Материалдар / Ағаш қалдықтарының түзілуі, ағаш қалдықтарын кәдеге жарату жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағаш қалдықтарының түзілуі, ағаш қалдықтарын кәдеге жарату жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттер назарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
2065
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағаш қалдықтарының түзілуі, ағаш қалдықтарын кәдеге жарату жолдары


Ағаш өңдейтін және қағаз шығаратын өнеркәсіптердің қалдықтарын өте құнды шикізатқа жатқызуға болады. Ағаш қалдықтары (қабықтар, жоңқалар, үгінділер және т.с.с.) энергия немесе жылу алу үшін пайдаланылады. Егер оларды сұйық отынмен араластырып жақса, өте жақсы ағаш тәрізді жанады. Сонымен қатар үгінділер технологиялық мұқтаждықты өтеу үшін де қолданылады. Тез кебетін қасиет беру үшін олады шикі кірпішке де қосуға болады.

Есте жоқ ежелгі заманда біздің ата-бабаларымыз тауға ешкінің жолымен көтерілген, ал ол өте қиын болатын... Өйткені күндердің бір күнінде ежелгі аңшыға баспалдақ жасау идеясы келді.

Жұмысқа қолда бардың барлығы қосылды – жұмыр тастар мен ағаштар. Біраз кешірек ағаш бойынша көне заман шеберлері сарайлар мен мұнараларға арналған әдемі, кесілген баспалдақтар жасауды үйреніп алды. Осы табиғи материалмен жүздеген жылдардан кейінгі қарым қатынасы, қолөнер кәсібі қызықты технологиялық үдеріске айналды.  Бүгінде ағаштан барлығын жасап шығаруға болады. Әсіресе ағаша баспалдақтар мен есіктер, үстелдер және декордың басқа да бөлшектері бағаланады.

Жиһаз, есік пен терезенің өндірісінде қолданылатын ағаштың дайын өнімге ерекше қасиет беретін әрқилы түрлері болады. Мысалы, жаңғақтың түсі қайталанбас, қарағай - қолдануға қолайлы, ал қарағаш пен емен - ұзаққа дейін төзімділікті қамтамасыз ететін ерекше мықты түрлер. Ағашты таңдау кезінде бағасы да маңызды – еменнен жасалған баспалдақ шырша, қарағай немесе қарағаштан жасалған баспалдаққа қарағанда бірнеше есе қымбат.

Технологиялық үдерістердің көбісі секілді, ағашты өңдеу процесі эскиз жасаудан басталады. Болашақ өнімнің өлшемдері анықталады, багет немесе тұтқаның алғашқы контурлары салынады. Эскиз дайын болғанда, ол электронды файлға айналдырылады. Осыдан кейін ағаш шеберлері материал бойынша жұмысты бастай берсе болады. 

Оны өңдеу – алғаш қарағанда оңай болып көрінгенмен, айтарлықтай жеңіл процесс емес. Ағаш – шебердің қолында икемді болып кететін, ұзаққа жарайтын табиғи материал. Бірақ, кей жағдайларда ол қыңырлық көрсетуі мүмкін. Мысалы, ылғалдық өзгерген кезде немесе оған температура әсер еткенде. Сондықтан да, сақтау кезінде параметрлерден ауытқымау және ағаш өңдеу кезінде технология бойынша жасау – сәттіліктің міндетті талабы.

Процестің алғашқы қадамы – ағаштық жонылмаған діңгектерін өңдеу. Ол кезге дейін ағаш, былай айтқанда қалай болса солай көрінеді. Бірақ, циркулярлы—ішу арасы ағашты керекті жағдайға тез дайындайды – өткір аралар діңгектің қабығын, ойықтарын тазартып, қажетті бөліктерге бөліп тастайды. Ағаш шеберханасында дәлдігі, тазалығы және кесудің тереңдігі бойынша тең келетін басқасы жоқ мұндай аппаратың болмаса, ештеңе де істей алмайсың.

Келесі міндетті операция – ағаш жартылай фабрикатын сүргіден өткізу. Ағаш өңдеу ісінде бұл құрал, циркулярлы ара секілді өз ісінде теңдесі жоқ. Конструкциясы бойынша ол кәдуілгі жонғыны еске салады, алайда ағаштың қабаттарын кесу мұнда айналатын білікте бекітілген екі пышақтың көмегімен жасалады.  Бұл білік аса жылдамдықпен айналады, ол кезде ағаштың артық жерлері кесіліп тасталады. Осылайша діңгектің өлшемі берілген параметрлерге жеткенше жалғаса беретін болады. Тек осыдан кейін ғана оны жұмыстың келесі кезеңіне жібереді.

Қызықты өзгешелік – операцияның бас жағында ағаштан шыққан жаңқалар жырымдалған және қысқа болып шықса, кішкене кешірек олар ұзын да толассыз шыға бастайды. Кәсіпқой үшін бұл тек бір нәрсені білдіреді: ағаштың беті тегістеле бастады.

Әрі қарай ағаш рейсмус деп аталатын аппаратқа жіберіледі. Ол ағашты калибрлейді, яғни керекті өлшем береді, сонымен қатар қосымша діңгектің бетін өңдейді. Барлық жұмысты рейсмустың нақ ортасында орнатылған ондаған өткірленген пышақтар атқарады.

 Қатты өткірленген пышақтар өз жұмысын жақсы атқарады. Оған көз жеткізу үшін, ағаштың өңделгенге дейінгі және кейінгі кезіне қарасаңыз болғаны. Рейсмустан ағаш ағарып, жұмсақ болып шығады. Ендеше, процессті әрі қарай жалғастыруға болады...

Әрі қарай дайындалған ағаш оның қайда қолданылатынына байланысты кесу станогына немесе баспаққа бағытталады. Станокпен барлығы түсінікті – дискілі аралардың көмегімен бұл аппарат ағашты керекті діңгектерге кесіп тастайды. Ал баспақтың жұмысы қиынырақ: ол ағаштың әртүрлі бөліктерін өте мықты етіп бір-бірімен байланыстыруы керек. Мысалы, баспалдақтың басқыштарын жасау кезінде көптеген бөлшектерді жапсыру керек – арнайы қаптамасы және кілтегі бар ендігі өңделген діңгек. Процесс былайша өтеді: оператор дайын ағаштарды бір-бірімен жақсы жабысып қалуы үшін дұрыстап жатқызады, керекті жақтарын желімдеп, оларды арнайы қысқыштармен тартып тастайды және баспақтың түбіне жайып қояды. Осыдан кейін жабысу уақыты белгіленіп, баспақ төмен түседі. Машинаның максималды қысымы – 400 келі, бірақ мамандар ағаш бөліктердің жақсы жабысуы үшін 120 келілік қысым да жеткілікті деп сендіреді.

Егер бүк немесе қарағаш секілді қатты ағаштармен жұмыс істеу керек болса, процесс 15-20 минутқа созылады. Егер қалыңдығы 1,5 миллиметрлік ағаштың ең жұқа қабаты кілтекке келер болсақ, оған 5 минут та жеткілікті. Айтпақшы, мықты қаптама мен баспалдақ сатысының негізгі бөлігін жапсыру – міндетті операция.

Бұл баспалдақтың сатысы температураның өзгерісіне шыдамды болып, оны бұзылудан сақтау үшін жасалады.  Есіңізге түсіріңізші, сіз де баспалдаққа бірнеше мәрте сүрінген боларсыз. Осындай кездері қаптама барлық соққына өзіне алады. Сонымен қатар, бөлшек жарасымды көрінеді. Осындай бір басқышты дайындау үшін шамамен 4 сағаттай уақыт кетеді. Көзіңізге елестете аласыз ба, бір ғана басқышты жасау жұмысы қаншама уақыт алады десеңші!

 Егер де дәл сол басқышты немесе кез келген басқа бөлшекті шақтау керек болса, процесске планшетті циркуляр қосылады. Бұл аппарат ағашпен кез келген жалпақтықта жұмыс істей алады: қиыққа қарай кесу немесе кез келген бұрышта. Осы құралдан кейін осы немесе басқа бөлшек конструкцияның басқа бөлшектеріне тура шақталғанына еш күмән келтірмесе де болады. Егер де ағашпен көркем жұмыс істеу керек болса, әр түрлі үйлесімдегі ондаған фрезерлер кезекте тұр. Бұл кішкентай, бірақ виртуозды аралар кез келген қиын өңдеу жұмысын жасай алады. Сондықтан да, келесі жолы баспалдақтың ойылған тұтқасына немесе өрнектелген ағаш багетке назар аударғаныңызда, оны фрезер жасағанын біліп қойыңыз. Ол ағашқа зақым тигізбей, өз жұмысын өте жақсы жасауы үшін әрқашанда дайын тұруы қажет. Бір секундқа назарыңыз бөлініп кетсе болғаны, бір өте қымбат бөлшекті жөнделместей құртып алуыңыз мүмкін.

Сондықтан да, аралар мен фрезерлерді уақытылы қайрап тұру – процесс технолгиясының міндетті бөлігі.  Мінекей, осы жерде ағашпен жұмыс істейтін әртүрлі құралдарды жаңарту жұмысы жүреді. Соның арқасында шеберлер әрқашанда жабдықталған болып, қатты да мықты ағашты жұмысқа икемді етеді. Егер кескіштер мен аралар ұстара секілді өткір болса, олар жұмысқа дайын деген сөз, ендеше процесс жалғасады.  Әрі қарай барлығы шеберлер кірісіп кеткен конструкцияға байланысты.

Керегі – эскиздің электронды нұсқасын дайындап, оны машинаға енгізіп, жұмысты бастау. Лазер ағаш бойына суретті өрнектеп салып, әдісқой тәсілмен жылжи бастайды. Бұл аппарат ағашқа сіздің суретіңізді миллиметріне дейін дәлме-дәл жеткізіп түсіретін болса, оның сапасына күмәндануға бола ма?

Үлкен планшеті бар машина,  жанында тұрған -  мультикам, ағаштан дәл сол қиын өрнектерді қиып алады. Жалынмен, ыстықпен дәл осы машинадан қолмен кесер болсаң 10 есе ұзақ кесетін, оюлы үстел қақпақтары, жиһазға арналған өрнектелген қаптамалар және көптеген басқалар шыға бастайды. Процесс саусақты фрезаның, діңгектің бетін қиындылардан тазартып тұратын қылшақтың көмегімен өтеді. Осылайша табиғат технолгиямен бірлесіп, әдемілігіне көз тоймайтын және сапалы материалдар шығарады.

 Декорация бойынша қазіргі заман дизайнерлік шешімдері көбінесе ежелгі шеберлердің дәстүріне сүйенеді. Бұл бағыт үйреншікті және таптырмайтын материал – ағашты да айналып өткен жоқ.

 Ағаш ернеулерді, терезе қақпағын және жиһаздың басқа да бөлшектерін ежелгі қолөнер қағидасымен ерекше түрде жасау, тез өзгергіш әлемде өзекті болып қала береді. Жаңаның барлығы – жақсы ұмытылған ескі деген сөзі растай түсті.  Сонымен, тағы бір технологиялық процестің құпияларын сіздерге ашып бердік. Енді сіздер ебедейсіз және жонылмаған ағаштың қайталанбас, тұрмыста пайдалы өнімге айналатынын білесіздер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!