Материалдар / Әдістемелік құрал "Химия пәнінен тарау бойынша тест тапсырмалары"

Әдістемелік құрал "Химия пәнінен тарау бойынша тест тапсырмалары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр тарауды аяқтағаннан кейін қорытындылау мақсатында қолдануға болады, мұғалімдерге көмекші құрал бола алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
4974
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрастырған:

Танжарова Ж.И. №21 ОМГ биология-химия пәні мұғалімі


Пікір жазған:


А.Садықова - ҚҒӘО әдіскері



8 кластың химия оқулығын негізгі алып жазылған оқу-әдістемелік құрал оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін дамытуға, қорытындылауға арналып жасалған.Оқу-әдістемелік құралында барлық тараулар бойынша күрделіден жеңілге қарай жан-жақты сұрақтар қарастырылған. Сондай-ақ , оқушылардың білігі мен дағдыларын қалыптастыру, ағымдағы бақылаулар, оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытуға арналған сұрақтар мен олардың жауаптары берілген. Бұл тапсырмалар оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға көмектеседі.

Әдістемелік құралда оқушылардың химия пәнін меңгеруі үшін олардың білім дәрежесін тексеріп, бақылап, нәтижелерін жақсы көрсеткішке жеткізу жолдарының тиімді түрлері қарастырылған.

Жинақты химия пәні мұғалімдері, жас мамандар, педагогикалық мамандық студенттерінің оқу үрдісін ұйымдастырудың көмекші құралы ретінде пайдалануына болады.
























Түсінік хат


Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзыретті,бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу-алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі.Осы мақсатты іске асыруда химия пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттырып,алған білімдерін практикада қолдануға үйретудің және химия пәнінің адам өміріндегі рөлін,маңызын көрсетудің орны ерекше.

Оқушылардың білім деңгейін дұрыс та әділ бағалау жалпы білім сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш оқушылар үшін маңызды.

8 сыныпқа арналған химия оқулығын басшылыққа алып жазылған оқу-әдістемелік құрал оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін дамытуға, қорытындылауға арналып жасалған.Бұл дидактикалық материалдың мазмұны бейорганикалық заттардың негізгі кластарын, химиялық реакциялар және олардың жіктелуін, Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесін және периодтық заңының меңгерілуін тексереді. Оқушылардың алған білімдерін тиімді пайдаланып, өз беттерімен жұмыс жасау дағдыларын арттырып, білімін, біліктілігін бақылауға арналған жұмыстар жинақталған.

8 сыныптың химия пәніне арналған әдістемелік құралда оқушылардың білігі мен дағдыларына талап, ағымдағы бақылаулар, оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытуға арналған сұрақтар мен олардың жауаптары берілді.Бұл тапсырмалар оқушылардың химияны терең меңгеруіне,өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге, есептер шығаруға, іс жүзінде қолдануға көмектеседі.

Әр тарау бойынша берілген тапсырмалар тақырыпқа сай, оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығын арттыратындай күрделене берілген.

Ұсынылып отырған дидактикалық материал оқу үрдісінде тарауларды қорытындылауда, қайталауда пән мұғалімдеріне көмектеседі. Оқу бағдарламасы негізінде жасалғандықтан әдістемелік құралдың тапсырмалары түсінуге қолайлы, орындауға ыңғайлы. Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, дайын тапсырмалар беруде қолдануға болады.















1 тест

Бастапқы химиялық ұғымдар тарауы бойынша тест тапсырмалары


1.Химиялық құбылысқа (физикалық құбылыстан айырмашылығы) жататындар:

а) автомобиль қозғалтқышында бензиннің жануы

ә)сүттің ашуы       б)қардың еруі

в)ағаштарда қыраудың пайда болуы

2.Химиялық реакцияларға мына белгілердің қайсылары тән:

а)тұнба түзілуі    ә)агрегаттық күйдің өзгеруі

б)газдың бөлінуі      в)заттың ұсақталуы

3.Таза заттарға (қоспалардан өзгелері) жататындар:

а)мыс   б)күкірт   

ә)қант ерітіндісі (сахароза)  в)мыс кені

4.Мына берілгендердің ішінде күрделі заттарға жататындары:

а)алтын     ә)күкіртті сутек H2S  

б)күкірт   в)темір сульфиді FеS

5.Қай элементтің салыстырмалы атомдық массасы үлкендеу:

а)көміртек   ә)азот   

б)литий      в)сутек

6.Салыстырмалы молекулалық массасы үлкен қосылысты көрсетіңдер:

а)хлорсутек HCI     ә)фторсутек HF   

б)су H2O   в)күкіртсутек H2S

7.MgO қосылысындағы магнийдің валенттігін анықтаңдар:

а)1 ә)3      

б)2      в)4

8.Li2O қосылысындағы литийдің валенттігін анықтаңдар:

а)1 ә)3      

б)2      в)4

9.Мына жазулардың қайсылары химиялық реакция теңдеулері бола алады:

а)H2+CI=2HCI     ә)2Mg+O2=2MgO

б)AI+O2=AI2O3    в)HgO=Hg+O2

10.Мына жазулардың қайсылары химиялық реакция теңдеулері болып саналады:

а)4P+5O2=2P2O5 ә)NaOH+HCI=NaCI+H2O

б)P+CI=PCI5          в)Zn+HCI=ZnCI2+H2

11.Келтірілген теңдеулердің ішіндегі айырылу реакцияларын көрсетіңдер:

а)2C+O2=2CO ә)NH4CI=NH3+HCI

б)Cu(OH)2=CuO+H2O     в)H2+CI2=2HCI

12.Берілген теңдеулердің ішіндегі қосылу реакцияларын көрсетіңдер:

а)2HgO=2Hg+O ә)Fe+S=FeS

б)MgCO=MgO+CO2      в)2H2+O2=2H2O

13.Берілген реакция теңдеуіндегі фосфордың алдындағы коэффицент:

P+O2→P2O5

а)1 ә)2     

б)3      в)4

14.Реакция теңдеуіндегі натрийдің алдындағы коэффицент:

Na+CI2→NaCI

а)1 ә)2      

б)3      в)4

15.Кальций оксидіндегі (СаО) кальцийдің массалық үлесі:

а)65%     ә)71       

б)70%      в)82%

16.Мыс оксидіндегі (СuО) мыстың массалық үлесі:

а)70 %    ә)80%       

б)84%      в)90%

17.54 г суда қанша моль зат бар:

а)1моль     ә)2моль      

б)3моль      в)2,5моль

18.25 г әктасында (СаСО3) қанша моль зат бар?

а) 0,25 моль     ә) 0,5моль      

б)1 моль      в) 1,5 моль

19. 1 моль көміртекте атом саны қанша?
а) 6,02 ∙ 10²³ ә)6,02²³
б)6 ∙ 23¹º в) 1• 10²³
20.10 моль күкірттің массасы (г) –
а) 32 г. ә) 320 г.
б)10 г. в) 3,2 г
.


2 тест

«Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заң. Атом құрылысы» тарауы бойынша тест тапсырмалары

 

1 .Алюминий оксидінің формуласында алюминийдің индексі:

а) 1-ге   ә)2-ге  

б)3-ке  в)4-ке тең

2.Күкірт оксидінің формуласында оттектің индексі:

а) 1-ге   ә)2-ге  

б)3-ке  в)4-ке тең

3… Ва+О2= ВаО теңдеуінде қалдырып кеткен коэффициенттердің мәнін көрсетіңдер:

а)1,1    ә)2,2    

б)3,3    в)4,4

  1. Са+О2=…СаО теңдеуінде қалдырып кеткен коэффициенттердің мәнін көрсетіңдер:

а)1,1    ә)2,2    

б)3,3    в)4,4

5.Қай қосылыста оттектің массалық үлесі көп:

а)Li2O     ә)MgO   

б)CaO   в)BaO

6.2 моль фосфор жануы үшін оттектің қанша зат мөлшері жұмсалады?

4Р+5О2=2Р2О5

а) 5 моль  ә)2 моль 

б)2,5 моль   в)1 моль

7.1 моль темірдің жануы үшін оттектің қанша зат мөлшері қажет?

4Ғе+3О2=2Ғе2О3

а) 3 моль   ә) 4 моль 

б)0,75 моль  в) сенің жауабың

8.Химиялық реакция теңдеулерінің қайсылары эндотермиялық процестің мысалдары бола алады?

а)H2+O2=2H2O+Q ә)2H2O=2H2+O2-Q

б)N2+3H2=2NH3+Q в)CaCO3=CaO+CO2-Q

9.Химиялық реакция теңдеулерінің қайсылары экзотермиялық процестің мысалдары бола алады?

а)C+O2=CO2+Q ә)2HgO=2Hg+O2-Q

б)CH4+2O2=CO2+2H2O+Q в)2H2O=2H2O2-Q

10.Сызбанұсқасы РH3+O2→ Р2О5 +х реакция теңдеуіне «х» затының формуласы және оның алдына қойылатын коэффициенті:

а) H2 ә)H2O    

б)2H2O      в)3H2O

11.Берілген реакция теңдеуіндегі х және оның алдындағы коэффиценті H2S+O2 → x+H2O

а)S      ә)SO2     

б)H2     в)2SO2

12.Ацетиленнің С2H2 оттекте жану реакциясының теңдеуіндегі оттек формуласының алдына қойылатын коэффицент:

а) 1   ә)3    

б)2    в)5

13.Периодтық жүйеде қосымша топшаға қандай элементтер жатады?

а) кіші периодтың химиялық элементтері ә) үлкен периодтың химиялық элементтері

б) кіші және үлкен период элементтері в) барлық жауап дұрыс

14.Метанның CH4 оттекте жану реакциясы теңдеуіндегі коэффиценттердің қосындысы:

а) 4-ке   ә) 7-ге  б) 6-ға  в) 8-ге тең

15.Оттек жоғары температурада берілген заттар топтарының қайсыларымен әрекеттеседі:

а)CuO,H2,Fe      ә)P,H2,Mg     б)Cu, H2, Au     в) S, CH4, H2O

 16.Оттек жоғары температурада берілген заттар жұбының ешқайсысымен әрекеттеспейді:

а) P CH4 ә)Au H2O

б)Fe H2 в)S C2H2

1DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 7.Мына қатарда: Li Na K Rb атом ядро зарядының өсуіне байланысты металдық қасиет қалай өзгереді:

а) күшейеді ә) әлсірейді

б) өзгермейді в) периодты түрде өзгереді

18. Химиялық элемент атомының энергетикалық деңгей саны нені көрсетеді:

а) реттік нөмірін ә) топ нөмірін

б) қатар нөмірін в) период нөмірін

19.Төменде берілген периодтық жүйедегі химиялық элементтердің қай тобы ұшқыш сутектік қосылыс түзеді:

а) І ә)ІІ

б)ІІІ      в)VII

20.Натрий карбонатыныңNa2CO3 құрамындағы натрий элементінің массалық үлесі қандай:

а) 34 % ә)22%

б)17 %     в)43%


3 тест

«Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заң.Атом құрылысы» тарауы бойынша тест тапсырмалары


1.Периодты элементтер қасиеттері өзгеруінің негізгі себебі неде?

а)жаңа электрондық қабаттың пайда болуында ә)сыртқы қабатта электрондардың жиналуында

б)атомдық массаның өсуінде в)атомдагы электрондар санының өсуінде

2.Негізгі топшадагы элементтер қасиеттерінің өзгеру себебі неде?

а)атомдық массаларының өсуінде ә)жаңа электрон қабатының пайда болуында

б)атомдагы электрон сандарының көбеюінде

в)атом ядросындагы нейтрондар санының көбеюінде

3.Бейметалдардың таңбасын көрсетіңдер(Д.И.Менделеев кестесін пайдаланыңдар)

а)Na ә)Mg

б)Н в)S

4.Металдардың таңбасын көрсетіңдер(Д.И.Менделеев кестесін пайдаланыңдар)

а)Na ә)Mg

б)O в)Si

5.Мына берілген элементтер қатарының қайсысы жалпы формуласы RO болатын оксидтер түзеді?

а)Mg,Ca,Be ә)Na,K,Li

б)B,Al,Ga, в)N.P,As

6.Төменде берілген элементтер қатарының қайсысы жалпы формуласы R2O болатын оксидтер түзеді?

а)Mg,Ca,Be ә)Na,K,Li,

б)B,Al,Ca в) N,P,As

7.Біріншісінен соңғысына қарай бейметалдық қасиеттері артатын элементтер қатары:

а)Na,Mg, Al ,Si ә)Mg,Ca,Sr,Ba

б)K,H,Na,Li в)I,Br,Cl,At

8.Біріншісінен соңғысына қарай металдық қасиеттері артатын элементтер қатары:

а) Na,Mg,Al. ә) Na,K,Ca

б) Na,K,Rb в)P,S,Cl

9.Қай элементтің атом мөлшері ең кіші?

а)Na ә)K

б)Mg в)S

10. Қай элементтің атом мөлшері ең үлкен?

а)Mg ә)K

б)Ca в)H

11.Көміртектің ең үлкен валенттігі:

а)1- ге ә)2-ге

б)3-ке в)4-ке тең?

12.Күкірттің ең үлкен валенттігі:

а) 2-ге ә) 3-ке

б) 4-ке в)6-ға тең?

13.Қай элементтердің атомдарына электрондарды қосып алғаннан,беріп жіберу оңай:

а)Д.И.Менделеев кестесінде IIтоптың негізгі топшасына; б)2-периодтың басындағы;

ә) VIIтоптың негізгі топшасында орналасқандарға; в)2-периодтың ортасындағы;

14.Берілген элементтер атомдары электрондарды қосып алуға да,беріп жіберугеде қабілетті:

а) Iтоптың негізгі топшасындағы; ә) VIтоптың негізгі топшасындағы;

б)2-периодтың басындағы; в)2-периодтың ортасындағы;

15.Фтор атомындағы электрондардың энергетикалық денгейлерде орналасуы:

а)2,8,4 ә)2,6

б)2,7 в)2,8,5

16.Қай элемент газ күйінде сутекті қосылыс түзеді?

а)№22 ә)№6

б)№23 в)№24

17.Қай топтағы элементтер ұшқыш сутекті қосылыс түзеді?

а)I ә)II

б)V в)VII

18.Натрий атомындағы электрондардың формуласы?

а)2,1 ә)2,8,1

б)2,4 в)2,8,6

19.Күкірт атомының электрондық формуласы:

а)1s²2s²2p³ ә)1s²2s²2p6

б)1s²2s²2p6 3s²3p4 в)1s²2s²2p²

20.Элементтің электрондық формуласы 1s²2s²2p³.Оның реттік номерін анықтандар:

а)№2 ә)№3

б)№5 в)№7


4 тест

«Сутек.Қышқылдар. Тұздар» тарауы бойынша тест тапсырмалары


1.Мына айтылғандардың қайсысы сутекке сай келеді:

а)салыстырмалы молекулалық массасы -1      ә)судың құрамына кіреді

б)мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде түзіледі     в)барлық жауап дұрыс

  1. Не себепті сутекті болашақтың отыны деп санайды?

а) оттекпен әрекеттескенде көп энергия және қоршаған ортаны ластамайтын су бөлетіндіктен

ә)сутек – ең жеңіл газ және оны алыс жерлерге жеткізу ыңғайлы

б)сутекті алуға болатын шикізат қоры жеткілікті

  1. Өндірісте сутекті:

а) суды электр тогының көмегімен айыру ә)ауадан  

б)металмен қышқыл әрекеттескенде в) металл мен су

әрекеттескенде алады

  1. Зертханада сутекті:

а) темір мен су     ә) натрий мен су 

б) кальций оксиді сумен в) мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде алады

  1. Cутекпен әрекеттесетіні:

а)H2O ә)SO3

б)Cl2 в) Au

6.Мына затта Н2О2 сутектің массалық үлесі жуық шамамен тең:

а)1 ә)2

б)3 в)4

  1. Сутек:

а)N2-пен     ә) S-пен   

б) O2-пен   в) HCI-мен  әрекеттеспейді

  1. Жоғары температурада сутек:

а) СI2-мен    ә) O2-пен   б) NaOH-пен  в) N2-пен әрекеттеспейді

  1. 8,1г мырыш оксиді толығымен мырышқа айналдыру үшін сутектің қандай зат мөлшері қажет?(Mr(ZnO)=81)

ZnO+H2=Zn+H2O

а) 1 моль    ә) 0,1 моль  б ) 0,2 моль  в) сенің жауабың

  1. 240г мыс оксидін толығымен мысқа айналдыру үшін сутектің

CuO+H2=Cu+H2O,       (MrCuO)=80

а) 1 молі   ә)0,1 молі  б) сенің жауабың   в) 3 молі қажет

11.Орынбасу реакциясын көрсетіңдер:

а) H2+S=H2S    ә) Mg+2HCI=MgCI2+H2

б) 2NH3=3H2+N   в)MgO+2HCI=MgCI2+H2O

  1. Алмасу реакциясы қайсысы:

а) 2H2+O2=2H2O    ә) Сa+2HOH=Ca(OH)2+H2

б) Fe2O3+3H2SO4=Fe2(SO4)3+3H2O    в)H2+CI2=2HCI

  1. Қышқылдардың формулаларын көрсетіңдер:

а) H2SO4     ә)MgSO4 

б) MgO   в) HCI

  1. Тұздардың формулалары:

а)NaCI      ә)CaSO4    

б)MgSO4   в)NaOH

  1. Қышқылдар металдармен және негіздік оксидтермен әрекеттескенде үнемі:

а) су    ә)сутек немесе басқа газдар 

б) тұз   в) негіз түзіледі

  1. Тұз қышқылымен әрекеттеспейді:

а)Ag ә)AI      

б)Fe     в)Zn

  1. Азот қышқылының мыс (ІІ) гидроксидімен химиялық реакция теңдеуіндегі реакция өнімдерінің формулаларымен олардың алдындағы коэффиценті:

а) Cu(NO3)2және 2H2O      ә) Сu(NO3)жәнеH2

б)CuOжәне 2H2O в)CuOжәне H2O

  1. Магний хлориді:

а) MgO және HCI   ә)Mg және HOH  

б)Mg және O2  в)Mg және HCI аралығындағы орынбасу реакциясының нәтижесінде алынады.

  1. Хлорсутек қышқылының тұзы-кальций хлоридінің формуласындағы хлор атомының индексі:

а)1     ә)2     

б)3     в)4

  1. Күкірт қышқылының тұзы-литий сульфаты формуласындағы литий атомының индексі:

а) 1    ә) 2   

б)3     в)4


5 тест

«Сутек.Қышқылдар. Тұздар» тарауы бойынша тест тапсырмалары


1.Сутектің химиялық таңбасы:

а)Н б)Сu

ә)Не в)Si

2.Күн жүйесі планеталаранының қанша пайызы сутек атомы құрайды?

а)25% б)24%

ә)32% в)92%

3.Сутектің судағы массалық үлесі қанша?

а) 10% б)12%

ә)11% в)13%

4.Сутекті ең алғаш ашқан ғалым:

а)Ломоносов б)Кавендиш

ә)Менделеев в)Лавуазье

5.Сутек латынша қандай мағына береді:

а)Түтінді газ б)Қопарғыш газ

ә)Су тудырушы в)Су тасушы

6.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:

а)Белсенді металдан б)Ауаны ығыстыру арқылы

ә)Электр тогы арқылы в)Айдау арқылы

7.Сутекті алу үшін қолданылатын аспап:

а)Кипп аппараты б)Құтылар

ә)Отбақыраш

8.Массасы 8 г кальций сумен әрекеттескенде неше грамм сутек газы бөлінеді?

а)0,5 г б)0,1 г

ә)0,4 г в)0,8 г

9.Сутектің тиімді ракета отыны болатыны туралы кім айтты?

а)Менделеев б)Люссак

ә)Лавуазье в)Циолковский

10.Қышқылдарға тән қасиет:

а)Қышқылдық дәм,күйдіргіш б)Түссіз,қатты

ә)Суда ерігіш,тәтті в)Өткір иісті,тәтті

11.Индикатордыі латынша атауы:

а)Индекс б)Түс

ә)Көрсеткіш в)Атом

12.Сутекті судың өзінен қуатты ығыстыратын белсенді металдар:

а)Mg Al Zn б)Ag Al Ca

ә)Li K Ca в)Na Al Mg

13.Қышқылды тап:

а)НСІ б)СаО

ә)NaOH в)NaCI

14. Қышқылмен мүлде әрекеттеспейтін металл:

а)Алтын б)Мыс

ә)Күміс в)Натрий

15.Бір негізді қышқыл:

а)Күкірт қышқылы б)Фосфор қышқылы

ә)Азот қышқылы в)Көмірқышқылы

16.Қышқыл қалдығы(хлордың) валенттілігі:

а)1 б)3

ә)2 в)4

17.Тұздар дегеніміз:

а)Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады

ә)Металл атомы мен гидроксид анионынан тұрады

б)Сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады

18.Қай қышқылдың тұздары түгелдей суда ерімтал:

а)Күкірт қышқылы б)Тұз қышқылы

ә)Көмір қышқылы в)Азот қышқылы

19.Суда ерімейтін тұзды табыңыз:

а)NaCl б)AgCl

ә)KCl в)CuS

20.NaCl + AgNo3 =NaNО3 + AgCl ↓ реакция типін табыңыз:

а)Қосылу б)Алмасу

ә)Айырылу в)Орынбасу

 6 тест

«Су.Ерітінділер.Негіздер» тарауы бойынша тест тапсырмалары


1.Суға тән барлық қасиеттері бар жеке зат:

а)теңіз суы     ә)су құбырындағы су  

б)дистилденген су     в)жаңбыр суы

2.Табиғи суда болатын еріген заттар оның:

а)ғылымда ә)ауыл шаруашылығында  

б)тұрмыста     в)медицинада

қолдануына бөгет болады.

3.Сүзу арқылы судан:

а)еритін    ә)ерімейтін  

б)еритін және ерімейтін қоспаларды бөліп алуға болады.

4.Суды дистелдеу оны:

а) еріген заттарды   ә)ерімейтін заттарды  

б)кез келген заттардан в)газдардан тазарту үшін қолданылады.

5.Сілті ерітіндісін қышқыл ерітіндісінен  қандай жолмен ажыратуға болады:

а)иісінен    ә)металдарға әсерінен  

б)суда ерігіштігінен     в)индикаторларға әсерінен

6.Сілті ерітінділерінде метилоранждың түсі қандай болады:

а)түссіз    ә)қызыл  

б)сары     в)қызғылт сары

7.Тек ерімейтін негіздерге тән қасиет қандай:

а)қышқылдармен әрекеттесуі    ә)оксидтермен әрекеттесуі

б)индикаторларға әсері     в)қыздырғанда айырылуы

8.Қандай реакция типтері негіздерге тән:

а)айырылу реакциясы    ә)қосылу реакциясы  

б)алмасу реакциясы     в)орынбасу реакциясы

  1. Бейтараптану реакциясы деп:

а)қышқылдың метал оксидімен    ә)қышқылдың металмен  

б)қышқылдың негізбен     в)қышқылдың тұзбен реакциясын айтады

  1. Қай заттардың өзара әрекеттесуі бейтараптану реакциясының мысалы бола алады:

а)Mg(OH)2және HBr ә)CuCI2және KOH  

б)KOH және CO2     в)HCI және Na2CO3

  1. Бөлме температурасында су:

а)Ag-пен    ә )N2-пен  

б)S-пен     в)Na-мен әрекеттеседі.

  1. Қай заттармен су орынбасу реакцияларына түсе алады:

а)MgO-мен ә)CO2-мен  

б)Ca-мен     в)NaCI-мен

  1. Fe(OH)3+HCI=….+….химиялық реакциясындағы өнімдерді және коэффиценттерді көрсетіңдер:

а)FeCI+3H2O ә)FeCI3+H2O  

б)FeCI3+3H2     в)FeCI3+3H2O

14.NaOH+H2SO4=….+…..реакциясының өнімдерін және олардың алдындағы коэффиценттерді көрсетіңдер:

а)2Na2SO4+2H2 ә)Na2SO4+2H2O  

б)2Na2SO4+2H2O     в)Na2SO4+H2O

  1. Мыс (ІІ) гидроксиді:

а)H2O-мен    ә)HNO3-пен  

б)NaOH-пен     в)AI2O3-мен әрекеттеседі

  1. Калий гидроксиді:

а)H2O-мен ә)H3PO4-пен  

б)Fe(OH)3-пен     в)SO3-пен әрекеттеседі

  1. FeO→Fe→x→Fe(OH)айналым тізбегінде х деп белгіленген заттың формуласы:

а)Fe2O3 ә)FeCI2  

б)FeCI3     в)Fe(OH)3

  1. Э→Э2О5→H3ЭОайналым тізбегінде «Э» элементі:

а)күкірт  ә)фосфор  

б)алюминий     в)темір болуы мүмкін

  1. Массалық үлесі 0,5%-дық 50г тұз ерітіндісін дайындауға қажет су мен тұздың массалары:

а)49,5г және 0,5г    ә)50г және 0,5г  

б)47,5г және 2,5г     в)49,7 және 0,25г

  1. Массалық үлесі 5%-дық 200г тұз ерітіндісін дайындауға қажет су мен тұздың массалары:

а)200г және 5 г  ә)190г және 10г 

б)200г және 10г  в) 185г және 15г



7 тест

«Су.Ерітінділер.Негіздер» тарауы бойынша тест тапсырмалары


1.H2O+Ca=x+H2 реакциясының теңдеуіндегі х затының формуласы және оның алдындағы коэффицент:

а) 2Ca(OH)2 ә)CaO  

б)Ca(OH)2 в)2CaO

2.Fe(OH)2+HCI→x+y реакциясының теңдеуіндегі х және у заттарының формулалары мен олардың алдындағы коэффиценттері:

а) FeCI2+H2O          ә)FeCI3+H2O     

б)FeCI3+2H2O    в) FeCI3+3H2O

3.Судың құрамындағы қандай қоспаны сүзу арқылы бөлуге болады:

а)еріген заттарды ә)ерімейтін заттарды

б)еріген және ерімейтін заттарды в)еріген және қатты заттарды

4.Судың химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеуін көрсетіңіздер:

аDrawObject4 DrawObject5 )СаО+Н2О ә)Cu+H2O

бDrawObject6 DrawObject7 )SiO2+H2O в) HCl+H2O

 5.Төмендегі қатарлардан натрий гидроксиді,барий оксиді,калий хлориді сәйкес келетін формуланы табыңыздар:

 а) NaOH,K2O,NaCl ә)NaOH,KCl,Na2O

б) NaOH,BaO,KCl в) KOH,MgCl2,Na2O

6.Негіздер төмендегі заттардың қайсысымен реакцияласады:

 а) KOH,CaO,HCl ә)CO2,HCl,SO3

б) Mg(OH)2,Na2O,H2SO4 в)Cu(OH)2,CuO,CO2

7.Массасы 10,6 г натрий карбонатының зат мөлшері қандай:

а)0,1 моль ә)0,5 моль

б)0,3 моль в)0,2 моль

8.Массалық үлесі 5%-тік 300 г натрий хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін неше грамм тұз және су қажет:

а)15 г тұз және 300 г су ә)15 г тұз және 285 г су

б) 30 г тұз және 280 г су в)5 г тұз және 200 г су

9.Тек қыздырғанда ғана сумен мына заттардың қайсысы әрекеттеседі:

а)темір ә)кальций

б)калий оксиді в)барий оксиді

10.Калий гидроксиді мен көміртегі (ІҮ) оксиді әрекеттескенде не түзіледі:

а)CaCO3 және H2 ә) K2CO3 және H2

б)CaCO3 және H2O в)K2CO3 және H2О

11.Суда ерімейтін негіз қандай заттар әрекеттескенде түзіледі.

а)металл мен су ә)металл оксиді мен су

б)металдың суда еритін тұзы мен су в) металл мен қышқыл

12. Тұз қышқылы қай оксидпен әрекеттескенде ерітінді көгілдір түске боялады:

а)СаО б)CuO

ә)ZnO в)K2O

13.Бейтараптану реакциясына қандай әрекеттесулер жатады:

а)қышқыл мен негіздік оксидтің әрекеттесуі ә)қышқыл мен негіздің

әрекеттесуі

б)қышқылдық оксид пен негіздік оксидтің әрекеттесуі в)қышқыл мен металдың әрекеттесуі

14.5моль күкірт қышқылының массасы қандай:

а)98 г ә)48 г

б)490 г в)294 г

15.Суда ерімейтін негіздердің формуласын көрсетіңдер:

а) NaOH, Cu(OH)2, KOH ә) Cu(OH)2, Fe(OH)3, Zn(OH)2,

б) Fe(OH)2, RbOH, CsOH, в) Cu(OH)2, Fe(OH)3 , LiOH

16. Лакмус индикаторының түсі сілтілік ортада қалай өзгереді:

а) қызыл ә) көк

б)күлгін в) түссіз

17.Мына төмендегі өзгерістердегі А затының формуласы қандай:


РDrawObject8 Р 2О5 +Н2О А

DrawObject9

а) Н3РО4, ә)Н3РО2

б) Н3РО3, в) Н2РО3

18.Массасы 8 г кальций сумен әрекеттескенде неше грамм сутек газы бөлінеді:

а) 0,5 г ә)0,3 г

б)0,1 г в) 0,4 г

19. Негіздер нешеге бөлінеді:

а) бөлінбейді ә)2

б) 3 в) 4

20.Қышқылдық оксид пен су әрекеттескенде түзіледі:

а) сілті ә) қышқыл

б) тұз в) негіз


 

8 тест

«Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылау» тарауы бойынша тест тапсырмалары


1.Негіздік оксидтердің формулаларын көрсетіңдер:

а)HCI ә)KOH 

б)MgO в)Ca(OH)2

  1. Қышқылдық оксидтердің формулалары:

а)KCI ә)P2O5 

б)CO2   в)H3PO4

  1. Қышқылдың формуласы:

а)H3PO4 ә)Li(OH) 

б)Li2O   в)Ba(OH)2

  1. Негіздің формуласы:

а)Li2O ә)LiCI 

б)LiOH   в)HNO3

  1. Хлорсутек (тұз) қышқылы:

а)Mg(OH)2-мен ә)CaO-мен 

б)H3PO4-пен   в)P2O5-мен әрекеттеседі

  1. Қай жұптағы заттар өзара әрекеттеспейді:

а)SO2   KOH ә)HCI және P2O5 

б)SO3және CaO  в)HCI және Fe

  1. Берілген жұптағы өзара әрекеттеспейтін заттар:

а)HCI және Cu ә)CuO және H2

б)H2SO4және CO2   в)SO2және NaOH

8.Тұздарды алудың негізгі неше тәсілі бар:

а) 10 ә) 15

б) 5 в)4

9.MgOHCl-дың атауы:

а) магний хлориді ә)магний гидрохлориді

б)магний гидроксиді в)магний гидроксохлориді

10.Қышқыл дегеніміз не?

а) металл атомы мен гидроксотоптан тұрады

ә)металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады

б)сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады

11.Берілген қатарлардан азот қышқылы,натрий хлориді,натрий оксиді формулаларын табыңыздар:

а) NH3,NaCl, Ca(OH)2 ә)HNO3,NaCl, Na2O

б) NO2, HNO3, NaCl в) NaNO3,NaCl, Na2O

12.Тұздарды сипаттайтын қасиетті анықта:

а) тұздар-ақ түсті, қатты заттар; ә)тұздар-сұйық және қатты әр түрлі заттар

б)тұздар-қатты әр түрлі заттар; в)тұздар-сұйық және газ тәрізді заттар

13.Мына заттардың қайсысына әсер етсе лакмустың түсі өзгереді:

а) H2SO4 ерітіндісі; ә)NaOH ерітіндісі;

б) H2O ; в)Cu(OH)2 ерітіндісі.

14.Қышқылдар қандай болады:

а) газ тәрізді ә)сұйық

б)қатты в)сұйық және қатты

15. Тұрмыста қолданылатын тұздың формуласы:

а)NaCl б)FeCl2

ә)BaCl2 в)AgNO3

16.325 г мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген сутегінің зат мөлшері қандай:

а) 1 моль ә) 3 моль

б) 5 моль в)7 моль

17.Қышқылдар қандай қосылыстармен әрекеттеспейді:

а) амфотерлі оксидтермен ә)негіздік оксидтермен

б) қышқылдық оксидтермен қышқылдық және негіздік оксидтермен?

18.Төмендегі заттардың қайсысымен тұз қышқылы әрекеттескенде сутегі бөлінеді:

а)Zn,Ca,Na ә)Cu,Ca,Na

б)Fe,Zn,Hg в) S,Ca,Zn?

19.Бір негізді қышқылды тап:

а) күкірт қышқылы ә)азот қышқылы

б) фосфор қышқылы в) көмір қышқылы

20.Берілген формуладан тұзды табыңыз:

а) HBr ә)H2S

б) CuS в)HCl





9 тест

«Сілтілік металдар.Галогендер. Олардың қосылыстары» тарауы бойынша тест тапсырмалары


Галогендер тобына жататындар:

а) Si, Ca, Mg, Ba, In ә) C1, F, Ne, Xe, Cu

б) F, C1, Br, I, At в) C1, I, K, At, Na

  1. Галогендердің сыртқы энергетикалық деңгейі мына электронды

формуламен  сипатталады:

а) 1s2 2s2 ә) 1s2 2s2 2p4

б) 1s2 2s2  2p3 в) 1s2 2s2 2p5

  1. Галогендер атомының белсенділігі мына қатарда артады:

а) F, C1, Br, I, At ә) I, At, C1, Br, F

б) C1, Br, I, F, At в) At, I, Br, C1, F

  1. 20˚С температурада 1 көлем хлордың неше көлемі ериді:

а) 3,5 ә) 2,5

б) 1,7 в) 2,9

  1. Галоген тобына жатпайтын элемент :

а) I ә) Cl

б) Br в) Cr

  1. Мүмкін болатын химиялық әрекеттесу: 

а) NaF + Cl2 ә) NaCl + F2

б) NaI + F2 в) NaCl + Br2

  1. Тұз қышқылы мына заттармен әрекеттеседі:

а) Cu, CuO, Cu(OH)2 ә) NaOH, Na2O, метилоранж

б) АgNO3, Ca, NaOH в) Zn, ZnO, Zn(OH)2

  1. Бөлме температурасында қатты күйде болатын элемент:

а) F2 ә) I2

б) Cl2 в) Br2

  1. Хлордың судағы ерітіндісі:

а) хлорсутек ә) хлорсуы

б) тұз қышқылы в) хлор қышқылы

  1. Хлор темірмен әрекеттескенде түзілетін өнім:

а) темір хлориді (ІІ) ә) темір бромиді (ІІІ)

б) темір оксиді (ІІІ) в) темір хлориді (ІІІ)

  1. Галогендердің ішіндегі күшті тотықтырғышы:

а) F2 ә) I2

б) Cl2 в) Br2

  1. 1826 жылы француз оқымыстысымен ашылған элемент:

а) F2 ә) I2

б) Cl2 в) Br2

  1. Фтор бос күйінде:

а) сұйық улы зат ә) қара сұр түсті улы газ

б) қатты улы зат в) улы газ

  1. Теңіз балдырларында кездесетін элемент:

а) F2 ә) I2

б) Cl2 в) Br2

  1. Хлор газы ауадан неше есе ауыр:

а) 2 есе ә) 3 есе

б) 1,5 есе                         в) 2,5 есе                   

16. Хлор атомның энергетикалық деңгейіндегі электрондардың орналасуының сан қатары 
А) 2,8,7 
B) 2,7 
C) 2,8,5 
D) 2,8 
E) 2,8,2 
17. Хлор элементінің табиғатта кездесетін изотоптары Cl – 35 және Cl – 37. Элементтің салыстырмалы атомдық массасы – 35,5. Табиғаттағы әр изотопының массалық үлесі 
а) 85% және 15%  ә) 55% және 45% 
б) 75% және 25% в) 65% және 35% 

18. Хлор атомның ең аз тараған табиғи изотопына сәйкес келетін протон, нейтрон, электрон саны 
а) 17, 18, 17  ә) 17, 20, 17 
б) 17, 19, 17  в) 35, 10, 17 
19.100 грамм суға 6,72 л хлорсутекті (қ.ж.) ерітілген. Ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесі (процентпен) қандай?

а) 10% ә)5%

б) 7% в) 9%
20.Көлемі 60 мл, массалық үлесі 20 % және тығыздығы 1,1 г/мл болатын тұз қышқылымен мырыш әрекеттескенде қанша грамм мырыш хлориді түзілетінін есептеңіз.

а) 30г ә) 24,6г

б) 23г в) 13г



10 тест

1.Төменде көрсетілген құбылыстардың химиялық реакцияларға жататыны:

а) мұздың еруі ә) дөңгелектің айналуы

б) қанттың еруі в) күкірттің жануы

2. Алюминийдің валенттігі тең

а) 1 ә) 2

б) 3 в) 4

3. 1 моль көміртекте атом саны тең:

а) 6,02· ә)

б) 6· в) 1·

4. 10 моль күкірттің массасы:(г) –

а) 32 г ә) 3,2 г

б) 320 г в) 10 г

5. Өнеркәсіпте оттекті алу үшін қолданылатын зат:

а) судан ә) KMn

б) KCl в) ауадан

6. реакция теңдеуінде оттектің алдына қойылатын коэффициент:

а) 1 ә) 2

б) 3 в) 4

7. Сутекпен мыс (ІІ) оксиді әрекеттескенде түзілетін реакция өнімін көрсет:

а) Cu+ ә) Cu

б) Cu в) Cu+

8. Су әрекеттеседі:

а) қышқылдармен ә) негіздермен

б) активті металдармен в) сутекпен

9. Қосылыстар арасынан қышқылды көрсет:

а) ә) Ca

б) в)

10. Периодтық жүйенің 7-ге тең горизонтальді жолдарының аталуы:

а) периодтар ә) топтар

б) қатарлар в) жолдар

11. Кремний атомындағы электрон қабаттарының саны:

а) 1 ә) 2

б) 3 в) 4

12. Темір атомының ядросындағы протондар саны:

а) 20 ә) 55

б) 30 в) 26

13.Бром B молекуласындағы химиялық байланыс түрі:

а) иондық ә) ковалентті полюссіз

б) сутектік в) ковалентті полюсті

14. Қай металл сілтілікке жатады:

а) Ca ә) Fe

б) Ni в) Na

15. Хлор әрекеттеспейтін затты көрсет:

а) ә)Na

б)K в)CuO

16. Период нөмірі сәйкес келеді:

а) протондар санына ә) сыртқы қабаттағы электрондар санына

б) нейтрондар санына в) электрон қабаттарының санына

17. Қай тұз ерітіндісінде лакмус көк түске боялады?

а) ә)Cu

б)Ba в)Zn

18. 200 г мыс (ІІ) оксиді мен 200 г күкірт қышқылын қыздырғанда түзілетін тұздың массасы:

а) 400 г ә) 32,7 г

б) 326,5 г в) 432,7 г

19. Кремний атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласы:

а) ә)

б) в)

20. Әрекеттесу нәтижесінде тұз бен сутек түзіледі:

а) ә)

б) в)




11 тест

  1. Мына сөйлемдердің қайсысында азоттың «жай зат» емес, «химиялық элемент» екендігі айтылады?

а) Азот ауаның құрам бөлігіне жатады ә) Азот азот қышқылының

құрамына кіреді

б) Азоттың тығыздығы оттегіден кем в) Сұйық азот мұздату

үшін қолданылады.

2. СО+ реакциясын теңестіру кезінде барлық коэффициенттердің қосындысы тең:

а) 1 ә) 2

б) 3 в) 5

3. Күкірттің жоғарғы және төменгі валенттіліктерін көрсететін қосылыстары:

а) ә)S

б)Н2S және SO3 в)а және б

4.2 моль Н2SO4-тегі молекула саны қанша?

а)6,02 *1023 ә)12,04 * 1046

б)3,01 * 1023 в)12,04 * 1023

5.Көміртек оксидтерінің формуласы:

а)СО,СО2 ә)С2О, С2О3

б)СО2,СО3 в)СО,С2О5

6.Натрий оксидін халықаралық номенклатурасы бойынша қалай атайды?

а)Натрий оксиді( І ) ә)Натрий оксиді (ІІ)

б)Мононатрий диоксиді в) Динатрий монооксиді

7.Сутекпен әрекеттеспейтіні:

а)Na ә)S

б)O2 в) HCl

8.Еріген заттың массалық үлесі өлшенеді:

а) Пайызбен (%) ә)Мольмен

б)Грамм/Мольмен в) Граммен

9.Күкірт оксидімен (VI) әрекеттеспейтіні:

а)H2O ә)CO2

б)NaOH в)СаОН

10.Сыртқы энергетикалық деңгейінде электронға ие болатын атом?

а)Н ә)Не

б)Ве в)С

11.Металдық қасиеті өте айқын байқалатыны:

а)Li ә)K

б)Na в)Cs

12.Ең жоғарғы теріс электрлікке ие болатын элемент:

а)Na ә)C

б) F в) O

13.Иондық байланысы бар қосылыстың формуласы:

а)NaF ә)H2O

б)HCl в)Br2

14.187,2 г натрий хлоридін алу үшін қанша грамм натрий қажет:

а)147,2 г ә)73,6 г

б)220,8 г в)36,8 г

15.Хлор топтағы барлық заттармен әрекеттеседі:

а)Н2r,Na ә)CuO,K,S

б)H2,N2,O2 в2,Na,Ca

16.Атомның электрондық формуласы 1s2 2s2 2p3.Бұл элеметтің сутек қосылысымен жоғарға оксидінің формулалары:

а)H2S және SO3 ә)NH3 және N2O5

б) CH4 және CO2 в) PH3 және P2O3

17. Қай тұздың ерітіндісінде лакмус көк түске боялады:

а)Na2CO3 ә)MgCl2

б)FeJ2 в)K2SO4

18.13 г мырыш пен 24,5 г күкірт қышқылы ерітіндісінің әрекеттесуі кезінде түзілетін сутектің (қ.ж.) колемі тең:

а)2,24 л ә)4,48 л

б)6,72 л в)5,60 л

19.Өте белсенді металл атомының электондық формуласы:

а)1s2 2s2 2p6 ә)1s2 2s2 гр6 3s1

б)1s2 2s1 в) 1s2 2s2

20.Азот қышқылымен әрекеттеспейтіні:

а)Са(ОН)2 ә)Na2CO3

б)SiO2 в)Ag



12 тест

  1. 15 электроны бар атом:

а) Si ә)Cl

б)S в)P

2. KNO2 затындағы азоттың валенттілігі:

а) 1 ә) 2

б) 3 в)4

3. Mn+O2 2O7 реакциясы теңдеуіндегі оттектің алдына қойылатын коэффициенті:

а) 1 ә) 3

б) 5 в) 7

4. 0,1 моль фосфор оксидін (V) алу үшін жұмсалатын фосфордың массасы:

а) 0,2 г ә) 3,1 г

б) 31 г в) 6,2 г

5. 10 моль оттектің көлемі:

а) 10 л ә) 16 л

б) 32 л в) 224 л

6. Оттек табиғатта кездеспейді:

а) суда ә) атмосферада

б) вакуумда в) тірі ағзада

7. Өнеркәсіпте сутекті алады:

а) судың металмен әрекеттесуінен ә) суды ыдыратудан

б) күкіртсутектің ыдырауынан д) металдардың қышқылдармен әрекеттесуінен

8. 30 г суда 10 г натрий гидроксидін еріткенде түзілетін сілтінің массалық үлесі:

а) 5 ә) 10

б) 15 в) 25%

9. H2O +Ba x+H2 реакциясы теңдеуіндегі «х» затының формуласы мен алдына қойылатын коэффициенті:

а) Ba (OH)2 ә)BaOH

б)BaO в)2BaO

10. Хлор атомының сыртқы деңгейіндегі электрон саны:

а) 1 ә) 3

б) 5 в) 7


11. S-электрон бұлтының пішіні:

а) гантель тәрізді ә) шар тәрізді

б) күлте жапырақша тәрізді в) сызықтық

12. Күміс атомындағы электрон деңгейінің саны.

а) 2 ә) 3

б) 4 в) 5

13. Қатты көміртегі оксидінің (ІV) CO2 кристалдық тор:

а) иондық ә) атомдық

б) молекулалық в) металдық

14. Натрий гидроксиді ерітіндісіндегі фенолфталеиннің түсі:

а) қызыл ә) көк

б) таңқурай в) сары

15. Тұз қышқылымен әрекеттесетіні:

а) SO3 ә)H2

б)Ca в)FeCl3

16. CH4-тегі химиялық байланыс:

а) металдық ә) ковалентті полюсті

б) иондық в) сутектік

17. 5,4 г алюмийді 5,76 г күкіртпен қыздырғанда түзілетін алюминий сульфидінің Al2S3 массасы:

а)5,76 г ә)7,50 г

б)11,6 г в)9 г

18.Бром атомының сыртқы электрон қабатының формуласы:

а)3s2 3p4 ә)4s2 4p5

б)4s1 4p4 в)3s2 3p6

19.Мына өзгерістегі P 3PO4 «х» затының формуласы:

а)PH3 ә)P2O3

б)P2O5 в)P4O6

20.Негізгі топшадағы металдар Me2O оксидін түзеді.Қалыпты жағдайда металдың сыртқы электрон қабатының конфигурациясы –

а)ns1 np2 ә)ns2 np2

б)ns0 np2 в)ns1




13 тест

1.Төмендегі ұғымдардың қайсысында оттектің химиялық емес,жай зат екендігі айтылады?

а)Оттек суда нашар ериді ә)Оттек судың құрамына кіреді

б)Оттек адам ағзасының құрамына кіреді в)Оттек оксидтердің құрамына кіреді

2.Мына сызбанұсқа өзгерісіндегі Р 2О→Н2О→х «х» деп белгіленген заттың формуласы:

а)Н3РО2 ә)Н3РО4

б)Н3РО3 в)Н2РО3

3.PbO2 затындағы қорғасынның валенттігі тең:

а)1 ә)2

б)3 в)4

4.Na2CO3 затындағы натрийдің массалық үлесі тең:

а)34% ә)17%

б)22% в)43%

5.Өнеркәсіпте оттекті алатын шикізат қызметін атқарады:

а)балшық ә)ауа

б)мұнай в)құм

6.Су электролизі төмендегі заттарды алуда қолданылады:

а)Сутекті және оттекті ә)Тек оттекті алуда

б)Сутекті в)Натрий гидроксидін

7.Кальций мен су әрекеттескенде 10 г сутек алу үшін жұмсалатын кальцийдің зат мөлшері:

а)1 моль ә)2,5 моль

б)5 моль в)10 моль

8.100 г 15% ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз қажет?

а)5 г ә)10 г

б)15 г в)20 г

9.Натрий гидроксиді ерітіндісінде:

а)Фенолфталеин таңқурай түстес болады ә)Лакмус қызарады

б)Метилоранж қызарады в)Лакмус сарғаяды

10.Периодтық жүйеден элементтің валенттілігін қалай анықтайды?

а)Период нөмірі бойынша ә)Реттік нөмірі бойынша

б)Массасы бойынша в)Топ нөмірі бойынша

11.Р-электрон бұлтының пішіні:

а)Шар тәрізді ә)Гантель тәрізді

б)Күлтежапырақ тәрізді в)Сызықтық

12.Бір электрондық деңгейде қанша d-орбиталь бола алады?

а)1 ә)2

б)3 в)5

13.Ең үлкен электр терістікке ие болатыны:

а)F ә)N

б)C в)Li

14.Натрий нитратының формуласы:

а)NaNO2 ә)NaNO3

б)Na3N в)Na2O

15.НС1 жатады:

а)оксидтерге ә)қышқылдарға

б)негіздерге в)пероксидтерге

16.2 г әктасты күйдірген кезде 336 мл (қ.ж.) көмірқышқыл газы түзілді.Әктастағы қоспаның массалық үлесі ( ) тең:

а)25 ә)40

б)60 в)75

17.Li химиялық элементтер қатарындағы металдық қасиеттер:

а)Күшейеді ә)Әлсірейді

б)Өзгермейді в)Периодты өзгереді

18.Кальцийдің оттекте жану реакциясы теңдеуіндегі коэффициенттердің қосындысы тең:

а)3 ә)4

б)5 в)6

19.Франций атомының сыртқы қабатының электрондық формуласы:

а)5s2 ә)2s1

б)5s1 в)7s1

20.Хлормен әрекеттескенде темір мына қасиетті көрсетеді:
а) Тотықтырғыш ә)Қышқылдық

б)Тотықсыздандырғыш в)Негіздік

ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1

А,Ә

Ә

Б

В

А

А

Б

Б

Б

В

Ә

В

А

2

А,Б

А,Ә

А

А

В

В

А

Б

В

Б

В

Б

Ә

3

А,Б

Ә

Б,В

А

Ә

Ә

Ә

А

В

А

В

В

В

4

Ә,В

Ә

А,Ә

В

Б

А

А

Б

Ә

Б

Ә

В

В

5

Ә

А

А

Б

Ә

В

Б

А

В

В

А

В

Ә

6

А

Б

Ә

Б

Ә

Б

Ә

А

Ә,Б

Ә

В

Б

А

7

Б

Б

А

В

А

В

А

Б

В

А

В

Ә

Б

8

А

Ә,В

Б

Б

Ә

Б

Ә

А

Ә

Б

А

В

Б

9

Ә

А,Б

А

Б

В

Б

А

В

Ә

В

Ә

А

А

10

А,Ә

В

Б

В

А

А

В

А

В

А

В

В

В

11

Ә,Б

В

В

Ә

Ә

В

Ә

Ә

А

Б

В

Ә

Ә

12

Ә,В

В

В

Б

Ә

А

Б

Б

В

В

Б

В

В

13

В

Ә

Б

А

А

В

Ә

А

В

Ә

Б

Б

А

14

Ә

Б

В

А,Ә,Б

Б

Ә

Б

В

Ә

В

Ә

Б

Ә

15

Ә

Ә

Б

Б

Ә

Б

Ә

А

В

В

В

Б

Ә

16

Ә

Ә

Ә

А

А

Ә

Ә

Б

А

В

Ә

Ә

А

17

Б

А

В

А

А

Ә

А

Б

Б

А

А

В

А

18

А

В

Ә

В

В

Ә

В

А

Ә

Б

Ә

Ә

Б

19

А

В

Б

Ә

Б

А

Ә

Ә

А

А

Б

Ә

В

20

Ә

В

В

Ә

Б

Ә

Ә

Б

В

Ә

Б

В

А


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ