Қ.Билялов атындағы
гимназия.
Тақырыбы:
Ағаш беттеріне
өң
беру және
күйдіру
әдістері.
Технология пәнінің
мұғалімі:
Темиршенов Бауыржан
Нигметович
2018-2019 оқу
жылы.
Ақжар
ауылы.
8
сынып.
8-
сынып.
Сабақтың
тақырыбы: Ағаш беттеріне өң беру және
күйдіру әдістері.
Сабақтың
мақсаты: Ағаш туралы түсінік
беру.
Білімділік: Оқушыларды электр
күйдіргішінің құрлысымен таныстырып, қолдану тәсілін
үйрету.
Дамытушылық:
Оқушылардың қолданбалы өнер
бұйымдарын күйдіріп әшекейлеудегі икемділігін
арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, шеберлікке
деген ынта –қабілетін арттырып, ой-өрісін, білімін жан-жақты
дамыту, өздігінен сапалы бұйым жасауға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақты
түсіндіру.
Сабақтың
әдісі: Алған білімін практикада
қалыптастыру.
Сабақтың
көрнекілігі:
Құрал-
жабдықтар: күйдіргіш аппарат,ағаш
тақтайша, лак және щетка.
Пәнаралық
байланыс: Әдебиет, бейнелеу өнері,
тарих.
Сабақтың
барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушылармен амандасу.
түгендеу, белгілеу, кезекшіні
анықтау)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
/сұрақ- жауап ретінде/ Өткен сабақты еске
түсіру.
-
Ағаш бөлшектерін шегемен
құрастыру.
А) Ағаш ұсталығында кеңінен
қолданылатын шеге түрлері?
Б) Шегені қандай ылғал немесе
кепкен ағашқа қаққан жөн?
В)Қылқан жапырақты және жалпақ
жапырақты ағаштарға қандай шеге
қағылады?
2. Ағаш бөлшектерін бұрама
шегемен құрастыру.
А)Қандай шегені бұрама шеге
дейді?
Б)Бұрама шеге қай жерде
пайдаланылады?
В) Біздің еліміздің
өнеркәсібінде қандай өлшемде бқрама шегелер
шығарылады?
3.Ағаш бөлшектерін желіммен
құрастыру.
А) Желім түрлерін
атаңдар?
Б) Жақсы ағаш желімін қалай
анықтаймыз?
В) Ағашты желімдегенде
бөлменің температурасы қанша градус болуы
керек?
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Ағашты күйдіріп әрлендіруді
пирография деп атайды.
Күйдіруге арналған аппараттар
жетілдірілмеген кезде, бензинді қолдана отырып, соның көмегімен
платина ине қыздырылатын. Иненің қыздырылуын бәсеңдетпеу үшін шебер
бензинді ауық- ауық аяқ басқышпен үрлеп тұруға мәжбүр болды. Алайда
техникалық қиындықтарға қарамастан, пирография дамуын жалғастыра
берді.
Электр күйдіргішті ойлап
тапқаннан кейін пирография ағашты көркемдеп өңдеудің ең қарапайым,
әрі ыңғайлы әдісіне айналды. Оны сондай-ақ былғары, сүйек, қатырма
қағаз т.б материалдарды өңдеуге қолданады. Қарапайым электр
күйдіргіш бәсеңдегіш тарнсформатордан, реостаттан, тұтқадан және
штифт деп аталатын ауыспалы қыздыру жібінен
тұрады.
Күйдіруге жұмсақ жапырақты –
көк терек, жөке, қанды ағаш, теркеті қолдану тиімді. Терең және
күйдіру үшін балқып қызған штифті сәл ғана тигізудің өзі ғана
жеткілікті.Штифт өте қатты қызарған кезде ағаш жана бастайды, оған
жол беруге болмайды. Ал штифт өте баяу қызса, оны ағаш бетіне
біршама күш жұмсап басуға тура келеді. Бұдан ол жарылып кетеді де,
өз қалыбын тез бұзады. Ағаш беттеріне күйдіріп сурет салғанда
алдымен неғұрлым ірі элементтерді күйдіреді. Содан кейін штифтті
ұсақтауларына ауыстыру керек. Ең соңғы аяқтау кезеңінде нүктелерді
жүргізеді. Барлық жағдайларда күйдіруді неғұрлым күрделі
элементтерден бастап, майдаларына қарай ауыса беру
қажет.
Ағашқа күйдіріп сурет салғанда
көз тез қарығады, сондықтан 15-20 минут сайын үзіліс жасап отыру
керек. Күйдірілген суретті бояуға болады. Ол үшін акврель, тушь,
гуашь, майлы бояулар қолданылады.
Сергіту сәті. Ағаш, тал туралы
мақал- мәтелдер. Жалғасын тап.
-
Әкеден мал қалғанша, .........
(тал қалсын)
-
Балтаға еменде .......(бас
иеді).
-
Ағаш жемісімен де, желегімен
де .............(қымбат)
-
Бір талды кессең..........(он
тал ек)
ІУ. Ағашты күйдіру кезіндегі
қауіпсіздік ережелері.
-
Қосылған аппаратты қараусыз
қалдыруға болмайды.
-
Штифтерді аппарат тоқтан
адыратылғаннан кейін ғанаауыстыру
керек.
-
Қызып тұрған штифтерді қолмен
ұстап көруге болмайды.
-
Тоқтың үзілген жері неме ашық
жері кездессе дереу мұғалімге хабарлау
керек.
Ү. Жаңа сабақты
бекіту.
1. Ағашты күйдіріп өрнектеуді
не деп атаймыз?
А)
пиротехника
Б)пирография
В)гравюра
2.Күйдіріп өңдеу барысында неше
минут сайын үзіліс жасау керек?
А)20-25
минут
Б) 15-25
минут
В) 15- 20
минут
3. Күйдіріп өңдеуге қандай ағаш
түрлерін пайдаланады?
А) қарағай,
ұшқат
Б)самырсын,
қайың
В)жөке, терек,
қандыағаш
4. Ағашты күйдіріп өрнектеу
аспабы мынадай бөліктерден тұрады:
А)трансформатор
Б)электр
сұқпа
В)күйдіргіштің тұтқасы, электр
сұқпа, трансформатор
5. Күйдіріп өңдеу кезінде негізгі
жұмысты аппараттың қай бөлігі
атқарады?
А) күйдіргіштің
тұтқасы
Б)
штифт
В) электр
сұқпа.
ҮІ. Сарамандық
жұмыс.
Күйдіруге арналған аппартпен
ағаш бетіне салынған суретті күйдіріп
өрнектеу.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау,
бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма
беру.
ІХ. Жұмыс орнын
жинастыру.
Жаңа сабақты бекітуге
байланысты тест сұрақтары. «»
2018
ж.
Оқушының тегі,
аты
1.
Ағашты күйдіріп өрнектеуді
не деп атаймыз? 2.Күйдіріп өңдеу барысында неше
минут
А)
пиротехника сайын үзіліс жасау
керек?
Б) пирография А) 20-25
минут
В)
гравюраБ) 15-25
минут
В)15- 20
минут
3.Күйдіріп өңдеуге қандай
ағаш түрлерін 4. Ағашты күйдіріп өрнектеу
аспабы
пайдаланады? мынадай
бөліктерден тұрады:
А) қарағай, ұшқат А)
трансформатор
Б) самырсын, қайың Б) электр
сұқпа
В) жөке, терек, қандыағаш В)
күйдіргіштің тұтқасы, электр
сұқпа,
трансформатор
5.
Күйдіріп өңдеу кезінде
негізгі жұмысты аппараттың қай бөлігі
атқарады?
А) күйдіргіштің
тұтқасы
Б)
штифт
В) электр
сұқпа.