Материалдар / Ағылшын тілі «Түсінік хат»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілі «Түсінік хат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Түсінік хат ағылшын тіліне арналған. Бұл құжатта 2-5 сыныпқа арналған ағылшын тілінен түсінік хат...
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
4382
21 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілі пәнінен 1-4 сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарға

Түсінік хат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген МЖМБС редакциясында және бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәні «Шетел тілі» деп өзгертілген.

Шетел тілі бағдарламалары білім алушыларға төмендегі тәсілдер арқылы тілді меңгертуге бағытталған:

  • талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар;

  • ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмыс жасау.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 1-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 66 сағатты;

  2. 2-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты;

  3. 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты;

  4. 4-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

Шетел тілі бойынша сабақтарды жоспарлауға төмендегі ұсынымдар беріледі:

  1. 1-сыныпта оқу және жазу дағдыларын дамыту қарастырылмайды, «Оқу» бөлімі бойынша оқыту мақсаттары таныс сөздер мен сөз тіркестерін танып білуге ғана бағытталған;

  2. сабақта ұсақ моториканы дамытуға байланысты іс-әрекеттер, ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмалардықолдану;

  3. оқу тапсырмаларын орындауда білім алушылардың жұмыстарын ынталандыру, білім алушыларды ынталандыру мен қолдаудың әртүрлі нысандарын қолдану арқылы білім алуға қолайлы және жайлы атмосфера жасау, жарыс сипатындағы тапсырмаларды қосу;

  4. бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;

  5. бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі білім алушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болыптабылады;

  6. сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сөздерді, фразаларды және нұсқауларды жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың тапсырмаларды орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тануына мүмкіндікбереді;

  7. мұғалімнің өз сөзін модельдеуі, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуын және ым- ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды баяу және анықайту;

  8. мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды (суреттер, ойыншықтар, постерлер)белсенді пайдалану, бұл білім алушылардың назарын неғұрлым тиімді шоғырландыруға және оларды жаңа сөздерді меңгеру процесіне тартуға ықпал етеді;

  9. білім алушылардың қызығушылығын ынталандыру, жұмыс нәтижелерін көрсету, өткен материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бөлінген орындарда («сөйлейтін қабырғалар», көрмелер және т. б.) оқушылардың жұмыстарын орналастыру және жаңартып отыру;

10) іздестіру, өңдеу, тазарту, ақпарат жасау және ұсыну, ақпарат және идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету;

11) әр сабақта қысқа аудио және бейне материалдарды, логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және флэш карталар мен басқа да көрнекі құралдарды қолдана отырып, өткен тақырыптар бойынша қысқаша театрландырылған көрсетілімдерді үнемі қолдану.

Пән бойынша жиынтық бағалау әр тоқсанда 1 рет тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) және бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын жүргізуді көздейді. 1 сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан басталады. Төменде бөлім / ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау рәсімдерінің саны көрсетілген.


«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау процедураларының саны


Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1-сынып

-

-

2*

2*

2-сынып

2*

2*

2*

2*

3-сынып

2*

2*

2*

2*

4-сынып

2*

2*

2*

2*


* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)


«Шетел тілі» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу мектептің шешімімен жүзеге асырылады. Инклюзивті білім беруді іске асыру кезінде сыныптарды топтарға бөлу ерекше білім беру қажеттілігі бар әрбір балаға оқушылардың жалпы санын үшке азайту есебінен жүзеге асырылады








Ағылшын тілі пәнінен 5-9 сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарға

Түсінік хат

2019-2020 оқу жылында 5-9 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнының келесі Үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқиды:

Негізгі орта білім беру деңгейінде шет тілін оқытудың мақсаты:

  1. талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін әр түрлі тапсырмалар;

  2. кең ауқымды ауызша және жазбаша дереккөздермен жұмыс жасау арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған.

ойлау дағдыларына дейін қалыптасады және дамиды(Блум таксономиясы бойынша).

Оқу бағдарламасы, бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын, ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасыныңтақырыптық мазмұны 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұнына сәйкес келеді сонымен қатар, келесі тақырыптар оқытылады:

5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);

6-сынып –Helping and Heroes, Drama and Comedy, Our Neighbourhood;

7-сынып – Communication and Technology, Space and Earth, Natural disasters;

8-сынып – Entertainment and Media;

9-сынып – Charities and Conflict, Science and Technology.

Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар.

5-сыныпта жаңа лексика мен грамматиканы оқытуға көңіл бөлу ұсынылады. Тыңдалым мен оқылым тапсырмаларында мәтіндердің лексикасы мен грамматикасының білім алушыларға таныстығын алдын ала тексеру ұсынылады, сонымен қатар оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.

6-сыныпта өтілген лексика мен грамматиканы қайталау және білім алушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану ұсынылады. Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.

«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша 7-сыныпта грамматикалық тақырыптарды: шақ формаларын және сын есімдердің салыстырмалы шырайын қайталау ұсынылады, себебі жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған тақырыптар өтілген болып саналады (2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар А1 high деңгейі бойынша оқиды, ағылшын тілінің Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар В1 low деңгейі бойынша оқиды). Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.

Жаңа тақырып бойынша оқыту және жаңа сабаққа дайындық процесінде мәтіндер мен сөйлемдердің лексикалық және грамматикалық мазмұнын тексеру ұсынылады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған себептер бойынша білім алушыларға таныс емес грамматикалық құрылымдарға көңіл бөлген дұрыс. Айтылым және жазылым тапсырмаларында перифраз қолдану ұсынылады.

8-сыныпта жоғары ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмаларды таңдау ұсынылады. Сонымен бірге даралап оқыту технологиясын қолданған дұрыс. Білім алушылардың лексикалық қорын жақсарту және айтылым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру үшін перифраз қолдану ұсынылады.

9-сыныпта коммуникативтік-мәдениетаралық құзыреттердің барлық компоненттерін одан әрі дамыту жалғасады: грамматикалық және лексикалық минимумдарды кеңейту, тілдік және сөйлеу дағдыларын нығайту, дискурстық және әлеуметтік-мәдени білікті дамыту. Білім алушылардың жоғары ойлау дағдыларын талап ететін оқыту мақсаттарын таңдау ұсынылады.

Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-9-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

«Шетел тілі» пәнінен оқу жұмысын ұйымдастыруда келесі ұсынымдар беріледі:

1. Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған «Independent project» юнитына назар аудару қажет. Жоба жұмысы арқылы мұғалім мақсаттар мен сөйлеу дағдыларының түрлеріне бағытталған қалыптастырушы бағалауды жүргізе алады. Жоба жұмысының түрі мен мазмұны (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет түрлері, күтілетін нәтижесі, бағалау түрлері және т.б.) мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестіктерде талқыланады.

2. «Reading for pleasure» бөлімінде оқу дағдысын дамыту үшін әдістемелік нұсқауларды белсенді қолдану керек. Көркем және оқу әдебиет мәтіндерімен жұмыс жасау ағылшын тіліне оқытудың міндетті элементі болып табылады және білім алушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді.

«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны


Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

9-сынып

2

2

2

2


Ағылшын тілі пәнінен 10 сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарға

Түсінік хат

2019-2020 оқу жылында 10 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнының келесі Үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқиды:

Оқу бағдарламасы, бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын, ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.

Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

Қосымша оқу уақыты:

- шет тілді коммуникативтік іс-әрекет тәжірибесін кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік беретін күрделі коммуникативтік тапсырмаларды шешу арқылы білім алушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға және қабілеттерін жетілдіруге;

- шетел тілін меңгеру бойынша білім алушылардың өздігінен білім алу қызметіне дайындық деңгейін арттыруға;

- сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде компенсаторлық қабілеттерді жетілдіруге;

- оқу-танымдық қабілеттерді дамытуға арналуы тиіс.

«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын нақты саны бекітілген бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың (БЖБ) нақты саны көрсетілген.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны


Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

2

2

2

2


Шетел тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыру коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбаттар, рөлдік ойындар, пікірталастар, дебаттар, конференциялар, байқаулар, қойылымдар және т.б.) жан-жақты пайдалануды көздейді. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және сабақтан тыс іс-әрекет мүмкіндіктерін белсенді пайдаланған жөн, бұл білім алушылардың шетел тілін үйренуге ынтасын арттыру үшін, танымдық қызметін, өзара тілдік қарым-қатынасын жандандыру, шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасауға ықпал етеді.

Пәндік бақылау және бағалау бойынша ұсынымдар

Шетел тілі сабағында сөйлеу қызметінің барлық түрлері (айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым / жазбаша сөйлеу) және коммуникативтік құзыреттілікті құрайтындар (сөйлеу, тілдік, әлеуметтік-мәдени, компенсаторлық, оқу-танымдық) болуы тиіс.

Сабақта оқу уақыты негізінен ауызша сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін дамыту және жетілдіру үшін қолданылады. Жаңа лексикалық және грамматикалық материалды коммуникативтік жағдайларда енгізу және бекіту ұсынылады; сабақта жұппен, топтармен жұмысты ұйымдастыру есебінен әрбір білім алушының сөйлеу белсенділігі уақытын ұлғайту; міндетті түрде мәтін алдындағы, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін сақтай отырып, оқылым мен тыңдалымға үйрету.

Жазбаша жұмыстардың түрлері көрсетілген оқу бағдарламасының талаптарын сақтауға ерекше назар аудару керек. Жазбаша тапсырмаларды орындау барысында сабақтың коммуникативтік сипаты бұзылады, негізгі оқу тапсырмаларын орындау сапасы нашарлайды. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін тексеру кезінде басымдылық бақылаудың ауызша түрлеріне берілуі тиіс.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!