ҚР Білім және Ғылым
министрлігі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар
ауданы, Ембі қаласы
Аудандық
семинар
Тақырыбы:
«Ағылшын тілі
сабақтарында қолданылатын қызықты
әдіс-тәсілдер»
Дайындаған:
№2 ЖББОМ ағылшын тілі пәні
мұғалімі: Казиханова Д.К.
Жоспар
Тақырыбы: «Ағылшын тілі
сабақтарында қолданылатын қызықты
әдіс-тәсілдер»
Мақсаты: семинарға
қатысушыларды ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын кейбір қызықты
әдіс-тәсілдермен таныстырып, ой бөлісіп, тәжірибе
алмасу.
Бөлімдері:
-
Кіріспе, топқа
бөлу
-
Әдіс-тәсілдермен
таныстыру
-
«Clean the
blackboard!»
-
«Balloon»
-
«Complete the
picture»
-
«Detective»
-
Рефлексия
-
Қорытынды
Барысы:
-
Кіріспе, топқа
бөлу.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
өзінің халыққа жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді
пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі
– мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын
тілі – жаһандық экономикаға кірігу тілі» деп атап көрсетті. Бұл
мақсатты орындау тікелей ақылшын тілін оқытатын мұғалімдерге
байланысты әрі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан біз
оқушыларға тілді үйретудің тиімді жолдарын пайдаланып, оларды
қызықтыра отырып, еркін сөйлеуге, жазуға, түсінуге баулу керекпіз.
Біз бүгін сіздермен ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын бірнеше
қызықты әдіс-тәсілдермен бөлісеміз.
Бұл жаттығуларды тек әншейін
сөзбен айтқаннан гөрі өзіміз жасап көрсетсек, түсініктілеу болады
деп ойлаймын. Сол себептен бірінші барлығымыз топқа бөлініп алсақ
деймін. Топқа бөлінудің түрлі әдіс-тәсілдері бар, соның ішінде
бүгін сіздерге ұсынатынымыз «Өз затыңмен бөліс», яғни әр қатысушы
өзінің бір жеке затын береді. Ол заттар араластырылып, төрт үстелге
бөлініп, қойылады. Кімнің заты қай жерде, сол жерге отырады. Енді
әр топ өздері аттарын қойып, таныстырады.
-
Әдіс-тәсілдермен
таныстыру.
-
«Clean the
blackboard!» жаттығуының мақсаты – өткен
тақырып бойынша білімдерін тексеру. Мысалы, сабақтың басында
тақтаға үй тапсырмасына байланысты сұрақтар ілінеді. Осы тақтаны
сұрақтарға жауап бере отырып, тазарту керек. 8 класта “My school”
тақырыбында шағын шығарма жазып келу керек. Осы тапсырманы
тексермес бұрын, сұрақтарға жауап берсе, оқушылар шығармаларындағы
қателері болса түзеп, дұрыс айтуға тырысады. Бұл жерде жазбаша
орындамай келген оқушылар да өз үлестерін қосатыны
сөзсіз.
Қалай ойлайсыздар, бұл әдістің
жағымды және жағымсыз жақтары қандай?
-
«Balloon» жаттығуының мақсаты –
оқушылардың лексикалық білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын
арттыру. Әр топқа бір шардан беріледі. Топтарға тақырыптар беріліп,
сол тақырыпқа байланысты сөздер табу керек. Бір минут ойларын
жинақтап болғаннан кейін, әр топтан бір оқушы шығып, сөздерді айта
отырып, шарды үрлейді. Қай топтың шары үлкен болса, сол топтың
сөздік қоры көп деген сөз. Мысалы, бүгін сіздерге төрт топқа төрт
тақырып беріледі:
-
Fruits
-
Vegetables
-
Drinks
-
Food
Қалай ойлайсыздар, бұл әдістің
жағымды және жағымсыз жақтары қандай?
-
«Complete the
picture» жаттығуының мақсаты –
оқушылардың тақырыпқа байланысты сөздік қорларын байыту,
қызығушылықтарын арттыру. Жаттығудың атын тақырыптарға байланысты
өзгертіп отыруға болады. Бір сурет беріледі сол суретті толықтыру
керек. Астында жазылған сөздердің суреттерін тауып алып,
толықтырады. Мысалы, бүгінгі төрт топқа келесідей тақырыптар
беріледі.
-
“Designer”
–
адамды киіндіру
керек
-
“In the
farm” – үй жануарларын табу
керек
-
“At the
supermarket” – тамақтарды таңдау
керек
-
“My room” – үй жиһаздарын табу
керек
Қалай ойлайсыздар, бұл әдістің
жағымды және жағымсыз жақтары қандай?
-
«Detective» жаттығуының мақсаты –
оқушыларды еркін сөйлеуге баулу. Бір мәтін беріледі, оқып шығып,
ішінен негізгі деген 10 сөзді теріп алу керек. Келесі кезекте сол
сөздермен мәтіннің түсінігін айтады.
Қалай ойлайсыздар, бұл әдістің
жағымды және жағымсыз жақтары қандай?
-
Рефлексия «Вагондар». Суреттегі
вагондардың қайсысына мінер едіңіз? Яғни, әр вагонда бүгінгі
айтылған жаттығулардың аттары жазылған. Сізге қайсысы ұнады, сол
вагонга смайликті жапсырыңыз. Біз бұл жерде сіздерге қай әдіс жаңа
немесе қызыұ болды соны анықтаймыз.
-
Қорытынды. Олай
болса, бүгінгі
сіздерге әкелген
жаттығуларымыз осы. Сіздерге сыйлық ретінде бірнеше жаттығулары бар
кеспе қағаздар сыйлағымыз келеді. Сабақтарыңыз әрқашан қызықты әрі
жемісті болсын деп тілейміз. Олай болса, барлығымыз ортаға шығып,
бір-бірімізге рахмет айтсақ. Бірінші сол қолыңызды алдыға созып,
алақаныңызды ашып, осы семинарға дейінгі өзіңіздің көңіл-күйіңізді
еске түсіріңіз. Енді оң қолыңызды алдыға созып, алақаныңызды ашып,
семинардан кейінгі көңіл-күйіңізді ойлаңыз. Енді екі қолымызды
соғып, барлығымыз бірге «Рахмет» деп айтайық. Тыңдап,
қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздыр!