400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ағылшын тілін ерте жастан оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
sharbakty.kyzgaldak@mail.ru
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баланы ерте жастан ағылшын тіліне қалай үйретуге болады.

Психологтардың айтуы бойынша балаларға шетел тілін үйрету ересек адамдарға қарағанда оңайға түседі. Кейбір мамандар осы үшін ең тиімді уақыт- 4 жастан 8 жасқа дейін деп, басқалары бір жарым жастан жеті жасқа дейін деп болжайды. Қалай болса да, көптеген ата-аналарды өз баласын кеңінен тараған - ағылшын тіліне қалай үйретуге болады деген жайт қатты ойландырады. Оқытудың әдісін таңдау 1) баланың жасына, 2) сіз немесе сіздің жанұяңыздың мүшелері ағылшын тілін қаншалықты (күнделікті сөйлесуге болатындай) білетіндігіне, 3) қаншалықты күш және уақыт кетіруге дайындығыңызға байланысты.

Не таңдасақ екен: Үйдегі немесе топтағы сабақ ?

Көптеген мұғалімдер, ағылшын тіліндегі қарым-қатынас, баланы тілге үйретудің тиімді тәсілдерінің бірі деген ортақ пікірге келді. Мысалы: анасы баламен күнде ағылшын тілінде сөйлесе ,әкесі орыс немесе қазақ тілдерінде сөйлейді. Маңызды шарттың бірі-баланың жасы төрт жасқа толғанға дейін, баланы шатастырмас үшін рөлдермен ауыспау.Бұл шынымен де тиімді тәсілдердің бірі. Бірақ, егер сіз тілді балаңызбен тым болмаса күнделікті (тұрмыстық) тақырыптарға сөйлесетіндей жақсы білмесеңіз – қысқа мерзімді болсын ағылшын тілінің куртарынан өтіңіз. Кетірген күшіңізбен уақытыныздың өтелетініне сеніңіз. Нәтижесінде екі тілді бірдей меңгерген билингуал – бала өседі және болашақта ол екі тілдеде ойлап, сөйлесіп жақсы қарым – қатынас жасай алады.

Егер үйдегілер ағылшын тілін меңгермеген болса , балаңызбен тек қана ағылшын тілінде сөйлейтін бала күтуші немесе ағылшын тілін үйрететін репетитор жалдауыңызға болады. Егер сөз төрт жастан асқан бала туралы болса, оған біраз уақыт ағыфлшын тілінде сөйлейтін елдерде тұрған гувернер жалдаған өте дұрыс болады.

Сіз тағы балаңызға кішігірім сабақтар дайындап, жүйелі түрде өткізуіңізге болады. Бұл тәсілдің кейбір кемшіліктері бар: Сіздің балаңыз сізді ата-ана, жанұя мүшесі ретінде қабылдайды және сол себептен сізбен сабақ оқудан бас тартуы мүмкін. Бұл тосқауылдан өту жай емес, сабаққа мұқият дайындалып, балаңызды қызықтыратын және жалықтырмайтын тілге байланысты әр түрлі ойындар ойлап табу керек. Сабақ оқуға баланы мәжбүрлеп қажеті жоқ, мәжбүрлеген жағдайда да, баланың сабақ оқитын ниетінен көңілі қалуы мүмкін.

Тағы бір тәсіл – ол баланы топқа яғни балабақшаға апару немесе беру. Бұл әдістің тиімділігі толығымен мұғалімге байланысты және мұғалімнің педагогболуының еш маңызы жоқ. Оның тіл білуі «балаларға арналған бағдарламамен» шектелуі мүмкін – бірақ ол балаларды жақсы көріп, оларды қызықтыра білуі өте маңызды.

Баланы оқытудың қай әдіс-тәсілін таңдасаңызда (тіл ортасын құру дан басқа) сабақ аптасына үш сағаттан созылмауы тиіс.

Балаға ағылшын тілін үйрету принциптері.

Балаңызбен ағылшын тілін оқудың жақсы нәтижелеріне жетуге көмектесетін үш принцип бар.

  1. Жүйелілік. Балаңызға ағылшын тілінің грамматикасы мен орфографиясына үйретуге асықпаңыз, бұған дайындығына қандай да болсын күмәніңіз болса да. Егер сіз оқу әдістемелерін пайдаланбай, бағдарламаны өзіңіз құрастырсаңыз, материалдың бірінен кейін бірі жүйелі түрде берілуіне назар аудару керек. Дегенмен тәжірибенің көрсетуі бойынша оқулықтар пайдаланған жөн және кәсіби филолог жасаған жоспарды пайдаланған әсерлі болады.

  2. Табиғилық. Көптеген ата-аналар балаларының жасы беске келмейінші сабақ жүргізудің керегі жоқ,баланың мектепке барғанын күту керек, әйтпесе бұл сабақтар баланың балалық шағына кедергі болады деп есептейді. Негізінде егер сабақ дұрыс ұйымдастырылған болса, ол табиғи қалпында өтеді және бала оқудың еш ауыртпашылығын сезбейтін болады.

  3. Табандылық. Бәрі бірден сіз қалағандай жақсы жүріп кетпеуі де мүмкін. Егер балаңызға әдіс тәсілдеріңіз ұнамай қалса, онда сабақтарыңызды кейінге қалдыра тұрып, оны тіл үйренуге басқа амалмен қызықтыратын мүмкіндік табыңыз.





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі