Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ағылшын тілі пәнін бастауыш сыныптарда оқытуда инновациялық технологияларды қолдану жолдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ағылшын тілі пәнін бастауыш сыныптарда оқытуда инновациялық технологияларды қолдану жолдары
Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім. Оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сəйкес инновациялық тəсілдерді енгізу, оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді. Осыған орай кез-келген оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу керек. Себебі мемлекеттік білім стандартына сəйкес оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды, білім алушылардың білімін қадағалаудың инновациялық бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді жүктейді. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы – оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тəрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кəсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге жəне оқытудың мақсатына жетуге тиімді, əрі нақты жол ашады.
Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .
Ол әр педагогтан өз қызметінде жеке тұлғаға, оның қызығушылығы мен проблемасына бет бұруда маңызды өзгерісті талап етеді. Біз де әрдайым білім берудің жаңа технологиясын меңгеріп, жұмыстың тиімді жолдарын табу үшін жұмыстану үстіндеміз. Мақсат та айқын. Ол — балалардың мектепке қызығушылығын және оқуға ынтасын көтеруге мүмкіндік беретін қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану, баланың жеке тұлғасын және шығармашылық ынтымақтастық жағдай қалыптастыру.
Инновация дегеніміз — жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.
Білім — әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл болашаққа апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да мектеп және оның ұстаздар ұжымы. А. Байтұрсынұлының «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген:
«…Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
Ендеше, мектептегі білім мен тәрбие берудегі басты тұлға — ұстаз..
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдер жаңа білім берудің бірден – бір шарты. Жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі ретінде мен күнделікті жұмысым үшін алдыма келесідей міндеттерді қоямын:
-
Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды мүмкіндігінше қолдану;
-
Оқушылардың резервтік мүмкіндіктерін диагностикалау;
-
Пәннің түсіндірілуі мен ақпараттың жеткізілуінің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
-
Оқу – тәрбие үрдісін компьютеризациялау және технологияландыру.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
-оқу үрдісін оқушының сезінуі .
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - қазіргі таңда ұстаздар мен оқушылардіың тіптен ата-аналардың көңілінен шығып жетістікке жетуге жол ашатын технологиялардың бірі ретінде Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектебі ұстаздары арнайы курс оқып сертфикатталған болатынбыз.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасы қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж. Пиаже Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:
Өзбетінше тұжырым жасау,қортындыға келу.
Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
Проблеманы шеше білу.
Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
Әдіс түрлері.
Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы
Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,қорғай білу.
Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
Топтық тұжырымға келе білу.
Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.
Бұл сын тұрғысынан ойлау стратегиясын тәжірбиеде қолданғанда төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздік:
Сабақ ойын формасында өтетіндіктен, оқушы оқу материалын тез қабылдайды.
Оқушының сабаққа қатысу ынтасы артады. «Енжар» оқушы белсенді оқушыға айналады.
Баланың жауапкершілік сезімі артады. Құрбысынан қалмауға тырысады.
Баланың өз ойын жеткізе білу қабілеті артады.
Оқушының еске түсіру қаблеті шынығады.
Баланың оқу материалын толықтай меңгеруіне жол ашылады, оқушылар жаңа тақырыпты бір-біріне өздері түсіндіреді, мұғалім межелеген жоғары талаптардан шығу мақсатында еңбек етеді.
Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» 90 түрлі стратегиясы бар, солардың ішіндегі- Даралық пен ұқсастық, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең, Галереяға саяхат, INSERT кестесі, ББҮ стратегияларын сабақтарымда қолданамын.
Бұл оқыту ойындары арқылы оқушылардың білімге, үйренуге деген құштарлықтары оянып, оқу қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
Мәселен, «Даралық пен ұқсастық» үйрету ойынында оқушылар тақырыпты өздері оқып талдайды, теориялық білімдерін бекітіп, жинақтайды, топпен жүмыс істеуге дағдыланады. Өзара сыйластыққа, бір-бірін тыңдай білуге үйренеді.
Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:«V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді., Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.
Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан-2050» даму стратегиясы
2. «Табысты сабақ жоспарын қалай құруға болады?» Асхат Әлімов, Алматы - 2018