Материалдар / Ағаштан жасалған бұйымдар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағаштан жасалған бұйымдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағаштан жасалатын бұйымдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2021
1175
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: "Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу ерекшелігі" (9 сынып)
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу арқылы бедерлеп ою әдісін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: сарамандық сабақ.
Сабақты оқыту әдісі: әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.
Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сабаққа қатысуын бақылау. ә) сабаққа дайындықты тексеру.
1. Өткен материалды қайталау.
2. Жаңа сабақ.
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, тезек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет. Мұндай материалдың бетіне өте нәзік ойықша, үшбұрыш, және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. Өрнек дегеніміз кез келген бұйымның сыртына түсірілген біртұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнекті оюдың бірнеше тәсілдері бар. Соның бірі – геометриялық сурет салу арқылы жасалады.
Екінші тәсілі – өрнекті жұқалай тіліп салу. Бұл өрнекті салғанда оның ізін пышақпен тіліп, өрнекті жиектерін көлбелей жұқалап жонып алады. Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды:
- Біріншіден, өрнектің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс беріледі.
- Екіншіден, өрнектің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі.
- Үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеу, бедерді өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.
Өрнекті тақтай бетіне көшіру әдісін қарастыру.
1. Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу әдісі.
2. Өрнекті тақтайдың ортасынан бастап салу әдісі.
3. Тақтайдың бетіне өрнекті тізбектей салу әдісі.

Геометриялық үш қырлы ойық өрнекті орындау технологиясы:
1. Тең бүйірлі үшбұрыштардың құрылған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою.
2. Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою.
3. Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою.
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі - келсап, аяқ - табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.
- Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау.
- Бұйымның барлық бөліктеріне өрнектерді жоспарлау, үлгісін жасау.
Өрнекті пышақпен тілу.
- Өрнектерді кесу.
- Бұйымдарды бояу, оған әр беру.
- Боялған бұйымдарды тазалау, лактау. Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол «жүйелеу». «үйлестіру» ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдей білу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз. «Үтір», «Үшбұрыш» және «Сыңар қанат» түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз, іске сәт!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!