Материалдар / Ағылшын тілі пәнінен студенттер арасындағы олимпиадаға қатысқаны үшін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілі пәнінен студенттер арасындағы олимпиадаға қатысқаны үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі пәнінен студенттер арасындағы олимпиадаға қатысқаны үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2021
270
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баскетбол ойыннын такстикасы мен техникасы

1)     Өз аяғынан айналдыра өткізіп, допты алып жүру

2)     Көзіңді жұмып долты алып жүруге дағдылану

3)     Алаңда қойылған түрлі кедергілерден айналып өту

 

Допты иемдену және қарсы әрекет ету техникасы

1)     Допты жұлып алу – қарсылас ойыншы допты ұстап тұрғанда қолданылады және өзіне қарай тартып қалу мен ілгері төмен арқылы жүзеге асырылады. Екі жағдайда қарсы ойыншыға жақындап, жұлып алу сәтін аңдып, допты қатты ұстау қажет.

2)     Допты қағып жіберу – бір орында ұстап тұрған және допты алып келе жатқан ойыншыдан оны алу үшін қолданылады. Тәсілді орындау үшін қарсыласқа қажетті қашықтыққа жақындау қажет. Бұл ретте тәсіл сәтсіз орындалған жағдайда кейін жылдам шегініп кету мүмкіндігі сақталуы керек. Қолдың тығыз қысып ұсталған саусақтарымен жоғарыдан төмен немесе төменнен жоғары қарай жылдам қысқа қимылмен соғып, допты қағып жіберу керек.

3)     Допты алып келе жатқанда қағып жіберу – допты алып келе жатқан ойыншының алдына кідіріп, оны қапталдағы сызыққа қарай тықсыру керек. Сосын оны өткізіп жіберіп, барынша жылдамдықпен ұмтылып қолдардың қимылымен допты жанға қарай қағып жіберу қажет. Егер қарсылас баяу қозғалып келе жатса, оны өткізбей – ақ допты қағып жіберуге болады.

 

Ойын техникасы жіктелуі

  1. 1.     Дене дайындығы

         Дене дайындығының басты мақсаты – спортшының денсаулығын нығайты, функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіріп, әртүрлі бағытта дамытады.

         Баскетболшының дене дайындығы нақтылы бөлімдерге бағытталып, келесі міндеттерді шешеді:

  1. Ағзаның ішкі мүмкіндіктерінің даму деңгейін жетілдіреді.

  2. Спортшының ойын барысындағы ептілігн, шыдамдылығын ойын әрекетіндегі секіргіштігін және жылдамдық күшін қамтамасыз етіп дене қабілеттерінің (күш, шапшаңдық, ептілік, шыдамдылық , икемділік) даму деңгейін жетілдіреді.

       Дене дайындығы барысында үлкен дене жүктемелері спортшының ағзасының бейімделуіне әсер етуі тиіс.

     Дене дайындығын жетілдіру белгілі бір спорттық, практикалық әдіспен қабылданып, жылдамдықты барынша күшейту арқылы  ойыннан, үзілістен, жарысудан бас тартқанша жаттығуды орындату керек. Баскетболда дене дайындығын жаттығу барысында әртүрлі әдістермен ұйымдастыру қажет.

     А) Айнымалы жаттығу түрлері

     Б) Басқа спорт түрлеріндегі техникалық және практикалық дайындықты дене дайындығымен байланыстыру әдісі.

 

   2) Ойын техникасының жіктелуі

     Баскетбол ойынында техникалық тәсілдерге енетіндер: 1)тоқтау 2)допты қағып алу 3) допты беру  4)торға допты лақтыру 5) допты алып жүру.

1)     Тоқтау  - былай орындалады: Екі аяқпен секіру, бір аяқпен секіру, екі адыммен (салмақты тең ұстау үшін тізелер әрдайым бүгіледі). Тоқтау бұрылыс жасаулармен тығыз байланысты. Алға және артқа бұрылулардың орындалуы: бір аяқпен шеңбер бойынша екінші аяқпен серпілу (бір аяқпен оңға, солға және артқа қозғалыс жасау).

2)     Допты ұстау мына қозғалыстардан тұрады:

-         Бір адам алға басу және допты қарсы алу үшін екі қол алға созылады, қолды аздап бос ұстау керек.

-         Алақандар доп үшін ұя сияқы орналастырған

-         Ауада ұшып келе жатқан допты ұстау сәтінде ( доп алақандарға тигенде ) алға ұмтылған дене қалпын өзгертіп ,артқа қозғалыс жасайды.

 

3) Долты беру екі топқа бөлінеді

1)     Допты екі қолмен беру

2)     Допты бір қолмен беру

Допты беру – серіктес ойыншылардың өзара іс – қимылын қамтамасыз ететін негізгі тәсіл. Сенімді түрде және дәл.

     

4 )Допты беру кезінде алып қою – бастапқы қалыпта қорғаушы қарсылас ойыншының артында немесе жанында болады. Екі жағдайда да қарсылас жақтың ойыншыларын мұхият бақылап, доп қашан екінші ойыншыға бағытталғанына зер салып отыру қажет. Дол берілген кезде алға қарай тез ұмтылып, қарсылас ойыншыдан бұрын допты алып қою керек. Допты алып қоюға ұмтылғанда қарсы ойыншының жолын бөгей ұмтылу керек. Допты ұстауға кеш шыққан ойыншыға қарсы осы тәсіл қолданылса, ол тиімді болады.

 

5) Допты шығыршыққа лақтыру кезінде жабу – допты шығыршыққа лақтыруға дайын шабуылшыға жақындап, қорғаушы доптық үстіне қолын қойып, лақтыруға кедергі жасайы. Допты алдыңғы жақтан және арттан да жабуға болады.

 

6) Допты қайтару – допты иемденуге және ұстауға мүмкіншілік болмаған жағдайда қарсы әрекет етуге қолданылады. Лақтырушының қолынан доптың шыққанын көрген бойда дәл уақытвнда және жоғары секіріп қол қимылмен доптың ұшу жолын өзгерту керек.

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!