Материалдар / АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Заман ағымы дамыған сайын білім беру саласына тың өзгерістер мен жаңашылдықтар енуі - заңдылық. Соған орай мамандар да талапқа сай қызмет етіп, өзінің біліктілігін көрсете алуы шарт. Педагогикалық үрдісті ұйымдастыру барысында оңтайлы шешімдерге мән беріп, сапалы білім беру мен саналы ұрпақ тәрбиелеуді назардан тыс қалдырмағанымыз жөн. Ұрпақты қоғам дамуына сай қабілетті, өз ісіне мығым, жауапкершілігі жоғары тұлғалар қалыптастыру әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет. Осы орайда, ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде мен де өзіме артылған жауапкершіліктің жүгі басым екендігін жақсы білемін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2024
201
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ


Игисинова Куланда Жумагалиевна

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы

272 орта мектебі, ағылшын тілі пәні мұғалімі


Заман ағымы дамыған сайын білім беру саласына тың өзгерістер мен жаңашылдықтар енуі - заңдылық. Соған орай мамандар да талапқа сай қызмет етіп, өзінің біліктілігін көрсете алуы шарт. Педагогикалық үрдісті ұйымдастыру барысында оңтайлы шешімдерге мән беріп, сапалы білім беру мен саналы ұрпақ тәрбиелеуді назардан тыс қалдырмағанымыз жөн. Ұрпақты қоғам дамуына сай қабілетті, өз ісіне мығым, жауапкершілігі жоғары тұлғалар қалыптастыру әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет. Осы орайда, ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде мен де өзіме артылған жауапкершіліктің жүгі басым екендігін жақсы білемін.

Заманауи білім беру барысында шет тілін меңгертудің маңызы зор. Себебі, ағылшын тілі әлемдік аренада үлкен беделге ие. Дамудың даңғыл жолына түскен Тәуелсіз елдің ұландарын тәрбиелеу мақсатында көптілділік қашан да өзінің тиімділігін көрсететіні анық. Қазіргі нарықтық жағдайда, тың технологиялардың бәрі ағылшын тілінде тәржімаланып, ауызша сөйлеу дағдысы әркімнің бойынан табылуы тиіс қасиеттердің біріне айналуда. Сол себепті, мектеп қабырғасында негізгі білім беру барысы мұқият назарға алынған жөн. Алғашқы дағды қалай қалыптасса, өмірлік таным да солай жалғаспақ. Осыған орай, әр ұстаздың алдында тұрған басты талап, заманауи көзі ашық, көкірегі ояу, шет тілін еркін меңгерген тұлға тәрбиелеу.

Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасындағы көркемдік айшықталған, өзіне тән ерекшелігімен басым түсетін, сөздік қоры мол, үйренуге жеңіл әрі таза тілдердің бірі екенін ескерсек, мектеп оқушыларының машығын арттыру барысында алға қойған мақсатқа толық жетуге мүмкіндік бар.

Оқу сапасын арттырып, оң нәтижеге қол жеткізгіміз келсе, ең алдымен педагогтың біліктілігі мен сабақты жүйелі жүргізуіне жіті мән беруіміз қажет. Түрлі ойын ұйымдастыру, сұрақ –жауап, суретке қарап мәтін құрау, таратпа қағаздары арқылы топқа бөліп, өз – ара тілдік байланысты арттыру секілді тәсілдерді қолданып, пәнаралық байланысты негізге ала отыра, оқушылардың тілдік қорын молайтуға болады.

Жалпы, шет тілін меңгерту барысында ұстаз дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері, тіл ерекшелігіне де баса назар аударған дұрыс. Себебі, оқушылар алғашқы естіген дыбысты есте сақтап, алдағы уақытта соны қайталайтын болады.

Заман дамыған сайын өзінің мол мүмкіндіктерін ұсынып, таным көкжиегін кеңейту барысында түрлі технологиялар терең қолданысқа енген. Сандық сауаттылықты сауат ашу барысында пайдаланып, шет тілін меңгертуді барынша жетілдіруге болады. Ғаламтордың ақпарат айдынында әр қоданушыға түрлі бағдарламалар құрастырылып, қызықты ойын, танымдық дүниелер де топтастырылған. Әр сынып арнайы мультимедиялық жабдықтармен қамтамасыз етілгенін ескерсек, бұл ағылшын тілін жіті меңгеру барысында да мол мүмкіндіктерге жол ашпақ. Мәселен, мәтіндік графикалық суреттер, түрлі бейнежазбалар, дыбыс, бейне, әуен мұның бәрі сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, оған қосы шәкірттердің ынтасын одан әрі арттыра түседі. Ерекше сипаттағы әдіс-тәсілдер қашан да өзінің тиімділігін байқататыны анық. Олай болса, заманның озық технологияларын тиімді мақсатқа қолдану ұстаздар үшін үлкен көмекші болмақ.

Ағылшын тіліндегі дағдыларды қалыптастырып, оқушылардың бойында біліктілікті арттыру барысында бірқатар негізгі ережелерге мән бергеніміз абзал:

1. Ауызша әдіс – бұл көбіне жаңа сабақты пысықтауда, өткенді қайталап, енді ғана меңгерген сөздерді жаттау барысында көптеп пайдаланылады;

2. Көрнекі әдіс – ұстаздың шеберлігі мен ұтқырлығына байланысты оқу материалынының мазмұнын түрлі көрнекіліктер арқылы дамыту барысын көздейді;

3. Практикалық әдіс – бұл игерген мәліметтерді пысықтау үшін, іскерлік пен дағдының бір мезгілде көрініс тауып, оқушылардың білім деңгейін саралау барысының айқын көрінісі;

4. Ойын әдісі – оқушылардың қызығушылығын барынша арттыруға негізделген, түрлі ойын түрлерін қамтып, сөйлеу дағдысын жетілдіру барысында жүйелі жүргізілуі қажет үрдіс.

Әрине, жоғарыда аталған әдістердің бәрі ең алдымен оқушылардың білімін шыңдап, ағылшын тілінде еркін сөйлеуіне бағытталған. Түрлі тапсырмалар негізінде танымдық шығармашылықты арттырып, ағылшын пәнін үздік үйретуге болады. Көбіне, біз мәтіндермен тығыз жұмыс жасайтын болғандықтан, оны оқудың да бірқатар талаптарын ескергеніміз жөн.

Жалпы, педагогика өзінің сан алуан әдіс – тәсілімен ең алдымен үздік шәкірт тәрбиелеуді басшылыққа алады. Жаңашыл мұғалімнің бейнесі барлық талаптарға сай болуы қажет. Ол өзінің жеке бас қасиеті, біліктілігі, сөйлейтін сөзі, иммиджі арқылы оқушыларға оң әсер етіп, қашан да тың өзгерістерді дер кезінде қабылдауы тиіс. Оған қоса ақпараттық дамыған кезеңде инновациялық білім де артық етпейді. Технологияның тілін түсіну арқылы короновирустық инфекция кезінде қашықтан оқуды сәтті жалғастыра алып, заманауи білімнің артықшылығына тағы бір көзіміз жетті.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»,- деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор, сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында білім саласына үлкен мән беріп, «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі – бұл заман талабынан туындап отырған мәселе.

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.

Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақта ағылшын тілін жан – жақты игерту үшін таптырмас құрал. Оқушылар асқан ынтамен тапсырмаларды орындап, жарыса отыра мәліметтерді игеруге тырысады. Сол себепті мен сабақта компьютерді, интерактивті тақтаны жиі пайдаланамын. Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, сызбалар, кестемен жұмыс, ойын ұйымдастыру сөздерді жазу тәрізді тәсілдер арқылы дәріс жүргізудің мазмұнын кеңейтіп, оқушылардың түсінігін тереңдете түседі. Кейбір сабақтарда бейнематериалдар көрсетіп отырамын. Сабақты қорыту кезеңінде сынақхаттар, сөзжұмбақтар, ойталқы сұрақтарды да компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы жүргіземін. Барлық бақылау жұмыстарының түрлерін және қорытынды тест жұмыстарын тек қана компьютер арқылы жүргіземін. Себебі бұл әдіс уақытты тиімді пайдалану үшін өте қолайлы. Оқу процесі кезінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану оң тәжірибе беріп отыр. Оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Тек сабақ кезінде ғана емес сабақтан тыс кезде де оқушылар компьютермен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар беремін.

Ағылшын тілі сабақтарында төмендегідей компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдалануға болады. Олар: Project teaching, student team learning: team rewards and individual accountability, Jigsaw, Learning together, Step by step, Professor Higgins, English Platinum, Hangman, Lex, Self English, Irregular verbs, Albion, BX Language acquisition, English Practice, ActivStudio, Bridge to English жэне т.б. Аталмыш бағдарламалар оқушылардың есте сақтау қабілетін, сөздік қорын, дұрыс оқу, сауатты жазу мен аудару қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі.


Аталмыш бағдарламаларды бірнеше топқа бөлуге болады. Мысалы, оқушылардың сөздік қорын, диалогтық сөйлеуін дамытуда Hangman, Lex, Self English, English Practice, BX Language acquisition, Triple play plus in English бағдарламаларын, лексиканы үйретуде Triple play plus in English, English on holidays сауатты, көркем жазуға үйретуде Bridge to English, ActivStudio бағдарламаларын пайдаланып, сабақтың тиімділігін арттыруға болады.

English Practice бағдарламасы оқушыларға ағылшын тілін оқытуда қолданудың тиімділігі орасан зор. Себебі бұл бағдарламаны қосқан бетте тапсырмалар белгіді бір категориялар бойынша бөлінген. Жазуға, оқуға, өз білімін тексеріп көруге арналған тест тапсырмалары, сонымен қатар жаңа сөздер бөлімдері бар.

Quizlet-бұл онлайн карточка генераторы бағдарламасы. Онда визуалды, мәтіндік және дыбыстық тіректі пайдалана отырып, кез келген пән бойынша карточкалар жасауға болады.







Бағдарламаның басты мақсаты -ең аз қысқа мерзімде білім алушы материалды меңгереді және берік бекіту-тілдік материалды автоматтандыру. Оқушылар үшін ыңғайлы және оңтайлы болып табылатын уақытта лексикалық бірліктерді меңгеруге мүмкіндігі бар. Міне осындай сынды жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолданып келемін.

Мектеп оқушыларына ағылшын тілін меңгерту қашан да өзекті болып қала бермек. Себебі, ол әлемдік аренада үлкен беделге ие. Қазіргі таңда оның қолданылу аясы кең, кез – келген салаға үлкен сұранысқа ие. Сондықтан жаңашыл ұстаз ретінде әрқашан бойдағы бар білімді сарқып, бар жақсыны балалардың бойына сіңіруге тырысамын. Әрине, ақпараттың қолжетімділігі, ғаламтор пайдалану мүмкіндігінің жоғарылауы, цифрлы технологияның терең қолданысқа енуі бұл өзгерісті тез қабылдап, әрекет етуге өз септігін тигізді.

Қазіргі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту Ұлттық жоба негізінде қолға алынуы қуантарлық жағдай. Оқу әдістемесінде тиімді тәсілдерді енгізу арқылы сапалы білімге қол жеткізуге болады. Ұстаздар да белгілі бір шекарамен ғана шектеліп қалмай, үнемі оқу үрдісін жетілдіріп отырса, шәкірттерінің жаңа белестерді бағындыруына ықпал ете алмақ.

Педагогикалық үрдісті ұйымдастыру барысында ағылшын сабағында оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға үйрету тәсілін де үнемі басшылыққа аламын. Ол оқу мен жазу арқылы оқушылар кез – келген мәліметке өздерінің пікірін білдіріп, сын көзбен қарай алады. Бұл ең алдымен оқушылардың өзіндік жұмысын жетілдіруге ықпал етіп, жауапкершіліктерін арттырады. Білімге деген құштарлықтары артып, өз бетімен шешім қабылдауға дағдыланып, кез – келген мәселеге өз көзқарастарымен қарауға баулиды. Әрине, тілді меңгеру ең басты алғышарт болғандықтан, тіл шеберлігі мен есте сақтау қабілетін дамыту аса маңызды. Осы орайда, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыта отыра, аталмыш пәнді жан – жақты бойларына сіңіруге болады.

Шет тілінде еркін сөйлеудің, сөз саптаудың дұрыстығы мен сөйлемдердің байланысын арттыру мақсатында оқушылар үшін қызықты дебат ойынын ұйымдастыруға, пікірталас алаңын құруға, белгілі бір шығармаларды талдау барысында түрлі көзқарастарға бөліп, әр адам өзіне бекітілген саланы қорғап шығуына тапсырма беруге болады. Жүйелі жүргізілетін аталмыш сипаттағы жұмыстар аз уақытта өзінің оң нәтижесін көрсетіп, оқушылардың сөйлеу тіліне көп көмегін тигізбек.

Заманауи білім беру барысында көптілді білу әрқашан артық етпейді. Оның ең негізгі тармақтарының бірі –ағылшын тілі екенін ескерсек, оқушыларға барынша жан – жақты үйрету біздің басты мақсатымыз. Болашақтың нұрлы болуы үшін ықпал ететін бірден- бір күш тек білімде. Оқушылардың мектепте алған біліктілігі нәтижесінде ел іргесі дамитыны анық. Олай болса, оларды әлеуметтік ортаға икемдеу, функционалдық сауаттылығын арттыру, ғылымды дамытуға басымдық беру қажет. Құзіреттілікті қалыптастыру, біліктілігін шыңдау барысында мүлт кетпеуіміз керек. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық!




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Молдаханова М.М., Жуматаева Г., Баймахова А. Оқытудың жаңа технологияларын педагогикалық процесте пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
2. № 1, 2012 «Иностранные языки в школе».

3. Ляховицкий М.В. «Методика преподавания иностранного языка» - М.: Высшая школа, 2015.
4. Маева Т.С. «Некоторые приемы обучения чтению» № 5, 2013 «Иностранные языки в школе».
5. Под редакцией Бухбиндер В.А. «Основы методики преподавания иностранных языков» - Киев.; Высшая школа, 2010.
6. Рогова Г.В, Рабинович Ф, Сахарова Т.Е. «Методика обучения иностранному языку в средней школе» - М.: Просвещение, 2015.
7. Ныязбекова К.С. Оқыту технологиялары.
8. Сhristine Nuttal «Teaching reading and skills in foreign language». – Heinemann, 2012

9. Кеn Wilson, James Taylor «Prospects» (Students book) – Heinemann, 2014
10. Пассов.Е.И, «Орта мектептегі шет тілінің сабағы», Москва

11. Қазақстан Республикасы «Тілдердің үштұғырлылығы» мемлекеттік мәдени жобасы.

12.Г. Ботағарина, «Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім, 70-бет, №3, 2016 ж..

13.Ағылшын тілі мектепте. 2012 №5. 2010 №1. 3.

14. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты  республикалық  ғылыми  конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2013ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!