Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ағылшын тілі сабағында мултимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану жайында
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ағылшын тілі сабақтарында компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалану жайында
«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің
«ағылшын тілі» пәнінің оқытушысы Султанмурадов Б.А.
«Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бағыттарының негізгі мақсаты халықтың барлық бөлігінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа жету жолдары əлемдік стандарттар деңгейінде білім беріп ғана қоймай, бəсекеге барынша қабілетті, білімді мамандар дайындауды көздейді .
Қазақстан Республикасында жəне дүние жүзінде жүріп жатқан жаһандану, əлеуметтік, экономикалық жəне саяси өзгерістер шетел тілін білуге деген құлшынысты арттырып, оның қоғамдағы ролін күшейтіп отыр. Əлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ағылшын тілін меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дəрежеде дамыған, білімі жағынан бəсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жəрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мəселесі Қазақстан жоғары оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Сапалы білім беру қазіргі уақытта білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа əдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Ақпараттық технологияларды пайдалану бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дəстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тəрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Білім берудің негізгі мақсаты білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың əдіс-тəсілдері мен əр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда компьютерлік технологияны пайдалану əдісі зор рөл атқарады. Компьютер сабақтың тиімділігін, оқушылардың белсендігін жоғарлататын технологиялардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда жоғары мектеп пəндерін компьютер көмегімен оқыту нəтижелілігін жақсарту проблемасын қарастыру ең басты орын алады.
Əрбір технология өзіндік жаңа əдіс-тəсілдермен ерекшеленеді. Əдіс-тəсілдерді оқытушы ізденісі арқылы студент қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Ағылшын тілі сабағында компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін қолдану арқылы, интерактивті технология қағидаларын іске асыру барысында студенттердің танымдық белсенділіктерін, білім сапасын, ағылшын тіліне деген қызығушылығын жоғарлатуға мүмкіншіліктер туады.
Компьютер оқу үрдісінде қолданылатын оқытудың тиімді құралдарының бірі. Ол оқытудың əдістері мен мазмұнын анықтамайды. Сондықтан шет тілін компьютер арқылы оқыту əдістемелік оқу құралдарын жасау үшін шет тілін оқытудың негізгі мақсатын жүзеге асыруға қатысты əдістемелік мүмкіндіктер болу керек. Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз — білім алушыларға ақпаратты компьютер арқылы дайындау жəне беру процесі. Компьютерлік технологияға əр түрлі оқыту əдістері жатады: бағдарламалық оқыту, танымдық оқыту жəне т.б.
Бұл технологияның ең маңызды сипаттамалары мыналар:
-
оқытудың компьютерлік жүйелері (бағдарламалық, танымдық, тестілеу);
-
оқытудың мультимедиалық құралдары.
Жалпы айтқанда, шет тіліне үйретуде компьютерлік оқыту технологиясы мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
-
екі жақты қарым-қатынастың мүмкін болуы (үйренуші мен оқытушы);
-
ауқымы кең түрдегі əр түрлі тілдік жəне тілдік емес ақпарат көздеріне кең түрде қол жеткізу мүмкіншілігі.
Мультимедиалық технологияны шет тілін оқытуда қолданудың ең маңызды аспектілерінің бірі ондағы оқыту бағдарламаларында шет тілін оқытудың барлық принциптерінің енгізілуінде. Атап айтатын болсақ:
-
сөйлеу əрекетінің барлық түрлерінің қатар (параллельді) оқытылуы;
-
ауызша негізінің болуы;
-
оқытудағы жеке тұлғаға бағытталған сипаты;
-
ана тіліне сүйене оқыту;
-
тəжірибелік тиімділігі;
-
кешенділігі;
-
өзара толықтыру;
-
ауызекі тілдік жаттығулардың ситуацияларға негізделінуі .
Компьютерлік оқыту бағдарламалары арқылы шет тілінде сөйлеу дағдыларын кешенді түрде қалыптастыру, яғни сөздерді айту (дыбысталуы), жазу, интонация, лексикалық жəне грамматикалық дағдыларды қалыптастыру жүзеге асырылады.
Компьютерді оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі бағыттары болып мыналар табылады:
-
оқыту процесінің мақсаты ретінде модельдік үлгілерді қолдану, құбылыстар мен үрдістерді көрнекілікпен ұсыну;
-
оқу материалдарын қолдану біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыратын жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру;
-
алған білімді, үйренген дағдылар мен біліктілікті бағалау жəне бақылау жасау, алған ақпараттарды жинау жəне сұрыптау;
-
автоматты түрде ақпарат іздеу;
-
компьютер желісі көмегімен əңгіме-сұхбатты қамтамасыз ету.
Компьютерлік оқыту дегеніміз оқытудың техникалық құралдарының бірі компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Оны келешекте электронды оқыту деп атауды кейбір маман-ғалымдар ұсынуда. Электронды оқыту жүйесі рецептивті жəне интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді. Олай болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық жəне адам ресурстарын жəне олардың өзара əрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау жəне жүзеге асырудың жүйелі əдісі деп санауға болады.
Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сəйкес осылайша электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Осыған байланысты қазіргі кезеңде педагогика ғылымының алдында электронды оқытудың жүйелік факторлары мен негізгі педагогикалық ұстанымдарын анықтауға бағытталған бірнеше міндеттер тұр. Электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту əдістеріне, оқытудың формасына жəне құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электронды оқытудың əдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындайды. Электронды оқыту жағдайында əдістемелік жүйенің негізгі бөліктерін былайша белгілеуге болады :
-
оқыту мақсаты мен міндеттері: біліктілік пен дағдыны қалыптастыру;
-
оқыту формасы: автономдық, қашықтан оқыту;
-
оқыту мазмұны: теориялық білімді тəжірибелік бекіту білімін тексеру;
-
оқыту əдістері: топтық əдіс, жеке дара оқыту əдісі;
-
оқыту құралдары: бағдарламалық өнімдер.
Компьютерлік оқыту — техникалық оқыту құралының бірі ретінде компьютерді қолданатын оқыту жүйесі. Ол оқытудың тиімділігін арттыруға, дараландыруға жəне деңгейлік саралауға, оқыту үрдісінде өзара іс-əрекеттердің жаңа формаларын ұйымдастыруға, білім алушы мен оқытушы іс- əрекеттерінің сипаты мен мазмұнын өзгертуге, оқу үрдісін басқаруды жетілдіруге, оны жоспарлауға, ұйымдастыруға жəне бақылауға мүмкіндік береді. Компьютер мүмкіндіктерін пайдаланып, көрнекі оқыта отырып, оқу материалын игеруге ғылымилық жəне шамаға лайықтылық принциптерімен қамтамасыз етіп, студенттердің логикалық ойлауын, эстетикалық қабылдауын, қандай да бір жұмысқа шығармашылықпен қарау деңгейін дамыта түседі. Компьютерлік технологияның ең маңызды дидактикалық ерекшелігі — оның ақпаратпен жоғары дəрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Сөйтіп, компьютер көмегімен, оның дыбыстық мүмкіндігін пайдалана отырып, студенттерге оқу материалдарын түсіндіруде соңғы технология жаңалықтарын толық қолдануға болады. Демек, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда компьютердің көрнекілік мүмкіндіктерін толық əрі тиімді пайдаланудың маңызы зор, болашағы үлкен .
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне-, аудиоқондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нəтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық окулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дəстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі — оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.
Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етулеріне жағдайлар жасайды. Сондықтан да болар, қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай, білім беру саласында алға жылжу мүмкін емес деп есептейміз. Электрондық оқулық дегеніміз — мультимедиалық оқулық, сол себептен оның құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген жəне студенттің ұмытып қалған оқу материалдарын еске түсіруіне көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулық ешқандай қосымша қағаз құралдарының көмегінсіз, тек ғана компьютерлік бағдарламалар негізінде жасалынуға, барлық негізгі функцияларды қамтамасыз етуге жəне барлық талаптарды орындауға тиіс. Аудиториялық жəне аудиториядан тыс өздік жұмыстарда да кеңінен қолданыс тауып жүрген электрондық оқулықтар мен автоматтандырылған оқыту жүйелері оқу материалын беру, ақпаратқа талдау жасау, білімді бекіту жəне бақылау сияқты бірнеше қызметті қатар атқарады.
Электрондық оқулық қашықтан оқыту формасының да басты құралы болып табылады. Қашықтықтан оқыту білім алушылар мен оқытушылар арасындағы өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын жəне жоғары дəрежедегі қазіргі ақпараттық технологияларды (аудиовизуалды құралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары т.б) пайдаланатын белгілі бір оқу пəндері бойынша ұйымдастырылатын оқыту процесі. Ағылшын тілі грамматикасын меңгеруде де қашықтықтан оқытудағы интерактивтік мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор. Өйткені қашықтықтан оқыту арқылы ақпараттар жүйесін жеткізуге, оқытушы мен үйренуші арасында қайта байланыс жасауға жəне диалог құруға мүмкіндік туады. Сонымен, қашықтықтан оқыту кезінде студент компьютермен жұмыс істеудің дағдыларын ғана емес, сонымен бірге өзіне интернет желісінің түрлі қорларында кездесетін түпнұсқалы материалдармен жұмыс жасау тəсілдерін де меңгеруі керек екендігі сөзсіз. Студенттер сонымен қатар ағылшын тілінде берілген мəтіндерді оқудың əр түрлерін:зерттей оқу, іздене оқу, таныса оқу түрлерін жақсы меңгерген болуы; электрондық анықтамалар мен сөздіктермен жұмыс істей білулері тиіс.
Кредиттік оқыту жүйесінде электрондық оқулықтардың студенттерге өздігінен білім алу мен өзіндік бақылау жасауда маңызы зор. Электрондық оқулық — компьютерлік техниканы қолдану негізінде жасалған жаңа оқулық түрі, ғылыми негізде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Ол студентке білімді əбден меңгергенше бірнеше мəрте оқуына, интерактивті режимде тапсырмалар орындауына, өздігінен білім алуына, өзін-өзі бақылауына мүмкіндік береді. Мультимедиалық мүмкіндіктерді қолдануына байланысты соңғы кездері «электрондық оқулық» ұғымының синонимі ретінде «мультимедиалық оқулық» ұғымы да қолданылып жүр .
Мультимедиа ағылшын тілінде multimedia, латынша multum — көп жəне media, medium — жинақ құрал (-дар) дегенді білдіреді, яғни құрамына бірнеше мəтін, сурет, бейне, анимация т.б топталған электронды ақпаратты тасушы. Біздің түсінігімізде мультимедиа мыналарды білдіреді: компьютер технологиясы, ақпаратты ұсыну тек ғана мəтін емес, сонымен бірге графика, түс, дыбыс, анимация жəне бейнекөріністер. Яғни мультимедиалық оқулық компьютердің мультимедиалық мүмкіншілігін пайдалану арқылы технологиямен берілетін дыбыс, графика, анимация т.б. болып табылады. Мультимедиа — бұл қазіргі компьютерлік құралдарды пайдаланып, интерактивті бағдарламалық қамтамасыз етуді басқарудың аудиоэффективті жəне визуалды нəтижелерінің өзарабайланысы, бірігуі. Мультимедиалық технологияны сауатты қолдану үшін оқытушы оның студенттерге қандай мүмкіндіктер беретінін жəне белгілі бір құралдарды тиімді қолдана білуі қажет.
Мультимедиалық технологияны дұрыс қолдану барысында дəстүрлі типтегі сабақтармен салыстырғанда келесі ерекшеліктер қамтылады:
-
оқытушының да, студенттің де шығармашылық потенциалы артады;
-
оқу уақытын дұрыс пайдалану тиімділігі жоғарылайды;
-
коммуникациялық əдістер түрлі өзгерістерге ие болады;
-
ақпарат алмасу тез жылдамдамдықпен жүзеге асырылады;
-
студент тек тыңдаушы емес, белсенді қатысушыға айналады;
-
тақырыпты ашуға, оқу материалының мазмұндық-мəндік маңызын жете меңгеруге мүмкіндік
-
туады;
-
дидактикалық материалдардың əр түрлі формалары кеңінен қолданылады;
-
оқу материалдарын меңгеруде студенттердің есте сақтау қабілеті арта түседі жəне жоғарылайды;
-
анимация жəне видеобейнелердің орынды қолданылуына байланысты аудиторияға эмоционалдық-психологиялық əсер беріледі.
Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дəуірдің мультимедиалық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады.
Студент компьютер арқылы өзінің психофизиологиялық мүмкіндіктеріне сəйкес, дербес бағдарлама арқылы жұмыс жасауына мүмкіндік алады. Компьютер автоматты түрде студент жұмысын бақылай жəне жіберілген қателіктер мен оларды болдырмау жөнінде ұсыныстар, өтілген материалдардың игерілу сапасын бақылай алады. Оқытушы компьютердің көмегімен барлық студенттердің жекелеген бағдарламалар бойынша жасалған жұмыстар нəтижесі жөнінде объективті ақпаратты ала отырып, өзіндік авторлық бағдарламаларды құру арқылы оқу процесіне жедел ықпал жасай алады.
Ағылшын тілін оқытуда қолданбалы бағдарламаларды: Microsoft Word мəтіндік редактор, Paintграфикалық редактор, Microsoft Power Point презентация дайындау құралы, мəліметтер қорын басқару жүйесі, сондай-ақ арнайы дайындалған ағылшын тілін үйренуге арналған мультимедиалық оқыту бағдарламасы, тестер, электронды оқулықтарды пайдалану қажет. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып, мыныдай жұмыстар жасауға болады:
-
кесте, кроссворд құру үшін Paint графикалық редактор жəне Microsoft Word мəтіндік редактор арқылы лексикалық, грамматикалық тақырыптарды өңдеу;
-
жеке жəне ресми хат жазу, оны дұрыс безендіруді үйрену (Microsoft Word);
-
бүкілəлемдік Интернет желісін пайдалану арқылы тіл үйренушілермен еркін қарым-қатынасты ұйымдастыру, яғни электронды пошта арқылы хат-хабар алмасу, өз ойын еркін жеткізу, болашақ мамандықтарына қатысты сайттарға еніп, білім қорын жетілдіру, сөздіктер мен энциклопедияларды пайдалана алу .
Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалану студенттердің шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдысының қалыптасуына əкеледі. Ағылшын тілінен электронды оқыту бағдарламасын қолдану арқылы студенттер жұппен, топпен жұмыстар жасайды. Бұндай жұмыс түрлері білім алушылар бір-бірімен ағылшын тілінде диалог құруда, грамматикалық білімдерін бекітуде қолданылады.
Ағылшын тілі сабақтарында компьютерді пайдаланып, тілдің білімдік, тəрбиелік, дамытушылық мақсаттарына қол жеткізуге болады. Интернет желісі арқылы тілі оқытылып отырған ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер жайында түпнұсқалы мəліметтер алып, Power Point бағдарламасы арқылы жасаған слайд-презентацияларды мультимедиалық проектордың көмегімен көрсетсек, сабағымыз қызықты да тартымды өтері сөзсіз. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты .
Əдебиеттер тізімі
-
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан. — 2004. — 16 қазан.
-
Методические рекомендации по применению мультимедийных технологий при подготовке и проведении учебных занятий / Сост.: С.Т.Каргин, Л.П.Любонская, Л.Р.Шевлякова. — Караганда,
-
Лекерова Г., Маджуга А. Инновационные педагогические технологии в образовательном процессе // Высшая школа Казахстана. — 2001. — № 6. — С. 29–32.
-
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. — 2004. —№ 2.
-
Досжанов Б.А. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері: Пед. ғыл. канд. ... дис. — Қызылорда,
-
Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб. пособие / Под. ред. Е.С.Полат. —М., 2002. — С. 271–275.
-
Сысоев П.В., Евстигнеев М.Н. Современные учебные Интернет-ресурсы в обучении иностранному языку //Иностранные языки в школе. — 2008. — № 5.