Материалдар / Ағылшын тілі сабағын қашықтықтан ұйымдастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілі сабағын қашықтықтан ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
346
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ағылшын тілі сабағын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы педагогтардың білім деңгейін көтеру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық, облыстық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі жаңалықтар ашылуда. Күн сайын жаңа жобалар іске асырылуда. Күн сайын бұл өмірдің бізге дайындаған сыйы артуда.

Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болу керек. Әлемдегі соңғы болған оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміздегі мегаполистердің карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық. Ал, ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Әрине, бұл оқушылар тұрмақ, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қиындау болып тұр. Көкейде сауал көп. Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасау өте маңызды.

Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Сондықтан білім беру саласына қай мемлекетте болмасын үлкен жүк артылады. Ал қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиындай түсетіні анық. Десе де, барша әріптестеріме «қашықтықтан оқытудан» қашпауға кеңес беремін!

Қашықтықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететін еді. Өйткені бұл – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың!

Казіргі таңда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Оқытушы ұстаздарымыз интернеттік  желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдаланып, әр түрлі платформадағы бағдарламаларды үздік игеруде.   

   Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу жүйесі. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу болып табылады. Қашықтықтан оқыту бұл оқытушының біліктілігін көтереді және оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады. Қашықтықтан оқыту-қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтағы оқытушыдан  білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқыту, үйден шықпастан 24/7 режимінде білім алу мүмкіндігі.

Қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша білім беру компьютерсіз және интернеттерсіз мүмкін емес. Оқушылардың көпшілігі қашықтықтан білім алуда дербес компьютер мен интернетті белсенді пайдаланып жатыр.

Қашықтықтан бастауыш сыныптарда оқытудың ерекшелігі оқытудың қол жетімділігі мен қашықтығы - оқушының өз үйінен немесе мектептен шықпай-ақ оқу орнынан алыстатылған оқу мүмкіндігі. Бұл заманауи ұстазға өмір бойы, арнайы іссапарсыз, демалыстарсыз, негізгі қызметпен қоса отырып оқуға мүмкіндік береді. Бұл ретте назар аудара отырып оқыту кешке және демалыс күндері де оқытуға болады. Қашықтықтан білім берудің ерекшелігі интернет желісі бар жер шарының кез келген нүктесінде оқушыларға білім беру мүмкіншілігі.

Қашықтықтан оқыту қай пәннен болса да жеке сипатқа ие, неғұрлым икемді, білім алушы оқу қарқынын өзі анықтайды, жеке сабақтарға бірнеше рет қайтып келуі мүмкін, жеке бөлімдер мен т.б. тақырыптарды жіберіп алып, қалаған уақытында тапсырманы орындау мүмкіндігіне ие. Мұндай оқыту жүйесі оқушыны бастауыш сыныпта өз бетімен айналысуға және өз бетімен білім алуға мәжбүрлейді.

Ағылшын тілі сабағында тәжірибе көрсеткендей, білім алушы қашықтықтан неғұрлым дербес, мобильді және жауапты болады. Ағылшын тілі пәні ұстаздары мектеп қабырғасында отырып оқушыларға жаңа тақырып бойынша Bilimland.kz білім беру платформасының әзірлеген бейне сабақтарын жіберіп, тапсырмаларды daryn.online платформасы арқылы орындатқызуға болады.

Қашықтықтан оқыту оқушылардың барлығын бір уақытта оқытуға мүмкіндік беру, оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқытудың өнімділігі артады, қажет болған кезде оқуға мүмкіндік береді.

Ағылшын пәнін қашықтықтан оқыту білім беру процесін шығармашылықта дамытып, білім алушының шығармашылық ой-өрісінің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сабақта оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артып, берілген тапсырмаларды, тест жұмыстарын қызыға орындауы байқалды.

Қашықтықтан оқытуды енгізу сынақ немесе емтихан тапсыру кезінде білім алушылардың яғни оқушылардың қорқынышын азайтады. Оқушылардың толқуы мен қорқуы кейбір сыныптастарына өз білімдерін толық көрсетуге мүмкіндік бермейді. Бағалаудың субъективті факторы алынып тасталады. Топтың әсерімен немесе оқушының басқа пәндер бойынша үлгерімімен байланысты психологиялық әсері алынады. Оқушылар өткізілген тақырыпты өз бетімен ешкімнің көмегінсіз орындап, тапсыра алады. Қашықтықтан білім беру үшін мектептің интернет желісі жақсы жұмыс жасауы қажет. Ұстаз оқушыларын көрмесе де олармен ватсап желісі, теллеграм, zoom. Бағдарламалары арқылы тікелей байланысқа шыға алады. Қашықтықтан оқытуды дамыту оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдануды, оқытудың жаңа үлгілерін құруды талап етеді. Казіргі уақытта еліміздің барлық ұстаздары қашықтықтан білім беруді карантин жағдайына байланысты үйде, кейбіреулері мектепте жұмыс орнында іске асырып жатыр. Қашықтықтан оқыту қай пәннің ұстазы болмасын коммуникативтікті, жауапкершілікті, сауаттылықты талап етеді.

Ағылшын пәнін қашықтықтан оқыту сабақтарын одан әрі жетілдіру келесі факторлармен байланысты:

  • Мультимедиалық-дыбысталған бейне - және слайд фильмдер, анимация, графика;

  • Процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін қоса алғанда, қаныққан интерактивтілік;

  • Аудио және бейне ағынын пайдалану;

  • Бақылау және тест тапсырмаларының көптүрлілігі;

  • Мультимедианың арқасында оңай сіңірілетін оқу материалының үлкен көлемі;

  • Тыңдаушылардың өзара қарым-қатынасы.

  • Курстарды жеткізудің аралас әдістерін қолдану: Интернет жүйелері, CD-ROM және т. б. бағдарламалар.

Қашықтықтан білім беру заманауи білімнің екі негізгі принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді – "Барлығына арналған Білім "және" өмір бойы білім беру” қағидатына құрылып, бастауыш сынып оқушыларына қолжетімді білімді алуына мүмкіндік туғызады .

Қашықтан білім беру бойынша өз тәжірибемде уақытша кездескен қиындықтар:

  • Оқушылар мен ата-аналардың компьютерлік сауаттылығының жеткіліксіздігі, қашықтықтан оқыту тәжірибесінің болмауы, көптеген оқушылардың классикалық білім алуға артықшылық бере отырып, осындай оқыту әдісіне әлі де дайын еместігі.

  • Ағылшын тілі пәнін қашықтықтан оқытуды дайындау және өткізу бойынша әдістемелік материалдардың аздығы.

  • Мамандарды іздеу мәселесі, әзірлеушілердің жоғары біліктілігі талап етіледі, ағылшын тілінде сапалы мультимедиялық курстар құру үшін пәндік сала маманынан, суретшіден, бағдарламашыдан және т. б. команда қажет ететіндігі

  • Қашықтықтан оқытудың заманауи курстарының интерактивтілігі жеткіліксіз. Қазіргі уақытта курстың мазмұнды негізін мәтіндік материалдар және қарапайым графикалық нысандар (суреттер, фото) түріндегі дәрістер, тест тапсырмалары түріндегі білімді бақылау блоктары құрайды. Әр ұстаз өздігінен берілген тақырып бойынша бейнематериалдары, видеожазбаларды дайындай білу керек. Болашақта білім алу курстарында үйренеміз деген мақсатым бар.

Осы баяндаманы жазу барысында ағылшын тілі сабағында қашықтықтан оқытудың түрліше жаңаша әдістеріне талдау жасадым. Американдық әдебиет көздерін пайдалана отырып түрлі зерттеу тапсырмаларын құрастырдым.

Білім беру саласында ең соңғы ақпарат көздерімен жұмыс жасадым. Соның ішінде ерекше тоқталғым келіп отырғаны, және осы баяндаманы сіздерге ұсынуға түрткі болған мына әдіс туралы қысқаша айтқым келіп тұр.

«Пирсонның кәсіби дамуы» 21 ғасырға арналған оқытудың 21 түрлі ойлау дағдылары MiCOSA үлгісін ұсына отырып, ағылшын сабақтарын ерекше қалай өткізуге болады деген сұрақ туындады менде. Және осы американдық үлгілідегі оқу дағдысын ағылшын сабақтарында қалай қолдану керек, триз әдісі, арнайы бағдарламаларды ағылшын сабақтарында қолдануға болады деген түсінік қалыптастырдым. Ағылшын сабақтарын қашықтықтан оқытуда әдістер көп, бірақ сол әдіс-тәсілдерді пайдалану мақсатында мәселеге ойшыл және жауапты көтеру немесе мәселенің алдын алу үшін оқушыларды жауап беруден, реакциясын көруден немесе өзара әрекеттесуден бұрын өздері көрген және естігенін бақылау үшін жан-жағына қарауды тоқтатып мен төмендегі пайдаланып жүрген әдістер нәтиже беретініне сенем.

Ағылшын сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалана білу арқылы оқушының ойлау көпірі дұрыс қалыптасқанда ғана сіздің сабақ берудегі мықты әдістерініз сізге көмек береді.

Ағылшын пәніндегі мына мықты стратегиялар және MiCOSA әдісі – оқушының ойлау көпірін, үй тапсырмасын қалай шешетіндігін және табысты сабақ болып жалғасуын ұстаздың сабақты алдын-ала жоспарлауымен, идеясымен байланыстырады.

Төменде ұсынып отырған әдіс-тәсілдер менің нәтижелі сабақтарымның қорытындысы.


Ағылшын пәнін оқытудағы шығарашылық тапсырмалар арқылы оқыту

"Empathy» әдісі

Goal: to develop the ability to portray yourself in the place of another person or object.

How did other animals feel when the mouse first saw the eyes of the sun?

Picture 10


Әдісі "Comparison of living and dead objects»


Goal: to see the generalized and the difference; to develop thinking, memory, imagination.

What's the difference between a rabbit and a well, wait a minute with a live rabbit?


Picture 19


What is the difference between a live cat and a cat in a fairy tale?


Picture 22

Picture 25


System operator әдісі

The system operator develops the student's "skills of system analysis, system thinking, multi-line thinking". Fairy tale Kolobok


What form was the noun in before?



Baursaks

What will happen in the future?

What part of the noun?

What parts does a noun consist of?



What form was the noun in before?



Cotton girl arteche

Raisin

What will happen in the future?

What part of the noun?

What parts does a noun consist of?




What form was the noun in before?




Egg

What will happen in the future?


Ағылшын тілі сабағында қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс тәсілдеріне мына бағдарламалар жатады.

Мен ағылшын пәнін өту барысында мына бағдарламаны қолданам. Ағылшын тілі сабабтарында тілді үйрену үшін сөздік қор жеткілікті болу керек. Ал ағылшын сабақтарында оқушылар жие ағылшын сөздерді жатқа білсе, соншалықты тіл үйрену жеңіл болады. Мысалы мен ағылшын сабақтарында Ratatype бағдарламасы көмегімен сөз және бас әдісін қолданам. Бұл бағдарламада сөздер шығып тұрады. Оқушылар секундқа жарысып, ағылшын тілді сөздерді, қазақ тіліне аударады.

Picture 4


Ағылшын тілі сабағында Ratatype бағдарламасымен оқытудың әдісі

Бұл бағдармала көмегімен топтық жеке жұмыстар жасауға болады.

Screenshot_2.png



Scratch бағдарламасы

Ағылшын тілі сабағында Scratch бағдарламасымен оқытудың әдісі.

Ағылшын тілі пәнінде ең тиімді жаңартылған әдістердің бірі жобалау әдісі болып табылады. Scratch бағдарламасы көмегімен оқушыға онлайн жоба құруға,белгілі бір тақырыпты алып жұмыс жасауға үлкен мүмкіндік береді.

Қортындылай келе елімізде бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан онлайн-оқыту жүйелері ұстаздар мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты сабақ беру үрдісін қамтамасыз етеді. Қашықтықтан оқытудағы сандық білім беру тікелей ұстаздың сабақ беру шеберлігін, тәжірибелілігін арттырып қана қоймай, ғаламтор жүйесіндегі білім беру ресурстарымен сауатты сабақ өткізуге дағдыландырды. Сөз соңында айтарым, мұндай формат сабақ сапасына да жоғары деңгейге көтереді, өйткені әрбір сабақтың үдерісі оқушының да, ұстаздың да жауапкершілігін арттырады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Андреев А. А. К вопросу об определении понятия «дистанционное обучение» [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://www.e-joe.ru/sod/97/4_97/st096.html

2. Ибрагимов И. М. Информационные технологии и средства дистанционного обучения: Учеб. пособие для студентов высших учебных заведений / Под ред. А. Н. Ковшова. М.: Издательский центр «Академия», 2005.

3. Овсянников В. И. Дистанционное образование в России: постановка проблемы и опыт организации. М.: РИЦ «Альфа»; МГОПУ им. Шолохова, 2001.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!