Материалдар / Ағылшын тілі сабағында заманауи білім беру ортасы жағдайларында оқушыларды тәрбиелеу және білім беру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ағылшын тілі сабағында заманауи білім беру ортасы жағдайларында оқушыларды тәрбиелеу және білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз, бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі өте маңызды мәселе. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»деген.Мемлекетіміздің жан- жақты дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар, жан - жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындау біздің қоғамдағы міндетіміз.Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, білім мен тәрбие беру саласына жаңа өзгерістер енгізіп, жаңа талап, міндеттер қойып отыр. Сондықтан, білім берудің әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сай туындап отырған қажеттілік. Қазіргі кездегі оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан, мектеп қабырғасында оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруі тиіс. Бұл мақсатқа жету ү
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
333
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жанахметова Ботагоз Усеновна

Теміртау қаласы №8 жалпы білім беретінорта мектебінің ағылшын тілі пән мұғаліміҚарағанды облысы, Теміртау қаласыАғылшын тілі сабағында заманауи білім беру ортасы жағдайларында оқушыларды тәрбиелеу және білім беру Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз,  бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі өте маңызды мәселе. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»деген.Мемлекетіміздің жан- жақты дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар, жан - жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындау біздің қоғамдағы міндетіміз.Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, білім мен тәрбие беру саласына жаңа өзгерістер енгізіп, жаңа талап, міндеттер қойып отыр. Сондықтан, білім берудің әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сай туындап отырған қажеттілік. Қазіргі кездегі оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан, мектеп қабырғасында оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруі тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін арттыруға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Қазіргі кезде заманауи мұғалім алдына мынандай мақсаттар қоюы тиіс: оқытудың жаңаша әдіс- тәсіліне сүйене отырып, оқушының ізденгішітік, танымдық іс-әрекетіне, өмірге көзқарасын қалыптастыру, балалардың алған білімін өмірде пайдалана білуге үйрету.Оқушының өзіндік білім алуға, ойлауға, әр түрлі мәселелерге үңіле қарауға,оны өз бетімен шешу жолдарын табуға, өзіндік даму жолын анықтауға бағыт-бағдар беруші мұғалімнің әдістемелік қоржынында педагогикалық технологиялар жеткілікті болу керек. Заманауи мұғалім алдына мынандай мақсаттар қоюы тиіс: оқытудың жаңа әдіс-тәсіліне сүйене отырып,оқушының ізденгішітік, танымдық іс-әрекетіне,  өмірге көзқарасын қалыптастыру өз жұмыс тәжірибесінде дәріс беріп жүрген пәндері бойынша алға қойған мақсаты: оқушылардың білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұраларың басты шарты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұстап, – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету... Сол ата-бабаларымыздың тарихи-мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік», - деді Елбасымыз. Биылғы оқу жылында10«А» сынып оқушыларымен тарихи –өлкетану музейіне барып Қарқаралының Талды жерінен табылған «Алтын адам» туралы Рухани жаңғыру аясында музейде өткізілген «Ұлы дала тарихы» атты тарихи танымдық сабаққа қатысты. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, елге, жерге, пәнге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыра қызығушылықтарын арттыру.Осыған сәйкес мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланамын.Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген–әр жеке тұлғаның кез–келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол–өз алдына тарихи тақырыптық сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірбиенің бірлігі. Сабақта сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
  • белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды:
  • мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
  • бір-біріне құрметпен қарауға;
  • бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі  қаланды;
  • өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
  • өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
  • өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
  • достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге бейімделді.
Әр мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыға тек білім беріп қана қоймай, алған білімін өздігінен дамытып, жеке және қоғам қажеттілігіне икемдеп, дұрыс, тиімді пайдалана және әлеуметтік бәсекелестікке төтеп бере алатын, мәдени ортаға бейімделгіш, дара тұлға, білікті азамат дәрежесіне көтерілген адам дайындау деп есептеймін. Қазіргі таңда да білім беру үрдісін ұлттық үлгі негізінде қалыптастыра отырып, әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру қажет. Сабақ – мектепте оқушыларға білім мен тәрбие берудегі негізгі үрдіс. Ағылшын тілі пәні сабақтарында өзімізге бұрыннан белгілі әңгіме, баяндау, пікір алысу сияқты әдістермен қатар, картамен жұмыс, көрнекі құралдар қолдану, тарихи көркем әдебиетті пайдалану, мерзімдік баспасөз, интернет материалдарына жүгіну қажеттігі де туындайды.Сонымен қатар, баланы ғылыми ізденіске баулу, ғылымға деген ой-таным, көзқарасын қалыптастыру, өмірдегі өз орның сезінуге,толыққанды шығармашыл адам етіп тәрбиелеу де пән мұғалімінен талап етілетін міндет болып отыр.Қазір оқушының танымдық белсенділігі, сабақта ұйымдастырылған түрлі ситуацияларға қатысуы арқылы өзі де кейіпкерге айналып,сол жағдайдан шығу үшін әр түрлі жолдарын іздеуі, ойлануы, жоспар құруы, нәтижесінде «өз жаңалығын» ашуы оқушыны шығармашылық тұлға дәрежесіне дейін көтеріп отыр. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.Сонымен, оқушының ой-таным әрекеттерін арттырудың тиімді құралдарының бірі-оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті болып есептеледі. Өз бетімен білім алу, жоғарғы сынып оқушыларына тән болғандықтан, мұғалім көбінесе бағыт беруші, оқушының ой-өрісін дамытушы, шеберлігін шыңдаушы болмақ. Мұғалім оқушыға бағыт-бағдар бере отырып,өзі де көп біліп, көп зерттеп, сабақ беру барысында оқушылардың бойында ағылшын тілін оқып-үйренуге деген құштарлықты оятып, жауапкершілікке үйретіп, пәнді меңгеру тәсілдерін, яғни оқу қызметін қалыптастыру қажет.Осыдан барып оқушы бойында іскерлік пен дағды меңгеріледі.Сонымен қатар, жаңа технологияларды және интерактивті әдістерді оқу үрдісінде қолдану, оқушылар жинақталған тәжірибесін сыртқа шығарып, оны өмірінде пайдалана алады. Жалпы заман талабына сай білім беру қашан да өзекті мәселе. Біздің №8жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәнін оқыту құралы ретінде компьютерді,интерактивті тақтаны қолдану-оқу үрдісін белсенділігін, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызып отыр. Оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың,танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде.Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, бар күш жігерімізді мектептің білім сапасын арттыру үшін жұмсауымыз керек.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!