Материалдар / Ағылшын тілінде ән үйретудің маңыздылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілінде ән үйретудің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шет тілін жаңа заманға сай оқыту барысында тіл үйренушілердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Негізінде шет тілін үйретуде екі жаңа компонентті қосу маңызды әрі тиімді: мәдениеттану және өзіндік. Біріншісін қарастырайық. Шет тілі – қосымша қарым-қатынас құралы, атадан балаға беріліп келе жатқан адамның тану,даму және әңгімелесу мүмкіндігіне ие асыл мұрасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2021
588
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілінде ән үйретудің маңыздылығы

баяндама

ҚазҰӨУ-нің Дарынды балаларға арналған

мамандандырылған мектеп-интернатының
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Усембаева Шынар Жанбековна

Ағылшын тілінде ән үйренудің маңыздылығы
«Мектеп бітіріп шыққан бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе,міне, білімнің көздейтін түпкі мақсаты осы.
Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек» (Ж. Аймауытов)

Шет тілін жаңа заманға сай оқыту барысында тіл үйренушілердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Негізінде шет тілін үйретуде екі жаңа компонентті қосу маңызды әрі тиімді: мәдениеттану және өзіндік. Біріншісін қарастырайық.
Шет тілі – қосымша қарым-қатынас құралы, атадан балаға беріліп келе жатқан адамның тану,даму және әңгімелесу мүмкіндігіне ие асыл мұрасы.

Тіл – қандай тілде сөйлемесін адам үшін құдірет,байлық,халық мәдениеті, тарихы. Тіл үйрену арқылы адам өзге ұлттың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танып біледі. Өзге ұлттың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін насихаттайтын адамның асыл мұрасы – ән. Қай халық болмасын әнмен өмір сүреді. «Адам ән салуды тоқтатса, өмір сүруді де тоқтатқаны» деп қаһарман Бауыржан атамыз сөзімен айтсақ, адам тіршілікте әнмен өмір сүреді. Көңіл құлазығанда да, көңіл шаттанғанда да адамның серігі - әуезді ән. Осындай әннің тіл үйренуге қандай үлесі, қандай маңыздылығы бар? Осы сұраққа жауап қарастырайық. Қазақ халқының салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, дәстүрлі мерекелерге байланысты орындалатын қойылымдық әндері сияқты әр халықтың өз менталитетіне сай ән түрлері болады.

Жаңадан тілді үйреніп жатқан оқушыларға ән үйрену – жаңа бір елдің жаңалығын ашқанмен тең. Олар ол ән арқылы сөздік қорын молайтады, грамматикалық білімдерін кеңейтеді. Әнмен жұмыс жасау мұғалім үшін біршама уақыт алатын жұмыс. Әнді үйретіп, сөздерін жаттатсам болды деген ойдан аулақ болу керек. Ең алдымен материалмен толық танысып алып, әнге байланысты қосымша деректер жинап, ондағы кездесетін сөздер мен сөйлемдерге сай лексикалық, грамматикалық тапсырмалар дайындау қажет. Кейбір әндердің өзі бейтаныс, күрделі болып келеді. Мұндай әндер біршама уақыт қажет етеді. Ол әнді толық түсініп, тарихы мен мазмұнын түсіну үшін мұғалім өзі түсініп, өзі дайын болуы керек.

Әнмен жұмыс жасау әдетте мынадай жолдармен яғни ереже арқылы жүзеге асады.
- тыңдауға дейін
- тыңдау кезінде
- тыңдаудан кейін
Әнді тыңдатпас бұрын мұғалім әуелі әннің тарихымен таныстырып немесе қысқаша дерек беріп өтсе оқушылардың әнді үйреніп, есте сақтауларына зор ықпал етеді. Кездесетін қиыншылықтардың алдын алу үшін жаңа лексиканы таныстырып алғанда жөн. Мұндай жағдайда үйренушілер әннің мазмұнын жартылай біліп отырады. Әнді тыңдауға назарын бұрып,әнді тыңдап жатқан кездегі оқушылар зейінін назардан тыс қалдырмай бақылау қажет. Әнді тыңдағаннан кейін әннің шумақтарымен жұмыс жасап, әр сөйлемді талдап, әнге байланысты тапсырмалар беріп оқушылардың тілдік қорын молайтады.

Шет тілі сабақтарында берілетін ән мұқият таңдалып алынуы тиіс. Ән сабақтың негізгі тақырыбы бола алмайды, оны негізінен жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде қолданамыз және әнге берілетін тапсырмалар тіл үйренушілердің деңгейіне қарай таңдалып алынады.
«Sing and learn» CD-де ағылшын және американ халықтарының 28 ән жинағы бар. Бұл мультимедиалық дискіде тек әндерді орындап қана қоймайды, сондай-ақ суретті анимациялар мен сөздіктер, ән туралы қызғылықты қысқаша деректер, әннің нотасы және фразалар берілген. Мультимедиалық CD-ді интертақтада пайдалануға ыңғайлы. Әннің мәтінін оқып үйреніп болғаннан кейін, караокеде айтып таспаға жазып өзі де тыңдауға болатындай қызықты бағдарламасы да енгізілген. Тіпті тұтынушыға әннің мәтінін, сөздікті, сөйлемдердің аудармасымен, әннің нотасын принтерден шығарып алуға мүмкіндік жасалған. Әннің мәтінін, ондағы айтылатын фраза мен жаңа сөздерді оқушыларға принтерден шығарып таратып беруге де болады.

«Spring is green» әнін үйрету кезінде суреттегі түлкіні тышқан арқылы батырманы басып берілген фразаларды тыңдауға болады. Көктем мезгіліндегі кезді түрткенде:
Spring is a nice season. - Көктем ең әдемі жыл мезгілі.
The sun is not very hot. -Күн аса ыстық емес.
Nature wakes up. -
Тіршілік оянады.
Leaves are small and green and the first flowers appear. -
Жапырақтар кішкентай әрі жасыл және алғашқы гүлдер шешек жарады. .
I like flowers very much. -
Мен гүлдері өте жақсы көремін.

Жаз мезіліндегі кезді түрткенде:
Usually, the weather is hot in summer. -
Әдетте жазда ауа-райы ыстық болады.
Forests and fields are green and full of life. -
Орман, дала жап-жасыл және тіршілікке толы.
You can gather flowers and berries. -
Гүлдер мен жеміс-жидектер теруге болды.
I like to hunt butterflies. -
Мен көбелек аулағанды жақсы көремін.
But it is not so easy. -
Бұл оңай емес.

Күз мезіліндегі кезді түрткенде:
I like autumn-
Мен күзді жақсы көремін.
The leaves on the trees are all different colours - green, yellow, orange, red and brown. -
ағаштың жапырақтары әртүрлі түсте - жасыл, сары, сарғыш, қызыл және қоңыр.
And if you are lucky, you can gather a full basket of mushrooms in the forest. -
Егер жолың болса себетіңді саңырауқұлақтан толтыруға болады.
But it often rains in autumn. -
Бірақ күзде жаңбыр жиі жауады.

Қыс мезгіліндегі кезді түрткенде:
Winter is my favourite season. –
Қыс - менің сүйікті жыл мезгілім.
The ground is white with snow. -
Жер бетін ақ қар жапқан.
The weather is freezing. -
Ауа-райы суық.
The sun shines brightly and ice sparkles in the rays of the sun. -
Күн жарқырап, мұздар күн сәулесіне шағылысып жалтырайды.

I like to ski in winter. -
Мен қыста шаңғы тепкенді ұнатамын.
Осындай фразаларды тыңдап есте сақтау арқылы оқушылар өз беттерімен жыл мезгіліне байланысты топиктер жазуға үйренеді, сөздік қоры молайып әңгімелеуге бейімделеді. Диалог құрып сөйлесуге, пікірін айтуға дағдыланады.

Әнмен жұмыс түрлеріне осындай көптеген мысалдар келтіре беруге болады. Жаңадан тіл үйренуді бастаған оқушыларға жыл мезгіліне байланысты «Season» тақырыбындағы сабақта «Spring is green» әнін үйрету барысында мынадай тапсырмалар қолдануға болады.
Listen and complete the song with pairs of rhyming words.
_______is green,-------------spring is ______
_______ is bright. -----------Summer is _____
_______ is yellow------------autumn is _____
_______ is white. ------------Winter is ______

Тәжірибеде қолдану арқылы зерттеулер анықтағандай білім берудің жаңа технологияларының белгілі бір пәнді меңгеру барысында дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда берері мол және оқушылардың интеллектуалды ептіліктердің қалыптасуына әсерін тигізері анық. Жоғарыда қарастырылған мәселелер шет тілі сабақтарын қызғылықты, тартымды және жоғары деңгейде өткізуге септігін тигізері анық. Мұны өзімнің іс-тәжірибеде қолдану арқылы көзімді жеткізгеннен кейін ғана ойымды ортаға салып отырмын. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!