Материалдар / Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Наурыз 2021
394
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Берілген баяндамада ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері туралы айтылып,оны үйрету барысында әр түрлі жаңа педагогикалық технологияларды ,өлеңдерді,ойын элементтерін,бейнефильмдерді қолдану жолына тоқталған.Сонымен қатар фонетикалық және грамматикалық жаттығуларды үйрету тәсілдері,фонетикалық дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесіне мән бере отырып, АКТ мен электрондық оқулықтар, интерактивті тәсілді шет тілін үйретуде қолданудың тиімділігі туралы айтылады.

Кіріспе

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын дегендей,жас ұрпаққа саналы,мән - мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым – қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі міндетіміз.Ағылшын тілін тереңдетіп,жан-жақты оқытуды қоғам қажет етіп отыр.Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып,әлемдік өркениеттің жаму жолына түсүі, ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді.

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым – қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алады.Ал,әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазіргі ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәденитаралық қарым- қатынастардың аса  маңызды құралы болып табылады.Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде  ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.

Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту-басты мәселе.Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі.Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып,ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:



Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;



Сабақты түрлендіріп өткізу;



Сабақта оқушылар өздері жасаған постер,суреттер,схемаларды пайдалану;



Техникалық құралдарды тиімді пайдалану;



Сабаққа қатысты бейнетаспаларды,фильмдерді көрсету;



Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік танымдық,коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдданудың маңызы зор ( 1, 19 б)

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:



Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;



Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;



Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға;



Міндеттері:



Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабақтарында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеуге ;



Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға;



Ойын әдісі арқылы оқыту олардың,пәнге деген қызығуын арттырамыз,өз ойын,пікірін,көзқарасын білдіруге,екінші бір адамның жауабын тыңдап,оны толықтыруға,жетістіктері мен кемщіліктерін айта білуге жаттығады;



Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор.Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құпалып оқушының сөздік қорының молаюына ықпал етеді.Ән,өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады.Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді,сөйлемге дұрыс екпін қояды.Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл – күйі көтеріліп,тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы тиіс.Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор.Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға,ізденісін ұлғайтуға,танымдық көзқарасын қалыптастыруға,өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтанады. (3, 18 б)

Электронды оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі,анықтамалық сөздік,әр тарау бойынша тесттік сұрақтар бар.Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады. (7, 15 б)

Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туады.Бұл оқушының ақпаратты,қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра түседі.Осынай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке,достық пен ынтымақтастыққа баулиды.

Оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып,танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін,көрнекі құралдар,техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет. (4, 25 б)

Мұнда оқушылар кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді  алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды.Яғни адамның ішкі жан дүниесіне сезімдік,эмоционалдық із қалдырады,сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қарым-қатынас  туындатып,білімнің негізін қалайды. (5, 14 б)

Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз нағыз қабылдау жасында болғандықтан,мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.Үш тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі балабақшадан бастап өтуді негіз етіп отыр.Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса,алдағы болашақта нұрлы жолға қадам басуына негіз қаланар еді.

Бастауыш сынып оқушыларының тілі  толық дамып жетілмегендіктен әрине,ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен,соңына келе біртіндеп қалыптасып,жатық әрі әдемі шет тілінде сөйлеуіне болады.Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша әдіc-тәсілдермен тәрбиелеуіміз қажет.

Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында,яғни олар мұратты,мөралды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе?Бұған қазіргі заманда дүние жүзі тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



« Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу ». Петров А.В 2001 ж.19-22 бет



« Бастауыш мектептегі ойыг технологиясын арқылы оқыту ». Калмыкова Е.В 2007 ж.5-8 бет



« Шет тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану » Е.Нұрланбекова. Шет тілін оқыту әдістемесі. 2005 ж. №2 17-18 бет



« Шет тілін оқытудағы әдістеме » З.Н.Утегулова. 2009 ж. №3 24-26 бет



« Мектептегі шет тілі » 2011 ж. №52  14-17 бет



« Шет тілін оқыту әдістемеcі » Амандықова Г.Н. Мұхтарова Ш.Е. Баймұқанова Б.С  35-37 бет



Мектептегі шет тілі №2 2011 ж. «Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалану» 11-19 бет

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!