«АҒАШТЫ КӨРКЕМДЕП ӨҢДЕУ
ЖҰМЫСТАРЫНДА ЛОБЗИКТІ ҚОЛДАНУДЫҢ
МАҢЫЗЫ»
(Мақала)
«Ағашты көркемдеп өңдеу» оқушыларды шеберлікке,
іскерлікке баулиды, шыдамдылық пен төзімділікке үйретіп, алдына
қойған мақсатына жетуіне, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге,
еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес
оқушылар ағаштың түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен,
қасиеттерімен, жұмыс орнын қалай жабдықтау керектігін, ағашпен
жұмыс жасауға арналған құрал-жабдық түрлерімен, оларды дұрыс
пайдалана білуге, ағашпен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен етене
танысып қана қоймай, іс жүзінде меңгеріп, ағаш ою, ағаштан бұйым
жасау шеберлігіне үйренеді. Сонымен қатар ағаш бетіне салынатын ою
түрлерін, тұрмыс жағдайында пайдалануға болатын декор элементтерін,
бұйымдарды жасауды меңгереді.
Казіргі заман талабына сай, жаңартылған білімді
игеруде, технология пәнінде алға қойған басты мақсатым лобзикті
қолдана отырып, ағаштарды көркемдеу арқылы оқушыны
еңбексүйгіштікке, оқушыларды өздігімен еңбек етуге дайындау,
кәсіпті игеруге көмектесу, оқушылардың шығармашылық ой-қиялын
дамытып, еңбек етуге мүмкіншілік
жасау.
Міндеттерім:
Оқушыларды өздігінен еңбек етуге баулып, керекті
материалдарды ұқыптап, ретімен орналастыра білуге, тұтыну
бұйымдарын өз қолдарымен жасай білуге
үйрету;
Жасалған бұйымдарды дизайн мен сәндік қолданбалы
өнердің талаптарына сай сәндей білуге
үйрету;
Қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің маңыздылығын
түсіндіре отырып, еңбек , өнер адамдарын құрметтей білуге
тәрбиелеу;
Қазіргі заманға сәйкес көрмелерде , сайысқа
түсіп, өз жұмыстарын тұтынушылар арқылы бағалай білуді
игеру;
Соңғы жылдарға дейін тәрбие беру проблемасы
жастарды көркем өнерге баулу жолымен ғана шектеледі деп пайымдалып
келгенді.
Оқушылардың эстетикалық талғамын, жалпы
мәдениетін көтеру үшін өнердің теориясы мен тарихынан лекция оқыса,
әдеби және музыкалық кештерді, тағы басқа да сондай жиындарға
қатысса жеткілікті деп те жүрді. Эстетикалық тәрбие беру жолдарына
бұлай қарау- сыңаржақтылық, оның сырларын түсінбеушілік. Көркем
өнерді сүю, оны таңдап, талғай білу- эстетикалық тәрбиенің басты
мәселелерінің бірі. Әсемдік пен сұлулық адам жүрегінің тазалығы,
рухани байлығы, жан дүниесінің шынайылығы, сезімнің нәзіктігі,
ойының ұшқырлығы, қиялының кеңдігі, жігер- қабілетінің жасампаздығы
болып табылады.
Эстетикалық тәрбие беруде технология пәнінің
маңызы ерекше. «Технология оқу пәні- интегративті білім саласы.
Оқушылардың математика, физика, биология пәндерінен алған
білімдерін синтездеу арқылы өндірісте, энергетикада, байланыста,
ауылшаруашылығында т.б. бағыттарды пайдалану жолдарын меңгеретін
негізгі ғылым болып табылады. «Технология» пәнінің жаңа
бағдарламасының мазмұны еңбекке баулу пәнімен салыстырғанда
анағұрлым терең, сондықтан сызу, физика, компютер сыныптарын
пайдаланудың, сондай-ақ технология кабинетін оқу-көркем
құралдармен, кестелермен, дидактикалық материалдармен, мұғалімдерге
арналған әдістемелік әдебиеттермен, оқушыларға арналған
әдебиеттермен үнемі толықтырылып отыру
қажет.
Технология сабағында эстетикалық тәрбие беру
мәселесі ең алдымен оқушыларға технология пәнінің негізін терең
және тиянақты түсіндірумен жүзеге асырылады. Өйткені, эстетикалық
сезім адамның саналы әрекеттерінің жеңісі, ал саналы әрекет зат пен
табиғат, қоғам заңдарын жақсы білуден барып туындайды. Мысалы:
Оқушыларға ағаш пен жұмыс жасамас бұрын, ағаш туралы түсінік
беріледі. Өздеріңіз білесіздер,
шығармашылық жұмыс үшін бізге: талап, үлкен
ізденіс, еңбекқұмарлық, өнерсүйгіштік қажет. Міне, осының бәрі
адамның бойында болса, онда іске сәт деп кірісуге
болады.
Мен технология сабақтарында оқушылырдың жас
ерекшеліктерін, қол еңбегімен айналысу мүмкіншілігін ескере отырып,
әр оқушының шығармашылық жұмыстармен жұмыс жасауларын мақсат етіп
қойдым. Оның ішінде лобзикті қолдану, онымен жұмыс жасау
оқушыларымның қызығушылығын оятуда. Мысалы,сәндік қолданбалы өнер
элементтері арқылы материалды көркемдеп өңдеуде контурлық оюдың
техникасы тақырыбына лобзикпен жұмыс жасауда оқушылар өздері таңдап
алған жануарлардың бейнесін сызып алады. Оқушылар мультфильмдегі,
өмірдегі көргендерін практикада қолданады. Жасалынатын заттар бір
өлшемде және сәндік бөліктері, безендіру талғамы әр оқушының
ізденуінің арқасында жүзеге асады.
Технология сабағында алған білімін тіршілік
көзіне айналдыруға тәрбиелеу, кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету,
оқушыларға ағаш материалы негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу
арқылы эстетикалық тәрбие беру, бұйымды өтімді, тартымды жасауға
үйрету- бүгінгі күннің қажеттілігі.
Көркемдік жұмыстардың ішінде халқымызда ең көп
тараған өнердің бірі-ағаш ою болған. Көшпенділер ағаштан тұрмысқа ,
мал шаруашылығына қажетті әр түрлі бұйымдар
жасаған.
Ағаш оюшыларды- ерші, ағашшы, ағаш шебері деп
атаған. Ағаш шеберлері ағаштан азық –түлік салып сақтайтын
кебежелер, төсек, бесік, кесе салып алып жүретін кесеқап және әр
түрлі ыдыс-аяқтар , арнайы қымызға арналған тостағандар , саптаяқ,
шара , ожау, сол сияқты табақ, тегеш
жасады.
Сонымен қатар сандық, жүкаяқтың, күбі,астау
сияқты бұйымдар да ағашты ою арқылы жасалады. Осы күнде ертеде
халық шеберлері жасаған ең үздік бұйымдар мұражайларда
сақталған.
Қазіргі кезде ағаштан мұндай ұлттық бұйымдар көп
қолданыста болмағандықтан , сыйлық ретінде қолдану мақсатында
кішігірім кәдесыйлық
бұйымдар жасалынып жүр. Оларды жасау
технологиялары да заманға лайық түрленіп , жасауға ыңғайлана
түскен. Кейбір кәдесыйлық бұйымдарды жеке түрде бүтін ағаштан ою
арқылы жасауға болады. Мысалы, кішігірім домбыра және жұқа
тақтайдан немесе фанерадан қыларамен кесу арқылы қандай да бір
жануарлардың бейнесін жасау.
Технология пәнінде
оқушыларыммен лобзик құралы арқылы ағаштарды көркемдеп өңдеу
ұстаздық қызметімде жаңа шабыт, ізденушілікке
әкелді. Әр оқушымның жасаған туындылары баға жетпес
үлкен жетістік деп білемін. Қазақ халқының ұлттық нақыштағы, шағын
да болса кәде сыйларын бүгінгі заман талабына сай жасау әр
шәкіртімнің рухани жаңғырған Қазақстанмызға қосқан өзіндік
үлесі.
ШҚО Тарбағатай
ауданы
Ақжар
ауылы.
Қ.Билялов атындағы
гимназияның
технология пәні мұғалімі
Теміршенов Бауыржан.