Коучинг тақырыбы: «Агрессиялық мінез-құлықтың
алдын алу және түзету жолдары»
Мақсаты: Жеткіншектердің теріс мінез-құлқын
қалыптастыруға ықпал ететін жағдайдыңалдын алу арқылы ызаны тиімді
жолмен шығаруға үйрету
Күтілетін
нәтиже: Баланың агрессивтілік деңгейі төмендейді,
өзінің мінез-құлқын ырықты басқаруға қабілеті мен мүмкіндіктерін
қалыптастырады.
Ресурстар Интербелсенді тақта ,тақырыптық
мәтіндер
Басы: Амандасу
І «Есім акронимі» ойыны арқылы
Әркім өзінің бас әріпіне жағымды қасиеттерін айтады Сыныпта жайлы
психологиялық ахуал қалыптастыру. ІІ. «Символдар
сөйлейді» әдісі бойынша топқа біріктіру. 1- топ « Сабыр» - сары
алтын 2-топ «Уақыт» - қымбат 3-топ «Білім»- шырақ Не үшін осы топқа
біріктіңдер? Топқа біріккенде не ойладыңыздар? І-тапсырма.
Тақырыпты айқындау « Миға шабуыл». Әр түрлі эмоциядағы бет бейнесін
көрсету. Қуаныш,ойлану,таңырқау, ашулану,қиялдау,армандау
(интербелсенді тақтадан көрсету арқылы тақырыпты айқындап аламыз)
Ренжудың яғни агрессияны білдіретін бейнені не үшін айрықша
көрсетіп отырмыз? - дұрыс , бүгінгі коучингтің тақырыбы
«Агрессиялық мінез-құлқын алдын алу және түзету жолдары» (Балалар
мен бірге мақсатын анықтаймыз)
Негізгі бөлім:
ІІ-тапсырма .Тақырып бойынша
жұмыс.1-тапсырма: «Адамдар не себепті
ренжіседі?» 2.Оны болдырмаудың қандай жолдары бар?-
деген мәселе жайлы ойланып, топта пікірлесіп жауаптарыңызды «Т
кестесіне» топтастырыңыздар. Барлық жауап нұсқаларын әр топ тақтаға
іледі, (Мысалы оқушылар жауаптары төмендігідей болуы мүмкін) Ал
енді талқылап көрейік. Адамдар бір-бірін
түсінбейді.
Өзге адамның ақылын тыңдамайды. Өзге адамдардың
құқығын ескермейді. Үнемі өзінің басымдылығын көрсетуге тырысады.
Өзгелерді тыңдай алмайды. 1,2,3 әдісі бойынша топтар бір- бірін
«Сиқырлы таяқша» арқылы бағалайды. ІІІ-тапсырма «Жағдаяттарды
талдау» Рөлдік ойын «1,2,3» әдісімен талданады 1 топ-Мадина-
«Сабина, маған математикадан үй тапсырмасын берші көшіріп алайын».
Сабина: Мадина сен көшіргенмен ештеме түсінбейсің ғой. Одан да мен
саған түсіндірейін , сен өзің есептерді шығар. Мадина:Бере салсаң
нең кететін еді,менің қазір есеп шығаруға уақытым жоқ. Сен –ақ
білімді болшы, ренжідім саған мен сені досым деп жүрсем ( осы
жағдай да Мадинаның ренжігені дұрыс па?) 2топ- Мақпал :Ерлан сен
біздің мектепті уятқа қалдырдың? Мурат:Біз саған сеніп едік,
сенімімізді ақтамадың?Сынып болып саған ренжідік. Ерлан: Мен ауырып
калдым.Оған мен кінәлі емеспін, маған нене ренжисіңдер! (Бұл
жағдайда кімге ренжуге болады?) 3-топ-Динара жаңа жыл кешіне кім ән
айтады? Алия: Гулсим айтсын әнді жақсы айтасың ғой? Гулсим: Мен
кешке дейін айта берем бе? Өздерің айтыңдар керек болса.(Шығып
кетеді), (Бұл жағдайда кімнің кімге ренжігені дұрыс) ІV«Өз
эмоциянды қалай басқару керек» мини-лекция Мақсаты: эмоцияны
басқаруға үйрету. Уақыты: 10 минут. Жағымсыз эмоцияны қалай
кетіруге болады? Егер сіз бір жағымсыз эмоцияңыздан арылғыңыз
келсе, онда жастықты ұрыңыз, бет орамалды құрғақ болса да сығыңыз.
Ашу энергиясы иық, қолдың жоғарғы бөлігінде және саусақтарда
жиналады. Кез келген дыбыс шығарыңыз, ашу күші мойныңызға тығылып
қалуы мүмкін. Адамға табиғаттың жақсы әсері мол. Қиын жағдайда
серуен жасау, өзен ағысынап және көлдің мөлдірлігіне қарау, таза
ауамен тыныстау көп көмектеседі. Тыныс алу арқылы эмоцияны реттеу.
3-4 қысқа тыныс алу мен оны шығару миға баратын импульстар ағыны
жақсарып, стреске әсер етеді. Сосын терең тыныс алу қажет.Табиғат
біздің миымызға түсетін психикалық
ауырлықтан қорғанудың тамаша құралы жылау мен
күлкіні берген. Күлкі жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті
импульс ағымдарынан құтқарады. Осы жаттығуда жылау мен күлкінің,
емдік қасиеттері бірігеді. Ал енді эмоцияны реттейтін бірнеше
жаттығулар жасаймыз. 1. Бас бармақты ішіне қаратып, жұдырықтаңыз.
Тынысыңызды жаймен ішке жинап, жұдырығыңызды қысыңыз. Сосын
жұдырығыңызды біртіндеп босатып, тынысыңызды шығарыңыз. 5 рет
қайталаңыз. Енді осы жаттығуды көзді жұмып жасаймыз. Бұл
тиімділігін арттырады. 2. Екі грек жаңғағын алақанда айналдырыңыз.
Екі алақанға кезекпен жасаңыз. 3. Кішкентай бөбек саусағыңыздың
басына массаж жасаңыз. 4. Жаңғақты кішкентай бөбек саусағыңызға
жақын орналастырып, екінші алақанмен 3 минуттай айналдырып қимыл
жасаңыз
Жаттығу «Өз эмоцияңды көрсету» Карточкаға
жазылған сезімдер жазылған сөздерді беремін. Сол бойынша
эмоцияларыңды «Ескерткіш» ретінде көрсетесіңдер 1.Сыйлаған гүл
шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш. 2.Досыңмен қоштасу кезіндегі мұң.
3.Жақын адамыңмен ренжіскен кезің
Рефлексия Бүгінгі сабақтан не алдым? «Еркін
микрафон» әдісі бойынша Мен
сөйлеймін....
Қорытынды: Негізінен,агрессия деп зиян келтіретін
мінез-құлық түсіндіріледі.Өкінішке орай – ашудысыртқа шығару бұл
ұят деген пікірқалыптасқан.Мамандардың айтуынша жағымсыз
эмоцияларды ішіндеұстап, жинай беруге болмайды.Ашуын ішіне сақтаған
адам оныбір кезде сыртқа шығаруға дайын болады.Ашуын іште сақтаған
адамның психосоматикалықауруларға көп шалдығатыны туралы теория
бар. Іште сақталғанашу-ызаның ревматизмдік артрит, есекжем,
псориаз, асқазанжарасы, бас ауруы, қан қысымының жоғарылауы
тəріздіауруларға алып келетіні белгілі. Ызадан арылу керек. Ол
үшінызаны мақұлданған, ешкімге зиян əкелмейтін жолменшығаруға
үйрендік деп ойлаймын