Ағылшын тілі сабағында
мәтінмен жұмыс жасау кезеңдері
Абай облысы, Абай ауданы,
Қасқабұлақ ауылы «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің ағылшын
тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Кусаинова Гулжан
Орынбековна
Жаңартылған
білім беру мазмұны жағдайында оқытудың басты ерекшелігі — оқу
үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті
арқылы ойлау, сөйлеу, өз ойын еркін жеткізу, шығармашылық қабілетін
жетілдіру, өз бетінше білім алу үдерісінде мәтінмен жұмыс кезінде
бірлесе әрекет
ету.
Тәуелсіз еліміздің жас
ұрпағы-болашағы жарқын, білімді, парасатты, ана тілі мен қатар
шетел тілін меңгерген, өз елін, мәдениетін басқа елге таныстырып
жеткізе алатындай тұлға. Қарыштап дамып бара жатқан уақытта оқушы
алған білімін, яғни теорияны практикамен ұштастыра білу қабілетіне
ие болуы керек. Осыған бағыттайтын
тәсіл-құзіреттілік. Құзыреттілік тәсіл іс-әрекет
арқылы оқытуды қамтиды. Білім алушының педагогпен және басқа білім
алушылармен бірлескен оқу іс-әрекеті процесінде алынған өнімнің
маңыздылығына назар аудару қажет. Оқу бағдарламаларының мазмұны
білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және
пәндік құзыреттерді қалыптастыруға
бағытталған. Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын
дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы
зор.Жаңартылған білім
мазмұнына сәйкес оқулықтар мәтінмен жұмысқа негізделген. Мәтін оқу
сауаттылығының негізгі аспектісі. Оқу сауаттылығы ұлттық бірыңғай
тестілеудің міндетті бағыттарының бірі. [1.14
б]
Оқу сауаттылығының
құзіреттіліктері:
-
Мәтінді дұрыс,түсініп
оқу
-
Мәтін бойынша сұрақтар қою
және оған жауап беру
-
Түсінгенін әңгімелеп
айту,өмірмен байланыстыру,мысал келтіру
«Мәтінмен жұмыс және
жаттығулар» авторлық бағдарламада мәтінді
қосымша ресурс ретінде таңдап алған кезде мәтінге қойылатын
талаптар ескерілді:
1.Мәтiн оқушылардың бiлiмiне, түсiнiгiне сай алынуы қажет.
Ол жеңiлден ауырға бiрте
бiрте күрделенiп берілуі шарт
2.Мәтін мазмұны оқушыларды
қызықтыратындай болуы керек,сонда ғана
ғана оқушы оны жақсы
түсінеді.
3.Мәтiндердiң тәрбиелiк
мәнi болуға тиiсті. Оқушыларды
достыққа,
бiрлiкке, адамгершiлiкке тәрбиелейтiн мәтiндердiң мәнi өте зор.
4.Мәтiндер қазақ халқының,басқа халықтардың мәдениетiмен,
әдет
ғұрыптарымен таныстыру
қызметiн атқаруы тиiс.
Мәтінмен жұмыс –сабақта
жүргізілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығы.Ол мынадай жұмыс
түрлерінен тұрады.
-
Дыбыстармен жұмыс;
(ағылшын тілінде дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру,дифтонгтарды
дұрыс айту және т.б)
-
Сөздіктермен жұмыс;(мәтінді оқымас бұрын соған тиісті
сөздіктермен,сөз тіркестерімен таныстыру)
-
Сөздік қорларын жетілдіру;(
жазылым, айтылым дағдысына берілген тақырыпта тақырыпқа сай
сөздіктерді қолдану )
-
Тіл дамыту; (сөздіктерді,
мақал-мәтелді,сөз тіркестерін қолдану)
-
Ережемен жұмыс;
(грамматикалық ережеге сай сөйлем құрай алу,сөйлемнің шағын ажырата
алу)
-
Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру; (айтылым
дағдысына берілген затқа,тақырыпқа ауызша әңгімелеу,сөйлеу
)
Оқылым дағдысы үш кезеңде
жүргізіледі:
І.Оқығанға дейінгі кезең
ІІ.Оқу үстіндегі кезең ІІІ.Oқығаннан кейін
кезең
І. Мәтінді оқығанға дейінгі
кезең(Pre-reading): Алдын ала оқу-мәтінді басынан аяғына дейін
оқымас бұрын негізгі ойларды,ақпаратты табу үшін мәтінді шолу
үдерісі.Алдын ала қарау немесе шолу деп аталады.Алдын ала оқудың
маңызды екіі әрекеті: миға шабуыл және шолу(Skimming reading and
scanning reading).Skimming reading -материалды шолу үшін жылдам
оқу. Scanning reading-фактілер арқылы түсініп, жылдам
оқу.
ІІ.Мәтінді оқу кезеңі(While
reading) оқу кезінде орындалатын оқу әрекетін білдіреді. Ол
оқушыларды оқу процесіне белсенді түрде тартуға, түсінуге ықпал
етуге және олардың мәтінді түсінуін жақсартуға арналған.Оқушыны
мәтінді мәнерлеп,дауыстап оқуға,сөйлемнің мазмұнына, айтылуына
қарай дауыс ырғағымен оқуға,ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс
дыбыстап оқуға үйрету кезеңі.
ІІІ. Оқығаннан кейінгі
кезең(Post-reading) білімдерін қорытындылауға, түсінгенін тексеруге
және өз ойлары мен идеяларын жүйелеуге көмектеседі.Оқығаннан кейін
кейіпкерлер туралы, мәселе және оны шешу жолдарына бағытталған
іс-әрекеттер орындалады.Мәтіннен кейін берілген жаттығулар оқушының
ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын
жетілдіруге бағыттылады. Оқылым, айтылым дағдыларын қалыптастыратын
тақырыптарда ағылшын тілінің грамматикалық құрылымдары
қарастырылып, оқушының жоғары сатыдағы дағдыларын дамыиу үшін
іс-әрекеттің әр түрімен үйлескен қызықты тапсырмалар
беріледі.
Жаттығу
түрлері:
1.Фонетикалық жаттығу түрлерін
орындау;
2.Сөздік жұмыстарын
жасау;
3.Логикалық сұрақтар
құру;
4.Сөйлем құрастыру.Жай
сөйлем.Сұраулы сөйлем.
5.Мәтінге жоспар құру, сұрақ
қою, кілт сөздер жазу;
6.Диалог,монолог түрінде
сөйлесу;
7.Синквейн құру,Венн
диаграммасын толтыру,әр түрлі карточкалар
толтыру;
8. Кілт сөздер немесе жоспар
бойынша мәтінді әңгімелеу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес
БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға
құштар мектеп» жобасы аясында мектеп оқушыларының кітап оқу
дағдыларын қалыптастыруға жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.Мұғалімнің
мәтін оқуды ұйымдастырудың табысты болуы оның сауаттылығы,
құзіреттілігі және тиімді қолданған тәсілдеріне
байланысты.[4.91-б.] Осы орайда 5-сыныпқа арналған элективті курс
бағдарламасында «Әлем әдебиеті» тарауында 6-11 жас арасында
ұсынылған екі шетел ертегілері
кіргізілді. Мәтін оқу -кітап оқудың
алғашқы сатысы.Оқығанын сыни тұрғыдан ойлап, идеяларды
жақсы түсінетін білімді, жан-жақты оқушылар қалыптастыру әр
ұстаздың міндеті.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Әдістемелік нұсқау хат,2024
ж.
2. Мамырбекова Г.А. 2020
Казахский Национальный университет имени Аль-Фараби Казахстан,
Алматы « Оқушылардың функционалдық сауаттылығы - мәтінмен
жұмыс:»
3.
Активные методы преподавания и
обучения,2012
4.«Мектеп оқушысының кітап оқу іс - әрекеті»
әдістемелік ұсынымдамалары – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА,
2018
5. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» 2024
ж
6.
Басанова А.С. Жортулова К. Қызылорда,2020 ж
«Бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын дамытудағы мәтінмен
жұмыс жасау
әдістемесі»