Материалдар / Адыраспан киесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адыраспан киесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар мен мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
738
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Жаханша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

мемлекеттік мекемесі







Авторы : Мырзатаев Нұрбек Маратұлы

4курс - « Дене тәрбиесі және спорт» бөлімі.






Жұмыстың тақырыбы: Адыраспан өсімдігінің халық

медицинасында қолданылуы





Бағыты: Таза табиғи орта-2030 стратегиясын іске асырудың негізі

Секция: Биология









Жетекшісі: химия-биология пән оқытушысы

Джуматаева Н.Х




Орал 2016 жыл


Абстракт

Зерттеудің мақсаты:

Адыраспан өсімдігінің халық медицинасында қолданылуы,яғни оның қандай ауруларға ем болатынын және пайдалану үшін әзірлеу тәсілдерін анықтау, зерттеу.Емдік қасиеттерін насихаттау және қолдану.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Адыраспан өсімдігінің медицина саласындағы деңгейін көтеру.

Адыраспан өсімдігінен әр түрлі ауруларға ем болатын дәрілік шөптерді дайындау.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

  1. Бірінші кезең: оқулықтар мен жұмыс, қосымша материалдар көзін іздеу.

  2. Екінші кезең : жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу.

  3. Үшінші кезең: зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелерге келу.

Зерттеу әдістері: жинау,талдау,сараптау

Алынған мәліметтер негізінде автордың қорытындысы:

Жұмысты орындау кезінде халықпен байланыса отырып,дәрілік өсімдіктер, адыраспан туралы жазылған кітаптардан,газет-журнал материалдарынан пайдалана отырып,адыраспанның емдік қасиеттерін,ем болатын ауру түрлерін анықтадым.Сонымен қатар адыраспан өсімдігінің тұмау ауруына қарсы,темекі тартуды қойдыруға қолданылатын емдік қасиеттеріне зерттеу жұмыстарын жүргіздім.

Аталған жұмыстың іс-жүзінде қолданылуы:


1.Биология үйірмелерінде оқушылармен оқып,таныстыру.

2.Биология, география сабақтарында қолдану.

3.Биология, география пәндері бойынша сабақтан тыс шараларда пайдалану.










1


2.Кіріспе.

Өсімдік жайлы не білеміз ?

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге, пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дарілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайын халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен кағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбалардан өсімдіктерді ауру-сырқаттарды емдеуге пайдалану ілімі біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда Шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар, өсімдіктердің жапырақтарын, тамырларын,сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтин әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осы мен қатар сол уақыттың өзінде-ақ, дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн көзінен олардың дәрілік қасиеттері жойылатындығы ашылып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен Шумерліктер кейбір өсімдіктерді жинау керек екенін ұсынған. Вавилондықтар мен Ассириялықтар сол Шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте тускен. Ассирия мемлекеттерінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақтар болған. Египеттіктер олардан үйреніп дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, меңдуана, жалбыз, тағы басқа өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар Ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп өсірумен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шетелдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырған. Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктерді фармокологиялык әсеріне қарай іш өткізетін, құстыратын, қақырық түсіретін топтарға қарай бөлген. Өсімдіктерді ауру-сырқаудан емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта әр түрлі жүргізілген. Осыдан кейін жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды. 2

Дәрілік өсімдіктерді ауруды емдеуге қолдануда Греция елі біраз рөл атқарған. Греция дәрігері Гипократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, олардың ауруларды емдеуге қалай пайдалануғаболатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияда Диоскорит деген дәрігер өзінің «дәрілік заттар» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктердің алты жүз түрінің қолдану түрін жазған.[1. Мира Оспанова, Жалғас Лұқпанов «Өсімдік – жанға шипа, дертке дауа» Алматы, Қайнар. 1992ж 72 – 76 бет]

Рим дәрігерлері бұл өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану жағдайында деректерді осы Греция ғылымдарының мәліметтерінен алған. Дегенмен Рим дәрігерлерінің емдік қасиеттері бар емдік сапасын көбейтуге тигізген әсері де өте зор. Үлкен Плинийдің айтуы бойынша римдіктер дәрілік өсімдіктердің мыңнан астам түрлерін тапқан. Дәрілік өсімдіктер туралы коптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да өз елінің флорасынан өсімдіктердің сегіз жүзге жуық түрлерін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия,Қытай, Жапон, Монғол елдеріндегі білім негізінде құралған. Осының арқасында болу керек,тибеттіктерде ауру-сырқауларды емдеуге пайдаланатын дәрі-дәрмек түрі өте көп. Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған Фармоколог – Ли-Ши-Чжень оның он алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктің екі мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрігерлік өсімдіктерді жинау үшін, кептіру, одан әрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдаланылғаны туралы коптеген мәліметтер берілген. Біздің елімізде әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған. Дәрілік өсімдіктер-өсімдіктің бұл тобынан емге керекті дәрі алу мен қатар, құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлементтер, белок, углевод, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа халық қажетіне пайдаланады. Өсімдіктерден әртүрлі ауруларды емдейтін дәрі-дәрмек, витаминдер т.б организмге қажетті заттар алынатындығы белгілі.

Өсімдіктердің қай түрі болмасын тіршілікке зиянды микробтарды жоятын фитонцит (фитон – өсімдік, цит - өлтіреді) деп аталатын ұшқыш метабалиттерді бөліп шығарады. Бұл метабалиттер атмосфераға тез тарап, ауадағы қоздырғыш әр түрлі микробтарды жойып, ауа тазалығына үлкен әсерін тигізеді. Өсімдіктердің осы микробтарды жоятын қасиеттері ерте заманнан – ақ белгілі болған.

3

Өсімдік дүниелерінің адамзат тіршілігіне тигізетін тағы бір шексіз пайдасы – ауаны тазартып, оттекпен байытып отырады. Табиғаттағы оттегі қоры өсімдіктер дүниесіне ғана алынады.

Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, таулы, далалы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен қатар дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттері ертеден белгілі болған. Әбу Насыр Әл – Фараби, Әбу – Әли Ибн – Сина, Әл – Беруни, Әл – Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия үй жағдайында кеңінен қолданылған мүмкіндігі жеткілікті ол үшін дәрісіз ем - домды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақалы «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады». «Сенің денеңнің қуаты – өсімдіктің шырынында» деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин – Нон айтқан. Шындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көніл аудара бермейміз.

Емдік шөптер – үйіміздің жанында, бау – бақшамызда, жол бойларында кездесетін арам шөптер. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына, байлық емес сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірдегі маңызы өте зор. Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңның қасында өсіп тұр. Дәрімізді ем – домды дәрілік өсімдіктерден іздейік. Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек, біздің тұрып жатқан жерімізде өсімдіктердің алуан түрлері өседі. Қазақстанның жер көлемі 2750мың шаршы шақырым, табиғи байлығы сан алуан. Осынау ұлан ғайыр өлкеде орманды, далалы, таулы шөлейтті, шөлді және т.б табиғи жағдайы әр түрлі болып келетін аймақтар бар. Әсіресе өсімдіктердің молдығы жағынан Қазақстан алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі болып саналады. Мал бағумен ерте заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген.

4

Шығыс ғалымдарының қазақ халқы медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалы зор болды. Бұған қоса қазақ халық медицинасында дәрілік өсімдіктер жөніндегі ұғым көршілес Ресей, Иран, Қытай, Монғолия, Тибет және Ауғаныстан медицинасындағы деректермен байытылып, одан әрі дамиды. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 % шөптерден дайындалады. Көптеген ғылыми мекемелер мен т жоғарғы оқу орындарыс, өсімдік бақтары, қорықтар дәрілік өсімдіктерді зерттеумен айналысады. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам өсімдік түрлерін 2500 – інің шипалық маңызы бар.Бұның 600 – ге жуық дәрілік өсімдік түрінің 500- і дәрілік өсімдіктерге жатады. Мысалы : адыраспан, бақ-бақ, қара андыз, итшоғын, мың жапырақ, түймешетен, ермен, дәрмене, өгейшөп, шәй шөп, қалақай, атқұлақ, рауғаш, қызылтаспа, су бұрышы, ойран шөп, тау қылша, итсигек, сүмелек, жанаргүл, жұмыршақ, долана, сиыр сілекей, итмұрын, есекмия, ақмимя, дәрілік жоңышқа, миятамыр, сасықшөп, киік от, тас шөп т.б. дәрілік өсімдіктер құрамында алкалоитар, гликозиттер, эфир майы түрлі түрлі дәрумендер болады. Оларда түрлі микробтарды өлтіретін заттар түзіледі.[3. Валеология №2/2004ж «Өлкеміздегі дәрілік өсімдік- адыраспанның пайдасы»]


3.Зерттеу бөлімі

3.1.Дәрілік өсімдіктердің қолдану жолдары

Шығыс халықтары өсімдіктердің адамға беретін күшін және емдік қаиеттерін ерте кезден бері біліп, оны пайдаланып келген. Әбу Али Ибн Сина бұдан мың жыл бұрын өсімдіктерді адам денсаулығы үшін қалай пайдалану керек екенін айтып өткен. Ерте кездегі Шығыс халықтарының адам денсаулығы және осы саладағы өсімдіктердің қолданылуы туралы жазулар біздің заманымызға дейін келіп жеткен. Ол жазуларда емдік үшін өсімдіктердің бірнеше қолдану түрлері ерекшеленеді.

Өсімдіктермен емделу түрлері:

  • Дәрілік өсімдіктердің иісінен пайдалану.

5

  • Дәрілік өсімдіктердің суына жуыну.

  • Дәрілік өсімдік салынған судың буынан пайдалану, яғни булану.

  • Теріңе сүрту, ысытып күйдіру.

  • Адам денесін дәрілік өсімдіктермен уқалау.

  • Дәрілік өсімдіктердің қажетті түрлерін, белгілі бір нүктелерге сүрту әдісі.

  • Өсімдіктерді жеу, және шәй түрінде ішу.

  • Дәрілік өсімдіктерді жаралы жерлеріңе басу, таңып тастау.

Дәрілік өсімдіктердің барлығын пайдаланған кезімізде, біз олардың барлық құрылысын, құрамын және қандай мөлшерлерде қолдану керектігін анық білгеніміз жөн.

Дәрілік өсімдіктері қолданғанымызда міндетті турде маман дәрігерлердің нұсқауымен пайдалануымыз керек. Мысал үшін асқазанда жарасы бар адамдарға ащы өсімдіктерді пайдалануға болмайды. Дәрілік өсімдіктерді қолданып бастаудан, алты күн бұрыннан бастап еш қандай дәрі-дәрмек , арақ және басқа спиртті ішімдіктерді ішуге болмайды. Алты күн ішінде адамның қан қысымын котеретін және түсіретін тамырларындағы заттардан адам ағзасы тазарады. Жетінші күн біз өз-өзімізді тексеруіміз қажет:аузымыз қурғай ма,аузымыздан қандай да бір иіс келе ме, тіліміздің үсті қандай (ақ, қызыл ) тістеріміздің түптерін тексеру, көзімізге мән беріп қарауымыз қажет (түсіне,қызарған жоқпа)

Бұлардан , басқа да дәрілік өсімдіктерді пайдаланатын адам өз қанының қандай екенін білу қажет.Тәуіптер , дәрігерлер ежелден өздерінің тәжірибелері арқылы өздерінің емдеген адамдарының қанының қандай қан туріне жататынын білген. Адамда он екі түрлі қан болады деп есептелген оларды үлкен төрт түрге жіктеген :

  • Күшті, тәтті қан ;

  • Әлсіз, тәттімдік қан ;

  • Сұйық, сулы қан ;

  • Ащы қан ;

6

  • Бұл қандардың әр қайсысы және де үш түрге бөлінген. Яғни олар мыналардан тұрған ;

  • Ыстық ;

  • Орташа ;

  • Салқын қан түрлері ;

Ыстық қанды адамдар үшін ыстық өсімдіктердің зияннан басқа пайдасы жоқ. Сондықтан бұларды білгеніміздің маңызы өте зор. Ал, салқын қанды адамдарға салқын жерде өсетін өсімдіктердің пайдасы жоқ.

Орташа (ыстық та емес, салқын да емес ) қанды адамдарға өсімдіктен жасалған дәрілерді күн асыра, яғни арасына күн салып беру қажет. Қаны ащы адамдапрдан жәндіктер қашады (құрт-құмырсқа ,маса т.б.) Кейбір адамдардың айтуынша сондай қанды адамдардың жыландар да қашқан. Кейбір адамдарды жаз күндері шыбын-шіркей,маса сияқты заттар шақпайды. Ал кейбір адамдар бұл жәндіктерден үнемі қашып,қорғанып жүреді. Себебі ол адамдарға шыбын – шіркей, маса т.б. жау болады,шағады.

Ыстық қанды адамға қыстың суығы еш қандай әсер етпейді,яғни ол адамдардай тоңбайды. Керісінше, салқын қанды адамдар қыста қатты тоңғақ болып, жаздың шыжып тұрған ыссысы оған ьеш кандай әсер етпейді, яғни ыстық ауаға төзімді келеді. Ал өсімдіктерге келсек, олардың суыққа төзімді немесе ыстыққа төзімді өсімдіктер екенін байқап, қарап білуге болады. Ыстыққа төзімді өсімдіктер күннің жақсы түсетін жерінде өседі, олар күнді жақсы көретін өсімдіктер. Суыққа төзімді өсімдіктер болса күннің аз түсетін жерінде,көлеңкеде өседі.

Ыстыққа төзімді өсімдіктерге : жаңғақ,пияз, сарымсақ, күнжіт, арпа, бұрыш, сұлы, бидай,түрпі.

Суық өсімдіктерге : күріш, қара бидай, картошка, сәбіз,қияр, қырыққабат, қызанақ, қауын, қарбыз, өрік, алма, жүзім, асқабақ, апельсин,құрма т.б. тиісті.[2. А.Г.Губаев «Растение используемые в народной медицине Средней Азии и их применение» Ашхабад. 1991г.29 – 30, 39-44 стр ]

7

3.2.Адыраспан өсімдігінің халық медицинасында қолданылуы

Дәрілік өсімдік адыраспан халық медицинасында қолданылуы ертеден әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Ертеде қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларында емдеген. Мал шаруашылық саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді.Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы ықтимал. Адыраспан ерітіндісі ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресу үшін қолданылады. Адыраспанның түтіні мен үйді, қойманы аластаған,яғни зарарсыздандырылған.

Ежелден бояғыш өсімдік. Тұқымынан қызыл түске бояйтын,әсіресе,жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланылады. Тұқымында 14 – 15 процент май бар, сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға пайдаланады.

Адыраспан өсімдігіне ерте кезден біздің ата – бабамыз ерекше көңіл бөлген. Бұл өсімдікті киелі өсімдік деп санаған. Үйдің босағасына іліп қойған.Аптаның сейсенбі-жұма күндері өсімдіктің түтіні мен үй және ауласының ішін ыстаған. Өсімдіктің тұқымы пісіп жетілгенде оны жұлып алу үшін мынадай жағдайға көңіл бөлген :

  1. Адам таза болу керек

  2. Ер адам жұлады, әйел адамға жұлуға болмайды

  3. Жұлар алдында мына сөздерді айту қажет екен :

Биссмиллахир рахманир рахим,

Мен келдім әр нәрсеге әулие, Адыраспан.

Атыңды қойған екен Омар, Оспан

Биссмиллахиррахманир, рахим.

Өсімдікке сипаттама

Адыраспан – еліміздің шөлейт аймақтарында көптеп кездеседі. Ол көп жылдық, шөп тектес, түйе табандас тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Тамыр діңгекті 2-3 м-ге дейін жетеді, жердің су қабатында тік орналасқан.

8

Сабағының ұзындығы 30-80 см жалаңаш жасыл түсті, жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы, терең 3-5 бөлікке бөлінген, етті өсімдік. Тостағаншасы-бес, күлтесі бес бөлімді, сары түсті,ұзындығы 1,5-2 см аталығы 15,жемісі қоңыр түсті, құрғақ диаметрі 6-11 мм шар тәріздес, үш жеміс қалтасынан тұрады. Тұқымның түсі қоңыр немесе сарғыш қоңыр, ұзындығы 3-4 мм,үш-үшті төбешік тәрізді.Мамыр, Шілде айларында гүлдейді,шілде-тамызда піседі. Қатты хош иісі бар. Топтанып өседі. Жеке ірі бұтақтарында 150 ге дейін сабақтары болады. Өсімдіктің жер бетіне өсіп өнуі наурыз айының аяғымен сәуір айында болады. Бүршіктенуі сәуір айында басталып, күзгі үсік болғанда аяқталады.

Химиялық құрамы

Адыраспанның тұқымында 3,5 - 6 % алкалоид, 60 % гармалин,30 % гармин және аз мөлшерде гармалал,пеганин(вазицин) болады.

Шөбінің құрамында 1,5 – 3 %, алкалоид.60 % пеганин және вазицинон бар. Көп мөлшерде алкалоидты заттар бар, хиназалин мен индол. Тамырында 1,7- 3,3 %, сабағында 0,23 – 3,57 %, жапырағында 1,07 – 4,96 % , гүлінде 2,8 – 4,59 % затты таз күйінде алу үшін бұл жағдайды ескеру керек.

Тұқымында бояғыш зат және 14,25 % майлы май болады.

Өсімдіктің фармокологиялық құрамы

Адыраспан дәрісі (препарат) қабыну ауруын басатын, зәр айдайтын, тер шығаратын, ішек – құртын өлтіру үшін орталық жүйке жүйесін қоздыру, ревматизмді,қышыманы,демікпені,радикулитті,сегізкөз невралогиясын, іш өткенде ,сал ауруын емдеуге қолданады.Гармин және пеганин алкалоиды сал, қояншық ауруларын емдеу үшін қолданады. Гармин мен пеганиннің әсері қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазанның, жүректің жұмысын баяулатады.

Гармин препаратын көп мөлшерде қабылдаса безгек ауруына шалдыңады. Тұнба ретінде ішкі мүшелерге суық тигенде, малярия, лихордка, мерез, тамыр тартқанда , тері ауруларына қолданады. Шөптің қайнатпасымен демікпені емдейді. Халық арасында оның кептірілген

9

оттың немесе қызып тұрғана темірдің үстіне қойып, түтінін түрлі ауруларға қарсы қолданылады. Себебі ол түтін ауаның құрамындағы зиянды микробтарды өлтіреді деп есептелген.

Шөптің невростенин және қояншық ауруларына қарсы қолданылады. Ал қызыл иек ауырғанда шөптің қайнатпасымен ауызды шәйады. Ауғаныстанды адыраспан түтіні мен сол ауруларды емдейді, ал жапырағынан ісікке таңатын булама жасайды. Зәр қуалайтын қасиеті бар. Үндістанда адыраспанды ішек құртқа инсекцидтік құрал ретінде қолданады. Кавказда адыраспанның жаңадан жасалған шырынын іш ауруының алғашқы стадиясын емдеу үшин қолданған. Адыраспан энцефалиттің салдарынан болған ауруды және жүйке жүйесінің бір 12 қатар басқа ауруларын емдегенде жақсы нәтиже береді. Бұл гармалин алкалоиды қолданғанда қан қысымын жоғарлатады, тыныс алуын жиілетеді, ішектің, жатырдың бұлшық етін дем алдырады. Адыраспанның суына шомылу да өте пайдалы. Қышыма немесе құрғақ ауруына тап болған адамдарға көмегі көп. Адыраспанды басқада өсімдіктермен қосып пайдалануға болады. Адыраспан шайын темекі тартуды қойдыру үшінде қолданады.[5. С.Х.Субханбердин «Дәрі – дертке дауа, жанға шипа» І том. Алматы,1994 ж. 7-9 бет]

Халықтық емдеу жолдары.

Ем болатын ауру түрлері және әзірлеу тәсілдері.

1.Радикулит, сегізкөз неврологиясы

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Кептіріліп ұнтақталған адыраспан шөбінің 50 грамын шүберек қалтаға салып, сыртынан қайнаған су құяды, сәлден соң суын сығып, қалтаны жылы күйінде ауырған жерге басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Осы әдіспен күніне 30-40 минуттан 4 рет пайдаланса көп пайдасы тиеді.

2.Құстыруға

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Сабағы мен жапырағынан 30 грамм шаншып, 120 мг суға қайнатып шырынын сүзіп алып 90 грамм бал, 60 грамм күнжіт майымен араластырып ішкізу керек.

3.Бастың созылмалы ауруына

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: 50 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып күніне 30 грамнан бір ай ішсе жақсы нәтиже береді.

10

4.Ревматизм ауруы

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Жоғарыдағы дайындау бойынша, күніне 4-6 грамм 15 күн ішу керек немесе адыраспан тұқымынан 500 гр жаншып 500гр сұйық мақта майымен араластырып, он күн қараңғы жерде қойып, ауырған жерімізге жағамыз.

5.Тіс ауруы

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Адыраспан шөбімен ыстау керек, шылым сияқты қағазға орап, ауыз қуысына түтінін толтырып отыру 2-3 минут.

6.Қызыл иек ауырғанда

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Бір ас қасық үгітілген құрғақ шөпті бір стакан ыстық қайнап тұрған суға 1-5 минут салып жабық ыдыста тұндырады. Оны 45 минут суытып сүзіп алған соң ауызды шаяды. Күніне бірнеше рет.

7.Талма, сал, ұмытшақ, суықтан ми қабынуы тарамыс аурулары

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Бір ас қасық үгітілген құрғақ шөпті бір стакан салқын суға 1-3 сағат қойғасын сонан соң шамалы отқа 30 минут жабық сырлы ыдыста бұқтырып қайнатады, 10 минут суығаннан кейін дене арқылы сүзеді де 1 ас қасық пен 3-4 рет күніне тамақ алдында ішеді.

8.Демікпе ауруы

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Тұқымын, зығыр тұқымымен қосып емдейді. 50 гр адыраспан шөбін кептірілген 50 гр зығыр тұқымымен қосып 1 литр қызыл араққа қайнатып, 5 грамнан 2 апта ішу керек.

9.Адамның іші өтіп ауырғанда

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Адыраспанның тұқымын жарты шай қасық мөлшерінде су мен қабылдау.

10.Буынның қабынуы

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Жас кезінде сабағын жапырағымен лайықты мөлшерде жаншып, буынға тартады.

11.Қышыма және ағзадағы құрғақ ауруына

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Бұл ауруға адыраспан шөбінен (кептірілген) ванна қабылдау пайдалы. 500 грамм ұнтақталған құрғақ адыраспанды 10л суға сырлы, аузы жабық ыдыста жай отта қайнатып, суығасын қабылдау. Мөлшерін өз қалауыңызша көбейтуге болады.

12.Бүйрек зәр шығару мүшелері суықтағанда

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: 1 шай қасық ұнтақталған шөбін (жапырағымен сабағын) шай мен қосып демдеп ішу керек.

13.Темекі тартуды қойғызу үшін

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Адыраспанның құрғақ жапырағынан 3 уысын бұрыш жалбызынан 1 уысын осыларды араластырып темекіні

11

тартқандай қолдану керек, әр тартқанда 3 рет ішіңе сорып тартып соң өшіру керек. Темекі тартқысы келгенде осыны пайдалану қажет, Адам жеті-он күн осы тәсілді пайдаланса ол темекі тартуды қояды.

14.Әйел адамдардың жатыры және жыныс мүшелері суықтағанда

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: 2-3 литр суға 2-3 уыс ұнтақталған құрғақ шөбін салып қайнатып 10 минут, буына отыру өте тиімді. Бұл әдісті түнде жатар алдында қолдану керек.

15.Тұмаудан қорғану үшін.

Пайдалану үшін әзірлеу тәсілдері: Бір-екі уыс құрғақ шөбін қызып тұрған темірдің үстіне қойып, түтінін ішіңе сору немесе тыныс алу жолы құрғақ адыраспанды ұнтатып темекі қылып тарту тұмаудан қорғанудың жақсы тәсілдерінің бірі есептеледі. [2. А.Г.Губаев «Растение используемые в народной медицине Средней Азии и их применение» Ашхабад. 1991г.29 – 30, 39-44 стр]


3.3.Адыраспан өсімдігінің дәрілік қасиеттерін іс жүзінде зерттеу

Адыраспан өсімдігінің дәрілік қасиеттерін және пайдалану жолдарын үйреніп білу арқылы оның тұмауға қарсы және де темекі тартуды қойғысы келетіндерге темекі тартуды қойғызуға ем ретінде қолдануға болатынын білдік. Біз осы екі халықтық емді өздереміз оқитын колледжімізде зерттеп көруді мақсат еттік.

2013 жылдың қараша, желтоқсан айларында біздің хақымыз арасында тұмау ауруы өршіп, өте көп адамдар осы ауруға тап болды.

Колледжімізде тұмаумен ауырған студенттер саны өте көп болды. Кейбір топтарымзыда 8 – 10 студенттерімізге дейін тұмаулап, сабақтарына қатыса алмады. Осы кезде адыраспан өсімдігінің тұмауға қарсы емдік қасиетін қолдануды ұйғардық. Адыраспан өсімдігін пайдалану әрбір адам үшін ыңғайлы, қолжетерлі.

Себебі адыраспанды қол жетер жерден тауып алып, оны кептіріп қоюғы болады. Және бұған ешқандай қаржының да қажеті жоқ.

Адыраспан өсімдігінің тұмауға қарсы қасиетін 1п КШФ және 1п КШМ топтарына зерттеп қарадық.

12

1п КШФ топ студенттеріне қараша және желтоқсан айларында үнемі адыраспан өсімдігінің түтінін пайдаланып жүру тапсырылып, және қадағаланып отырылды. Ал, 1п КШМ топ студенттеріне мұндай тапсырмалар берілген жоқ.

Адыраспан өсімдігі тұмауға қарсы пайдаланғанда, оның 1 уыс 100 грамын кептірілген шөбін (жапырағы, сабағы, тұқымы аралас) қыздырылған темірдің үстіне қойып, күйдіру керек. Сонда адыраспан шөбі түтіндейді. Адам түнде жатар алдында осы тәсілді қолданса, және жатын бөлмесіне де осы түтінді аздап айналдырып шықса, тұмаудан қорғанудың ең қол жетері және қарапайым түрі, осы тәсілді қолданған 1п КШФ тобында оқитын 31 студенттен қараша айында тек қана 2 студент тұмау ауруымен ауырды. Екеуі де ер бала. Желтоқсан айында болса 31 студенттен 3 студент тұмау болды, екеуі екі күн, ал үшіншісі бір күн ғана ауырды.

Бұл тәсілді қолданбаған 1п КШМ топ студенттері қараша айында 20 студенттен 10 студент тұмауласа, желтоқсан айында олардың саны 12 – ге жетті. Тұмаулаған студенттер арасында апта бойы ауырғандары да бар. Адыраспанды темекі тартуды қойдыруға да пайдасы көп. Темекі тарту адам ағзасында көптеген аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Мұны біздің барлығымызда білеміз. Бірақ бұл шындықты біліп тұрсақта, темекі тартатындардың саны да көбеюде. Қазіргі кезде темекіні ұлдар ғана емес, қыздардыңда тартуы қатты өкінішті. Темекінің ағзаға қандай зиянының бар екенін темекі тартушылардың өздеріде біледі. Бірақта олар үйренген әдеттерін оңайлықпен қоя алмайды.

Қазіргі кезде темекі тартуды қойдыратын таблеткаларда бар. Оны қолданғанмен қайта темекі тартуға баратындар да көп. Темекі тартуды қойдыру үшін адыраспан өсімдігінің кептірілген, құрғақ жапырағынан ұнтақталған үш уыс және бұрыш жалбызының құрғақ жапырақтарынан ұнтақталған бір уысына араластырып, темекі сияқты қағазға орап пайдалану керек. Темекі тартқың келген кезде жоғарғыдай дайындалған темекіні пайдаланасың.

13

Өсімдікттен дайындалған араласпанды қолданғанда үш рет ішіңе сорып қоясың. Бұл әрекетті жеті күнге дейін жалғастырамыз. Бұл әдісті екі кісіде зерттеу жүргізіп қарадық. Марат деген азамат бұл әдісті қолданғаннан кейін, үш ай болды. Қазірге дейін ол темекі тартқан жоқ.

Бұл кісі темекіні 4,5 – 5 жылдан бері тартып келген. Екінші Мұхамадин деген азамат. Бұл азаматтың темекі тартып бастағанынада 4 жыл болған. Осы әдісті желтоқсан айында қолданып, содан бері ол темекі тартқан жоқ.

Белгілеп кететін жағдайдың бірі, бұл әдісті қолданғаннан кейін бір жарым – екі ай өткен соң адамда жөтел пайда болуы мүмкін. Жөтелден қорқудың қажеті жоқ. Бұл ағзада никотиннің жойылуының және қанның тазалығының белгісі.

Жөтел арқылы адамның өкпесі тазаланып, жөтелгенде қара заттар шығады. Бірнеше күннен кейін (шамамен 5-6 күн) жөтел қояды. Содан кейін адамның темекі тартқысы келмейді. Осы кезде адам ағзасын бекіту үшін қайнатылған сүт ішу керек.

Қорытынды


Адыраспан өсімдігін фитотерапия әдістері арқылы әр түрлі ауруларды

емдеуге болатындығын және ағзамызды әртүрлі дәрілерге уламай халықтың

медецина тәсілдерімен денсаулықты жақсарту жолдарын қарастыруға болады.

Сөзімді қорыта келе осы ғылыми жұмысымды дайындау барысында осы секілді көптеген бақылау - тәжрибе жұмыстарын отбасымдағы ересек адамдарға, жетекшім сабақ беретін топпен өз тобыма жүргіздім. Содан мен адыраспанның емдік қасиетіне көз жеткіздім. Осындай жұмыстардан кейін ақшаға дәрі – дәрмек сатып алмай, халық емін пайдалануды кеңінен қолданайық, өз замандастарымызбен ауылдастарымыз арасында насихаттай жүрейік. Насихаттау үшін теледидардан жарнамалар жасап, мектептерде тәрбие сағаттарын таныстырайық.

Егеменді, тәуәлсіз мемлекетіміздің болашағы дамыған елу елдің қатарына қосатын жан-жақты білімді,тәрбиелі,салауатты өмір салтын ұстанған,денсаулығы мықты жастар деп білемін. Әр қашанда, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.


14


Ұсыныс


Тақырып бойынша зерттелген жұмыстарды,ережелерді сақтай отырып іс жүзінде қолдануға болады,себебі адыраспан өсімдігі әрбір адамға қол жетерлік. Сондай-ақ темекі тәрізді қағазға оралған адыраспанның емдік қасиеті тәсілін дәрі – дәрмек шығаратын завоттармен бірлесе бірыңғайластырып, атауын шығарып, жасап шығарылса дәріханалар сөресінде көргім келеді. Жәнеде мектеп немесе жоғарғы оқу орындары ішінде қыс айларында адыраспан өсімдігінің түтінін әр сенбі кешкісін түтетіп шығуға (дизенфекция) кеңес беремін, өйткені мектеп немесе жоғарғы оқу орындарындағы ғимараттатың ішіндегі микроптарды жоюға адыраспан өсімдігінің түтіні үлкен көмегін тигізеді.

Бұдан басқа да қолдануға болады:

1.Биология, химия үйірмелерінде оқушылар мен оқып,үйрену.

2.Биология, география сабақтарында тиісті тақырыптарда қолдану.

3.Биология, география пәндері бойынша сабақтан тыс іс шараларда

пайдалану.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Мира Оспанова, Жалғас Лұқпанов «Өсімдік – жанға шипа, дертке дауа» Алматы, Қайнар. 1992ж 72 – 76 бет

  2. А.Г.Губаев «Растение используемые в народной медицине Средней Азии и их применение» Ашхабад. 1991г 29 – 30, 39-44 стр

  3. Валеология №2/2004ж «Өлкеміздегі дәрілік өсімдік- адыраспанның пайдасы »

  4. М.Қожабеков «Дәрілік өсімдіктер».Алматы 1975 жыл. 20-23 бет

  5. С.Х.Субханбердин «Дәрі – дертке дауа,жанға шипа» І том. Алматы,1994 ж. 7-9 бет





15


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!