Оқылым алды
тапсырмасы
Оқушылар, қазір сіздерге
бүгінгі сабақта өтетін жаңа сөздерді беремін. Көңіл бөліп жаттап
алуға тырысайық. Себебі, өлеңді оқыған кезде қажет болады.Қазір
жаңа сөздерді «Сәйкестендіру» әдісі бойынша орындап
көрейік.
Теңдесі жоқ (дорогое)– қымбат,
баға жетпес
Елең қылмау(не обращать
внимание) – мән бермеу, елемеу
Көзде (стремиться к чему-либо)
– ойла,ұмтыл
Алайда (однако) – бірақ
та
Жою (уничтожать) – құрту, жоқ
қылу
мұғалім көмегін қажет
етпейтін оқушылар: сөздердің аудармасын бірден
біліп, суретке сәйкестендіреді.
мұғалім көмегін аз қажет
ететін оқушылар: жаңа сөздерге синонимдер алып
сол арқылы суретпен
сәйкестендіреді.
мұғалім көмегін қажет
ететін оқушылар:
жаңа сөздің тікелей орысша
аудармасын алып сол арқылы
сәйкестендіреді.
Оқылым
тапсырмасы
Оқушылар, сіздерге мынадай
өлең жолы берілген. Келесі мақсатымыз шығарманың тақырыбын табу
және өлең мазмұны бойынша бөлікті сюжетті суретпен сәйкестендіру.
Сол үшін өлеңді түсініп, анықтап оқыңыздар. (оқушылар бірлескен
оқылым арқылы өлеңді екі рет түгел оқып
шығады)
Елең қылмай күнді
ыстық,
Ойнап жүрген
батырмыз.
Көл шетінде
тыныштық,
Әңгіме айтып
жатырмыз.
-Теңдесі жоқ
жалғанда
Мықты болсам мен
тіптен,
Екі-үш ұрттап
қалғанда,
Құрғай қалса көл
біткен,-
-дейді Ақан,-
Үйіңді
екі-ақ теуіп жояр
ем.
Пойызды сол
күйінде
Бір-ақ жұтып қояр
ем!
-Мықты болсам, -дейді
Асқар.
Соған тиіп сөз
енді,-
Алып келіп дәу
тастар,
Бөгер едім
өзенді.
-Үйлерді сен
құлатқан
Қайта салып қояр
ем.
Ағаш егіп
ұнатқан,
Жемісіне тояр
ем.
«Жолаушылар
жолынан
Кешігеді-ау көп
қалып»,-
Деп, пойызды
қолыңнан
Жіберер ем
құтқарып.
(Әнуарбек
Дүйсенбиев)
1-тапсырма
Өлең мазмұнына қатысты
сөздерді «Бабл-габл» әдісі бойынша сюжетті суретпен
сәйкестендір.
1.Екі-үш ұрттап
қалғанда,
Құрғай қалса көл біткен,-
дейді Ақан
|
|
2.Ағаш егіп
ұнатқан,
Жемісіне тояр ем. (үшінші
кейіпкер)
|
|
3.Үйіңді
екі-ақ теуіп жояр ем,- дейді
Асқар
|
|
4....пойызды
қолыңнан
Жіберер ем құтқарып (үшінші
кейіпкер)
|
|
5.Үйлерді сен
құлатқан
Қайта салып қояр ем.(үшінші
кейіпкер)
|
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы
сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.
-Оқушылар мына суреттен не
көріп тұрсыздар? Балалардың ойы қандай деп
ойлайсыздар?
Қалай ойлайсыздар, өлеңнің
тақырыбы қандай? Не туралы? (оқушылар жамандық жасап батыр болудың
жаман екендігін, жақсылық жасап батыр болу үлкен адамгершіліктің
бастауы екенін айтады. )
Жарайсыңдар, балалар.
Барлықтарыңның ойларың құнды. Сурет арқылы шығарманың тақырыбын
болжадыңыздар.
Дескриптор:
-
Өлеңді түсініп
оқиды.
-
Мазмұнына қатысты бөлікті
сюжетті суретпен сәйкестендіреді.
-
Сұрақтарға жауап
береді
-
Тақырыпты
анықтайды.
ҚБ: «Сэндвич» әдісі арқылы
бағаланады
2-тапсырма:
А деңгейлі тапсырма: «Қос
диаграмма» бойынша шығармадағы кейіпкерлер Ақан, Асқар және үшінші
кейіпкерді салыстырып Попс жазыңыз.
(Жеке
орындайды.
Асқар мен
Ақан
Үшінші
бала
В деңгейлі тапсырма:
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша салыстырған кейіпкерлерінің
әрекетінен қорытынды шығар және негізгі ойды
анықта.
(жұпта бір-бірін
бағалайды).
С деңгейлі
тапсырма: «Попс формуласы» арқылы өз
пікіріңді білдір. Сұрақтар: Ақан нені көздейді? Асқар нені
көздейді? Үшінші кейіпкер нені
көздейді? Үшеуінің іс-әрекеті арқылы
ақын не айтқысы келді?
(топта 1-4 дейін санау арқылы
бөлініп орнындайды)
1-сұрақ:
(Менің
ойымша...)
2-сұрақ: Оны қалай
түсіндіресің? (Себебі,мен оны былай
түсіндіремін...)
3-сұрақ: Оны қалай
дәлелдейсің? (Мен оны мына мысалдармен
дәлелдей аламын...)
4-сұрақ: Өлеңді оқи отыра
қандай қорытындыға келдің? (Осыған байланысты мен
мынадай қорытындыға келдім...) (топта өзара
бағалайды)
Дескриптор:
-
Берілген сөздерді кейіпкерлер
әрекетіне қарай ажыратады.
-
Екі кейіпкерді
салыстырады;
-
Берілген сұрақтарға өз пікірін
білдіре алады.
ҚБ: «Екі жұлдыз,бір тілек» (өзара
бағалау)
|