Материалдар / "Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойын технологиясы" тақырыбында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойын технологиясы" тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. 12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
383
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойын технологиясы


Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру.

12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады.
Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.

Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

  • Ойын – сауық

  • Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық

  • Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тануы)

  • Коррекциялық (өзін-өзі түзетуі)

  • Әлеуметтендіру


Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде:

*  ойын-сабақ;

*  ойын-жаттығу,

*  сергіту ойындары,

*  дидактикалық мақсаттағы ойындар,

*  логикалық ойындар,

*  грамматикалық ойындар,  т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.


Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Нақтылай отырайық, 1 сыныптар жаңартылған бағдарлама бойынша биылғы оқу жылын бастады. Сіз бен біз білетін қазіргі білім алушылар талабы мүлде басқа. Олар бізден көңілді ойындар мен қызықты ақпараттар күтеді. Ал кезекті ойын сабақтары бізге және біздің балаларға не береді деген сұраққа ойысайық.

Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады.

Алғашқы сыныптардағы менің алғашқы проблемам - ол балаларға ағылшын тіліндегі жиырмадан аса әріптерді қалай үйретемін деген?!




Енді осы тақырыпқа практика жасап көрейік.

«Алфавит» (“Alphabet”) ойыны
Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.

Бірақ тақтаға ілінген әріптерді балалардың өзіне жасатуды ұмытпаңыз. Балалар қаншалықты өздері жасайды, соншалықты есте қалары сөзсіз.


Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.

Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті — сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

Қытай  даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз  балаға бір ақпаратты тек  айтып  қана  қойсақ, ол ұмытып  кетуі  мүмкін, көрсетсек  есінде  қалуы  мүмкін, ал ойын  үрдісінде баланың  өзіне  жасауға  мүмкіндік  берсек, бала  өзі  үйреніп  кетуі  әбден  мүмкін. Сонымен  қатар, зерттеу барысында шетел  мектептерінде сабақ  үдерісінде қолданылатын  ойын  түрлері  мен  ойын  әрекеттері, жаттығулар оқушыларға беріліп, салыстырыла  талданды.

Шетелдік   мектептердегі сабақ үстіндегі   ойын технологиясын қолдануды қарастыра келе, мынадай қорытынды жасауға болады:

  • шетелдік мектептердегі ойын әдістерінің жүргізілуі өте еркін, яғни олар ойын барысында  өздерін  өте  еркін  ұстайды, ролдік  ойындарды  да  нағыз  образға   шынайы  түрде  ене  отырып  орындайды, ал біздің  мектеп оқушыларының коммуникативтік  ойындарды қолдану  барысында, өз  ойларын  жеткілікті  дәрежеде  жеткізе  алмауы, олардың  сөздерді  айтуда  қателесемін  деген  ойдың  туындауында, себебі  қазақ  мектебінің кейбір  балаларына  ұялшақтық  пен  ұяңдық  тән, олардың бойында   өзгелермен  жылдам  қарым-қатынасқа  түсу  сияқты қасиеттер  баяу. Міне, осы мәселені  шешу үшін,   ағылшын  тілі  сабақтарында  оқушылардың  коммуникативтік  сөйлеу  біліктілігін  қалыптастырып, дамытуда  ойын  әдісінің  ролі  өте   зор.

Атақты  американдық  жазушы Е. Градин «You  cannot  effectively  learn   a   foreign  language until  you  make a million mistakes in that   language. So hurry  up  and made your million  mistakes» деп  айтқандай, кез-келген  адам ағылшын тілін сөйлеу  әрекетінде  миллиондаған  қателерді  жіберу  арқылы  үйреніп, шыңдалады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!