Материалдар / Ағылшын тілі сабағында ақпараттық-технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілі сабағында ақпараттық-технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми әзірлеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
1389
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАЗМҰНЫ



I. Кіріспе

1. Ақпараттық технологияларды қолдану заман талабы [1-4 ]

II. Негізгі бөлім

2.1. Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығы [5-7 ]

2.2. Интерактивтік тақтаны қолдану барысы [ 7-10 ]

III. Практикалық бөлім

3.1. Шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану [ 9-24]

3.2. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдалану [24-27 ]

3.2. Интерактивті тақтаны қолдану барысында кездесетін қиыншылықтар[ ]

IV. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер [ 27-29]



















































КІРІСПЕ



Қазіргі заман мұғалімі, ең алдымен, баланың жолдасы, көмекшісі және кеңесшісі. Жай ғана ағылшын тілін үйретуші ғана емес, сонымен қатар қиын жолда жаныңнан табылып, оң бағыт нұсқайтын ақылшы. Мұғалім үнемі шығармашылық ізденісте болып, өз жұмысына деген махаббаты мен оқушыларына деген махаббатын ұштастыра білуі тиіс. Ұлы орыс жазушысы Л. Т. Толстой «Егер мұғалім тек өз жұмысын сүйетін болса, ол жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім оқушыны өз баласындай сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқып бітірген, бірақ не жұмысына, не оқушыға еш махаббаты жоқ ұстаздан артық болады. Ал егер мұғалім жұмыспен оқушыны бірдей сүйсе, ол мінсіз мұғалім болады», - деп сөз қалдырған. Мінсіз ұстаз болу өте қиын, бірақ мүмкін. Ең бастысы, бір орында тежеліп отырып қалмай, әрдайым алға ұмтылып отыру. Ізденген ұстаз қайтсе де нәтижеге жетуді көздейді.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстанда сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және интерактивтік тақтамен жабдықталуда.     Қазіргі заманғы, ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны күннен-күнге өсуде. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің білімін шыңдап ғана қоймай, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа көптеген адами келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды.

Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.

Бүгінгі күні ҚР-ң Білім беру тұжырымдамасы ойлы, саналы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процесіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Бұл тапсырманы оқыту процесіне тек жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы ғана орындауға болады.

Білім жүйесін ақпараттандыру – мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизімі және стратегиялық тапсырма болып табылады. Ақпараттық оқыту технологиялардың озық үлгілерін қолдану арқылы білім берудің ғылыми-әдістемелік жүйесін жаңарту, оқыту әдістері мен тәсілдерінің түрлерін молайту, электронды оқулықтар жасауды ұйымдастыру ұлттық білім беру деңгейін халықаралық стандартқа жақындатуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Ағылшын тілін меңгертудің тиімді жолдарының бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану болып табылады.

Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдаланудың мақсаты – компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ағылшын тілін үйретудің тиімділігін жоғарылату.

Міндеттері:

  • ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияны қолданудың маңыздылығын суреттеу;

  • компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процесінде қолдану, мүмкіндіктерін көрсету;

  • видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы диалог және маналог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқасын ұсыну.

Объекті: ақпараттық технологияларды пайдалану ерекшелігі арқылы ағылшын тілін үйретудің әдісі.

Құралдары: ағылшын тілін үйрету процесіндегі видеофильмдер мен мультимедиа, электрондық оқулықтар, оқыту бағдарламалары.

Әдістері: ағылшын тілін оқытуға арналған әдебиеттерді талдау, ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін тану, теорияны практикада пайдалану.

Компьютерлік оқыту технологиясын жүзеге асыру барысында бірнеше принциптерге сүйенген жөн, олар: ғылымилық, саналық, бірізділік, жүйелілік, көрнекілік, қол жетімділік принциптері.

Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны қолдану – ұстаздың да, оқушының да жұмысын жеңілдетеді, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Көрнекіліктерді, деңгейлік тапсырмаларды, сызбаларды ақпараттық технологиямен өткізу оқушылардың қабылдауын жеңілдетеді.

Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер: «Педагогика», «Аударма теориясы» т.б. теориялық курстарды оқыту барысында қолдануға болады.

Оқыту жүйесінің жаңа технологиялары мектеп өңірінде кеңінен орын алып келеді. Әр ұстаз өзі таңдаған технология бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеруге бар күш жігерін жұмсайды. Қазіргі заман талабы да күннен-күнге жоғары. Бүгінгі таңда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев білім жүйесіне көп көңіл бөлуінің арқасында Қазақстанның көптеген мектептері интерактивті тақтаға, мультимедиялық кабинеттерге ие болып отыр. Алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына ену үшін еліміздің қамын ойлайтын, үш тілде еркін сөйлейтін азаматтар дайындау – шет тілінде дәріс беретін ұстаздардың қойған басты мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда сабақты мультимедиялық кабинетте өткізу мүмкіндігінше, ағылшын тілі сабағында компьютер жүйесін қолдану – ұстаздың да, оқушының да жұмысын жеңілдетеді, оқушылардың қызығушылығын оятады. Көрнекіліктерді, деңгейлік тапсырмаларды, сызбаларды компьютермен өткізу оқушылардың қабылдауын жеңілдетеді.

Суреттер арқылы сөйлем құрау, грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтін тыңдау жұмыстарын оқушылар аса қызығушылықпен орындайды. Мультимедиялық кабинетте тест жұмыстарының нәтижесі сол сәтте тексеріліп, әр жіберілген қатеге талдау жасауға мүмкіндік беріледі. Уақыт үнемді пайдаланады. Интеграциялық сабақтар өткізуде компьютер жүйесін қолдану өте тиімді. Тақтаға жазып ілінетін жаңа сөздер, грамматикалық кестелерге қарағанда, үлкен экран бетінде түрлі-түсті етіп көрсету оқушылардың қызығушылығын, есте сақтау қабілеттерін арттырады, ойын еркін айта алады, өз бетімен үйренуге мақсат етеді, танымдық күші қалыптасады.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-технологияларды қолдану білім беру коммуникациясының интерактивті сипатын арттыра түседі. Ғалымдар А. Андреев, В. Солдаткин, В. Кашицин ағылшын тілін оқытуда ақпараттандыру үдерісінің ықпалын жан-жақты сипаттай отырып, әсіресе, білім мен ұғымды ұсыну, меңгеру әдістерінің өзгеретіндігін, мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің жолдары туралы айтады. Осы орайда оқытудың тиімділігін арттыруды ұсынады. Ағылшын тілін оқыту үдерісінде ақпараттық технологиялардың, әсіресе қарым-қатынас ортасын, жалпы тақырып шеңберінде әріптестердің интерактивті өзара әрекет ортасын құрудағы маңызы ерекше. Ғалым М. Ушакова ағылшын тілін оқыту әдістемесін зерттей отырып, компьютерлік телекоммуникациялар ағылшын тілінде тірі, шынайы қарым-қатынастарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін айтады.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық бағыт ақпараттық тұрғыда білім беруді мақсат етеді, оның негізгі мақсаттары: лингвистикалық (тілдік және сөйлеу), тақырыптық, әлеуметтік мәдениет, оқу дағдыларын қалыптастыру.

Осы орайда теориялық талдау мен оқушылардың ағылшын тілін меңгеру іс-әректін ақпараттық технологиялар арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттарын төмендегідей анықтауға мүмкіндік тудырды:

  • оқу-тәрбие үдерісіндегі қарқынды оқыту мақсатында оқушылардың танымдық іс-әрекеттік қызығушылықтарын арттыру. Егер оқушылар жаңа ақпараттық технологияны жақсы игеріп, ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтары артса, онда ағылшын тілін білу мүмкіндігі де артады.

  • оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, компьютерлік технологияны қолдануды жүзеге асыру. Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың білім деңгейіне сәйкес төменгі, орта, жоғары деңгейге бөле оқыту үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі.

  • ақпараттық технологияларды қолданудың жалпы бағыттары мен ғылыми-әдістемелік тұрғыларын сәйкестендірудегі іс-әрекеттерді шығармашылықпен үйлестіру. Үшінші шарт бойынша ақпараттық технологиялардың түрлері мен бағыттарын ғылыми-әдістемелік сәйкестендіру іс-әрекеттерін шығармашылықпен үйлестіру түрлері қарастырылады.

Мотивациялық компонент – оқушылардың ақпараттық технологиялар арқылы тіл меңгеру іс-әрекетке ұмтылуы, қажеттілігі, білім алуда ақпараттық технологияларды қолдануға танымдық қызығушылығы, ынтасы, өзіндік тапсырмаларды орындауда жаңаша оқу жолдарын табуға деген ынтасы, ағылшын тілін меңгеруде мультимедиялық құралдар мен электронды оқулықтарды қолдануға деген қызығушылығы, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге деген ынтасы мен ұмтылысы.

Егер ағылшын тілінен оқу материалдарын иллюстрация, анимациялық, дыбысы бар объект түрінде құрылса, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес ағылшын тіліндегі материалдардың мазмұнын тез қызыға қабылдауға, түсінуге, білімін өз бетімен жетілдіруге негізгі түрткі бола алады.

Ағылшын тілі сабақтарында видеофильм, мультимедиалық презентециялар, дыбыстарды, анимациялық суреттердің көмегімен монолог, диолог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыруға болады. Себебі, шетелде болмай-ақ сол елдің тілінде еркін сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмаларының бірі – ағылшын тілі сабақтарында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Ағылшын тілі сабақтарында түрлі дыбыстарды, анимациялық суреттерді пайдалануға болады, бұл көрністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен бірге, оқу процесінде оқушылардың белсенділігі артады. Ағылшын тілі сабақтарында төмендегідей компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдалануға болады.

Сабақта АКТ-ны пайдалану арқылы төмендегідей

әдістемелік мүмкіндіктерге ие боламыз. Олар:

  • білімнің көрнекіленуі

  • оқытудың дифференциациялануы

  • құбылыстарды, ақпараттарды модельдеу

  • өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру

  • ақпараттық мәліметтер базасын пайдалану

  • жаттығу және дайындық жұмыстарын жүргізу

  • оқытудың мотивациясының күшеюі

  • қиын жағдайда ұтқыр шешім таба білу

  • оқу уақытын тиімді пайдалану.

АКТ-ны пайдалану арқылы төмендегідей нәтижеге жетуге болады: ағылшын тілін жетік меңгертудің жоғары деңгейіне қол жеткізуге, оқушылар ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін меңгереді, оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығы артады, оқушылардың грамматикалық дағдылары қалыптасып, дамиды (оқу, сөйлеу, естіп-түсіну т.б).

Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде екпінді түрде енгізу бағытына қолданылатын жаңа түрдегі құрал – интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда.Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз. Оны көрнекілік ретінде қарастырсақ, ол оқу нәтижесінің сапасына оң әсер етері сөзсіз. Бұл – бейнеконференциялар, мектептер арасында бірлескен сабақтар өткізу үшін қолданылатын ерекше жүйе. Сонымен қатар, пәндік көрнекі құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсетуге болады.

Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық



Менің алға қойған мақсатым: оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру және оқыту міндеттері олардың білім деңгейін тереңдету, оқушыларды еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында орынды қолдануға дағдыландыру, ойлаған жағдаяттарды негіздей алуға үйрету. Енді осы мақсатты қалай жүзеге асырып жатырмын деген сүраққа келейік.

Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар:

Біздің пән бойынша оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған.

Тілдік материалдар қазіргі өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген тілдік материалдар. Сондықтан бүл материалдардан күнделікті тіршіліктегі жағдаяттарда қолданылатын ағылшын тілін үйренуге болады.

Басты көңіл бөлінетін нәрсе - сөйлеу және оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді.

Сөйлеу мен оқу әрекеттері арқылы дұрыс нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп, тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу үшін мынадай: ұжымдық жұмыс, жекелей жұмыс, жұптық жұмыс, топпен жұмыс оқыту тәсілдерін қолданамын.

Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық:

  1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді  сабақтарда қолдану

Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады.

   2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы

Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны  пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды  орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу, белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.

 3. Уақыт ұтымдығы

Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдау арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамасыз етеді екен.

Интерактивті тақтаны кез келген елде, кез келген білім беру саласында кез келген пәнді оқыту үшін қолдануға болады.

Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:

(Ұлыбритания педагогтарының ұсынысы бойынша)

- Экранда көрсетілетін сурет туралы  ақпаратты жоғары жаққа жазу;

- Интернеттен алынатын ақпаратты тікелей оқушылармен бірге іздеу;

- Топпен тығыз жұмыс жасау;

- Конференциялар өткізу үшін баска мектептермен байланыс орнату;

- Интерактивті тақтаны компютердің көмегінсіз басқару;

- Қолданылған материалды  кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;

- Видеороликтер  көрсету, электронды оқулықтар пайдалану;

- Сабақ кезінде сақталған  файлды оқушыларға беру.

Интерактивті тақта:

1. Оқушыларға жаңа материалды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидиактикалық материалдар)көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан материалды дайындауды және оны қолдану процесінде жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелі презентациаларды  пайдалану балалардың оқуға деген ынталығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін ең бастысы мұғалімнің уақытын қысқартады.

2. Компьютерлік  сауатты болуды талап етеді. Өйткені сабаққа қажетті оқу материалдарын алдын ала мұғалімнің өзі  дайындап қояды.

3. Интернет желісінен ақпарат іздеп, оны жүктеп алу  жұмыстарын жасауды үйренеді.

3. СD, DVD және электронды оқулықтарды пайдалана білуінің арқасында, мұғалім жан-жақты біліммен қаруланады. Білімін шыңдайды, шығармашылығы артады. Ақпараттық технологияны еркін меңгереді, бәсекеге қабылетті оқушы тәрбиелейді.

Мұғалімдердің қолдағы бар құралдарды  мүмкіншілігін барынша пайдалануға тырысуы қажет. Бүгінде  білім беру ұйымдарында мұғалімдер компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтынын ұғынатын кез келді. Жаңа ақпараттық құралдар оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет. Қазірге қоғамдық өзгерістердің қарқынды дамуы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Бұл мамандар үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік – эконоикалық процестерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуі тиіс. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеруді мектеп ұстаздары, басшылары жүйелі түрде жүргізулері керек. Компьютер мен интерактивті тақтаны қолдану арқылы мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім берудің ақпараттандырылуын дамыту қажет.

Интерактивтік тақтасын қолдану барысында мұғалімдер уақытты қалай үнемдейді



Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.

1. Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек?

2. Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды.? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

3. Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар.

4. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны падаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.

5. Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.

6. Оқу материалдар базасын жасау, қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағымда пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді.

7. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады.

8. Көп мұғалімдердің байқағанындай сабақтың оқушыларға қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, және оны (оқушылар) жылдам есте сақтайды. Интерактивтік тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы да мұғалімдердің уақытын үнемдейді, оған бұрын өтілген материалдардың екінші рет қайталауға қажеті жоқ.

9. Интерактивтік тақтаны дұрыс түсіну керек, ол сиқыршының таяғы емес. Неге десең сабақтағы барлық мәселелерді өзі шешіп және сабақты еліктендіретін болған.

10. Тағы да ойлау қажет емес. Интерактивті тақта барлық сабақта қолдану мүмкін, жоқ болмаса сабақтың әрбір сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивті тақтаны пайдаланудан ең көп тиімділікке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады.

11. Интерактивтік тақтамен бірге жүретін бағдарламалық нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек.

12. Мұғалімдерге тағы басқа да бағдарламалық құжаттар керек.

13. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, айта кетейік: Сабақ алдын-ала дайындалған болу керек, сонда ғана материалдар жылдам түсіндіріледі.

14. Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі: сондай-ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады.

Шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану



Шығармашылық жұмыс жасауға қатысу, оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа, өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Осы дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

     Іс-тәжірбиемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.

  • Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру   арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану

  • Оқытудың жаңа әдістері  мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.

  • Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

  • Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиялық технологияны, интерактивті құрылғыларды) пайдалану арқылы оқу процесінің материалды-техникалық базасын жетілдіру.

         Сабақ материалы  Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат  түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында  тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсетеп және өзгерте аламын. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдануға мүмкіндік береді. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады. Мұғалім алдын-ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді.  Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндірем, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материалдар қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы, мысалы, ағылшынша жазулар жазып, сөзжұмбақтар құрып, тек жаттығулар емес, сонымен бірге, сурет салу өнері, дыбысты қайталау, диологтармен де қамтылады. Интерактівтік тақтамен тек мұғалім жұмыс жасамайды, сонымен бірге оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма беремін, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт беріп және бақылап отырамын.

Интерактівтік тақтамен алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақты екпінді түрде өткізуге  мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

    Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала  дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

    Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.

     Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс  жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы ағылшын сабағында мемлекеттермен танысу кезінде сабақ жүргізген ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, қалалардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.

    Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары  Word  мәтіндік редакторының, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе жатығулардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office–нің барлық мүмкіншілігін   ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады («тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

    Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.

Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне  сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

        Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.

     Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.

    Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

Баланы ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Зерттеу–ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектімен танысу. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру мен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушылардың өзгерту таным әрекеті «зерттеу» деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары дамыған балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі басқарады, өзі анықтайды, өзі жүзеге асырады. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Баланың жүріс-тұрысындағы әрекеттер процесінде оның тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Тұлғаның қасиеті, жүріс-тұрысы қоғамдық қатынастармен, жалпы адамзаттың құндылықтарымен бірге қарастырылады. Сонымен қатар әрбір адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді.Адамның айналасын танып білуде жануардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес,оған шығармашылықпен қарауында. Шығармашылық-зерттеу тәртібінің маңызды сиппаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өмірге қол жеткізуінде,екінші жағынан ізденіс процесінің мәнділігінде.Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті.

Зерттеу мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай‑ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі:«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біріншісі-ішсем, жесем, ұйықтасам» деп туады. Екіншісі — көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, ол неге үйтеді ,бұл неге бүйтеді деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін, тыныштық көрмейді ,- деген ой- тұжырымды растайды.

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. «Зерттеу» түсінігі энциклопедиясында «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының басымдылығымен түсіндіріледі.Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді.Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.

Шығамаршылық‑зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде,екінші жағынан,ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті.[9] Елімізде шығармашылықтың дамуы туралы арнайы зерттеп жұмыстарын жазған психолог – ғалымдар Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов, Қ.Рахымбаева, С.Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.

Психологиялық сөздікте «Шығармашылық іс- әрекет нәтижесінде жаңа материалдық және тарихи құбылыс болып саналатын шығармашылықтың психологиялық аспектісі де бар: жекелік және үрдістік. Бұл жеке тұлға нәтижесінде өзінің жаңалығымен, бөлектілігімен ерекшеленетін өнім шығаруға қажетті қабілеттердің, білімнің, икемділіктің және дағдылардың болуын талап етеді» деп берілген.

Л.Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс- әрекетті атаған.» Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Понамеров оны даму ұғымымен қатар қояды.

Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалым М.Поташник былай анықтама береді:

-жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;

-іс- әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.

Психологтар соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. Оның бірі «туа біткен» данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған екен. «Туа қалыптасқан» данышпандар өз туындыларына керемет қабілеттілік та-

нытқан. Ал «келе – келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті- қажымайтын жігер, білуге деген құштарлық, өз-өзіне қоятын қатаң талаптың болуы екен.

Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да,жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аямай еңбек ету. [16]

Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл – ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық , яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру; оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу; шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білу керек. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жаза алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге , қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу –жасқаншақ немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі жалқаулыққа жеңдіреді. Міне осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға байланысты.

*** Шығармашылық- бүкіл болмыстың, қозғалыстың дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршілік көзі.Қазіргі педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт- бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде.Оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.

Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Бұған бүкіл халықтық және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік.Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс- әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға ие болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында да зеріттеліп келеді. Шығармашылық педагогикасының мақсаты- бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен жаңа шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет»ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілеттің екі түрі бар:

  1. Репродуктивті-іс- әрекетті, білім берілген үлгі бойынша қабылдай алу

деңгейі.

  1. Шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу»дегенді білдіреді.демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.Ол үшін мұғалімнің өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысып, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы тиіс десек, мұғалім- бақылаушы емес, бағалаушыда емес, танымдық іс- әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы.

  1. Шығармашылық жұмыстың түрлері.

Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс.Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор.Жазба жұмыстар олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі.Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын.

    1. Шығармашылық жазба жұмыстары -тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт – бағдар беруі керек. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Шығармашылық жұмыс табиғаттың төл перзенті адамның көңіл күй, ой-толғам болмысына, сыртқы дүниені танып білу, ұмтылу мүмкіндігіне де байланысты.Осыған орай кейде ой-толғау түрінде оқушыларға «Мен кіммін?»,«Who l am?»деген тақырыпты жазуға тапсырма беремін.

Менің бұл арадағы ұстаздық міндетім – жұмбақ дүние сырын меңгеру бары-

сында әрдайым дамып жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына да-

рыту- дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жа-

қындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру.Оқушылардың ағылшын тілінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Біріншіден, түсінгенін дұрыс айта білу( сөйлемді дұрыс құрастыру,жеке дыбыстарды, буынды, сөзді, сөз тіркестерін дұрыс оқу).Екіншіден тақтадан, кітаптан, мұғалім айтқанынан сөз, сөз тіркестері, сөйлемдерді сауатты көшіре білу.

Тілдерді меңгеруде оқушылар сөздерді, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу, салауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан жазба жұмысын барлық сыныптарда үнемі өткізіп отырған тиімді.

Жалпы білім беретін мектептерде5 сыныптан бастап диктант түрлерін, жазба жұмыстарын өткізуге болады.

Әріп диктанты. 5 сыныптарда өткізіледі. Мақсаты- ағылшын тілінің дыбыстары мен әріптерін дұрыс меңгеріп, олардың бір- бірінен айырмашылықтарын, ұқсастықтарын білдіру. Бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есте сақтау қабілетін дамытады әрі оқушы каллиграфиясының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Мысалы:a,e,i,o,u,y,t,d,n,m,b,v әріптерінен келетін сөздерді жаздыру.

Сөздік диктант- барлық сыныптарда жүргізіледі. Диктанттың бұл түрі жаңа грамматикалық тақырып, мәтін, сурет,түрлі жаттығу жұмыстарынан кейін өтілген материалдарды пысықтаудың ең тиімді жолыболып есептеледі.

Мысалы:living room, bed room, study, dining room, ground floor, flat, house, window, door.

Шығармашылық дикатант.Диктанттың бұл түріне сөйлем мүшелерінің орын тәртібі бұзылып,шашыранды сөз түрінде берілген сөйлемдер алынады.Бұл сөздердің әр тобынан оқушылар өздігінен сөйлем құрастырады.

  1. Usually , watch, I,TV, on Sunday.

  2. Always, she, piano, plays, at home, the.

1. He, sweets, cakes, jam, likes.

2. The shop, closes, at 5o’clock.

1. A lot, in, winter, here, it, rains.

2. Very, she, visits, her, it rains.

Бақылау диктанты- барлық сынаптарда оқушылардың білімі мен сауаттылығын тексеру мақсатында өткізіледі.Диктанттың бұл түрі белгігі бір тақырып өтілгеннен кейін жүргізіледі. Бақылау диктантын жазуға төселудің шарты- оқылған сөйлемдерді , сөздерді, бірден ұғып алып, жадында сақтап жазуға үйрету.

  1. Жеміс пен көкеністі екі топқа бөлу.

Fruit vegetable

Bananas, apples, tomatoes, onions, carrots, cabbages, apricots, oranges.

  1. Киімдерді үш топқа бөлу.

Boy’s wear Girl’s wear Either

Boots raincoats pajamas pants tights dresses trousers pullovers shirts gloves.

  1. Сөз таптарына байланысты үш топқа бөлу.

Nouns Verbs Adjectives

Dog, play, farm, hand, river, cry, small, eat, clean, hunter, boring, write.

Оқушылардың білімін сынауға арналған тағы бір жазба жұмысының түрі- сұрақтарға жауап жазу. Сұрақтар алынған мәтінді қайталауға, немесе белгілі бір тақырыпқа берілген суреттер, диафильмдер бойынша қойылуы мүмкін. Жауаптары бағаланғанда оның мазмұнына, сөйлем құрлысының дұрыстығы, орфографиялық сауаттылығы ескеріледі.

Диктант, жазба жұмыс түрлерін оқушылардың жас ерекшілігіне, топтың қабылдау қабілетіне қарай, оқу материалының күрделілігіне байланысты жеңілдетіліп немесе қиындатып отыруға байланысты жеңілдетіп немесе қиындатып отыруға болады.[8]

2.2 Менің ұстаздық міндетім – жұмбақ дүние сырын меңгеру барысында әрдайым дамып жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына да-

рыту- дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жа-

қындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру. Бәрі-

мізге белгілі, бір сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. Ағылшын тілі 5-сыныптан бастап жүргізіледі, сол кездің өзінде-ақ қай оқушының шет тіліне қандай екенін байқауға болады. 5- сыныпта ешқандай өзгеріс бола қоймайды, барлы-

ғы біркелкі оқитын сияқты болып көрінеді. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Ал мен оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімделіп, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тап-

сырма бере бастаймын.[19]

Мұғалім басқа оқушылар өлең жаттау керек болса, ол оны есіне сақтап жазады немесе сурет қылып салып береді,дыбыстарды көрсетіп, карточкалар жасайды, ұнатқан суретін салады да, сол бойынша әңгіме құрастырады, өзі сөзжұмбақ жасайды, берген сөзжұмбақты шешеді, бөлек дайындалған карточкалармен жұмыс істейді.

Орта буынға келгенде, қабілетті дарынды оқушылар сабақтағы жұмыстарға қанағаттанбайды. Осы кезден бастап қосымша сабақтар өткіземін, баланың қабілетін танытуға мүмкіндік туады. 45 минутта қалай үлгеремін демей, жеке өзімен аптасына қосымша сабақ жүргіземін, әр уақытқа оқушыдан бөлемін, себебі екеуіне сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, түсіндіріп отырады, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Бұл жастағы балалар өз мүмкіндіктеріне қарай шығармашылық жұмыстармен айналыса бастайды. Мен көбіне-көп оқушылардың өздеріне орындауға мүмкіндік беремін,келесі сабақта қатесін тауып,қосымша ойлармен толықтырып, әңгімелеп береді, шағын мазмұндамалар жаздырамын. Осындай қосымша сабаққа қатысатын оқушылар мектептегі жарыстарға, апталықтарға белсене араласып ұйытқы бола алады. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжрибесін қорытындылауға үйренеді. Қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі, оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Бұл сабақтарда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептеледі. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында әр баланың көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады, интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдаулар арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер бойына жұғысты болады. Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы-баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:

-баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап-тілектерін сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;

-білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

-өзін-өзі дамытатын тұлғалар қалыптастыру.

2.3 Ағылшын тілі пәнінде де шығармашылыққа, интеллектіні дамытуға берілетін тапсырмаларды қолданамын. Бұл сабақтар балалар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналды. Алғаш заттарды салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте-бірте баланың тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса бастады. Әсіресе дамытушылық мақсаты «жасырын» тұрған бір қарағанда қызықты көрінетін дидактикалық ойындар жоғары эмоциялық жағдайда өтеді.

Солардың бірі «What is this ?» «Ол не ?» ойыны. Оқушылар өздеріне ұнайтын заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеулері керек. Сабақта сол әкелген затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не туралы екенін анықтаулары керек.

Мұғалім: "This is a boy. It is round. The colour of the toy can be different. It will be big and small. The children like this toy very much. They play different games with it". Бұл ойынды әртүрлі нұсқада ұжым болып та, топтарда да, қолдануға болады. Ең негізгісі – балаға дұрыс меңгерте отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Жауаптарда айтылғанға сәйкес ұқсас заттардың табылып жатуы мүмкін. Ол ойынды одан әрі қызықтыра түседі. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

Оқушының ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін,бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пайдалы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырма да күрделеніп отырады. Оған мысал ретінде «Жақсы-жаман» «Good-bad» ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қай-

таламаулары керек.

Мұғалім: «Pencil. It is red-good, it is thin-bad. We can use it with our hands -good, we cannot put it in the bag  bad.

Бұл тапсырма арқылы балалардың объективті дүниені тану, диалектикалық заңдылықтарды ұғыну, оның қарама-қайшылықтарын түсіну, сапасы мен санын ажырата білу сияқты қасиеттері қалыптасып, логикалық ойлай білуге, жүйелілікпен талдай білуге үйренеді. Тапсырманың соңғы үшінші түрі қиындау бірақ өте қызықты. Ойынды жүргізу үшін арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Тек ойдың ретін жоғалтып алмаса болғаны. Сынып жағдайында күніне бірнеше рет қайталап ойнауға болады. Бұл шығармашылық қабілеттердің негізгі өлшемдерінің бірі-білімді жаңа жағдайға тасымалдай білуді қалыптастырады. 

Қазіргі талап –оқушыларды ойландыру,іздендіру, сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту,сөз байлығы молайса,ой қабілеті шынықса , білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады. Бұл орайда төмендегідей жұмыстарды жүзеге асыр-дым.

Мысалы, «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтінді даярлап , оқушыларға үлестіремін. Олар мәтіндегі сөйлем-

дердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды.

Мысалы, «Where did you get it?»

When uncle Peter came to their house, mother said I`m sorry I have no cheese I know you like it very much little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said You have very good eyes Where did you get it the boy answered from the rat-trap.

«Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріп, сол сөздерді орны‑орнына қойып, сөйлем құратамын, оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.

Мұғалім: «A thirsty man». A man along a road was walking. was thirsty He. saw a swimming pool He. There two boys were swimming. He them asked to show a shop the way to. He the store came to. The shop assistant on the phone was talking. It long talk was very. The man and was angry the store left.

«Қосымшасын тап».Жеке атау сөздерден құралған сөздер беріп, оларға тиісті қосымшалар, предлогтарды қойып сөйлем құратамын.

Omar…. Ales were watch…TV…8 o'clock. My friend came home…9 o' clock yesterday evening.His mother was cook the kitchen.

«Қалып қойған сөзді тап». Оқушыларға мәтін беремін, оның ішінен кейбір сөздерді қалдырып кетемін. Сол нүктенің орнына керікті сөздерді тапқызып жаздыртамын.

Мұғалім: «Pete' s story. One day a teacher says to his pupils:

«Write….about the football….on Sunday. » Pete….writes three words in his notebook…puts his…

Down on the desk. «Where… your story,…Show it to me!», says the teacher. Pete…to the teacher his story. ….takes his notebook and reads: «Rain. No game»

«Мәтін құра». Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі. Оқушылардан сол сөйлемдерді орын – орнына қойып, жүйелеп айтып беруін талап етемін.

«Hobbies». Steve enjoys playing football. He has two brothers. His favourite subject is P.E. He knows a few words of Spanish but he doesn’t like learning foreign languages. He is in the school team. He doesn’t like doing homework. He also likes basketball.

«Сұраққа жауап бер». Тақырып белгіленіп, сол бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі, астына сұрауларын жазып қоямын. Оқушылар сол сұрауға жауап боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.

«The environment»Cambridge is in the east of England. Cambridge is an ancient city. The main industries in Cam-bridge are tourism and agriculture. The population is about a hundred thousand. It is a small city. There are a lot of English language schools. Where is Cambridge? What kind of city is it? How many people live there? Is it an ancient city? What are the main industries? What kind of schools are there?

« Тақырыбын тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді.

Мұғалім: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?

«Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін,кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын.Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.

Мұғалім: When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why is she staying in bed?

«Әңгімені аяқта». Тиісті тақырыпқа жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем өзім жазып қоямын. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.

Teacher: Which is nearer: Africa or the sun?

Pupil: The sun.

Teacher: The sun. Why do you think so?

Pupil…

«Мақалды тап». «I like this place», said the young man. «Tastes differ. As for me, I prefer the seaside», George smiled at his brother.

«Сөздердің антонимдерін тап».

Sly-naive fast-slow

Greedy-kind clever-silly

Cowardly- brave strong-weak

«Полиглот». Аталған мақалдардың қазақша, орысша баламаларын тап.

  1. There is no smoke without fire. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. Нет дыма без огня.

  2. To make a mountain out of a molehill. Түймедейді түйедей ету. Делать из мухи слона.

«Сөзжасам түрлерін тап».

Answer- жауап to answer- жауап беру

Hand- қол to hand- қолға беру

Order- бұйрық to order- бұйыру

Жаңа сөздерді есте сақтау жадысын дамыту бағытында сөзжұмбақтардың

ағылшын тілі пәнінде қолданудың орны ерекше.[24] Сөзжұмбақтарды әртүрлі бағыттарда қолдануға болады:

  1. жасырылған сөзді тауып, сөйлем құрау;

  2. сөз топтарын тауып содан әңгіме құрастыру;

  3. жаңа сөздердің ішінде сөзжұмбақ етіп жасыруға болатындарын анықтау.

Сөзжұмбақ құрастыру үлгілері:

  1. екі сөздің қосындысы: arm+chair

  2. үтір қойылған әріптерін алып тастау: chair-hair

  3. іn жалғауы арқылы: fine

  4. on, up, under жалғаулықтары арқылы: second

  5. бір әріпті сызып тастау арқылы: cap-cat

  6. сөздің әріптерінің ретін ауыстыру арқылы: cat-act

  7. of жалғауы арқылы: coffee

  8. by, at жалғауы арқылы, егер бір әріп екінші әріпке тақалып тұрса: late

  9. бір нәрсе керісінше тұрса: dog-god

  10. бір әріп екіншісіне бағытталса to жалғауы жалғанады: today

Төменгі әріптерден сөз құрап, бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы тиіс. Bag, yet, age, globe, tie, get, big, cat, rat, goal, etc.

2.4

«Оқыту үдерісінің үш түрлі құралды бөлігі бар, ол – ғылым, шеберлік, өнер» дейді белгілі педагог В.А.Сухомлинский. осы үш түрлі қасиет мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік, тәрбиелік мақсаттарды ұштастыра жүзеге асырады.

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту білім саласындағы бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Өкінішке орай көп жағдайда оқушыларымыз актив сөздік қоры мол бола тұра, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлей алмай жатады. Е.И.Пассов айтқандай, мұның себебін оқытудың стратегиясынан іздеу керек. Олай болса тіл үйрететін құралдарымызды коммуникативтік тұрғыдан таңдап-талғап ала білуіміз керек.

Яғни,

А) қай салада оқушылар қарым-қатынаста болуы керек, соны анықтауымыз керек.

Б) сөздік қоры тіл ұстарту мақсатымен тығыз байланысты болып іріктелінуі керек.

В) сөйлеуге үйретудегі проблемаларды айқындағанда, оқушылар тарапынан қараған жөн. Ал оқушылар өздері ықылас білдіріп, өз еркімен сөйлеуі үшін олардың өз көзқарастарына, қызығушылығына сай ситуациялық жаттығулар туғыза білуіміз керек. Өйткені сабақта ситуациялық жаттығулар мен ойындар-ды қолдану арқылы оқушылардың ынтасы мен зейінін арттыруға болады.

Әрбір оқушының бір-бірімен әңгімелесуі, сөйлесуі үшін, өздері бір-біріне немесе мұғалімге, ата-анасына, бөгде адамдарға сұрақ қоя білу әдісін меңгеруі аса қажет. Осы орайда ойын жағдаяттарын пайдаланудың маңызы зор.

Сабақты ойын түрлерін пайдалана отырып жүргізу – оқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып, қосалқы-қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады.

Рольдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қа-рым-қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытудағы рольдік ойындардың берер көмегі өте көп:

  1. Рольдік ойынның өзіне тән қасиеті – басынан бастап оның «сөйлеу» ретінде жүргізілуі.

  2. Сөздің, сөйлемнің тілдік қызметінен ауытқымауы.

  3. Оның әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделген көрініс-бейнелердің үлгісі екендігі.

  4. Рольдік ойын барысында тілдік серіктестік жұмысының жасанды емес, шынайы түрде жүргізілу мүмкіндігі.

Сабақта бір ескеретін нәрсе,жұппен жұмыс барысында рольдік ойынды қолданғанда оқушылардың алдында басты міндет – жұп арасындағы әңгімені өр-бітуден басқа да қосалқы-қосымша міндеттердің туындайтындығы. Сол үшін оқушыларды функционалды тіректерді пайдалана білуге үйретуіміз керек.

Жұп арасындағы әңгімені топ ішіндегі әңгімеге өрбітуге мүмкіндік тудыратын функционалды тіректердің моделін қарастырайық. Пікір алысуға үйрету барысында тіл ұстарту шараларын ұйымдастыруға мысал келтірсек; нашар оқитын оқушы мен жақсы оқитын оқушының арасындағы әңгімені өрбітудің функционалды моделін былай қарастыруға болады.

Жұп мүшелерінің алдына қойылған міндет:

  1. Нашар оқитын оқушы түзелгісі келетіндігін білдіріп жақсы оқитын оқушыдан көмек сұрауы керек.

  2. Жақсы оқитын оқушы көмектесуге ісімен де, сөзімен де дайын екенді-гін көрсетуі керек.

Логико-синтаксистік схемаларды сөйлем құрудың немесе сөйлесудің оперативтік негіздерінің бірі деп тануға болады. Оған дәлел: сөйлемдер бет алды құрылмай,белгілі бір ой жүйесінде үйлесіп жататындығы,және де синтаксистік тұрғыдан қайталанып тұратындығы.

10 сыныпта «Royal family» тақырыбы бойынша өтілген сабақта қолданылған логико-синтаксистік схемаларға тоқталсақ.

Патшайым туралы оқылған мәтін бойынша:

  • Патшайым туралы не білесің?

  • Сен не білгің келеді?

  • Ақсүйектер өмірін қалай елестете аласыңдар? деген проблемалар көтеріліп, соған байланысты мынадай логико-синтаксистік схемаларды пайдаланып:

а) I think… b) I’ve known… c)I think that…

But… Truly … However…

That’s why… I would like May be…

оқушылар өз ойларын, көзқарастарын тиянақты жеткізе білді.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқыған мәтіні бойынша өзімен өзі сөйлеуін төмендегідей ұйымдастыруға болады:

  1. Мәтіннің мазмұнын түсінуге қиындық келтіретін сөздерді, грамматикалық жағынан күрделі сөз тіркестерін мәтінді оқыту алдында түсіндіру, қайталау;

  1. Мәтіннің мазмұнын жалпы түсінуге нұсқау беру(тексеру жолдарын,сұрақтарды алдын ала айтуға болады);

  1. Оқушыларға мәтінді өз бетімен іштей оқыту (оқуға берілетінуақыт

беріледі);

  1. Мәтіндегі жалпы мағлұматтарды тексеру;

  2. Мәтіннің мазмұнын толық түсінуді талап ету, мәтінді екінші рет оқу

үшін арнайы тапсырмалар беру;

  1. Мәтіннің оқушылардың толық түсінгенін тексеру;

  2. Мәтіннің мазмұнын айту;

  3. Мәтіннің оқиғаға өз пікірін айту.

Оқушының монологты түрде сөйлеуінің мынадай түрлеріне көңіл бөлу керек:оқыған,тыңдаған мәтіннің мазмұнын айту,қысқа хабар жасау,өткен тақырыптар бойынша әңгіме құру, бір нәрсені суреттеу, кейіпкерлерге мінездеме беру, өз пікірлерін айту.

Кітап оқу жұмысы–соншалық маңызды жұмыс.Көркем әдебиет болсын, басқа әдебиет болсын –олардың білімдік, тәрбиелік мәні зор. Кейбір тақырыптарға оқушылардың өздеріне жоспар жасату, өз сұрағыма жауап боларлық сөйлемдерді мәтіннен іздеп тапқызу,мәтіннің ішінен кейбір негізгі ойлар мен кейіпкерге мінездеме боларлық жерлерін теріп оқыту жұмыстарын жүргіземін.

9,10 сынып оқушыларына көбінесе белгілі бір тақырыпқа реферат жазуға тапсырма беремін.

Ағылшын тіліндегі оқулықтарда жоқ материалдар іздейді. Тапсырма бойынша оқушы газеттерден, кітаптардан, интернеттен керек мәліметтерді іздеп, тауып,жазып әкеледі,қысқаша мазмұнын ағылшын тілінде айтып береді. Оқушыларға мұндай жұмыстар ұнайды. Бұл мен үшін пайдалы материал болса, олар үшін шығармашылық жұмыс.

  1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарда мынадай жолдармен өткізуге болады.

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді пайдалдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.[4]

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда ағылшын тілінен жүргізілген үйірме жұмысы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлығын арттыруға көмектеседі. Ағылшын тілінде сөйлеуге төселіп, сөздік қоры молаяды, оқушылардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілік сезімі оянып, қызығушылығы артады.

Үйірмеде орындалатын жұмыс түрлеріне тоқталсам, оқушылар шығармашылық тапсырмаларды меңгеру үшін мына шарттар орындалуы тиіс:

  1. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу, яғни, баланы балабақша кезеңінен бастап, мектеп бітіргенге дейін үзбей шығармашылыққа баулып, қиялын, ақыл-ойын басқа да қабілеттерін дамытып отыру керек.

  2. Шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жетіп, күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы керек.

  3. Бала әрекетінің өз бетімен айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы, немен айналысамын десе де өз еркі болуы керек.

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашудың бірден-бір көзі өз бетінше жұмыс істеу

  • Логикалық ойын, сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел;

  • Еркін тақырыпта әңгіме құрастыру, оқиғаға тән көрініс, суреттерге сюжет құру. Оқушы сол көрінестерді қиялмен, суретпен, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді.

  • Жүйелі шығармашылық әрекеті мен шығармашылық қабілет дамытуда берілетін тапсырмалар сөйлеу мен тыңдап түсінуге бағытталған жаттығулар, сөздікпен жұмыс.[10] Сөздікпен жұмыс – сөздерге сөз тіркестеріне байланысты жаттығулар. Сөздің мағынасын жан-жақты түсінуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді.

Сыныпта өзара шығармашылық қарым-қатынас орнату, енжар, салғырт балдарды белсендіріп, шығармашылыққа араластырады.

Мен өз сабақтарымда үнемі сөзжұмбақтар, ребус шешу, суретпен жұмыс, әртүрлі тақырыпта шығарма жазу, сөзкпен жұмыстарды жүргізіп отырамын. Мысалы: 5-сыныпта «Are you a good friend?» тақырыбын өткен кезде суретпен жұмыс, «Менің досым» деген тақырыпта шығарма жазу тапсырылды. 7-сыныпта «Parts of the body» сабағында оқушылардың тыңдап, есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында «Draw Joe’s face!» тапсырмасы берілді. 8-сыныптарды «Environment» тақырыбында оқушылардың сөздік қорын молайту үшін «Полиглот» ойыны ойнатылды. 9-сыныптарды «If I were millionaire» сабағында «Егер мен миллионер болсам…» деген тақырыпта шығарма жаздырылды.



Интерактивті құралдарды сабаққа пайдалану

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
  • Пән бойынша базалық білімді  меңгеру;

  • Алған білімді жүйелеу;

  • Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

  • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5% және көргенін  20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ  мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына   мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

1. Интерактивті құраладарды білім беру үрдісіне енгізгенде, оқытушылар балаларды қызықтырып әкетеді, өз кезегінде ол оқушылардың сабаққа қатысуын және үлгерушілік көрсеткіштерін біраз   жақсартады. Жаңа тақырыптар сабақтарда жеңіл жеткізіліп, балалар оны тез түсінеді. Алайда білім беру үрдісінде жаңа мүмкіндіктерді қолдану жұмысы оқытушылардың өзінен  шығармашылық талпынысты талап етеді.

2. Мультмедиа технологиясын білім беру үрдісіне енгізу – бұл білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру деңгейінің көрсеткішін жоғарлату дегеніміз. Өйткені мультимедиа қазір ширақ дамып келе жатқан ақпараттық технологиялардың бағыты, оны оқыту үрдісіне енгізу өте маңызды болып табылады. Өмірге жақындатылған білім - күнделікті тіршілік ету үшін қажет.

3. Интерактивтік – бұл мультимедианың қосылғыш құрамы. Адамдар көргеннің 20%, естігеннің 30%, көрген мен естігеннің 50%, ал көріп, естіп және бір мезетте жасағанның  80% есінде сақтайды екен. Осы мәліметтерге сүйеніп, интерактивтік технологиялардың қоладанылуы оқушылардың білім сапасын едәуір жақсартады деуге болады.

4. Десек те, оқытушы оқушы үшін негізі  «ақпарат көзі» болып қала бермек, бірақ мультимедиа мұғалімнің жұмысын толықтырып жетілдіруге көмектеседі.

5. Сабақ ширақ жүргізілгенде, ол оқытудың ықпалды құралына айналмақ. Интерактивті тақтаның қолданыста болғаны - сабақты әрі қызықты, әрі ширақ өткізуге  көмектеседі. Интерактивті тақтаның көмегімен оқыту – бұл білім берудің жаңа әдісі, дегенмен жемісті сабақ өткізудің негіздері өзгеріссіз қалуда. Ең бастысы – оқытушы сабақты нақты жоспар бойынша өткізіп, белгіленген мақсатына жетуі тиіс. Ал интерактив – бұл қосымша құрал, оны іскерлікпен пайдаланған жағдайда нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.

Қазіргі таңда компьютер арқылы сабақ өткізу программалары өте көп, олар мұғалімнің сабаққа қатысты жаттығу жұмыстары мен сабақты қортындылауға, оқушының білімін тексеруге арналған.

Сондай жаттығудың бірі «Тир» деп аталады, ол оқушыдан белгіленген уақыт аралығында қажетті сөзді жазуды талап етеді, бұдан оқушы жазуды қатесіз жазуға үйренеді. Компьютерде оқыту да тек жаттығулар емес, сонымен бірге, сурет салу өнері, дыбысты қайталау, диологтармен де қамтылған.

Оқушылар ағылшындардың бір-бірімен сөйлескенін көретіп, тыңдай алатын «Сөйлесу» сияқты жаттығу түрлеріде бар.

Тілді үйрену кезіндегі ең қиыны айтылып жатқан сөзді естудің қиынға соғатыны бәрімізге белгілі. Бұл мәселені диктант жаздыру арқылы шешуге де болады екен. Диктант жаздырмас бұрын ағылшын тілінің лексикалық құрлымына көңіл бөлу керек. Ағылшын тілінің лексикалық құрлымдарына:

  • танысу

  • лексикалық құрлымымен жұмыс жасау

  • сөйлеу мәнерінде де пайдалану

Ағылшын тілінің лексикалық құрлымын «Таң қаларлық қала» және «Сиқырлы әлем» ойындарындағы тірек сызбалар мен суреттерді пайдалану арқылы оқушылармен жұмыс жасау үш кезеңнен тұрады.

  1. ағылшын лексикасымен танысу

  2. есту қабілеті арқылы лексикалық құрлымды түсіну

  3. сөйлесу тәжірбиесі (практикасы)

Оқушыларды «Таң қаларлық қалада» адастырып, «Сиқырлы әлемге» жеткенше оқушылар лексиканың бірінші дәрежесімен танысады. Ойын шарты бойынша көмекшілер ойын ережесін түсіндіріп, қиын сәтте көмекке келіп отыратын көмекшілер іде бар.

Екінші дәрежеге өткенде оқушылар өз достарымен ойнауға болады, тек ағылшынша сөйлесіп, олар бір-бірін түсіне алатындай сөздермен сөйлесу қажет, егер жұмыс бірінші дәрежеде сәттілікпен өтсе, онда оқушы екінші дәрежеде тапсырманы да сәтті орындап шығады.

Үшінші дәрежеде оқушы өзі, өз досынна не істеу керектігін тек ағылшынша айту арқылы жүреді. Осы үш дәрежелі ойын арқылы оқыту программасы бірте-бірте қиындай түспек.

  1. жеңіл түрі (алдану жоқ)

  2. орташа (алдау – шақырылмаған қонақ)

  3. қиын (негізгі бәсеке - уақыт)

Ойын арқылы сабақ беру бірден барлық мәселені шешпейді, бірақ, сабақ барысында туындайтын қиындықтар біршама азая бастайды. Сабақ барысында ойынды пайдалана отырып сабақ өту жақсы нәтижелер береді:

  1. оқушылар бар ынтасымен ағылшын сабағына келеді

  2. оқушылар өткен тапсырманы жақсы еске сақтайды

  3. үйренгендерін күнделікті өмірде пайдалануға тырысады (бір-бірімен ағылшынша сөйлеседі, жеңіл мәтіндерді өз еріктерімен аударуға тырысады, берілген сөздерден қысқа әңгімелер құрастыруға тырысады).

Мектептегі интерактивті тақта да мұғалімдердің жұмысын жеңілдете түсуде. Ағылшын тілі пәнінің интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі, оқушылардың қызығушылықтарын арттырады, және де мұғалімдердің сабаққа дайындығын нығайта түседі. Әр сыныпта өткізілетін сабақты интер-
активті тақтамен дайындалған мұғалімнің де беделі артады. Сондай - ақ, 5,6 сыныптардың тақырыптары яғни ауа райы, жыл мезгіл-
дері, зат есімдер, аспаптардың аттары, түстер, мамандық аттары, сан есімдер, ұлт аттары, бөлме аттары, сұраулы сөйлемдер, ел аттары, табиғат т.б. көптеген тақырыптарға интерактивті тақтаның атқаратын орны ерекше. Ал 7,8,9 сыныптардың электронды оқулықпен, дискімен жұмыс, мәтіндерді оқу барысында яғни, оқушылардың есту және сөйлеу мәнерін дамыта түседі. 10 – 11 сыныптарда интерактивті тақтаның үлесі сол, тестке дайындау жеңілдейді. Сондықтан да, біз әлеуметтік жобалауды бүгінгі оқушы жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеудің және олардың азаматтыққа позициясын шыңдаудың ұтымды да, тиімді жолының бірі деп есептеймін.

Ағылшын тілі сабақтарында төмендегідей компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдалануға болады. Олар: Project teaching, Learning together, Step by step, English Platinum, English Practice, Active Studio, Bridge to English және т.б.

Интерактивті тақтаның көмегімен «Ағылшын тілі сабағында оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өткіздім.

Интерактивті әдіс-тәсілдермен сабақ жүргізген кезде оқытушы - кеңесші ролін атқаратыны белгілі. Ал оқушылар белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сөйлеуге үйренеді. Осындай игі істер арқасында балалар өзін-өзі батыл, еркін сезінеді; үйреніп жатқан тілге деген қызығуы артады; өзіне бөлінген тақырып бойынша сөйлеу барысында ізденуге, шығармашылықпен жүмыс істеуге үйренеді.

Ендеше, әлі де болса ойлаған жағдаятты негіздей алатын, міндетке сәйкес жұмысты шешімді тиянақтай алатын, проблеманы анықтап және құрастыра алатын, қойылған мақсаттарға жетуді негіздей алатын, нақты өмірлік жағдаяттарда ағылшын тілінде ауызша және жазбаша түрлі коммуникативтік құралдарды қолдана алатын оқушылар легін тәрбиелеуге тырысамын.

Интерактивтік тақтаны қолдану барысында кездескен қиыншылықтар





Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады.
Интерактивті оқыту – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды көрсетеді. Осындай мақсаттың бірі оқушылар өзінің сәттіліктерін, интеллектуалдық жағдайларын, оқу процесінің өзінде қандай өнімді іс істеу керектігін сезінетін, оқудың қолайлы жағдайын жасаудан тұрады.

Интерактивті тақтада жұмыс жасау кезінде кездесетін қиыншылықтар:

* оқушылар мен оқытушылардың арасында қарым қатынас жасау процесінде өзара ынтымақтастықтың болмауы;

* оқытушылардың жеке («педагогикалық») тәжірибесі, оқу процесіне ашық үлгілерді, фактілерді, образдарды қайталай алмауы;

* ақпарат беретін нысандар мен әдістердің көптүрлілігі;

* оқушылардың белсенді сабаққа араласа алмауы;

* сабаққа қажетті электронды дискілердің ашылмай қалуы.

Қорытынды

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияның барлық мүмкіндіктерін кіріктіру, оқушылардың өзіне және өз біліміне қатысты танымдық қызметін, шығармашылық талабын, белсенді бағыттарын ынталандыру оқытушыға да тікелей қатысты.

Сабақтың ашық, жарқын, қызықты өтуі, ол мұғалімнің сабақ барысында қолданған әдіс-тәсілдеріне байланысты. Сабақты қызықты өткізу оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы арттыра түседі. Бірінші кезекте оқушылардың ыстық ықыласы мен жүздеріндегі шаттық күлкісі, мұғалімнің жұмысқа деген құлшынысын арттырады.

Бұндай ойды бір данышпан өзінің өсиет әңгімесімен дәлелдейді. Ол бұрынғы заманда өмір сүрген, көпшілікке танымал адам болса керек. Күндердің-күнінде бір адам оның данышпандылығына күмән келтіріп, оны елдің алдында масқара етпекші болады. «Данышпанға бір көбелекті ұстап әкелемде тірі ма, өлі ме? – деп сұраймын. – Тірі деп айтса – онда алақанымда қыссам, көбелек өледі. Өлі деп жауап берсе – онда көбелекті халық алдында ұшырамын дейді».

Шалғында жүрген көбелекті ұстап алып, алақанына қысып, данышпанға келеді. «Мен саған қандай көбелек әкелдім, өлі ме, әлде, тірі ме?» - деп ол сұрақ қояды. Сол кезде ол, өзінің данышпандығымен таң қалдырған жауапты естиді: «Барлығы да өз қолыңда» - деген екен данышпан.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Олай болса, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашағымызға жұмсауымыз керек.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, Ы. Алтынсарин айтқандай, мұғалім, яғни мектеп тәрбиешісі істің алға басуын қадағалайды. Бәрі де мұғалімге, оның сабаққа дайындылығына, өз жұмысына деген махаббатына байланысты. Мектеп жаңа өмір үшін күресетін азаматтарды даярлауы тиіс. Жас ұрпақ – біздің еліміздің болашағы, құстай самғап, аяғынан нық тұрып, ұшып кеткенше, аялы алақанымызбен аялай білейік ұстаздар. «Барлығыда өз қолымызда құрметті әріптестер!» - дегім келеді.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. «Ағылшын тілі мектепте». Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал. №5/2008.

  2. «Первая сентябрья». Журнал. №7/2006.

  3. «Бастауыш мектеп». Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал. №9/2005.

4. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2002.

5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі

жаңа Қазақстан». 2007.

6. Қаппасова Қ.Р. Оқу құралы. Қарағанды, 2005.

7. Информационная технология. Электронное издание. СТ РК. А.2004

Информатика и образование, 2004, №12

8. Қалиева М. Білім беру технологиялары және оларды

оқу-тәрбие үрдісіне ендіру жолдары. Алматы, 2002.

9. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында ».

Ел президентінің халыққа жолдауы , Астана, 2006 ж.

  1. Садыбекова Ж. Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық

технологияны қолдану қажеттілігі «Информатика негіздері»2008.№4 11. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін

2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы

12. Информатиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану

      «Информатика негіздері » 2008.№5.  



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!