Материалдар / Ағаш бұйымдарына салынатын ою-өрнек түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағаш бұйымдарына салынатын ою-өрнек түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды өздігінен еңбек етуге баулу, бұйымдарды өз қолдарымен жасай білуге үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2018
815
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қ.Билялов атындағы гимназия.








Тақырыбы:

Ағаш бұйымдарына

салынатын ою- өрнек

түрлері.

Технология пәнінің мұғалімі:

Темиршенов Бауыржан Нигметович



2017-2018 оқу жылы.

Ақжар ауылы.

7 сынып.



Сабақтың тақырыбы: Ағаш бұйымдарына салынатын ою- өрнек түрлері.

Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек туралы түсінік беру.

Білімділік: Қазақ халқының ою- өрнек түрлеріне сипаттама беру.

Дамытушылық: Ою- өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы

оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты

дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт- дәстүрін,

өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар: «Ә.Қастеевтің сөзі», «ою-өрнектер»,

«Сергіту сәті», «Б.Момышұлының сөзі».

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу өнері, геометрия.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу.

түгендеу, екі топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау: /сұрақ- жауап ретінде/

Көркемдеп өңделетін ағаш бұйымдарын таңдай білу үшін сол бұйымды жасауға қажет материалдың қасиеттерін білу керектігін сонымен қатар саз аспаптарына және үй тұрмысына қажет бұйымдарды жасауға арналған ағаштар туралы өткен сабақта оқыған балатынбыз. Мысалы: әшекей сандық, асадал т.б ою арқылы ойылып жасалатын бұйымдарға бүтіндей ағаш бөлігін таңдаған дұрыс. Олар бұтақсыз, сызатсыз, ағаш өңін бұзбаған материалдар болғаны дұрыс екенін білесіңдер.

1. Ағаштың химиялық қасиетін кім айтады?

Ағаш бірнеше органикалық заттардан: көмір қышқылынан, сутек, оттек және белгілі мөлшердегі азот қышқылынан тұрады. Қаңырап кепкен ағаштың құрамында 49,5% көмір қышқылы, 44,2% оттек пен азот және 6,3%су болады. Ағаштағы азот қышқылы 0,12% қана. Ағаштың құрамында органикалық заттардан басқа , жанғанда күлге айналатын минералды заттар да бар. Күлдың құрамында тұз қышқылы, кальций, натрий, магний бар.

2. Ағаштың физикалық қасиеті туралы кім айтады?

Ағаштың физикалық қасиетіне оның сыртқы көрінісі, ылғал , суық және жылу өткізгіштігі, дыбыс беру мен электр тоғын өткізу қасиеті жатады. Ылғалды ағаштардың салмағы мен кепкен ағаштардың салмағын салыстыру үшін мынадай түсініктемелер беруге болады. Көп уақыт суда жатқан ағаштың ылғалдылығы- 100% , жаңа кесілген ағашта - 50-100% , бөлме температурасында кепкен ағашта 8-10% , қаңырап кепкен ағашта – 0%.

3. Ағаштың механикалық қасиеті туралы ?

Ағаштың механикалық қасиетіне оның мықтылығы, төзімділігі, қаттылығы жатады.

Мұғалім: Саз аспаптарына, үй тұрмысына қажетті бұйымдарды жасауға арналған ағаштардың қандай түрін білесіңдер?

Ақ қайың- түрі ақ ағаш. Ақ қайыңның шпон кесіндісі саз аспаптар жасау саласында ою- өрнекке, әшекейге қолданылады. Қайың жалпы бір тектес түс береді., пышақпен жақсы өңделеді, өте тығыз ағаш. Өз бойына бояуды жақсы қабылдайды.

Қызыл қайың – ақшыл-сұр, жылдық сақиналары өте тығыз және көзге аса ілінбейді, мықты және қатты ағаш, бірақ суықта тез жарылады. Бұйымдарға, домбыра шанақтарына, саз аспаптарының сыртқы құрлысына қолдануға болады.

Қарағай - қылқан жапырақты ағаштардың тобына жатады. Ағаш жеңіл, оңай өңделеді, бояуды жақсы қабылдайды. Дыбыс шығару қасиеті бар шертпелі саз аспаптарының бет қақпағына қолданылады

Жаңа сабақ:

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім

Ә. Қастеев.

Халық арасында кең қанат жайған қолданбалы өнер саласының біреуі зергерлік болса, екіншісі ағаш өңдеу өнері. Қазақтың сәндік өнерінің барлық түріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Қазақтың ою -өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып, дамып келе жатқан өнер түрі.

Оған мысал ретінде «Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгімесін айтуға болады.

Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық үй жиһаздарын, киім-кешек, құрал-саймандарын, қару-жарақтарын ою-өрнектеп әдемілеп үстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан деп атаған. Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, Ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт –дәстүрді, ою- өрнекті жойып жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендердің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған ақыл айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны халық Жою хан деп атапты.

Бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп- біліп жатыпты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін қырып, ойына келгенін бәрін істеп келе жатқанда бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап, көлге батып өледі. Жою хан баласына іздеу салады.

Кімде-кім баламның өлімін естіретін болса, соның басын аламын, -деп

жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды.

Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі- дәрмегін алып, орманды аралап келе жатса бір тастың астынан: - жойылсын, Жою хан!- деп қиналған дауысты естиді.

Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды көреді. Оның аяғын таңып, дәрі құйып, жөніне жібереді. Осылайша кездескен аң-құстың барлығын емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні емдеп, «Жою ханның баласын көрдің бе?»- деп сұрайды.

-Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұр тышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, қайтып айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені бұл аңдардың барлығы Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр Мұның бәрін естіген Ою хан үйіне келіп, ойланып, оқиғаның желісін сырмақтың бетіне ою түрінде түсіріп, Жою ханға алып келеді.

Жою хан сырмақтың оюына қарап отырып, оқиғаны былайша тарқатады.

5 Жүрген жолдарда ол ұшқан құстарман беттесті

6, Бұғымен кездесті

7. Тау тағысы арқарда жолығыпты

8. Жорғалаған тышқандарда қарсы келгенге ұқсайды.

9. сорлы балам жолбарыс пен арпалысыпты

10. Балыққа да ұшырасыпты

11.Айдын көлгеде түсіпті

12. Қайран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпаныңа неге көрсетпедің? Тірімісің, Өлімісің?

- Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма? О жалған! Менің ұлым шынымен өлгеніме?Өлтірем!!!- деп қылышын суырып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан өз жарлығын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, жарлық бойынша Жою хан өз басын алады. Ою ханды ел- жұрты қайта хан көтереді. Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған екен. Бұл аңыздан ою-өрнектердің барлығын қоршаған ортадан алғанын көреміз.

Көне заманнан қазіргі уақытқа дейін халықтың тұрмыс- дәстүрімен тығыз байланысып жатқан өнердің бір түрі- ол қолданбалы өрнек өнері.



Қазіргі ою- өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою- өрнекті төрт топқа бөледі: 1.Зооморфты, 2.өсімдік пішіндес, 3.геометриялық,4.космогониялық.

Әр ою-өрнектің астарында мән мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның һмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

Өсімдік пішіндес оюлар «гүл», «жапырақ» т.б ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай топтастырылып отырған. Геометриялық өрнектер кілемде, ағаш пен тастан өңделген бұйымдарда пайдаланады. Космогониялық өрнектер көбіне кілемде, жүзіктерде кездеседі. Сонымен қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы.әсемдеу, сәндеу.

Ою дегеніміз- бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу, бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнек дегеніміз- кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.


Сергіту сәті: Мақалдың жалғасын тап.

1. Еңбек етсең ерінбей, тояды.....

2. Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің ....

3. Не ексең, соны....

4.Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен....

5.Жеті рет өлшеп, ....

6. Көз қорқақ....


Сабақты қорытындылау: /екі топқа тапсырама беру арқылы/

Ою-өрнектің композициялық құрылымына қарай әр топқа екіден ою түрлері таратылады. Ақ қағаз бетіне оюды желімдеп ою-өрнектің қай тобына жататындығын тауып, жазу керек.


Өткенді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям- деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай біз келесі сарамандық жұмысқа көшеміз.





Сарамандық жұмыс: Ағаш бетіне бедерлеп өрнек ою.

  1. Салынатын өрнек жобасын қағазға салу.

  2. тақтай бетін сүргілеп, тегістеу.

  3. өрнекті ағаш бетіне көшіру

  4. өрнекті ою.

Жұмысты саралап, баға беру. Жұмыс орнын жинастыру.
























8


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!