз шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, үскірік, шертер, жетіген, дабыл, дауылпаз, керней, сырнай сияқты аспаптарда жақсы білеміз. Ал бұл аспаптардың көпшілігі ХХ ғасырдың басында жоғалып кеткен болатын. Тек қана аңыз, жыр, дастан, ертектерде ғана бұл аспаптардың атаулары сақталып қалған. Болат Сарыбаев көне қолжазбаларды зерттеп, археологиялық қазба жұмыстарына барып, түбі бір түркі халықтарының саз аспаптарын салыстыра отырып, қазақтың ұмыт болған көне саз аспаптарын қайта жаңғыртты. Бүкіл өмірін Қазақстанның түкпір-түкпірінде қалған саз аспаптарын жинап, оны қайта жаңғыртып, жетілдіруге арнады.
2. Күй тыңдау: Фольклор ансамблінің орындауында халық күйі «Шалқыма». Болат Сарыбаев көне саз аспаптарын жаңғыртып қана қойған жоқ, олардың құлақ күйін келтіріп, орындау тәсілдерін айқындап кетті. Соның нәтижесінде ең тұңғыш фольклор ансамблін құрады.
Оқушылардың назарын ансамбль құрамындағы аспаптарға аударған жөн. Фольклор ансамбліндегі аспаптарды халық аспаптар оркестріндегі аспаптармен салыстырыңдар. Оркестрдегі домбыра мен қобызды жетілдіру барысында оркестрге лайықты жаңа аспаптар дүниеге келді. Ал ансамбльдегі көне аспаптар сол қаз қалпында сақталды. Оркестрдегі аспаптарды жасау барысында оның дыбыс күшіне, оның құлақ күйінен ауытқымауына және барлық регистрді қамти алуына мән берген. Ал Болат Сарыбаев ансамбльдегі аспаптарды өзгертпей оның ұлттық нақышын сақтап қалуға тырысты.
3. Домбыра үйрену: Домбырадан «Шынаяқ тастар» күйінің келесі буынын үйрену. Күйдің бірінші тактісіндегі қатар жүретін терция дыбыстары оқушыларға қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан осы жерін көбірек қайталап орындаған жөн.
4.Үй тапсырмасы:
1.Қазақтың көне саз апаптарын жинаушы – Болат Сарыбаев жайлы оқып келу.
2.Домбырадан «Шынақ тастар» күйінің үйренген буынын пысықтау.
2.6. Қазақтың көне аспаптары - жетіген және шертер.
-
Қазақтың көне аспаптары - жетіген және шертер жайлы әңгіме.
-
Музыка тыңдау: Жетіген аспабының орындауында Халық күйі «Аңшының зары».
-
Домбыра үйрену: Қазанғап «Шынаяқ тастар».
Сабақ барысы
1. Жетіген аспабының қайта жаңғыруына зор үлес қосқан Болат Сарыбаев. Бұл аспап қазақтарда жоғалып кеткенімен түбі бір туысқан хакас халқында сақталған. Олар бұл аспапты «Чатхан» деп атайды. Қазіргі таңда жетіген аспабының ішектері көбейіп, диапазоны да кеңейіп фольклор ансамбльдері мен оркестрлерінде кеңінен орын алды.
Қазақтың көне аспабының бірі - шертер. Шертер аспабының да қайта жаңғыруына Болат Сарыбаевтың қосқан үлесі мол. Ол көне аңыз-әңгімелерден шертер жайлы көптеген деректер жинаған. Көп жылғы ізденіс пен зерттеулерінің негізінде шертер аспабын қайта жасап шығарады. Шертер аспабы домбыраға ұқсас болғанымен, мойны қысқа болып келеді. Шанағының беті терімен қапталған, үш ішекті аспап. Ертеде ішегін шертіп ойнағандықтан шертер деп аталып кеткен. Шертер аспапбы фольклор ансамбльдері мен оркестрлерді өзіндік бояуы бар негізгі аспаптардың біріне айналды.
2. Музыка тыңдау:
Жітеген аспабының орындауында «Аңшының зары» атты халық күйін тыңдау. Бұл күйді жетіген аспабының халық арасына таралуына зор үлес қосып жүрген Нұргүл Жақыпбекова орындайды.
3. Домбыра үйрену: Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйін әрі қарай үйрену:
4. Үй тапсырмасы:
1. Жетіген және шертер аспаптары жайлы оқып келу.
2. Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйінің үйренген буындарын жатқа орындау.
2.7. Фольклорлы-этнографиялы «Отырар сазы» оркестрі
-
«Отырар сазы» оркестірі жайлы әңгіме.
-
Музыка тыңдау: «Отырар сазы» оркестірінің орындауында Нұрғиса Тілендиевтың «Ата толғауы» атты шығармасы.
-
Домбыра үйрену: Қазанғап «Шынаяқ тастар».
Сабақ барысы
1. Болат Сарыбаев қазақтың көне аспаптарын тек қана жинап қана қоймай көптеген фольклорлы ансамбльдердің дүниеге келуіне себепкер болды. Бұған дейін тек қана ән-күйлеріміз оркестрмен орындалса, енді нағыз ұлттық нақышта көне аспаптардың сүйемелдеуімен орындала бастайды. Болат Сарыбаевтың бұл еңбегі оркестр құрамындағы аспаптарға да көп әсерін тигізеді. Түңғыш рет республикамызда фольклорлы-этнографиялық оркестр құрылады. Оркестрге домбыра, қобыз түрлерімен қатар, сазсырнай, жетіген, шертер, сыбызғы, шаңқобыз аспаптары енгізілді. Әсіресе, бұрын соңды ансамбльдің құрамына енбеген мес қобызды қолдану тіпті жаңалық болады. Сонымен қатар, ұрмалы – дауылпаз, асатаяқ, қоңырау секілді аспаптарды барынша пайдаланды. Бұл істі белгілі композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиев жалғастырды. Ол «Отырар сазы» оркестріне дирижер болып оған арнап арнайы шығармалар жазды. Әсіресе, Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» және «Әлқисса» күйлері халықтың ең сүйіп тыңдайтын шығармаларына айналды. Сөйтіп, қазақ музыка мәдениетінде фольклорлы-этнографиялық оркестр пайда болды.
2.Музыка тыңдау: «Отырар сазы» оркестірінің орындауында Нұрғиса Тілендиевтың «Ата толғауы» атты шығармасын тыңдау. Бұл күйде Нұрғиса Тілендиев қазақтың шаңқобыз аспабын өте шебер пайдаланған.
3. Домбыра үйрену: Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйін әрі қарай үйрену:
4. Үй тапсырмасы:
1. «Отырар сазы» оркестірі жайлы оқып келу.
2. Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйінің үйренген буындарын пысықтау.
2.8. Көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы
1. Көне аспаптардың бүгінгі күнде қайта жаңғыруы жайлы әңгіме.
2. Музыка тыңдау: Дәулеткерей «Көрұғлы».
3. Біліп ал: Фольклорлы – этнографиялық «Отырар сазы»
оркестрі жөнінде қысқаша мәлімет.
4. Домбыра үйрену: Қазанғап «Шынаяқ тастар».
Сабақ барысы
1. Көне аспаптардың бүгінгі күнде қайта жаңғыруы жайлы әңгіме.
Қазақтың көне аспаптары фольклор ансамблдерінде қайта жаңғырды. Көне заманда әрбір аспаптың көшпелі өмірге сай өзінің орны болған. Мысалы: ұрмалы аспаптар әскери жорықтар мен аңшылық кезінде белгі беру үшін пайдаланған. Қобыз бен асатаяқ аспаптарын бақсы-балгерлер зікір салғанда жындарын шақыру үшін қолданған. Бертің келе бұл аспаптар ұмытыла бастады.
Көне аспаптар бүгінгі күнде қайта жаңғырып өзіндік үнімен халық игілігіне айналуда.
2. Күй тыңдау: Дәулеткерей «Көрұғлы».
Бұл күйді «Мұрагер» ансамблі ерекше көңіл-күй беріп орындайды. Әсіресе, ұрмалы аспаптар күйдің мазмұнына сай аттың шабысын немесе әскери жорықтың талас тартысын бейнелегендей әсер қалдырады.
3. Ойлан да айт?
Не себебті ерте заманда қазақ халқында оркестр мен ансамбльдер болмаған? Бұл сұрақ бойынша оқушыға үй тапсырмасы ретінде тапсыруға болады. Оқушының ойымен сабақ барысында бөлісуге болады.
4. Домбыра үйрену: Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйін бастан аяқ жатқа орындау.
5. Үй тапсырмасы:
1. Көне аспаптар жайлы оқып келу.
2. Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйін бастан аяқ жатқа орындап келу.
2.9. Қорытынды сабақ
Бақылау жұмысына арналған сұрақтар:
- Алғашқы ұлт аспаптар оркестрін құру кімнің үлесіне тиеді?
- Оркестр құруда қандай қиындықтар туады?
- Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі қай жылы құрылды?
- Домбыра аспабының қандай түрлері пайда болды?
- Көп өзгеріске ұшыраған қандай аспап?
-
Қобыз аспабының қандай түрлері пайда болды?
-
Оркестр құрамындағы үрмелі аспаптарды ата?
-
Оркестр құрамына қандай ұрмалы аспаптар енеді?
-
Оркестр құрамындағы аспаптар тобын айтып бер?
- Дирижер міндеті не?
- Болат Сарыбаев қанша көне саз аспаптарын қайта жаңғыртады?
- Болат Сарыбаев көне аспаптарды жинауда қандай еңбек етті?
- Ерте заманда көптеген музыкалық аспаптарды қалай пайдаланған?
- Жетіген аспабы басқа қандай халықта сақталған?
- Шертер аспабының домбырадан айырмашылығы неде?
- «Отырар сазы» оркестірінің негізін құрған кім?
- «Отырар сазы» оркестірінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері кім
болды?
- Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестірі мен «Отырар сазы» оркестірінің арасында қандай айырмашылық бар?
- Қазақтың тұңғыш фольклорлық ансамблін құрған кім?
- Қазақстанда басқа қандай фольклорлық ансамбльдерді білесін?
III тоқсан
3.1. Европа музыкасының шыңы - симфониялық оркестр.
-
Симфониялық оркестр жайында әңгіме.
-
Музыка тыңдау: Л.Бетховен. №3 симфониясы.
-
Біліп ал: Қазақстандағы симфониялық оркестрдің қалыптасуы туралы қысқаша мәлімет.
-
Домбыра үйрену: Базар жыраудың термесі
Сабақ барысы
-
Симфониялық оркестр жайлы әңгіме.
Оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімдерін тексере отырып, сабақты сұрақ-жауап түрінде құруға болады.
-
Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?
-
Скрипка мен виолончель аспаптарының айырмашылығы неде?
-
Флейта мен кларнет аспаптарының дыбысын қалай шығарып ойнайды?
-
Қандай аспаптың дыбысы зор – скрипка ма, әлде труба ма?
Жауап берген оқушылардың назарын музыкалық аспаптардың үш қасиетіне аударған жөн. Олар – аспаптардың тембрі, диапазоны және дыбыс күші. Музыкалық аспаптардың осы үш қасиеті оркестр топтарының пайда болуына негіз болды. Дыбыс бояуы мен оның сапасына байланысты оркестрдегі барлық аспаптар төрт топқа бөлінеді: ыспалы-ішекті, ағаш үрмелі, жезді үрмелі және ұрмалы аспаптар. Әр топтағы аспаптардың тембрі, яғни дыбыс бояуы ұқсас болғанымен, олардың диапазоны әр түрлі болып келеді. Әншілердің дауыстары сияқты аспаптар жоғарғы, ортаңғы және төменгі регистр болып бөлінеді. Оркестрдегі музыкалық аспаптар тобы олардың дыбыс күшіне байланысты орналасады.
-
Музыка тыңдау:
Бетховеннің №3 симфониясы су түбіне кетерінің алдында атақты «Титаник» кемесінде орындалған екен. Симфонияның 3 бөліміндегі экспозицияны тыңдап көріңіздер.
Алдымен, Бетховен симфонияны Наполеон Бонапартқа арнап, кейін өз ойын өзгертіп, симфонияның атын «Батырлық» деп атайды.
Симфония бірден басты партияның виолончель аспабының орындауынан басталады. Басты кейіпкердің бейнесін көрсету мақсатында музыкалық тақырып төменгі регистрде, ұстамды екпінде орындалады. Тақырыпты бүкіл оркестр қолдап әкетіп, ол үлкен алапат күшке ие болады. Симфонияның І бөлімінде біріне-бірі қарама-қайшы тақырыптар көп. Олар кезек-кезек ауыса отырып, бір-бірімен күрескендей әсер қалдырады. Музыканың өн бойы батырлық күреске толы.
Бетховен бұл симфониясын өле-өлгенше басқа шығармаларынан аса жоғары қойып, жақсы көрген.
3.Біліп ал! Бұл тапсырма оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыс түріне арналған.
4. Домбыра үйрену: Базар жыраудың термесінің бастапқы буынын үйрену:
5. Үй тапсырмасы:
1. Симфониялық оркестр жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімі бойынша өз бетінше жұмыс жасау.
3. Домбырадан Базар жырау термесінің үйренген буындарын қайталау.
-
Скрипка аспабы қалай пайда болды?
-
Скрипканың пайда болуы жайлы әңгіме.
-
Музыка тыңдау: Н.Паганини. Капристер.
-
Біліп ал: Оркестр түрлері туралы қысқаша мәлімет.
-
Домбыра үйрену: Базар жыраудың термесі
Сабақ барысы
-
Скрипка аспабының пайда болуы жайлы әңгіме.
Скрипка аспабының тарихы арқылы әр түрлі халықтардың музыкалық дәстүрінің астасып жатқандығын көруге болады. Бір халықтың музыкалық дәстүрі екінші халықтың музыкалық дәстүрінің дамуына әсерін тигізеді.
Скрипка аспабының алғашқы түрі Еуропада Х ғасырда ғана пайда болған. Олар ребек мен фидель аспаптары. Ал оның ребек аталуы арабтың ребаб немесе рабаб атты аспабының әсері болатын. Бұл аспапты Еуропаға VІІІ ғасырда көшпелі арабтар әкелген. Фидель аспабы ребекаға ұқсас болғандықтан, оны көбінесе ребека деп те атайды. Ал аспаптың фидель аталуы гректің fides – ішек атты сөзінен пайда болған. Алмұртқа ұқсас, бұл аспаптардың екеуін де орындаушылар тізесіне тікесінен қойып орындаған. Бұл аспаптардың ысқышы садақ сияқты болып келіп, оған аттың қылын таққан. Бұған дейін Еуропада ысқышпен ойнайтын аспаптар болмаған.
Ал шығыста ребаб аспабы кеңінен таралып кеткен. Азия халықтарының көпшілігінде ребабқа ұқсас аспаптар болған: ауған, тәжік, ұйғыр, өзбек, түркімен халықтарында – ғиджак болса, әзербайжан, армян, грузиндерде – кеманча аспабы. Ал Еуропа халықтарында тек ғасырдың орта шенінде ғана скрипкаға ұқсас аспаптар пайда болды. Мысалы: орыстарда – гудок, болгарларда – годулка, поляктарда – генсле, ал гуцулдарда – скрыпка. Бірақ бұл халықтардың қай-қайсысын да ысқышты аспаптарының қай кезде пайда болғандығы жайында дерек сақталмаған.
Тек қана ХХ ғасырда Вернер Бахман мен Слави Дончев атты ғалымдар Орта Азия көшпелі халықтарында ең көне ысқышты аспаптардың пайда болғандығы жайында айтады. Олар қазақтың қобыз және қырғыздың қияқ аспаптары болатын. Болгар ғалымы Слави Дончев ысқышты аспаптардың шығу тегін қыл тағылған екі садақтың бір-бірінен үйкелісінен пайда болған деп есептейді. Бүгінге дейін аспаптың мұндай құрылысын қобыз ғана сақтаған. Аспаптың өзі де, ысқышы да қыл тағылып, садақ тәрізді иіліп жасалған. Бұл дүниежүзіндегі ең көне ысқышты аспап болып табылады. Бүгінге дейін қобыз аспабын қазақтар қасиетті санап келген. Қобыз аспабын Батыс, Азия және Еуропа елдеріне көне түріктер әскери жорықтары кезінде таратқан.
Мыңдаған жылдар ішінде бір халықтан екінші халыққа ауысып отырған қобыз аспабы өзінің түр сипатын, мазмұнын, тіпті атын да өзгертіп, оған сым шектер тағылып, орындау әдістері де өзгеріп кетеді. Соның нәтижесінде көне қобыз аспабы скрипка сияқты жетілген өте әдемі ысқышты аспапқа айналады. Міне, бір аспаптың шығу тарихы, мәдениеті бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі халықтарды жақындастырып жіберді.
-
Музыка тыңдау: Н.Паганини. 24 каприс.
Сен-санс. «Хайуанаттар карнавалы». Аққу.
Тыңдауға арналған музыкалық шығармалардың екеуі де бір-біріне қарама-қайшы туындылар. Паганинидің кез келген каприсін алсаңдар да скрипка аспабының мүмкіншілігін көрсететін өте күрделі шығармалар. Әрбір каприс орындаушыдан үлкен шеберлікті талап ететін, өте жігерлі туындылар.
Каприске қарама-қайшы туынды Сен-Санстың «Аққу» шығармасы. Сымдай сызылған скрипканың нәзік үні шығарманың барлық ішкі сезімін беріп, адам жанын баурап алады. Аспап ән салып тұрғандай әсер қалдырады.
3. Біліп ал: Бұл тапсырма оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыс түріне арналған.
4. Домбыра үйрену: Базар жыраудың термесінің келесі буынын үйрену:
5. Үй тапсырмасы:
1. Скрипка аспабы жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімі бойынша өз бетінше жұмыс жасау.
3. Домбырадан Базар жырау термесінің үйренген буындарын қайталау.
3.3.Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар
1.Ішекті – ыспалы аспаптар жайлы әңгіме.
2.Музыка тыңдау: Виолончель аспабының орындауында Сен-Санстың «Аққу» атты шығармасы.
3.Домбыра үйрену: Базар жыраудың термесі.
Сабақ барысы:
1. Скрипкамен қатар ішекті-ыспалы аспаптар тобын құрайтын – альт, виолончель және контрабас аспаптары. Бұл аспаптар симфониялық оркестр үшін ойлап табылған. Себебі, олар оркестрдің дыбыс кеңістігін мейлінше толтыру үшін қажет болады.
Бұл аспаптардың ең қарқынды дамыған шағы XVIII ғасыр. Сонымен, скрипка тектес Европаның қазіргі ішекті-ыспалы аспаптары – альт, виолончель және контрабас симфониялық оркестр үшін құрылып, бүгін де оның негізі болып табылады. Алайда, альт пен виолончель аспаптары кейін келе жеке орындауда үлкен сахналардан да көріне бастады.
2.Музыка тыңдау: Виолончель аспабының орындауында Сен-Санстың «Аққу» атты шығармасын тыңдау. Әсіресе виолончель аспабының дыбыс бояуына назар аудару қажет. Скрипка аспабымен салыстыра отыра оның қоңыр үнді дыбысына тоқталып өткен дұрыс. Бұл аспаптың оқушыға қалай әсер еткенін талқылауға да болады.
3. Домбыра үйрену: Базар жыраудың термесін әрі қарай үйрену:
4.Үй тапсырмасы:
1. Ішекті-ыспалы аспаптар жайлы оқып келу.
2. Домбырадан Базар жыраудың термесінің үйренген буындарын қайталау.
3.4. Оркестрдегі ағаш үрмелі аспаптар.
1.Ағаш үрмелі аспаптар жайлы әңгіме.
2.Музыка тыңдау: М. Равельдің «Болеро» атты шығармасы
3.Біліп ал: Үрмелі аспаптардың тарихы жайлы қысқаша мәлімет.
4.Домбыра үйрену: Базар жыраудың термесі
Сабақ барысы
1. Оқушылардың көбі үрмелі аспаптармен бастауыш сыныпта танысқан болатын. Бұл тақырыпта үрмелі аспаптар тарихы жайында көптеген деректер берілген. Сабақ барысында бүкіл тақырыпты игеру үшін сабақты шығармашылық түрде өткізген жөн. Сыныпты үш топқа бөліп, тақырып мәтінін де үш топқа бөлу керек: а) үрмелі ағаш аспаптарының ерекшеліктері; ә) флейта аспабының тарихы; б) кларнет, гобой және фагот аспаптары. Әр топ сабақ барысында мәтінмен жұмыс істейді. Мәтіннің басты ерекшеліктеріне бағыт беру мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып отыру керек. Оқушылардың мәтінмен жұмыс істейтін уақытын шектеген дұрыс. Сабақ барысын оқытушы сұрақ-жауап түрінде құрғаны дурыс.
2.Музыка тыңдау: Симфониялық оркестрдің орындауында М.Равельдің «Болеро» атты шығармасы.
«Болеро» - испан фольклорынан (canto jondo) алған әуенге құрылған оркестрлік вариациялар. Вариация тақырыбы екі салаға бөлінеді. Біріншісі өте сазды әуен болса, екіншісі ырғаққа құрылған сүйемел. Алдымен кіші барабан біркелкі ырғақты соғып, артынша флейта аспабы қосылады.
Сазды әуенді флейта орындаған соң қайтадан ырғақты барабан соғады. Артынша тақырыпта кларнет аспабы іліп алып кетеді.Оқушылардың назарын музыкалық аспаптардың бояу ерекшеліктеріне аударған жөн. Флейта аспабының үні кішкене қатқылдау, суықтау естілсе, кларнет бояуы жүрекке жылы, жұмсақтау шығады. Екінші вариация гобой аспабында орындалып, қайтадан флейта аспабына ауысады. Бірақ бұл жолы флейта тақырыпты өте жоғары регистрде орындайды.
Келесі вариацияны ішекті аспаптар жалғастырып алып кетеді. Әрбір вариация оркестрдің жаңа бояу ерекшелігін көрсетеді. Оркестрдің дыбыс күші бірте-бірте өсіп, алапат күшке ауысады. «Болеро» шығармасы бүкіл оркестр аспаптарының салтанатты орындалуымен аяқталады.
3.Біліп ал: көне үрмелі аспаптар жайында қысқаша мәлімет. Оқушының өз бетінше орындайтын жұмысына арналған.
4.Домбыра үйрену: Базар жырау термесінің келесі буынын үйрену:
5. Үй тапсырмасы:
1. Ағаш үрмелі аспаптар жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімі бойынша өз бетінше жұмыс жасау.
3. Домбырадан Базар жырау термесінің үйренген буындарын жатқа ойнау.
3.5. Жезді аспаптар қашан пайда болды?
-
Жезді үрмелі аспаптар жайлы әңгіме.
-
Музыка тыңдау: А.Хачатурянның «Гаянэ» балеттінен «Қылышпен би».
-
Біліп ал: Симфониялық оркестрдегі аспаптардың орналасуы.
-
Домбыра үйрену: Базар жыраудың термесі.
Сабақ барысы
1.Жезді үрмелі аспаптар жайлы әңгіме.
Бұл тақырып бұрынғы тақырыптың жалғасы болғандықтан, оқушылардың назарын төмендегі жайттарға аударған жөн:
а) Ең алдымен ежелгі оркестрдің негізін үрмелі ағаш аспаптар құраған. Гайдн мен Моцарт шығармалары тек қана ақсүйектерге арналған. Ал үрмелі ағаш аспаптардың жұмсақ та сазды үні ақсүйектердің талабына сай келіп көбінесе олардың шағын бөлмелері мен сарайларында орындалған.
Симфониялық музыканың мазмұнының өзгеруіне байланысты оркестрде жаңа аспаптар пайда болды. Франция революциясынан кейін бүкіл Еуропада демократиялық қозғалыстар жүреді. Халық мүддесін қорғайтын жаңа қолбасшылар шығады. Көшеде, алаңда ғана орындалатын музыкалық шығармалар енді сахнаға келеді. Бетховен шығармалары бостандықты аңсаған халықтың рухын көрсетеді. Оркестр құрамы да үлкейе бастайды. Үрмелі жезді аспаптар оркестрге жаңа бояу береді. Симфониялық музыка зор қуатты күшке ие болады.
Үрмелі ағаш және жезді аспаптардың үнін салыстыру үшін оқушыларға А. Хачатурянның «Гаянэ» балетінен «Қылышпен би» шығармасын тыңдап көріңіздер.
ә) Оқушылардың назарын жезді аспаптардың құрылысына аударту. Әр аспаптардың түр сипаты мен көлемі жағынан айырмашылыға бар. Барлық жезді аспаптар - әр түрлі қалыпта бүктетіліп жасалған керней тектес трубалар. Олардың көлемі мен ұзындығы оның дыбыс биіктігіне әсер етеді.
Б) Жезді аспаптар тобы, ішекті және ағаш үрмелі аспаптар тобы сияқты үш регистрді түгел қамтиды: жоғарғы – труба, ортаңғы – валторна және тромбон, төменгі – туба.
2.Музыка тыңдау:
Арам Хачатурянның «Гаянэ » балетінен «Қылышпен биі».
Би «Гаянэ » балетінің соңғы бөлімінде орындалады. «Қылышпен биі» Севан көлінің жағасындағы, халықтың жеңіс салтанатын бейнелейді. Жезді үрмелі аспаптар ұрыс сәттері мен жеңіс қуанышын көрсетеді.
3.Біліп ал:
Симфониялық оркестрдегі аспаптардың орналасуы. Оқушының өз бетімен жасайтын үй жұмысына арналған.
4. Домбыра үйрену: Базар жыраудың термесінің келесі буынын үйрену.
5. Үй тапсырмасы:
1. Жезді аспаптар жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімі бойынша өз бетінше жұмыс жасау.
3. Домбырадан Базар жырау термесінің үйренген буындарын жатқа ойнау.
3.6. Ұрмалы аспаптар тобы
1. Ұрмалы аспаптар жайлы әңгіме.
2. Біліп ал: Азия, Африка елдеріндегі ұрмалы аспаптардың пайда болуы.
3. Домбыра үйрену: Базар жыраудың термесі.
Сабақ барысы
1. Ұрмалы аспаптар жайлы әңгіме.
Бүгінгі таңда ұрмалы аспаптарды барлық балалар танып біледі.
ХХ-ХХІ ғасырда ұрмалы аспаптар музыкада маңызды міндет атқара бастады. Оқушылармен бірге әскери оркестр, джаз-оркестр, эстрада оркестрі мен электромузыкалық ансамблін еске түсіріңдер. Бұл коллективтердің қай-қайсысы да ұрмалы аспаптар болмаса, сахнаға шығудан бас тартар еді.
Алғашқыда ұрмалы аспаптарды кеңінен пайдаланбаған. ХVII ғасырда литавр мен барабанды операларда әскери көріністерді бейнелеу үшін ғана қолданған. Ал симфониялық оркестрде литавр аспабын тұңғыш рет Иозеф Гайдн VIII ғасырда ғана пайдаланды. Концерт кезінде көрермендер арасындағы қалғып мүлгіп отырған тыңдаушыларды сергіту үшін Гайдн әзіл ретінде литавр аспабын пайдаланған екен. №94 симфониясының ІІ-бөлімінде жайбарақат әуезді әуен орындалып жатқан тұста, аспаннан жай түскендей литавр аспабы тарсыл гүрсілге басады. Содан бері литавр оркестрдің негізгі аспабының біріне айналды.
Тарелка – бір-біріне соғып ойнайтын қарапайым ғана жезді дискілер. Там-там – тыңдаушының назарын өзіне аударатын, іліп қойып соғып орындалатын темір диск. Оркестрге ол Қытайдан келді.
Ксилофон – кішкентай ағаш пластинкалардан жасалған ең көне аспаптардаң бірі. Әрбір ағаш пластинкалардың құлақ күйі хроматикалық гаммасын келтіріп, екі таяқшамен ұрып ойнайды. Ұрмалы аспаптар ішіндегі әуенді толық ойнауға жарайтыны осы ксимофон. Бубен мен қоңырау аспаптары симфониялық оркестр құрамына халық аспаптар оркестрінен алынады.
Оркестрдегі ұрмалы аспаптарды ойнайтын орындаушыны бақылаған өте қызық. Ол бір аспаптан екінші аспапқа ауысып, тыным таппайды. Өйткені бүгінгі симфониялық оркестрдегі ұрмалы аспаптарды ойнайтын орындаушы көптеген ұрмалы аспаптарды меңгеріп, орындай білуі тиіс.
3.Біліп ал: Бұл тапсырма балалардың өз бетінше жасайтын үй тапсырмасына жатады.
4. Домбыра үйрену: Базар жыраудың термесінің келесі буынын үйрену.
5. Үй тапсырмасы:
1. Ұрмалы аспаптар жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімі бойынша өз бетінше жұмыс жасау.
3. Домбырадан Базар жырау термесінің үйренген буындарын жатқа ойнау.
3.7. Арфа аспабы қайдан келді?
1.Арфа аспабы жайында әңгіме.
2.Музыка тыңдау: П.И.Чайковский. «Щелкунчик», Римский-Корсаковтың «Садко» операсынан үзінді.
3.Домбыра үйрену: Базар жырау термесі.
Сабақ барысы
1.Арфа аспабы жайлы әңгіме.
Бүгінгі таңда арфа аспабы оркестрде міндетті түрде пайдаланады. Арфа аспабының өзіне ғана тән әдемі үні бар. Аңыз-ертекке құрылған опера және балеттерде арфа аспабы таңғаайып сырға толы көріністерді бере алады.
Арфа ішекті аспаптар ішіндегі ең көнесі болып табылады. Оқушылармен бірге ішекті аспаптар тобына шолу жасаңдар. Оқушылардың назарын олардың орындау әдістеріне аударыңдар. Мысалы, гитара, мандолина, арфа, домбыра аспаптарында қағып немесе шертіп орындалады. Сондықтан бұл аспаптарды шекті-шертпелі аспаптар деп атайды. Ал егер аспапты ысқыш арқылы орындаса ішекті-ысқышты аспаптар деп атайды. Мысалы, скрипка, қобыз, виолончель, т.с.с. Ал фортепиано болса, кішкентай ағаш балғалардың шекті соғуы арқылы орындалады. Сондықтан оны ішекті-ұрмалы аспап деп атаймыз.
2.Музыка тыңдау:
Арфа аспабымен танысу үшін Римский-Корсаковтың «Садко» операсынан үзінді тыңдайық. Бұл жерде арфа маңызды роль атқарады. Р.Корсаков өз операсында орыстың гусли атты аспабының үнін беру үшін арфаны пайдаланған. Садконың теңіз патшасына кездескендегі су асты әлемінің таңғажайып бейнесін арфа аспабы арқылы суреттейді.
П.Чайковский өзінің «Аққу көлі» балетінде арфа аспабын өте көрнекті пайдаланған. Аққу бейнесін арфа аспабы арқылы көрсетеді.
3.Домбыра үйрену: Базар жырау термесін әрі қарай үйрену:
4.Үй тапсырмасы:
1. Арфа аспабы жайлы оқып келу.
2. Домбырадан Базар жырау термесінің үйренген буындарын жатқа ойнау.
3.8. Оркестрге үн берген аспап
1. Фортепиано аспабы жайлы әңгіме.
2. Музыка тыңдау: Шопен. Прелюдия.
Н.Меңдіғалиев. Домбыра туралы поэма.
3. Ойлан да айт: Қалай ойлайсың аспаптар сол байырғы көне қалпында неге
сақталмаған? Не себепті адамдар әрдайым музыкалық аспаптарды
дамытып жетілдіруде?
4. Домбыра үйрену: Базар жырау термесі.
Сабақ барысы
1.Фортепиано аспабы жайлы әңгіме.
Бұл тоқсанның ең соңғы тақырыбы болып табылады. Фортепиано диапазоны жөнінде әңгіме қозғағанда оқушылармен бірге ішекті және ағаш жезді үрмелі аспаптарды еске түсіріңдер. Ол аспаптардың қайсысы жоғары, ортаңғы және төменгі регистрде орындалатын еді.
Симфониялық оркестрдегі аспаптармен салыстыра отырып, фортепианоның орындау мүмкіндіктерін қарастырған жөн. Оркестрдегі ішекті немесе үрмелі аспаптар кейде шығарманың әуенін орындаса, кейде сүйемелдеуші аспаптар ғана бола алады. Ал фортепиано болса, шығарманың әуені мен сүйемелін толық ойнай беруге мүмкіндігі бар. Ол өзінің техникалық мүмкіншілігі мен репертуарының молдығы жайынан оркестрмен бәсекеге түседі.
Фортепиано тарихы XIV-XVI ғасырлардағы Ренесанс заманынан бастау алады. Алғашқыда тек клавикорд пен клависин аспаптары болған. Бұл аспаптардың негізінде фортепиано аспабы дүниеге келеді. Алайда бұл аспап бүгінгі таңда да үздіксіз даму үстінде. Фортепиано негізінде электросинтезатор аспабы пайда болды. Бұл аспапта табиғаттың барлық дыбысын салуға болады. Сонымен бірге, синтезатор барлық музыкалық аспаптардың үнін бере алады. Енді жалғыз ғана адам синтезатор аспабымен орындап, түгел бір оркестрдің орнын толтыруға мүмкіндігі бар.
2.Музыка тыңдау:
Фридерик Шопеннің «Прелюдиялары» фортепианоға жазылған аса шоқтығы биік шығармалардың бірі. Шығарма 24 шағын пьесалардан тұрады. Әрбір прелюдия тек қана бір көңіл-күйді, бір ойды білдіреді. Әр шығарма бір-біріне ұқсамайды. Фортепиано аспабының барлық мүмкіндіктерін аша түседі.
Ал композитор Н.Меңдіғалиев фортепиано аспабының мүмкіншілігін өзінше пайдаланған. «Домбыра туралы аңыз» шығармасында композитор домбыра үніне еліктеуге тырысқан.
Бір дыбысты кезекпен кезек өте тез орындаулы домбыра үнін елестетеді. Бұл шығарма пианистер арасында өте танымал.
3.Ойлан да айт: Қалай ойлайсың, аспаптар сол байырғы көне қалпында неге сақталмайды? Не себепті адамдар әрдайым музыкалық аспаптарды дамытып, жетілдіруде?
Бұл тапсырма балалардың тоқсандық білімдерін қорытындылайтын сұрақ болғандықтан, оқушылармен бірге сыныпта қараған дұрыс. Аспаптардың даму эволюциясының бірден-бір себебі әрбір тарихи кезеңнің техникалық дамуына байланысты болса, екінші себебі адамдардың аспап диапазонын кеңейтіп, оның дыбысының сапасын жақсартуында болып отыр.
4.Домбыра үйрену: Базар жырау термесінің соңғы буынын үйрену:
5.Үй тапсырмасы:
1. Фортепиано аспабы жайлы оқып келу.
2.Домбырадан Базар жырау термесін бастан аяқ жатқа орындау.
-
Қорытынды сабақ
Сабақты ойын түрінде өткізуге болады:
1) оқушыларды оркестр топтары бойынша бөліп алу қажет. Оқушыларды оркестр құрамындағы аспаптар қалай орналасса, сол принциппен отырғызған жөн. Скрипка мен альт дирижердің сол жағынан орын алса, виолончель мен контрабас оң жағынан, ал одан әрі ағаш үрмелі аспаптар, оркестрдің орта тұсына жезді үрмелі аспаптар, ең соңында ұрмалы аспаптар мен контрабас орналасады.
2)Әрбір топ өз аспаптары жайлы әңгімелеп, оның маңыздылығын дәлелдеп сөз сайысына түседі. .
Бақылау жұмысына арналған сұрақтар:
-
Симфониялық оркестр құрамындағы аспаптар неше топты құрайды? Оларды атап бер.
-
Оркестр құрамындағы аспаптар неліктен көп болды?
- Не себепті Европада скрипка “Музыка патшайымы” атағына ие болады?
- Скрипканың көне түрлерін ата?
-
Скрипка тұқымдас ішекті-ыспалы аспаптарды ата/
- Альт, виолончель және контрабас аспаптары не үшін қажет болды?
-
Аспаптардың дыбыс биіктігі тікелей неге байланысты?
- Аспаптарды қалай ұстап орындайды?
-
Симфониялық оркестр құрамына қандай жезді үрмелі аспаптар кіреді?
− Труба ерте замандарда не үшін қолданған?
− Валторна аспабының тегі қандай?
− Оркестр үшін ХІХ ғасырда қай аспапты ойлап табады?
− Симфониялық оркестрдегі ұрмалы аспаптарды ата?
−
Ұрмалы аспаптарды шеберлер
жасау үшін қандай заттарды
пайдаланды?
− Ұрмалы аспаптардың ерекшелігі неде?
- Арфа аспабы қалай пайда болған ?
− Қазіргі арфаны қалайша орындайды?
- Фортепиано аспабының мағынасы нені білдіреді?
-
Синтезатор аспабының ерекшелігі неде?
IV тоқсан
Опералық театр.
4.1. Әлем мәдениетінің озық үлгісі
-
Әлем мәдениетінің озық үлгісі жайлы әңгіме.
-
Музыка тыңдау: Дж.Вердидің «Травиата» операсынан Герцогтың ариясы
-
Біліп ал: Әлемге танымал Ла Скала театрымен танысу.
-
Білесің бе: атақты опера әншісі Лучано Павороттимен танысу.
5. Домбыра үйрену: Жаяу Мұса «Ақсиса» әні
Сабақ барысы
-
Әлем мәдениетінің озық үлгісі жайлы әңгіме.
Төртінші тоқсанның негізгі мазмұны Европалық классикалық музыкасы арналмақ. Классикалық музыканың ішінде басты орын алатын Опера жанры. Қазіргі уақытта біздің өмірімізде кино қаншалықты маңызды орын алса, ХІХ ғасырды опера жанры да сондай дәрежедегі өнер түрі болатын. Өйткені шынайы өмірдің көріністерін театр сахнасы арқылы көруге болатын еді.
Қазақстанда тек қана екі опера театры бар. Оқушылардың көпшілігі театр спектакльдерін көруге мүмкіншілігі бола бермейді. Сондықтан опера жанрының қаншалықты күрделі әрі қызықты екенін түсіну үшін біз оқулықта бір-бірін толықтыратын үш тақырыптар беріп отырмыз: 1) опера қойылымдарының қалай жасалатындығы; 2) опера және театр тарихы; 3) операның құрылысы мен оның негізгі жанрлары.
Опера көптеген өнер түрлерінің басын қосты: архитектура (театр ғимараты), музыка мен поэзия, сахнаны безендіру үшін бейнелеу өнері, артистердің киімін жасап, тігетін модельерлер, әншілер мен артистердің сахналық өнері. Балаларға нақтырақ түсінікті болу үшін қазіргі көркем фильмдерді қалай түсіретіндігімен салыстыруға болады.
2.Музыка тыңдау: Дж.Вердидің «Травиата» операсынан Герцогтың
ариясы. Операның отаны Италия болатын. Опера ХVІ-ХVІІ ғасырларда пайда болды. Опера жанры бірден-ақ танымал болып, бүкіл Европаға тез тарап кетті.
3.Біліп ал: Әлемге танымал Ла Скала театрымен танысу.
Бұл рубрикада әлемге танымал Италиядағы Ла Скала, Мәскеудегі үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен сынды театрлар жайында қосымша деректер беріледі. Әрбір театрдың өзіндік тарихы бар. Италияның Милан қаласында тұрған Ла Скала театры әлі күнге дейін операның басты театры болып саналады. Оқулықта берілген қосымша деректер бір-бірін толықтыра түсіп,оқушының театр жөніндегі білімін толықтыра түседі. Бұл рубрика оқушының өз бетімен жасайтын жұмыс түріне арналған.
4.Білесің бе: атақты опера әншісі Лучано Павороттимен танысу.
Лучано Паворотти (1935-2007) ХХ ғасырдағы ең атақты тенор болды. Оның дауысын 100 жылда бір-ақ рет кездесетін, табиғаттың бір құдіреті ретінде салыстыратын. Оның асқан орындау шеберлігі мен мүлтіксіз артистизіміне әлем бас иген.
1963 жылдан бастап Паворотти Ла Скала театрының ең басты солист әншісіне айналады. 1968 жылы Америкадағы гастрольдік сапары асқан қошеметпен өтеді. Содан бері Лучано Паворотти әлемдегі ең таңдаулы тенордың біріне айналады. Оның гастрольдік сапары 2-3 жыл бұрын белгіленіп, халық асыға күтетін.
5. Домбыра үйрену: Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнінің бастапқы буынын үйрену:
6.Үй тапсырмасы :
1. Опера театры жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» және «Білесің бе» бөлімдерін өз бетінше оқып, талдап келу.
3. Домбырадан «Ақсиса» әнінің үйренген буындарын қайталау.
4.2. Операдағы негізгі жанрлар
1. Операның негізгі жанрлары жайлы әңгіме.
2. Музыка тыңдау: Ж.Бизенің «Кармен» операсынан «Кармен» ариясы.
3. Біліп ал: Әлемге танымал «Метрополитен опера» театры.
4. Білесің бе: Атақты опера әншісі Елена Образцова.
5. Домбыра үйрену: : Жаяу Мұса «Ақ сиса».
Сабақ барысы
1. Бұл тақырыптың негізгі мақсаты оқушыларды операның құрылысымен таныстыру. Оқулықта барлық вокалды жанрлар бөлек топтастырылған.Опера тек қана музыкалық шығарма емес, сонымен қатар драмалық спектакль. Операдағы негізгі көріністер ария, ансамбль, хор, балет және регетативтер арқылы беріледі. Басты кейіпкердің тұлғасын сомдайтын ария, сондықтан әрбір ария бас-аяғы бар бөлек шығарма сияқты болып келеді. Ал әрбір көріністің дамуын композитор регетатив және ансамбльдер арқылы көрсетеді. Операда хор маңызды орын алады. Хор халықтың атынан сөйлеп, операның негізгі ойын береді.
Тақырыпты қорытындылай келе, опера көптеген өнер түрлерінің басы тоғысатын жер екенін оқушылардың есіне салу керек. Операның жақсы болып шығуы режиссерге, сахна безендіруші суретшілерге, орындаушылардың актерлік шеберлігіне және операның музыкасы мен әншілерге байланысты.
2. Музыка тыңдау: Ж.Бизенің «Кармен» операсынан «Кармен» ариясы.
Біз әлемге танымал болған әншілер мен операларды оқушыларға тапсыруды жалғастыра түсеміз. Кармен ролін сомдауда ең үздік орындаушылардың бірі болып Елена Образцова танылған.
3. Біліп ал: Әлемге танымал «Метрополитен опера» театрымен танысу.
«Метрополитен опера» театры ХІХ ғасырдың (1883 ж.) аяғында ашылған болатын. Бұл әлемдегі ең үлкен мемлекетттік емес театрлардың бірі. «Метрополитен-опера» театрының өзіндік дәстүрі бар. 1910 жылдан бастап әр елдің опералары өз тілінде қойылу дәстүрі қалыптасқан болатын. Театрдың тағы бір ерекшелігі онда қалыптасқан әртістер группасы жоқ. Театрға әлемге танымал болған әншілер мен дирижерлер шақырылып, олар келісім шарт бойынша өз өнерін көрермендерге паш етеді.
4. Білесің бе: Атақты опера әншісі Елена Образцовамен танысу.
Бұл рубрикада әлемге танымал әнші Елена Образцованың шығармашылығымен қысқаша мәлімет беріледі.
Рубрика оқушылардың өз бетінше жасайтын үй жұмысына арналған.
5. Домбыра үйрену: : Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әнін әрі қарай үйрену:
6. Үй тапсырмасы:
1.Операның негізгі жанрлары жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» және «Білесің бе» бөлімдерін өз бетінше оқып, талдап келу.
3. Домбырадан «Ақсиса» әнінің үйренген буындарын қайталау.
4.3. Опералық театр тарихы
1. Европадағы театрдың қалыптасуы және тарихы жайлы әңгіме.
2. Музыка тыңдау: Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан дуэль көрінісі.
3. Біліп ал: Әлемге танымал үлкен театрмен танысу.
4. Білесің бе: П.И.Чайковскийдің қысқаша шығармашылығымен танысу.
5. Домбыра үйрену: : Жаяу Мұса «Ақ сиса».
Сабақ барысы
1. Европадағы театрдың қалыптасуы және тарихы жайлы әңгіме.
Бұл тақырып «Ежелгі дүние тарихы» пәнімен астасып жатыр. Оқушылардың тарих пәні бойынша алған білімдерін пайдалана отырып кірістірілген сабақ ретінді өткізуге болады.
Тақырыппен жұмыс істеу барысында оқушылардың назарын ежелгі грек театрының сәулеттік құрылыс ретінде аударған жөн. Ашық театрлардың үлгісін әлі күнге дейін спорттық стадиондарды жасағанда пайдаланады.
Европа театрларын жапон театрымен салыстырмалы түрде қараған қызық болар еді. Екі театрда да қойылымдар құдайлардың өміріне арналған мифке құрылған. Барлық кейіпкерлерді маска киген ер адамдар орындаған.
2. Музыка тыңдау: Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан дуэль көрінісі.
Бұл жердегі негізгі мақсат орыс операсымен танысу. Сондықтан оқытушының қалауы бойынша оқулықта берілген. П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» жөніндегі деректерді пайдалануға болады. Немесе үшінші тоқсанда өткен Глинканың «Иван Сусанин» операсын тыңдауды жалғастыруға болады. Әсіресе бастауыш сыныптарда орыс операсымен танысу барысында Римский-Корсаковтың «Снегурочка» операсын пайдалануы сабақты осы ертегі желісін пайдаланса да болады.
Біз оқушылардың тыңдауына «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясын ұсынып отырмыз. Өйткені оқушылар драматизмге толы итальян теноры мен лирикаға толы орыс тенорының үнін салыстыра алады.
3.
Біліп
ал: Әлемге танымал үлкен театрмен
танысу.
4. Білесің бе: П.И.Чайковскийдің қысқаша шығармашылығымен танысу.
Петр Ильич Чайковскийдің есімін оқушылар бастауыш сыныптан біледі. Балалар «Балалар альбомы» мен «Жыл мезгілдері» шығармаларымен жақсы таныс. «Евгений Онегин» операсынан тың деректерді беріп отырмыз.
5.Домбыра үйрену: : Жаяу Мұсаның “Ақсиса» әнін әрі қарай үйрену:
6.Үй тапсырмасы:
1. Опералық театр тарихы жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» және «Білесің бе» бөлімдерін өз бетінше оқып, талдап келу.
3. Домбырадан «Ақсиса» әнінің үйренген буындарын қайталау.
4.4. Қазақ опера театры
1. Қазақ опера театры жайлы әңгіме.
2. Музыка тыңдау: А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан Абайдың ариясы.
3. Біліп ал: Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрымен танысу.
4. Ойлан да айт: Сен «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің ариясы мен Шегенің ариясын тыңдадың. Ал енді Абайдың ариясын тыңдап отырсың. Қалай ойлайсың осы ариялар кейіпкерлердің мінезін аша алды ма?
5. Домбыра үйрену: : Жаяу Мұса «Ақ сиса».
Сабақ барысы
1. Қазақ операсының ерекшелігі жайлы әңгіме.
Қазақ театрларының пайда болуын әлем театрларының дамуымен қоса қаралуы кездейсоқ емес. Қазақстандағы опера жанрының қалыптасуы Европа мәдениетінің ықпалымен пайда болғанын оқушылар түсінуі қажет. Өйткені опера жанры Европада пайда болып, дамыған болатын. Ал қазақ операсы өзіндік ұлттық ерекшелігімен дамыды. Қазақ операсының негізін халық әндер, күйлер, термелер құрады.
2.Музыка тыңдау: А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан Абайдың ариясы.
А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы әлі күнге дейін қазақ опера театрының басты спектакльдерінің бірі. Абай ариясын тыңдағанда оқушылардың назарын әсіресе музыкасына аударған жөн. Композиторлар ұлы Абайдың тұлғасын қалай сомдайды екен. Абай ариясы қазақтың «толғау» жанрына жақын. Ария кең тыныста, асықпай, байсалды терең сезіммен орындалады. «Баритон» дауысымен орындалатын ария ұлы Абайдың тұлғасын айқын көрсетіп тұрғандай.
3. Біліп ал: Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрымен танысу.
Рубрикада театр тарихы жөнінде қызғылықты деректер берілген. Бұл оқушының өз бетінше жасайтын үй жұмысына берілген.
4. Ойлан да айт: Сен «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің ариясы мен Шегенің ариясын тыңдадың. Ал енді Абайдың ариясын тыңдап отырсың. Қалай ойлайсың осы ариялар кейіпкерлердің мінезін аша алды ма?
Жібектің ариясын оқушылар 5-сыныпта Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін өткенде тыңдаған болатын. Оқушылар өз ойын еркін айтып, ой түйіндеп үйренуі қажет.
5. Домбыра үйрену: Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әнінің келесі буынын үйрену:
6. Үй тапсырмасы:
1. Қазақ опера театры жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімін өз бетінше оқып, талдап келу.
3. Домбырадан «Ақсиса» әнінің үйренген буындарын қайталау.
4.5 Қазақ опера жанрлары
1. Қазақ опера жанрлары жайлы әңгіме.
2. Музыка тыңдау: Т.Төлебаевтың «Біржан Сара» операсынан айтыс көрінісі.
3. Біліп ал: Абай атындағы опера және балет театрының репертуары жайында.
4.Домбыра үйрену: : Жаяу Мұса «Ақ сиса».
Сабақ барысы
1.Қазақ операсының жанрлары жайлы әңгіме.
Сабақта Е.Брусиловаскийдің «Қыз Жібек» және М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операларына аса назар аударған жөн. Операның арқасында көптеген халық дәстүрлері мен ән-күйлеріміз жаңаша жаңғырғаны белгілі. Оқушылармен көнеден жеткен ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары жайлы әңгімелеп алған жөн. Мысалы, терме, толғау жайлы оқушы не біледі? Қазақ операларын қоюда терме, желдірме және толғау сынды сөз өнеріндегі жанрларды кеңінен қолданады. Сол сияқты үйлену салтына байланысты операдағы сахналық қойылымдар басқа да дәстүрлі тойбастар, беташар, сыңсу, қоштасу әндерімен де толыға түседі. Әсіресе, М. Төлебаев «Біржан Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», және Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операларында кеңінен қолданады. Қазақтың ерте замандарда театрлық қойылымымен пара-пар Айтыс дәстүрі операға оп-оңай үйлесімін тауып кетеді. Айтыс М.Төлебаевтың «Біржан Сара» операсын қоюда өз орнын табады.
2.Музыка тыңдау: Т.Төлебаевтың «Біржан Сара» операсынан айтыс көрінісі.
3.Біліп ал: Абай атындағы опера және балет театрының репертуары жайында.
Бұл рубрика оқушылардың өз бетінше жасайтын үй тапсырмасына арналған.
4. Домбыра үйрену: Жаяу Мұсаның “Ақ сиса» әнін әрі қарай үйрену:
Үй тапсырмасы:
1. Қазақ опера жанрлары жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімін өз бетінше оқып, талдап келу.
3. Домбырадан «Ақсиса» әнінің үйренген буындарын қайталау.
4.6. Қазақ билері қалай пайда болады?
1. Қазақ билері жайлы әңгіме.
2. Музыка тыңдау: «Соқыр Есжан» күйіне қойылған «Біржан Сара» операсынан би көрінісі.
3. Біліп ал: Қазақтың атақты бишісі Шара Жиенқұлова.
4.Домбыра үйрену: : Жаяу Мұса «Ақ сиса».
Сабақ барысы
1. Қазақтың би өнері театрдың ашылуымен тығыз байланысты. Қазақ халқында тұрмыс-салт пен әдет-ғұрыпқа байланысты би ырғағы болған. Мысалы, киіз басу, ұршық иіру, кесте тоқу, бақсы ойындары сияқты. Ал театрдың ашылуы мен опера қоюда міндетті түрде би қойылымдары да аса қажет болған. Сол себепті қазақ билерін ойлап табу қажеттілігі туындайды. Би қоюда әсіресе қазақтың күйлері көп септігін тигізеді. Ондағы әр түрлі көңіл-күйді бейнелейтін «Келіншек», «Қаражорға», «Балбырауын» «Соқыр Есжан» сияқты күйлер би көрінісін жасауда негіз болады. Бұл күйлер би қимылдарын жасау үшін оркестрлік өңдеуден өткізіледі. Сөйтіп, ұлттық дәстүрге сүйеніп жасалған қазақ билері дүниеге келіп қазақ балетінің негізін қалайды.
2. Музыка тыңдау:
«Соқыр Есжан» күйіне қойылған Мұқан Төлебаевтың «Біржан Сара» операсынан би көрінісі. Есжан күйшінің «Соқыр Есжан» күйі операның би көрінісіне негіз болды. М.Төлебаев бұл күйді орынымен падалана білгені соншалық, операның өзекті бөліміне айналды. Бүгінгі күнге дейін операның бұл би қойылымы салтанатты мерекелік концерттерде жиі орындалатын қазақ биіне де айналып кетті.
3. Біліп ал:
Бұл бөлім оқушылардың өз бетінше жасайтын үй жұмысына арналғанымен, сыныпта балалармен бірге талдаған дұрыс. Қазақтар ежелден көшпенді халық болғандықтан оның дәстүрінде би болмаған. Би өнері ХХ ғасырдың 30-жылдары ғана дамып қалыптаса бастады. Қазақ билерінің негізін қалаған Шара Жиенқұлова болды. Балет театры Қазақстанда аса кең көлемде тарамағанымен, ән-би ансамбльдері елімізде кең етек жайды. Қазақ билерінің дамуына опералық спектакльдер зор ықпал етті. Әсіресе, М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы би көрінісі атауға болады.
4. Домбыра үйрену: “Ақ сиса» әнінің соңғы буынын үйрену:
5. Үй тапсырмасы:
1. Қазақ биі жайлы оқып келу.
2. «Біліп ал» бөлімін өз бетінше оқып, талдап келу.
3. Домбырадан «Ақсиса» әнін жатқа орындау.
4.7. Музыка біздің өмірімізде.
Музыка жайлы әңгіме:
Қорытынды сабақта оқушылармен бірге музыка және музыкалық аспаптар жайлы білімімізді түйіндейміз. Музыка қоршаған ортамен тығыз байланыста болатыны баршаға мәлім. Музыка адамдардың өмір-тағдырын, көңіл‑күйін, куанышы мен ренішін әбден көрсете алатын ерекше құбылыс. Әрбір музыкалық аспаптың пайда болуының өзіндік тарихы бар. Дүниенің әрбір бұрышында дүниеге келген сан алуан музыканы тыңдай отыра, сол халықтардың тыныс-тіршілігін, әдет-ғұрпы мен мәдениетін танып біледі.
Музыканы концерт залдарында, театрда, кинода, тіпті теледидар мен радио арқылы естуге болады. Тіпті магнитафон мен плеерден де тыңдай алады.
Эстрадалық музыка көңіл‑күйіңді көтерсе, симфониялық музыка өмірдің мағынасын түсіндіруге тырысады. Ал, халықтық музыка жан-дүниең мен рухыңды көтеруге көп септігін тигізетіні сөзсіз.
Бақылауға арналған сұрақтар:
- Опера тұңғыш рет қай ғасырда пайда болды?
- Опералық қойылымда кімдер жұмыс жасайды?
- Операның қандай түрлері бар?
- Италия композиторлары операға нендей жаңалықтар ендірді?
- Операдағы басты элементтерді ата.
- Әлемге танымал театрларды ата.
- Не себепті Европа халықтары опера және балет жанрларын музыка өнерінің ең биік шыңы деп есептейді?
- Қазақ операсы қай жылдары пайда болды?
- Қандай қазақ операларын білесің?
- Қазақ операсы сөз өнерінің қандай түрлерімен тоғысады?
- Қазақ опера және балет театрының репертуарындағы операларды ата.
- Сен опера театрында болдың
ба? Саған қандай әсер берді?
Домбырада үйретілетін шығармалар
«Шынаяқ тастар»
Қазанғап
Терме
Базар жырау
Суық сөз құлаққа енсе көңілге мұз
Адамзат қайда бармайды айдаса тұз
Ежелден елдің назын ер көтерер
Жаманнан жабырқаған күдеріңді үз
Қас жаман қасындағы досын жаулар
Қас жақсы жауда болса көңіліңді аулар
Жаманға жазатайым түссең қолға
Құрдымға сені итеріп басын қорғар
Сүрмеген аңсар аңын атар таңдап
Шығады жүзден жүйрік мыңнан саңлақ
Кескінсіз кесірткеге суырмайды
Қышылын қынабынан алтын балдақ
Ақ сиса
Жаяу Мұса
Ақ сиса,қызыл сиса,сиса,сиса.
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.
Ақ сиса, қызыл сиса,сиса,сиса.
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.
Байлары орыс-қазақ қашқын дейді,
Көрер-ем қашқындықты күнім туса.
Ақ сиса,қызыл сиса, сиса,сиса.
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.
Аттыдан жаяу жүріп кек аламын,
Жігіттер шамаң келсе маған ұқса.
МАЗМҰНЫ
Бағдарлама мазмұны ..........................................................................................
I тоқсан. Ұлы ұстаздар көші
1-сабақ. Күй дәстүрінің шежірешісі – Қали Жантілеуов..............................
2-сабақ. Ән өнерінің кереметін паш еткен – Манарбек Ержанов.................
3-сабақ. Әншілік өнердің хас шебері - Жүсіпбек Елебеков..........................
4-сабақ. Қара қобызды сарнатқан – Жаппас Қаламбаев……………………
5-сабақ. Әнін көкке қалықтатқан - Ғарифолла Құрманғалиев……………..
6-сабақ. Күй аңызын ардақтай жеткізген - күйші Дәулет Мықтыбаев……
7-сабақ. Ұстазды ұлы тұтқан – күйші Төлеген Момбеков…………………
8-сабақ. Қазақты Гәкку әнімен тамсандырған – Қайрат Байбосынов...........
9-сабақ. Қазақтың жезтаңдай әншісі Жәнібек Кәрменов……………………
10-сабақ. Қорытынды сабақ …………………………………………………..
II тоқсан. Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі.
11-сабақ. Халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?.......................................
12-сабақ. Домбыра мен қобыздың түрленуі ....................................................
13-сабақ. Оркестр құрамындағы аспаптар........................................................
14-сабақ. Оркестрдегі дирижердің міндеті.......................................................
15-сабақ. Қазақтың көне саз апаптарын жинаушы – Болат Сарыбаев...........
16-сабақ. Қазақтың көне аспаптары - жетіген және шертер............................
17-сабақ. Фольклорлы-этнографиялы «Отырар сазы» оркестрі.....................
18-сабақ. Көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы..............................................
19-сабақ. Қорытынды сабақ...............................................................................
III тоқсан. Европа аспаптары.
20-сабақ. Европа музыкасының шыңы - симфониялық оркестр.....................
21-сабақ. Скрипка аспабы қалай пайда болды? ...............................................
22-сабақ. Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар……………….
23-сабақ. Оркестрдегі ағаш үрмелі аспаптар………………………………...
24-сабақ. Жезді аспаптар қашан пайда болды?.................................................
25-сабақ. Ұрмалы аспаптар тобы.........................................................................
26-сабақ. Арфа аспабы қайдан келді?.................................................................
27-сабақ. Оркестрге үн берген аспап...............................................................
28-сабақ. Қорытынды сабақ.
IV тоқсан. Опералық театр
29-сабақ. Әлем мәдениетінің озық үлгісі..........................................................
30-сабақ. Операдағы негізгі жанрлар…………………………………………
31-сабақ. Опералық театр тарихы……………………………………………..
32-сабақ. Қазақ опера театры………………………………………………….
33-сабақ. Қазақ опера жанрлары……………………………………………….
34-сабақ. Қазақ билері қалай пайда болады?.....................................................
35-сабақ. Музыка біздің өмірімізде....................................................................
36-сабақ. Қорытынды сабақ................................................................................
57