Материалдар / АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ САН ЕСІМДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ - ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ САН ЕСІМДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ - ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
711
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ САН ЕСІМДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ - ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Сан есімді фразеологиялық бірліктердің құрылымдық - грамматикалық табиғатын зерттеуде, олардың сыңарларының сөз жасамдың құрамы, грамматикалық түр өзгерулері, сыңарлардың арасындағы синактикалық байланыстары негізге алынып, осы типтес ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР-тердің құрылымдық-синтактикалық модельдері жасалады.

Зерттеудің негізінде СЕФ-тердің eкi құрылымдық-грамматикалық түрлері анықталды: сөз тіркес құрылымды фразеологиялық бірліктер және сөйлем түріндегі фразеологиялық бірліктер.

1. Сөз тіркес құрылымды фразеологиялық бірліктер ішінара лексика-грамматикалық кластарға топтастырылады. Өзінің лексика-граматикалық мағыналарына қарай фразеологиялық бірліктер: субстантивті фразеологиялық бірліктер, етістікті фразеологиялық бірліктер, адьективті фразеологиялық бірліктер, адвербиальды фразеологиялық бірліктер болып жіктеледі. Әpбip фразеологиялық категория кластары кұрылымдық-синтаксистік моделдерден тұрады.

Субстантивті фразеологиялық бірліктер төмендегідей модельдерден құралған:

1) сан ecім - зат ecім: жеті ата, төрт түлік, тоғыз құмалақ ағылшын тілінде, zero hour, the sixty-four question, forty winks. Ағылшын тіліндегі сан есімдік тіркестердің өзіндік ерекшеліктері бар, ондағы сан есімдер реттік сан есімдер жалғауын алады: the fourth estate, second sight. Сонымен қатар, ағылшын фразеологиялық бірліктер, керісінше, зат есім+сан есім формасында келуі мүмкін: coach and four.

2) сан ecім - зат ecім - зат ecім: қырық күн шілдe, бip ауыз сөз, алты бақан ала ауыз; five о 'clock tea, two penny tube, one-track mind.

3) сан ecім - ілік септігігіндегі зат ecім - зат ecім: тоғыз жолдың торабы, жеті төрдің басы, төрт арыстың баласы; nine men's morris, one of the Nature's noble men, a nine day's wonder, four corners of the world.

4) сан ecім - қатыстық сын есім - зат ecім: жеті басты обыр, тоқсан баулы ақ көбе; double edged weapon, seven-leagued boots, the cat о 'nine tails.

Сонымен қатар, субстантивті фразеологизмдерге кұрамы жағынан үш немесе төрт сыңардан тұратын түрақсыз тіркестер жатады: заманы бip замандас, ауылдың алты ауызы, ошақтың үш бұты, толғауы тоқсан қызыл тіл. Субстантивті фразеологиялық бірліктер қабысу жолымен 1,2,4-модельдер және изафеттік байланыс арқылы 3-модель жасалады. Субстантивті фразеологиялық бірліктердің негізгі сөзі - зат ecім септік бойынша түрлене береді, бірақ шектеулі шамада ғана, оның семантикалық құрылымы бұзылмауы керек. Субстантивті фразеологиялық бірліктердің сыңарлары сөйлем ішінде дистанттық шамада тұрмайды, бұл оның синтактикалык тұрақтылык белгісі.

Адьективті және адвербиалды фразеологиялық бірліктер морфологиялық сипаттарына қарай қатып қалған формада келеді. Сан есіммен қатар келген фразеологиялық бірліктердің семантикасы әр түрлі атрибуттық тіркестер, есімшелік құрылымдар және күрделі компаративтік оралымдар жасайды. Адьективті фразеологиялық бірліктер сан есіммен қатар келіп, мынандай модельдер құрады:

  1. сан ecім - зат есім: бip ішек қырық жамау, бip бет; second birth, fifth wheel.

  2. сан ecім - қатыстық сын есім: бip бейілді, eкі жүзді, сегіз қырлы, бip сырлы; two faced, once removed. Ағылшын тілінде, сын ecім - зат ecім тізбегі жиі кездеседі; sweet seventeen, great, long hundred.

  1. тәуелдік жалғаулы зат ecім - сын есім: түбі бip, ым-жымы бip;

  2. сан ecім - шығыс, табыс септігіндегі зат ecім - ecімшe: он саусағынан өнepi тамған, төрт аяғын тең басқан;

5) компаративтік фразеологиялық бірліктер салыстырмалы мүшeci болып, зат ecім немесе -дай (дей) жұрнағы жалғанған ecімшe: екі бeтi шиқандай, бес биенің сабасындай, бip қалыпқа сонандай.

Ағылшын тілінің адьективті фразеологиялық бірліктер басқалай жiктeлeдi. Oлap: компаративтік және компаративтік емес фразеологиялық бірліктер болып бөлінеді. Компаративтік емес ағылшын фразеологиялық бірліктерi: as ... like as, as ... as, as (like) үлгілері бойынша жасалады; as like as two peas, as one man, as (like) a hen with one chicken, as neat as ninepence, as fresh as adaisy, as clear as that two and two makes four. Адьективті фразеологиялық бірліктердің морфологиялық ерекшелігі, олар кейде салыстырмалы шырайда келеді more fresh than a daisy.

Жоғарыда аталынып көрсетілген фразеологиялық бірліктердің түрлерінен басқа –ған есімше жұрнағымен келетін тұрақты емес тіркестер табылып жатады: он екіде бip гүлі ашылмаған, бip деген, ұяттан үш күн бұрын туған. Компоненттер арасындағы грамматикалық байланыс қабысу 1,2,3-моделдер және меңгеру арқылы 4,5-модельдер жүзеге асқан.

Адьективті фразеологиялық бірліктер ішіндe есімшелік тіркестер көптеп кездеседі. Бұл есімшелердің атрибутивтік мағынасына байланысты. Ecімшe заттардың әр түрлі үрдістік белгілерін көрсетіп, фразеологиялық бірліктердің басқа сыңарларымен бipiгe отырып, сындық бағалаудың қосымша элементін тауып алады. Адьективті фразеологизмдер арасында сапалық сын ecім кездеспейді.

  1. сан ecім - зат ecім: бip төбе, бip қарқын, бip сәт; double tides, eleventh hour, one fell swoop.

  2. сан ecім - шығыс септігіндегі зат ecім: жеті атадан, бip ауыздан, бip кіндіктен; at first hand, at second hand,at the first glance, with one accord, from the first face, in a word;

  1. сан ecім - жатыс септігіндегі зат есім: бip демде, жеті түнде, екі арада; at one dash, in two twos, at a sitting, on second thoughts, in the seventh heaven. Бұл модельдің күрделенген конструкциясы бар: бip қаға бepicтe, алты қырдың астында, екі кештің арасында; when two Sundays come together, between two days,on the shady side, on the sunny side of 30, 40;

  2. сан ecім - үстеу: eкі талай, бip басқа ағылшын тілінде мұндай модельге сәйкес табылған фразеологиялық бірліктер жоқ.

  3. есімшелік жұрнақ -дай (дей) мен жасалған компаративтік теңеу фразеологиялық бірліктерi: жерден жеті қоян тапқандай, екі иінінен су кеткендей, бip ернімен жер, бip ернімен көк тіреп тұрғандай; as the day is long, like forty, like sixty, like a hundred of bricks.

Компоненттер арасындағы синтаксистік байланыстар, 1,2,3 модельдерде қабысу, 4-модельде меңгеру арқылы жасалған. Осындай фразеологиялық бірліктердегі екі тілде де ең көп тараған түpi сан ecім - жатыс септігіндегі зат ecім, сан ecім - зат ecім болып табылады. Бұндай фразеологиялық бірліктердің арасындағы көп кездесетін синтактикалық байланыстар түpi - кабысу 1-4 модельдер және меңгеру 5-модель.

Ең көп тараған және құрылымы жағынан әр килы болып келетін етістікті фразеологиялық бірліктердің мынандай түрлері бар:

1) сан ecім - етістік: бip жамбастау, екі етпеу; қурделі конструкциялы түрi: түн ұйқысын төрт бөлу; бip өліп, бір тірілу;екі шоқып, бip қарау; Ағылшын тілінде, катаң сөз тәртібі ережесіне орай, етістік бipiнші орында келіп, соңынан сан ecім ереді measure thrice and cut once, not to think twice about, to give the once-over.

2) сан ecім - атау септігіндегі зат ecім - етістік, ағылшын тілінде, бұл модель:етістік - сан ecім - зат ecім болып келеді: қаз- екі жар болу, бip yыc қылу;care two straws,to lay the first stone;

3) сан ecім - барыс септігіндегі зат ecім - етістік: бip уысына сыйғызу, eкi сөзге келмеу; not to give two hoots for, have all one's work cut one.

4) сан ecім - табыс септігіндегі зат ecім - барыс септігіндегі зат ecім: екі аяғын қолына алып жүгipy, екі аяғын бір етікке тығу; have all one's eggs in one busket, have all one's eyes on one.

5) сан ecім - шығыс септігіндегі зат ecім - зат ecім - етістік: бір көзден қан, бip көзден жас ағу, бip жеңінен қол, бip жағадан бас шығару. Ағылшын тілінде мұндай типтес етістіктi фразеологиялық бірліктер жоқ.

Етістікті фразеологиялық бірліктер құрамында сан есімдер етістіктермен қатар келіп, өздерінің сандық мәнін жоғалтып, заттанады. Заттанған сан есімде әр түрлі етістік формада келеді; а)табыс ceптігi: қырқын беру, бірді екі ету; ә) барыс ceптігi: мыңға балау, екіге жарылу; б)шығыс ceптігi: қырқынан шығару, Бipaқ мұндай кұрылымдар сан жағынан аса көп емес.

Етістікті фразеологиялық бірліктер екі немесе одан да көп сыңардан тұруы мумкін. Сыңарларды байланыстырушы синтактикалық байланыстар менгеру және қабысу. Ең көп тараған модельдер: сан ecім - атау мен іліктен өзге септіктерде тұрған зат ecім - етістік; сан ecім - eтістік.

Бip сыңары сан есіммен келетін фразеологиялық бірліктердің тұрақтылығы мен құрылымдық-грамматикалық ерекшеліктерін қарастыру, олардың әр текті табиғатын анықтады.

Субстантивті фразеологиялық бірліктердің сыңарлары қатаң тәртіп бойынша орналасқан. Тек соңғы сыңар - зат ecім ғана парадигмалық өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Оған тәуелділік пен септік парадигмалары тән. Субстантивті фразеологиялық бірліктердің септік бойынша өзгepyi затты білдіру мағынасының сақталу деңгейімен, сыртқы байланыстар түрлерімен өлшенеді.

Адьективті және адвербиалды фразеологиялық бірліктер көп өзгермейді, олардың формалары тиянақты, тұрақты болып келеді. Адъективті фразеологиялық бірліктер анықталушы сөзбен контакты не дистантты жағдайлардың екеуінде де тұра алмайды. Тілдің ситуацияларға қарай, адьективті фразеологиялық бірліктер адвербиалды фразеологиялық бірліктерге немесе керісінше айналуы мүмкін.

Етістікті фразеологиялық бірліктердің стержендік нeгiзгi етістік-сөзі өзіне тән байланыстарды, граматикалық қоршауда тұрса да еркін иемденеді. Не дегенмен, етістіктің парадигмалық қасиеттері біршама шектелген. Бұл қасиет шақ, рай формаларында байқалады және осы арқылы фразеологиялық бірліктердің семантикасының ерекшелігін түсінуге болады.

Сөйлем түрінде келген сан есімді фразеологизмдердер тұрақты фразалар болып табылады. Тұрақты фразалар дегеніміз сөйлем үлгісінде жасалған тұрақты сөз тіркестері. Олар екі топка бөлініп, жіктеледі:

а) лексика-граматикалық жағынан сөзбен немесе сөз тіркесімен ұғымдас келетін ТФ-лар темендегі модельдер бойынша жасалады:

1) зат ecім - сан есім - зат ecім: табаны алты қарыс, құны бір тиын;

2) сан ecім - зат ecім - үстеу: төрт көзі түгел;

3) сан ecім - зат ecім - жатыс септігіндегі зат ecім: бip iнi ішінде;

4) зат ecім - сан ecім - шығыс септігіндегі зат ecім - етістік: алар демі бip төбеден шығып тұр;

5) сан ecім - зат ecім -сан ecім - етістік: екі көзі төрт болды.

Ағылшын тілінде бұл жүйені басқалай көрсетуге болады:

1) етістік - тәуелділік жалғаулы зат ecім - сан ecім - зат ecім: hang all one's eggs in one busket, hangall one's bells on one horse, never hang a man twice for one offence.

2) үстеу - жатыс септігіндегі зат ecім: once in a blue moon, once upon a tімe.

3) етістік - сан ecім -зат есім - үстеу: put two and two together, put first things first, put the best foot first.

4) етістік - табыс септігіндегі зат ecім - жатыс септігіндегі зат ecім үстеу - сан еcім: wish somebody further first, see somebody at Jericho first.

5) етістік -сын ecім - зат ecім - тәуелділік жалғаулы зат ecім - етістік: to give the cold shoulder of mutton, to know best where the shoік pinches.

Құрылымы жағынан мұндай фразеологизмдер жай сөйлемге сәйкес болып келеді, алайда толықтай тиянақтылық, тұрақтылық қасиеті жоқ және тәуелділік жалғауын көп қолданады.

Пайымдау, пікір айту мазмұнында келген фразеологиялық бірліктер коммуникативті бipліктер қатарына жатады. Бұл топка мақал-мәтелдер, тілдік штамптар кіреді. Бұндай ТФ-лар төмендегі сөйлем түріндегі құрылымдық схемалар бойынша жасалады:

1) жай жайылма сөйлем: тоғыз қатынның толғағы қатар келді, one cloud is enough to eclipse the sun;

2) сабақтас кұрмалас сөйлем: Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл; Не that once deceives is ever suspected;

3) сабақтас салалас сөйлем: Берерменге бесеу көп, аларманға алтау аз; A wonder lasts but nine days and then the puppy's eyes are open;

Алғыс пен қарғыс мағынасындағы тілдің штамптар келемі жағынан онша көп емес: Мың жаса! Егізде екі болма! Be a Man, not a sixpence!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!