Материалдар / Ағылшын тілі сабағында ойын технологиялары негізінде оқушылардың оқу - танымдық іс- әрекетін белсендіру

Ағылшын тілі сабағында ойын технологиялары негізінде оқушылардың оқу - танымдық іс- әрекетін белсендіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Көп мəлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2020
271
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік
жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген
мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Бүлдіршін
жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ.
Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине
мұғалім.Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту
сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық
тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен о йындырды барынша қолдануда.
Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл -күйін
көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты,
тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным
өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан
сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар
педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Ол ойындар баланың
тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім
түрлерін де дамытады. Ойын түрл ері көп. Соның ішінде бастауыш және
орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын -сабақ, ойын-жаттығу,
сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар,
логикалық ойындар т.б. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы
ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік
құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып
табылады, сондықтан ағылшын тілін үйрету үшін мұғалім осы факторды
ескере отырып әртүрлі ойындарды пайдалану к ерек. Ойындар арқылы
мұғалім балаларға жаңа сөздерді,сөз тіркестерін үйрете алады. 7 -9
жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне
оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар,
жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел
тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар
шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді.
Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін
ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат
етіп, ойналған кзде ғана нәтижелі болады.
Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты,
нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында
берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқу шыға ерекше әсер
етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел
қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын
арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын оқушыны
бірігіп жұмыс істеуге
бағыт береді,іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғыз
ады.
Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:
Әліпбиді дұрыс меңгерту;


Page 2

Орфографияны дұрыс оқыту;
Оқу дағдысын қалыптасыру;
Лексиканы меңгерту;
Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқ и білу
дағдыларын қалыптастыру.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығын, тіл
қорына сай болу керек. Мұғалім кез- келген ойынды өткізу
үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Тиімді пайдаланған ойын
түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор
ынтамен тыңдап берік меңгеруіне
көмектеседі.Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан
гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар
тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын б олады.
Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл –ой белсенділігін
қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама
материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін
тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың
сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге
қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және
оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар
арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі т
аңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы жобадада тілді
меңгерту мақсатында сабақта қолданылатын түрлі ойындармен та
ныстыра кетуді жөн көріп отырмын.
1.What’s in the bag? Сумкада не бар? ойыны.
Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан
сұрайды. Балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап
бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ
соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін
қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен
таныстырады.Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this?
Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen,
copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке -
жеке қайталатады.Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка
ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ
арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller?
Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар
тапса Janatbek has a pencil деп табу керек. Бұл ойын


Page 3

оқушының cабаққа деген қызығушылығы артып, сөздік
қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен
ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы
басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым
құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын
арқылы оқушының:
қисынды ой-қабілеті дамиды;
өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
зейіні қалыптасады;
байқампаздығы артады;
өзара сыйластыққа үйретеді;
ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
бір-біріне деген оқушы сенімі артады;
сабаққа қызығушылығы артады.
Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу
және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз
бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың
үлесі зор десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға,
белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем
құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс -әрекеттерін
әңгімелеуге үйрету дидактикалық ойындарды ойнау барысында
қалыптасады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді.
Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой -өрісін кеңейте
алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала
көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай
ұжымдастырылған ойын дардың берері мол.
Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық білім
беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та оқытудың
ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы
дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін
танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу
қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік,
сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады.


Page 4

Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет -
қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін
іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін
дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі
– «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты – қажетті сөздерді дұрыс
тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол
сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді
атайды немесе жазады. Сондай -ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Who’s
the faster?» ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда
қолдануға болады. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы,
зейіні, тілін дамыту үшін дидактикалық ойындар мен тапсырмаларда н
басқа грамматикалық ойындардың орны ерекше. Яғни құзіреттілік
тапсырмалар арқылы оқушының тілімен, оқуға деген және пәнге деген
ынтасы артады. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың
грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік
береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады,
ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де
бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың
әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылад ы. Жаңа
тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында
пайдаланылады.
Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар:
«доппен ойыны» – балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын
немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің
үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек,
«Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты гаетпен жауып, сұрақтар
қою барысында оқушылар ол не зат е кенін шешу керек, «Сөз құра» –
суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек,
«Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы
санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым
білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру
керек, «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп «
What colour is
it ?” балалар It’s red деп жауап береді . Әр ойын сабақ мақсатына сай
қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін ж аттықтырады,
яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.
Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды,
мысалы: «colours”, “friends”, “ school”, “family” .
Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік
ойындарға үлкен мән беремін. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім
тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Our house» ойыны. Топ өздері
тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан
кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын
өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін
тигізеді.


Page 5

Қорытындылай келе, дидактикалық ойындар оқушылардың таным
белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің
бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып,
оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына
қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ
барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі
бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің
сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ